- •Мазмұны
- •7 Тарау. Еңбек ресурстары .......................................................... 68
- •8 Тарау. Еңбек ақы төлеу ............................................................. 80
- •1 Тарау. Қазақстан Республикасының экономикасының дамуының сипаттамасы және оны мемлекеттік реттеу
- •1. Ұлттық экономика. Қр экономикасының қазіргі заманғы салалық құрылымы
- •2. Нарықтың мәні. Нарық тетігі
- •3. Экономиканы мемлекеттік реттеудің экономикалық тұтқасы
- •4. Нарықтық экономикада шағын кәсіпкерліктің ролі
- •2 Тарау. Кәсіпорын шаруашылық объектісі ретінде
- •1. Кәсіпорын экономикасы сабағының пәні және міндеттері
- •2. Кәсіпорын шаруашылық субъект ретінде
- •Бақылау сұрақтары
- •3. Кәсіпорындардың бірігуінің жаңа ұйымдасу формалары
- •4. Кәсіпорындарда антикризистік (дағдарысқа қарсы) басқару
- •3 Тарау. Өндірістің экономикалық және әлеуметтік тиімділігі
- •1. Өндірістің және өндірістік құрылымның түсінігі
- •2. Өндіріс түрлері және оны ұйымдастыру тәсілдері
- •3. Өндіріс факторлары және олардың қатынасы.
- •4. Өндірістің экономикалық және әлеуметтік тиімділігі
- •Бақылау сұрақтары
- •4 Тарау. Кәсіпорынның негізгі капиталы
- •1. Негізгі қорлардың құрылымы мен құрамы.
- •2. Негізгі қорлардың тозуы
- •3. Негізгі өндірістік қорларды қолданудың көрсеткіштері
- •4. Кәсіпорынның негізгі қорының қозғалысын бағалау көрсеткіштері
- •5. Негізгі қорды қолдану тиімділігі
- •Бақылау сұрақтары
- •5 Тарау. Шикізат, материалдық және отын-энергетикалық ресурстар
- •1. Ұлттық экономикадағы шикізат, отын-энергетикалық ресурстардың түсінігі мен маңызы
- •2. Шикізат, отын-энергетикалық ресурстар түсінігі мен жіктелуі
- •3 Шикізат пен отын-энергетикалық ресурстарды оңтайлы пайдаланудың негізгі бағыттары
- •4. Материалдық-техникалық жабдықтау және логистика
- •Бақылау сұрақтары
- •6 Тарау. Айналым қорлары және кәсіпорынның айналым қаражаттары
- •1. Кәсіпорынның айналым қорларының құрамы
- •2. Өндірісте айналым қорларын қолдануды бағалау
- •3. Кәсіпорынның айналым қаражаттары және олардың құрамы
- •4. Айналым қаражаттарын нормалау. Айналым қаражаттарының айналымдылығының көрсеткіштері
- •Бақылау сұрақтары
- •7 Тарау. Еңбек ресурстары
- •1. Еңбек ресурстары және жұмыс бастылық мәселесі
- •2. Кәсіпорын кадрлары, оларды таңдау көздері
- •3. Кәсіпорынның қызметкерлерін жоспарлау
- •4. Еңбекті мөлшерлеу және еңбек өнімділігі
- •Бақылау сұрақтары
- •8 Тарау. Еңбек ақы төлеу
- •1. Еңбекақы төлеудің тарифтік жүйесі
- •2. Еңбекақы төлеудің формалары мен жүйелері
- •3. Еңбекақы төлеудің тарифтік емес жүйесі
- •4. Еңбекақы төлеу қорын жоспарлау
- •Бақылау сұрақтары
- •9 Тарау. Кәсіпорынның инвестициялық және инновациялық саясаты
- •1. Инвестиция түсінігі және оның экономикадағы ролі
- •2. Инвестиция түрлері мен нақты инвестиция құрамы
- •3. Кәсіпорынның өндірістік базасын дамытуды инвестициялауды таңдау және бағыттарын дәйектеу
- •4. Ұзақ мерзімді инвестициялық шешімдер қабылдау
