Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кєсіпорын экономикасы учеб пос.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

Бақылау сұрақтары

  1. Негізгі қорлар дегеніміз не және олардың құрамы мен құрылымы?

  2. негізгі қорларды бағалау қалай жүргізіледі?

  3. Негізгі қорлардың тозуының қандай түрлерін білесіздер?

  4. Амортизация нормасы мен сомасы қалай анықталады?

  5. Амортизация есептеудің қандай әдістерін білесіздер? Сипаттама беріңіздер. Қазіргі заманғы амортизациялық саясат мәні неде?

  6. Негізгі қорларды қолдану көрсеткіштері қандай топтарға бөлінеді?

  7. Негізгі қорлардың құрылымының экономика салалары бойынша айырмашылығы неде?

5 Тарау. Шикізат, материалдық және отын-энергетикалық ресурстар

  1. Ұлттық экономикадағы шикізат, отын-энергетикалық ресурстардың түсінігі мен маңызы

  2. Шикізат, отын-энергетикалық ресурстар түсінігі мен жіктелуі

  3. Шикізат пен отын-энергетикалық ресурстарды оңтайлы пайдаланудың негізгі бағыттары

  4. Материалдық-техникалық жабдықтау және логистика

1. Ұлттық экономикадағы шикізат, отын-энергетикалық ресурстардың түсінігі мен маңызы

Барлық технологиялық процестің басты элементі – шикізат. Ол өнеркәсіптік өнім өндірісінде қолданылатын табиғи және синтетикалық жаратылған заттар.

Шикізат, материал, отын және энергия кәсіпорынның қалыпты жұмыс атқаруы мен жалпы мемлекет экономикасының негізі болып табылады. Мәселен Жапония үшін шикізат пен отын-энергетикалық ресурстармен (ОЭР) қамтамасыз ету – ең маңызды, бірінші кезектегі мәселе, өйткені Жапонияда шикізат пен отын-энергетикалық ресурстар жеткіліксіз. Шын мәнісінде Жапониядағы барлық қайта өңдеу өнеркәсіптері сырттан келетін шикізат пен отын негізінде жұмыс жасайды. Егерде қандай да бір себептің негізінен Жапонияға шикізат пен ОЭР тоқтатылатын болса, ол Жапония экономикасы үшін – апат. Осының салдарынан болар, жапондық тауарлар әлемдік нарықта анағұрлым сапалы және бәсекеге қабілетті, ал мемлекеттің өзі дайын және ғылыми сыйымдылықты өнім шығару жағынан қуатты экспорттық улеуетті болып келеді. Бұл процесс оның үздіксіз шикізат пен ОЭР-ды қажетті көлемде сатып алуына мүмкіндік береді.

Ресей бұл жағынан алғанда әлдеқайда ұтымды жағдайда. Оның иелігінде шикізат пен ОЭР қоры көп, сондықтан да олар тек қана ішкі қажеттілікті қамтамасыз етіп қана қоймай, оның бір бөлігін экспортқа шығарып та отырады.

Қазақстанға келетін болсақ, ол қуатты жылу-энергетикалық кешенге ие. Жылу-энергетикалық кешен дегеніміз ОЭР қазып алу мен алғашқы өңдеуді қамтамасыз ететін, оларды қайта түрлендіретін және тұтынушыларға қажетті пайдалану формасында жеткізетін кәсіпорындар, құрылғылар жиынтығы.

Сондықтан, материалдық ресурстар - өндіріс процесінде қолданылатын еңбек құралдары, яғни негізгі және көмекші материалдар, жартылай фабрикаттар және қосалқы бұйымдар, технологиялық қажеттілікті қанағаттандыратын отын мен энергия.

Материалдық ресурстардың мәнін, құрамы мен жіктелуін анықтау үшін, алдымен оны оңтайлы және тиімді пайдаланудың өзекті проблемаларын айқындайтын бірқатар теориялық және әдістемелік аспектісін қарастырайық.

Материалдық ресурстарды рационалды және тиімді пайдалану ұғымдарын біріктіріп қарастыруға болмайды.

Материалдық ресурстарды тиімді пайдалану қоғамдық өндірістің материалдық шығынын қысқартуға және әртүрлі ысырапты болдырмауға бағытталған санамен жүзеге асырылатын шаралар жүйесі.

Үнемдеу категориясы ұқыптылық категориясына қарағанда құбылыстың өлшенетін, сандық жағын көрсетеді. Ұқыптылық үнемділікке қол жеткізудің құралы немесе әдісі болып табылады. Демек, материалдық ресурстарды үнемдеу дегеніміз өнімнің берілген сапалық деңгейін қамтамасыз ету барысында немесе оны жақсарту барысында, әлеуметтік және экологиялық талаптарды сақтай отырып, өнімнің бір данасына немесе көлеміне жұмсалатын материалдық шығынды қысқарту.

