Бақылау сұрақтары
Жанұяны зерттеу әдістері не көрсетеді?
Жанұяны зерттеу әдістерін атап өтіңіз.
Жанұяны зерттеудің қандай түріне шек қойылған және неліктен?
Әлеуметтік әдістердің ерекшелігін көрсетіңіз?
Психологиялық-педагогикалық тренингтердің мәнін ашыңыз?
Жанұяда баланың эмоционалды саулықты зерттеу үшін қолданылатын арнайы әдістемелерді сипаттаңыз.
Жобалы әдістің мәнін түсіндіріңіз?
Жобалы әдісті қолданудың сипаттамасын құру?
Практикалық сабақ № 12
Тақырыбы: Болашақ жанұяны тәрбиелеу.
Мақсаты:Балаға болашақ жанұя туралы, жыныстық қатынас туралы мәлімет беру жолдары туралы ақпаратты игеру.
Жоспары:
1. Болашақ жанұяны тәрбиелеу қажеттілігі.
2. Балаларда жанұя туралы түсінікті қалыптастыру.
3. Жанұяны экономикаға қатыстыру.
4. «Балалар қайдан шығады?».
5. Жыныстық қатынас.
1. Адамзаттың көпғасырлық тарихында тәрбиелеудің идеалы қалыптасты. Адамдар әрдайым қоғамның толық мүшесі ретінде қалыптасқан адамды армандаған. Осындай идеалды адамда көп сипаттама, олардың маңыздыларының бірі - "қайырымды әке немесе жанұя әйелі" болу.
Қазіргі заманғы ғылыми мәліметтер жанұяда тәрбиеленетін балада өмірінің алғашқы жылында оның бейнесі қалыптасады. Зерттеулерде "әлем бейнесі" балаларда толық әлемді тану тұрпаты ретінде дамиды. Бұл өзіне табиғат, адам, қоғам, сонымен қатар жанұя туралы оның мүшелері жанұя туыстары үй әрекеттері туралы көріністі енгізетін көп деңгейлі білім. Мұның бәрін бала алғашында қалыптасқан жанұя бейнесінің маңызын анықтайды. Психологтар, жанұя атмосферасы баланың өмірінің эмоциональды бай болуына негізделді деп ескереді. Ал сәтсіз жанұяда өскен балада бұл бейне мүлдем басқаша болады. Жанұя бейнесінің балалық кезіндегі қалыптасқан болашақ жанұялық өмірге қатысты бейтарап болмайды керісінше ол көбіне оған деген мақсатты анықтайды. Оқымыстылардың зерттеуіне сәйкес байсалды адам және "сәтті әке" болып тек бір-бірін жақсы көрген ата-ана болған, оларды өте жақсы көрген, олармен әрнәрсені ашық сөйлесе беретін, жанұяда мейәрімділікпен сыйластық, талап болған кезде ғана болады. Керісінше кімде-кім жанұяда дау-жанжал, кемісту, ұруды көрсе олардың позитивті дамуына мүмкіндіктер аз.
Осылайша жанұя өзінің бейімділік құндылығымен жеке аралық қарым-қатынасының ерекшелігімен өмірдің барлық әдеп-ғұрпы және стилімен тура немесе жанама, көп немесе аз дәрежеде баланы болашақ жанұялық өмірге дайындайды деп қортынды шығаруға болады. Бірақ жалпы жанұя мен бала бақшаның күш-жігерін мектепке дейінгі жастағы бала жанұясына жағымды бейнелерді қалыптастыруға әсер етуге болады. Бұл әсер ету төмендегідей:
жанұя туралы толық эмоционалды елестетулерін қалыптастыру;
баланы жанұя экономикасынның араластыру;
балалардың педагогикалық сауатты жыныс тәрбиесін іске асыру.
2. Зерттеулермен қатар, балаларда жанұя туралы түсінікті қолданылды оларда апатты түрде қалыптастыру. Бұл елестетулер фрагменттілігімен дәлсіздігімен эмоционалды "болу" кедейлігімен ерекшеленеді, шындыққа жанаспайды. Мынаны айта кеткен жөн яғни балалардың жанұя туралы білімдерінің дәрежесі төмен екеніне таң қалмау керек себебі мектепте білім беретін бағдарламада бұл маңызды әлеуметтік әлем аймағына қажетті назар аударылмай жатыр.