- •5. Инновация ұғымы және түрлері
- •6. Инновациялық процесс кезеңдерінің жалпы сипаттары
- •7. Инновациялық процессті стратегиялық басқару
- •Бақылау сұрақтары
- •10 Тарау. Өнім өткізу және Өндіріс шығындары
- •1. Шығындар түсінігі
- •2. Өнім өндіруге кеткен шығындардың жіктелуі
- •3. Өнімнің өзіндік құнын анықтаудың шетел тәжірибесі
- •Бақылау сұрақтары
- •11 Тарау. Кәсіпорынның маркетингтік және өндірістік қызметі
- •1. Маркетинг түсiнiгi
- •2. Маркетингтің негізгі функциясы мен қағидалары
- •3. Жоспарлаудың әдістемелік негіздері
- •4. Өндірістік бағдарлама дайындау
- •5. Бизнес-жоспар дайындау тәртібі мен оның мазмұны
- •Бақылау сұрақтары
- •12 Тарау. Өнімнің бәсекелестік қабілеттілігін қамтамасыз ету
- •1. Өнімнің бәсекелестігі: түсінігі, қажеттілігі мен оны арттыру жолдары
- •2. Өнімнің бәсеке қабілеттілік факторы
- •1. Кәсіпорын пайдасы мен кірісі
- •2. Кәсіпорын пайдасын жоспарлау әдістері
- •3. Рентабельділік көрсеткіштері
- •Бақылау сұрақтары
- •14 Тарау. Кәсіпорынның қаржысы
- •1. Кәсіпорындардың қаржысын ұйымдастырудың негіздері
- •2. Кәсіпорындардың қаржы қорлары
- •3. Кәсіпорындардың қаржы менеджменті
- •Бақылау сұрақтары
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
- •Автор түп нұсқаларынан басылған
3. Кәсіпорындардың қаржы менеджменті
Қаржы жүйесінің бастапқы буыны ретінде шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы базистік категория, яғни тап осындай нысанада жұмыс істейтін айырықшалықты белгілері мен ерекшеліктері бар объективті экономикалық қатынастардың жиынтығы болып табылады. Бірақ ақша қорлары қозғалысының объектісі бар, субъектілердің нақтылы мүдделері жөнінде көрінетін кез келген қатынастар сияқты, олар реттеуді, тиісті қаржы ағынының бағыттарын, олардың қозғалысын ретке келтіруді қажет етеді. Бұл қондырмалықтарға жататын, нақтылы орындаушылардың санасымен, машығымен және іскерлігімен жасалатын субъективті басқарушы іс-әрекеттері ақылы жүзеге асырылады. Экономикалық заңдармен анықталатын базистік аса маңызды құбылыстардың талабына бағдарлануы тиіс, бұл талаптарды үнемі ескеріп отыруы тиіс, яғни базистің шарттарына бағынышты болуы тиіс болғандықтан қондырмалықтарға жатады. Бұл басқарылатын іс-әрекеттерге қаржы менеджменті ұғымы - тиімді пайдалану мақсатымен кәсіпорынньщ ақша ағынының, кәсіпорынның бүкіл қаражаттарының қозғалысы механизмін басқару жүйесі жатады.
Қаржы жүйесінің бұл буынында нарық жағдайындағы басқару қаржы менеджменті деп аталады және кәсіпорындар мен ұйымдардың кәсіпкерлік қызметі арқылы және соның шеңберінде әлеуметтік-экономикалық процестерді басқарудың нысаны болып табылады. Қаржы менеджментінің мәні тиісті қызметтер тарапынан қосымша қаржы ресурстарын ең тиімді етіп тартуға, оларды неғұрлым ұтымды етіп жұмсауға, қаржы нарығында бағалы қағаздарды сатып алып, қайтып сатып пайдалы операциялар жасауға мүмкіндік беретіндей етіп қаржыны басқаруды ұйымдастыру.