Материалдық ресурстарды рационалды пайдалану оларды жетілдіруді және оларды өндіру мен өңдеудің жаңа жолдарын қарастырады. Материалдық ресурстарды рационалды пайдалану өнімнің тұтыну қасиетін, өндіру мен пайдаланудың технико-экономикалық және ұйымдастырушылық деңгейін анағұрлым толық пайдалануға және арттыруға бағытталған шаралар кешені. Материалды пайдалануды оңтайландыру процесі көп жағдайда халық шаруашылығы мен сарааралық шараларға, кейбір жағдайда салалық және ішкі өндірістік деңгейге негізделген.

Демек, материалдық ресурстарды оңтайлы пайдалану дегеніміз – халық шаруашылығы тұрғысынан алғанда мақсатты бағытталған, материалдық ресурстардың барлық пайдалы құраушыларын максималды пайдалану. Ол міндетті түрде өнімнің материал сыйымдылығын төмендетумен байланысты емес, бірақ ол үнемі қоғамдық еңбек жиынтығының шығынын үнемдеуді және оның тиімділігін арттыруын білдіреді.

Материалдық ресурстарды пайдаланудың тиімділігін арттыру жеке кәсіпорынның, сондай-ақ жалпы мемлекеттің экономикасы үшін маңызы зор.

Шаруашылықтың қазіргі жағдайында кәсіпорынның тиімді жұмыс істеуіне материалдық ресурстарды үнемді және оңтайлы пайдалану қалай әсер етеді? Материалдық ресурстарды үнемдеу мен өндіріс тиімділігін арттыру арасындағы өзара байланысты қарастырайық. Экономикалық тиімділіктің алғашқы белгісі болып жоғары сапалы өнімнің бір данасына кеткен шығынды минимизациялау, максималды пайда табу саналса, ал пайданың артуының негізгі көзі болып сату көлемінің өсуі мен өндіріс пен сату шығындарының төмендеуі саналады. Халық шаруашылығының көптеген салаларында және өнеркәсіп кешенінің сату мен өндіріс шығынының құрылымында материалдық шығындардың үлесі әлдеқайда көп. Сондықтан материалдық ресурстарды үнемдеу – шығынды төмендетудің негізгі көзі болғандықтан, өндіріс рентабелдігі мен пайданы арттырудың маңызды бөлігі.

Басқаша тұрғыдан алғанда - өнімнің бәсеке қабілеттілігі. Бір жағынан алғанда, өнімнің бәсеке қабілеттілігі оның сапасы мен шығын негізінде қалыптасқан құнына байланысты. Екінші жағынан, соңғы жылдары экологиялық проблемалар шиеленісе түсуде, яғни қоршаған ортаны қорғау мен ресурстарды жинақтау сұрақтары басым болып тұр. Сондықтан, өнімнің бәсеке қабілеттілік деңгейі материал сыйымдылық, матеалл сыйымдылық, энерго сыйымдылық, экологиялық қауіпсіздікті және өндірістің басқа да ресурс сыйымдылық көрсеткішін қамтамасыз ету сияқты әсер ететін факторлардың жиынтығынан тұрады.

Экономикада материалдық ресурстардың абсолюттік және салыстырмалы шектеулері де қолданылады. Ресурстардың салыстырмалы шектелуі оларды тұтыну қарқынының өсуінің, оның өндірісі мен ұдайы өндірісінің өсу қарқынынан артуымен байланысты. Материалдық ресурстардың бірқатар бөлігі қайтып қалпына келмейтін көздерден келіп түседі. Бұл қазіргі уақыттағы шикізатты қазып алу мен пайдаға асыру әдістері кезіндегі шикізаттың дәстүрлі түрлерінің тозуына, сондай-ақ, қоршаған ортаны ластау көлемімен де байланысты.

Сондықтан да, қазіргі уақытта еліміздің экономикасы үшін шикізат пен ОЭР маңызы мынада:

  • елімізді өзіндік шикізат пен ОЭР-мен қамтамасыз ету – мемлекеттің экономикалық тәуелсіздігін қамтамасыз етеді және мемлекет экономикасының қалыпты жұмыс жасауы мен дамуына қажетті жағдай жасайды;

  • материалдық, соның ішінде шикізат пен ОЭР өндіріс шығыны мен өнеркәсіптік өнімді сатуда үлестері зор болғандықтан, оларды оңтайлы пайдалану, өнімнің бір данасының өзіндік құнын төмендедетеді, сәйкесінше оның сатылу бағасын төмендетіп, бәсеке қабілеттілігін арттырады;

  • бұл ресурстарды экспортқа шығару, өкінішке орай, шетел валютасын алудың негізгі көзі;

  • шикізат пен ОЭР – ауыр индустрия салалары мен ұдайы өндіріс процесін дамытудың негізгі көзі.