Мектепке дейінгі жастағы балаларға "жанұя" түсінігін жеткізу маңызды және бұған қолдау ретінде ауызша халықтық көркемдік туындылар болады оларға тіреу сөздер ретінде яғни "жанұя", "ана", "әке", "бала-шаға", "аға" және туыстық сөзге қатысты басқада сөздер болып табылды. Балаларды халық ертегілерімен таныстыру кезінде балаға ең жақын адамдар шеңбері белгіленеді (ана, әке, ағалар, апалар, аталар), "әулет", "жанұя" түсініктер ашылады. Көркемдік туындылармен таныстыру баланың жеке тәжірбиесіне тіреу ретінде "баяғыда-енді" жанұя сипаттамасының принциптеріне негіз болады. Баяғыда жанұя көп балалы болатын, енді жанұяда бала саны 1-2-ден аспайды. Баяғыда ата-аналарымен бірге еңбектенді, кішкентай іні-сіңілдеріне қарады, енді картина басқаша. Қазіргі замандағы көркемдік туындылар балаға жанұя қарым-қатынасын түсіну мақсатындағы педагогика баланың жеке тәжірбиесінбелсендіруге көмектеседі, жақын адамдарына "пайдалы болу" "сыпайы болу" талаптануын бекітеді. Дегенімен баяғыда және қазіргі жанұяда бақытсыздық бірдей: балалар жетім, "нашар" балалар. Жетім балалар бүгінгі таңда маңызды проблема. Педагогтың міндеті мына халық мақалын ақылмен ғана түсінбей сонымен қатар жүрекпен түсінуін түсіндіру: "Жетімдікте өмір сүруі жас төгу". Жақсы көретін ертегілерін оқу және талқылау (мысалы, "Хаврошечка", "Золушка") мақал мәтелдің анализді баладағы жан ашуды тудырып, қоршаған адамдардан сақ болып, көмек қажет ететін адамдарға көмек ұсынуды оятуы керек.
Педагогтың арсеналында көркемдік туындылар аз емес ол туындыға сүйене отырып "тәрбиеленушілердің ""жаман" және "жақсы" балалар туралы түсінкті қалыптастырады. Ары қарай балалар "жаман" бала "жақсы" бала түсінігіне өзіндік қортынды жасалады. Балаларда жанұя туралы түсінікті қалыптастыру үшін әдістер мен тәсілдер комплексін меңгеру керек. Әртүрлі көркемдік құралдарға үндеу пайдалы, ол баладағы көркемдік мазмұнды оятады (мысалы жанұя туралы әңгімелеу, "Ана" тақырыбына портрет салу, "Менің жанұямның өлеңі" концерттеріне қатыстыру, сыйлықтар дайындау, өқсімдіктерді өсіру және т.б.)
Соңғы кездері балаларды жұмыс формаларына арластыра бастауы ол балаларға генеологиялық түптеріне енуге көмектеседі. Әрин мұндай жұмыс жанұяда жүргізілуі керек, бірақ көптеген ата-аналар қажет екенін түсіне бермейді.
Сондықтан баланы жанұя тарихына "саяхаттау", ал ата-аналар оның үйінің жалғасын екеніне педагог бағыт көрсетеді.
3. Қазіргі замандағы жанұяның экономикалық мәселелердің барлық тұрақсыздығы мен қиыншылықтары баланың ой-өрісінен тыс болмау қажет. Баланың санасын жанұя жанұя экономикасын елестете отырып, шаруашылықты оймен басқару ретінде қалыптастырған жөн. Ол сол үйде тұратындардың барлығының күш салуын талап етеді. Демек, баланың өзі жанұя экономикасында ең соңғы емес "скрипканы" ойнайды екен.