Кәсіпорындарда қаржы менеджментінің объектілері мыналар болып табылады:
жылжымайтын және жылжымалы мүлік, мүліктік құқықтар, жұмыстар және қызметтер, ақпарат,
зияткерлік (интеллектуалдық) қызметтің нәтижелері, материалдық емес игіліктер.
Қаржы менеджменті уәждемелерге – адамдардың немесе ұжымдардың қажеттіліктері мен тиісті қылықтарын анықтайтын мақсаттарды іске асыру жөніндегі қызметке негізделеді. Уәждеме іскерлік белсенділікті, еңбек өнімділігі мен сапасын ынталандыру процесінде көрінеді.
Жалпы қаржы менеджменті қаржыны басқарудың ілгеріде баяндалған қағидаттарына негізделген. Ол басқарудың тиісті элементтерін – ақпаратты, жоспарлауды (болжауды), ұйымдастыруды, реттеуді, бақылауды біріктіреді. Қаржы менеджментін жүзеге асырудың шарты нарықтық ортаның болуы болып табылады, бұл орта бағалардың еркін жүйесі, тауар мен қызметтердің нарығымен қатар еңбек, капиталдар, өндіріс құрал-жабдықтары нарығының жұмыс істеуі, кәсіпорындардың қызметін мемлекеттік реттеуді заңнамалық реттемелеу кезіндегі кәсіпкерлік қызметті коммерциялық есеп негіздерінде жүргізуге мүмкіндік береді. Сөйтіп, кәсіпорындардың қаржы менеджментінің шеңбері нарықтык, факторлармен анықталады, бұл оны жеке буындарында басқарушы субъектілердің басқарылу объектілеріне ықпал жасауының экономикалық элементтері басым болуы мүмкін қаржыны басқарудың жалпы шарттарынан ажыратады. Кәсіпорындардың қаржы менеджментінің жүйесі аса жылжымалы, өйткені бұл буындағы нысандардың, әдістердің арсеналы жалпы мемлекеттік қаржыларына қарағанда тым әр түрлі. Мысалы, кәсіпорындардың қаржы менеджменті әр түрлі нысандардағы есеп айырысу (төлем тапсырмасы, төлем талабы (талап шоты), әр түрлі акредитивтер, есеп айырысу чектері және т.б.), барлық нысандардан несиелендіру, бағалы қағаздармен және валютамен жасалатын операциялар бойынша көп таралған операциялардан басқа хеджерлеу, кепілдік-ипотекалық және сенімгерлік (трасттық) операциялар, қаржы және операция лизингі, франчайзинг, бағалы қағаздар бойынша трансферттер сияқты нысандар мен әдістерді қамтиды; валютамен, бағалы қағаздармен жасалатын операциялар бойынша, қауіптердің барлық түрлерін сақтандыру бойынша қаржы құралдарының жинақталымы айтарлықтай кеңейеді.
Қаржы менеджментін мына кезеңдердің дәйекті ауысымы ретінде елестетуге болады:
ақша қаражаттарын (капиталды) пайдаланудың міндетін қою және мақсатын анықтау;
ақша ағымдарының қозғалысын басқарудың қаржылық әдістерін, тәсілдерін таңдау;
қабылданған шешім бойынша инвестициялау жөніндегі шешімді бизнес-жоспар немесе басқа рәсімдеу түріндегі іс- әрекеттердің бағдарламасын жасау;
жобаның орындалуын ұйымдастыру;
атқарылу барысына бақылау жасау және қажетті түзетулер жасау;
қайта инвестициялаудың мақсаттары үшін жоба нәтижелерін талдау және бағалау.
