Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кєсіпорын экономикасы учеб пос.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

7. Инновациялық процессті стратегиялық басқару

Инновациялық стратегия дегеніміз – ұйымның мақсаттарына жету құралы ретінде басқа құралдардан жаңашылдығымен ерекшеленеді және сол жаңашылдығымен сол ұйымға ғана емес, сала, нарық және тұтынушыларға ауысады. Кез-келген стратегия оның ішінде инновациялық стратегияда негізінен ұйымның потенциалын толық пайдалануға және толық бағытталған сыртқы ортаның өзгерістеріне белгілі бір реакция түрінде қарастырылады. Осыған байланысты инновациялық стратегия келесі құрамдас бөліктерден тұрады:

1-ші ұйымның инновациялық іс-әрекеті;

2-ші ғылыми зерттеу жұмыстарында өндірісте маркетингте және басқаруда жаңа әдістерді пайдалану;

3-ші жаңа ұйымдастырушылық құрылымдарға көшу;

4-ші жаңа ресурстарды қолдануға ауысу немесе дәстүрлі ресурстарды жаңаша пайдалану болып табылады.

Осыған орай кәсіпорынның ішкі ортасына байланысты инновациялық стратегиялар келесі ірі топтарға бөлінеді:

1-ші өнімдік (портфельдік, кәсіпкерлік немесе бизнес стратегиялар бағыты ретінде жаңа бұйымдарды, технологияларды жасау мен жүзеге асыру қарастырылады);

2-ші функционалды (ғылыми-техникалық, өндірістік, маркетингтік және сервистік);

3-ші ресурстық (қаржылық, еңбектік, ақпараттық және материалды-техникалық);

4-ші ұйымдастырушылық-басқарушылық (технологиялар, құрылымдар, әдістер және басқару жүйелері).

Стратегиялық басқарудың теориясымен тәжірибесі кең танымал болған, әмбебап стратегиялардың бірқатарын әкелді. Бұндай стратегиялар базалық немесе эталондық деп аталады. Олар фирмалардың бәсекеқабілеттілігін арттыруға бағытталғандықтан, оларды даму стратегиясы мен өсу стратегиясы деп аталады. Аталған базалық стратегияларды келесі топтарға бөлуге болады:

1-ші интенсивті даму стратегиялары, яғни ресурстарды тиімді, ұтымды пайдалану арқылы, олардың қайтарымдылығын арттыру арқылы бәсекеқабілеттілікті өсуге бағытталған;

2-ші интеграциялық даму стратегиялары бәсекеқабілеттілікті арттыру үшін әр-түрлі бірлестіктер құруға бағытталған;

3-ші диверсификациялық даму стратегиялары бәсекеқабілеттілікті және инновациялық іс-әрекетті өндірісті диверсификациялау негіздеуде, яғни жаңа нарыққа шығу, жаңа өнімдер мен жаңа қызметтер енгізудегі негізделген;

4-ші қысқарту стратегиясы, яғни бәсекеқабілеттілікті арттыру үшін, ресурстарды пайдалану көлемдерін азайту, шығынды, бөлімшелер мен бағыттарды жабу.

Инновациялық стратегияларды жүзеге асыру кәсіпорынды басқару үшін күрделі жағдайларды туғызады:

1-ші нәтиженің анықсыздық деңгейінің артуы, бұл инновациялық процестің мерзімдері, шығындары, сапасы және тиімділік нәтижелерінің анықсыздығы арқасында инновациялық тәуекелдерді басқару қажеттілігін туғызады;

2-ші жобалардың инновациялық тәуекелдің артуы, яғни инновациялық құрамдас бөлігі енгізілуі, шешілетін жаңашылдығына байланысты инновациялық тәуекелдерді күшейтеді. Сонымен бірге инновациялар жобалардың тәуекел деңгейінің жоғарылылығы және ұзақ мерзімділігі, инновациялық жұмыстарды күрделігімен арттырады. Құрылымның инновациялық өзгеруіне байланысты ұйымдағы өзгерістер ағымының артуы, бұл инновациялық стратегияның жүзеге асыруына байланысты кәсіпорынның құрылымдық қайта құрылуының қажеттілігінен туындайды және бір элементтің өзгеруі басқа элементтерге әсер етеді. Сондықтан стратегиялық өзгерістердің, өндірістік процестің кері әсерлерін болдырмау керек.

3-ші ұйымды басқаруда қарама-қайшылықтардың күшеюі, бұл инновациялық процестердің таңдауда және жүзеге асыруда, кәсіпорын басқарушылардың топтары мен жекелеген арасында мүдделермен басқару әдістерінің қарама-қайшылықтарын туғызады. Сондықтан олардың бір-бірімен келісімділігінің оңтайлығын қамтамасыз ету керек.

Бәсекеге қабілеттілік стратегиялары және шаруашылық субъектілерінің ұйымдастырушулық формалары, стратегиялық позициялардың көптігін және инновациялық сипаттағы стратегияларды таңдаудың орасан зор мүмкіндіктерін туғызады. Сондықтан, шешімдер кеңестігінде бағыт бағдар алу үшін және нарықтық құрылымдарға дұрыс иелену үшін, кәсіпорын өзінің орнын дұрыс таңдау қажет. Ол үшін, алыс емес болашақта аз шығындармен ағымдағы нарықтық қажеттіліктері фирманың ғылыми өндірістік-техникалық, кадрлық және ұйымдастырушылық ресурстарын сай келуін қамтамасыз ету керек. Осыған орай инновациялық менеджментке инновациялық ұстанудың 4 бәсекеқабілеттілік стратегиясы қарастырылады:

1-ші виолентті – бұл жаппай өндірісті жүзеге асырытын ірі компанияларға тән және олардың жаппай нарыққа жаңа өніммен шығуына және бәсекелестерді өндірістің сериялылығымен және масштаб тиімділігіне байланысты басып озуына негізделген;

2-ші патиентті – бұл жалпы нарықтың жеке сегменттеріне айрықша жаңа немесе уникалды сипаты бар модернизацияланған өніммен шығу арқылы бейімделуді білдіреді;

3-ші эксплериентті – яғни нарыққа радикалды инновациялық жаңа өніммен шығу арқылы сол нарықтың белгілі бір бөлігін басып алуды білдіреді;

4-ші коммутантты – яғни жергілікті нарықтың сұранысына бейімделіп, белгілі бір себептер патиентті алмаған орындарды толтыру, жаңа өнімдермен технологиялар дүниеге келгеннен кейін жаңа қызмет түрлерін игеру және жаңашылдықтарды иммитациялау арқасында тұтынушылардың кең көлемде жеткізілуіне негізделген.