Тәрбиелік көзқарас бойынша баланы түсінісушілікке алып келу қажет, егер әрбір адам ұқыпты, үнемшіл қожайын болатын болса, өзінің жанұя мүшелерінің қызығушылығын қанағаттандыруға жанұя мүмкіндіктері артады.
Әрбір жанұя, әсіресе заманғы шарттарға байланысты өзіне экономикалық және үлкен тәрбиелік маңызы бар өзіне-өзі қамтамасыз етудің қолайлы тәсілдерін іздейді: балалар тұрмыста көп нәрсені егер қол іскерлікке жарамды болса онда тұрмыста көп нәрсені істеуге болады дейді. Және де тағы бір маңызды сабақ :біріңғай еңбек адамдарды біріктіреді бір-біріне қуаныш сыйлауға мүмкіндік береді. Жанұяның тіршілік әрекетінің экономикалық жағымен танысу баланы "үй шаруашылығын ақылмен басқаруға кірістіреді". Алайда ескере кететін жайт :тәрбиеде барлық жақсылық есеппен болады. Баланы мейрімді, қайырымды,ықыласты, сонымен қатар үнемшіл, ұқыпты етіп тәрбиелеу керек. Сонымен кішкентай балаларға экономикалық білім беру тек еңбекке тәрбиелеуде ғана мүмкін болады.Баланы еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа, тапқырлыққа, мейірімділік пен ықыластыққа тәрбиелеу оны болашақ жанұяны басқаруды дайындауда қажет болады.
4. "Балалар қайдан алынады". Мүмкін өмірде мұндай сұрақты қоймайтын бала жоқ шығар. Баланың туылу жайында сұрақты қоя отырып 3-4 жастағы оған таныс емес нәрселерді түсінуге тырысады."Балалар қайдан алынады" деген сұраққа қалай жауап беруге болады. Бала қарапайым сұрақтардың бірін қойған сияқты. Ол кезде өзінің таң қаларлығын, ұялғандығын білдіру керек емес, сондай-ақ баланың сексуалды ауытқушылығына қысылмау қажет. Ал жауап қалыпты жағдайда қарапайым, мазмұны бұрмаланған емес болуы керек. Мұндай талаптарға былай жауап береді: "Балалар анадан туылады. Аналар өздерінің балалрын туады. Сен менің баламсың. Мен сені тудым. Сенің досың Артемды оның анасы туған". "Балалар қайдан шығады?" ғалымдар мектепке дейінгі мекемелерде емес, жанұядағы жұмыс едәуір тиімді болады деп есептеді.
Жанұяға көмек ретінде белгілі сипаттағы кітаптар бар, әсіресе ата-аналар мен балаларға жазылған кітаптар бағалы болып табылады.
Сонымен, ата-аналар міндеті - балалардың туылуы туралы кейбір құпияларға балалрдың өздерін қтыстыру, бұрмаламай, асықпай түсіндіру керек. Өз уақытысында А.С.Макаренко былай деп жазған: "Бұл сұрақтарда ешқандай ерекше жыныстық қызығушылық жоқ,. Егер де сіз жайлап баланы сұрақтан айрып, әзіл немесе күліпайтсаңыз, ол өзінің сұрағы туралы ұмытып, басқа нәрсемен айналысып кетеді".
5. Әлеуметтік факторлармен шартталған адамның табиғи ерекшеліктеріне жыныспен анықталатын ерекшеліктер кіреді. Қазіргі заманғы ғылым алғашқы өмірдің 5-6 жылында психика мен тұлғалық дамуы терең қалыптасатын кезең болып табылады, онда психосексуалды айырмашылық қоса жүреді. В.С.Минухинаның ойынша, жыныстық идентификация өзін-өзі танудың тарихи құрылымдық құрамы болып табылады. Сонымен бірге жынысқа бөліну, өзін қыз немесе бала деп санау - бұл өзін-өзі ұғына бастауының бірінші категориясы.
Сонымен қазіргі заманғы ғылым жүйесінде мектепке дейінгі балалық шақта жыныстық тәрбиелеу қажеттілігі туындап отыр.