Қаржы менеджментінде шешімдер қабылдау тәуекелдіктерімен, яғни жобаланған нұсқамен салыстырғанда табысты кем алу немесе зиянның пайда болуы ықтималдығымен кездесіп отырады. Тәуекелдікті талдау оның көздері мен себептерін анықтаудан, ысыраптың белгілі бір деңгейінің ықтималдығын өлшеуді, яғни тәуекелдіктің қолайлы дәрежесін белгілеуден басталады. Тәуекелдік статистикалық, сараптық және құрамдастырылған әдістермен анықталады. Қаржы менеджментінде шешімдер қабылдау тәуекелдіктің барлық түрін өңдірістік, коммерциялық, қаржы тәуекелдіктерінің үйлесуін қажет етеді.
Алайда бизнеске экономикалық, сондай-ақ әлеуметтік, саяси және табиғи сипаттағы секілді көптеген құбылыстар да әсер етеді: өрлеу мен дағдарыстар, банк пайызының, бағалардың ауытқулары, тұтынушылар ұнатуларының, бәсекелестер іс-қимылының өзгеруі, үкіметтің көлденең (болжанбаған) шешімдер қабылдауы, ереуілдер, табиғи катаклизмдер, апаттар және т.б.
Қолайсыз уақиғалар болған кезде келеңсіз зардаптарды азайтуға ақшаны, өндірістік қуатты, шикізатты, дайын өнімді резервте сақтау есебінен қол жетеді; коммерциялык, қызметті қайта бағдарлау жөніндегі алдын ала жасалған шаралар болуы мүмкін. Жиынтық тәуекелді басқару кезіндегі кәсіпорынға төнетін тәуекелдердің түрлі тұрпаттарында бірігетін кәсіпорын қоржынын әртараптандырудың ерекше маңызы бар.
Тәуекелдікті азайту мен төмендетудің дәстүрлі әдісі муліктік сақтандыру болып табылады, бұл кезде сақтандырылушыға (сақтанушыға) сақтандыру шартымен шарттасылған сақтандыру оқиғасы болған кезде төленетін сақтық төлемі қамтамасыз етіледі.
Қаржы менеджментінде маңызды объект ақша ағыны – құн нысандарын жаңғыртудың және қосылған құнды қалыптастырудың экономикалық процестерін ортақтастыратын қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысандарындағы ақшаның қозғалысы болады. Ақша ағынының (ақша түсімі мен жылыстауы) құрамына қаржы көмегімен де қалыптасатын (қаржы ресурстары), сондай-ақ басқа әдістермен де тартылатын барлық ақша ресурстары қамтылады. Қаражаттардың түсімінде анықтаушы орынды өнімді, жұмыстарды және қызметтерді өткізуден (сату көлемі) түскен түсім-ақша, онан кейін несие ресурстары, ор түрлі тартылған ресурстар алады. Қаражаттардың жылыстауы дүркін-дүркін төленетін төлеулермен де (тауар-материал құндылықтарын сатып алу, қызметкерлерге жалақы мен сыйақылар төлеу, несиелерді өтеу, салықтар мен басқа міндетті төлемдерді төлеу және т.б.), сондай-ақ ұзақ мерзімді инвестициялардың болжамы негізіндегі күрделілерімен де байланысты.
Қаржы менеджментінде ақша оның іс-әрекетінің мезгілдік (уақытша) межелдемелері тұрғысынан қызметтерді атқару кезіндегі өзге нысанға, сапаға айналғанға дейін қаралады. Бұл аспектіде ақшаның «уақытша құнының» барлығы есепке алынады: мұндай сомада бүгінгі ақша мен келешектегі ақшаның сатып алу күші бірдей болмайды. Ақшаның қазіргі және келешектегі құны өзара қайтымды. Қазіргі (бүгінгі) құн келешектегі құнға компаундингілеу – күрделі пайыздарды есептеу арқылы, ал келешектегі құн қазіргі құнға дисконттау – пайыздарды пайдаланып төмендету арқылы жеткізіледі. Ақшаның келешектегі құнының есеп-қисабында инфляцияның индекстерін есепке алу, яғни ақшаның құнын инфляциялық құнсыздануға темендету қажет.