Жыныстық тәрбиелеу тұлғаның өнегелі болып өсуінің міндетінде қарастырылады. Ол психологиялық, анатомиялық-физиологиялық жыныстық ерекшеліктерін, олардың өмірдегі әлеуметтік рөлін түсінуге қабілетті бала немесе қыздың тұлғалық қалыптасуына бағытталған.
Баланың шын өмірде белгілі бір жыныстық өкіл ретінде дамитынын белгілі. Жанұяда жыныстық тәрбиелеудің негізгі міндеті баланың жыныстық идентификациясына көмектесу болып табылады. Ғалымдардың ойынша жыныстық идентификацияның қалыптасуы - бала өсіп жатқан әлеуметтік ортада екі жыныстық мінез-құлықтың біреуін таңдау мен ұғынудың биоәлеуметтік созылмалы процес.
Тіпті 3 жасында бала дене қалыптасуының анатомиялық ерекшеліктермен адам жынысы анықталатындығын түсіне бастайды. Ата-аналар балаға қыз немесе баланың дене құрылымы туралы шын ақпарат қажет екендігі, ұқсастық пен айырмашылықтар туралы, адамның өсу және даму процесінде жыныстық жетілу жайында қажеттіліктерді білуін қадағалау керек. Неліктен мұндай көзқарастарды кішкентай балада қалыптастыру қажет? Арнайы зерттеулермен дәлелденгендей, егер де бала өмірінің алғашқы жылдарында адамның дене құрылымымен таныспай, ұятты нәрсе ретінде білсе, онда ересек сексуалды өмірде үлкен қиыншылықтарға кезігеді.
Баланың туылуы уақытынан бастап ата-аналар оны жыныстық рөльге бағдарлайды, баланы - бала болуға, қызды - қыз болуға үйретеді.
Ата-аналар баланы қыз, қызды бала ретінде тәрбиелеуде үлкен қателік жібереді. Бұл жанұяда басқа жынысты баланы күткенде байқалады. Сол кезде жаңа туылған нәрестені өздерінің армандаған жыныстағы нәресте ретінде тәрбиеленеді.
Жыныстық мәселеде баланың қырсықтығы баланың мектептік өмірге қалыпты бейімделуіне кері әсер етеді, құрдастарының ортасында күлкілі болады. Өзінің жетілуін сезіну баланың жағымсыз уайымдауын тудырады.
Мектепке дейінгі жастағы балаларды жыныстық тәрбиелеу қажеттілігі даусыз. Оны нағыз ер немесе әйелді қалыптастыра отырып, баланы өнегелі тәрбиелеуде жүзеге асыру қажет. Әйелдік және еркектік сапалардың деңгейінде әртүрлі әлеуметтік рөльдер соның ішінде жанұялық рөльдердің орындауына байланысты болады.
Рөльдерді бөлу жыныстық сапа бойынша дискрименацияға алып келеді. Өзіңіздің көз алдыңызға таңғы асты елестетіп көріңізші Сондықтан да егер анасы баласын шаруашылық дағдыларға үйретсе, ал қызы әкесіне бақта орындықты жөндеуге, дарбаза сырлайтын болса ешқандай жаман емес (Н.К.Крупская). Сондай-ақ кейде балалар сезімтал және нәзік, ал қыздар қатал және есепшіл бола алады.
Сонымен, баланың жыныстық социализация процесінде жанұя рөлі өте маңызды. Егер бала құрдастарынан алшақ болса, бұл процесс сәтті бола ма? Жынстық мінез-құлықты қалыптастыруға құрдастарының әсер ететіндігі ықпал ететінін дәлелдеңдер. Балалардың жыныстық идентификацияның дамуында сюжеттік-рөлбдік ойындардың мүмкіндіктерін талдаңдр.
Бақылау сұрақтары
1. Балаға жанұя туралы түсінікті қалыптастыру үшін педагогтар қандай әдістерді қолданады?
2. Балаға жанұядағы экономика туралы түсінікті қалыптастыру неліктен қажет?
3. Баланы жыныстық тәрбие беру қай жастан бастау қажет?
4. Баланың дамуына жанұяның рөлі қандай?