Жобаларға жұмсалатын инвестициялар нысанындағы ақшаның, рента төлемдерінің, жүйелі жарналардың, кірістердің және басқа ақша операциялары есептеулерінің бір жолғы, сондай-ақ дүркін-дүркін түсулері мен төленулері жай және күрделі аннуитеттердің есеп-қисабы, «капиталды бюджеттендіру», «табыстылықтың ішкі мөлшерлемесі» тәсілдері арқылы жүргізіледі.
Аннуитет дегеніміз тұрақты негізде уақыттың белглі бір мезгілі ішінде тіркелген межелдемелер арқылы төленетін немесе алынатын инвестиция, табыс.
Капиталды бюджеттендіру (капиталдық бюджеттендіру) - өтеудің қарастырылған мезгілінде қаражаттарды кейінгі дүркін-дүркін қайтаруларымен жабылатын ақша қаражаттарының бір жолғы жылыстауы. Бюджеттендіру түжырымдамасы негізгі активтер бойынша шығыстарды жоғарлау кезіңде пайдаланылады, бұл жобаларды талдау және ақша қаражаттарының ұзақ мерзімді және ірі жұмсалымы жөнінде шешімдер қабылдаудың процесі.
Табыстылықтың ішкі мөлшерлемесінің есеп-қисаптары жобаларды салыстыру және пайдалылықтың пайыздары бойынша инвестициялық шешімдерді тандау үшін және жобаның есепті табыстылығы мен пайыздың қолданыстағы нарықтық мөлшерлемесін салыстыру және жобаны жүзеге асыру мезгіліне оның болжамы үшін жүргізіледі. Бұл жөнінде 9 тарауда толығымен көре аласыздар.
Қаржы менеджментінің маңызды аспектісі кәсіпорынның қаржылык, жай-күйін талдау болып табылады. Бұл кәсіпорынның қаржы тұрақтылығын (рентабелділікті, төлем қабілетін, несиені өтеу қабілетін), оның нарықтағы жағдайын (бәсекеге жарамдылығын) сипаттау үшін қажет. Талдауға қажетті ақпараттар бухгалтерлік баланста, табыстар мен шығындар туралы есепте, ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есепте болады; сондай-ақ толығырақ ақпарат қолданылады.
Көрсеткіштерді, коэффициенттерді, нормаларды – қаржы-экономикалық механизмнің элементтерін қадағалап отыру кәсіпорындардың жұмысын оперативті басқаруға және бақылауға, бизнес-жоспарда немесе дамыту жобасында берілген қаржы-шаруашылық процестерді, бағыттарды дер кезінде түзетуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге бұл көрсеткіштер кәсіпорынның «визит карточкасы» болып табылады, инвесторларға, әріптестерге және несиегерлерге оның өмір сүре алуы, қаржылық тұрақтылығы туралы ойлануға мүмкіндік береді.
Сөйтіп, қаржы менеджменті кәсіпорынның қаржылық қамтамасыз етілуінің тактикасы мен стратегиясы ретінде қаржының тиімді іс-әрекет етуінің мақсаттары үшін оның ағындарын басқаруға мүмкіндік береді. Кәсіпорынның жиынтық ақша айналысын басқару жөніндегі қаржы менеджментінің стратегиялық нұсқамасы ұдайы өндірістік процесті қамтамасыз етуге, берілген өлшегіштерде ақша қорларын қалыптастыру, оларды нысаналы арналым бойынша пайдалануға бағытталған.
Қаржы менеджментінің жалпы мақсатты нұсқамасы – экономикалық дамудың ішкі және сыртқы факторларын есепке алу негізінде кәсіпорынның тең қаржы саясатын жүзеге асыру.
