- •Мазмұны
- •7 Тарау. Еңбек ресурстары .......................................................... 68
- •8 Тарау. Еңбек ақы төлеу ............................................................. 80
- •1 Тарау. Қазақстан Республикасының экономикасының дамуының сипаттамасы және оны мемлекеттік реттеу
- •1. Ұлттық экономика. Қр экономикасының қазіргі заманғы салалық құрылымы
- •2. Нарықтың мәні. Нарық тетігі
- •3. Экономиканы мемлекеттік реттеудің экономикалық тұтқасы
- •4. Нарықтық экономикада шағын кәсіпкерліктің ролі
- •2 Тарау. Кәсіпорын шаруашылық объектісі ретінде
- •1. Кәсіпорын экономикасы сабағының пәні және міндеттері
- •2. Кәсіпорын шаруашылық субъект ретінде
- •Бақылау сұрақтары
- •3. Кәсіпорындардың бірігуінің жаңа ұйымдасу формалары
- •4. Кәсіпорындарда антикризистік (дағдарысқа қарсы) басқару
- •3 Тарау. Өндірістің экономикалық және әлеуметтік тиімділігі
- •1. Өндірістің және өндірістік құрылымның түсінігі
- •2. Өндіріс түрлері және оны ұйымдастыру тәсілдері
- •3. Өндіріс факторлары және олардың қатынасы.
- •4. Өндірістің экономикалық және әлеуметтік тиімділігі
- •Бақылау сұрақтары
- •4 Тарау. Кәсіпорынның негізгі капиталы
- •1. Негізгі қорлардың құрылымы мен құрамы.
- •2. Негізгі қорлардың тозуы
- •3. Негізгі өндірістік қорларды қолданудың көрсеткіштері
- •4. Кәсіпорынның негізгі қорының қозғалысын бағалау көрсеткіштері
- •5. Негізгі қорды қолдану тиімділігі
- •Бақылау сұрақтары
- •5 Тарау. Шикізат, материалдық және отын-энергетикалық ресурстар
- •1. Ұлттық экономикадағы шикізат, отын-энергетикалық ресурстардың түсінігі мен маңызы
- •2. Шикізат, отын-энергетикалық ресурстар түсінігі мен жіктелуі
- •3 Шикізат пен отын-энергетикалық ресурстарды оңтайлы пайдаланудың негізгі бағыттары
- •4. Материалдық-техникалық жабдықтау және логистика
- •Бақылау сұрақтары
- •6 Тарау. Айналым қорлары және кәсіпорынның айналым қаражаттары
- •1. Кәсіпорынның айналым қорларының құрамы
- •2. Өндірісте айналым қорларын қолдануды бағалау
- •3. Кәсіпорынның айналым қаражаттары және олардың құрамы
- •4. Айналым қаражаттарын нормалау. Айналым қаражаттарының айналымдылығының көрсеткіштері
- •Бақылау сұрақтары
- •7 Тарау. Еңбек ресурстары
- •1. Еңбек ресурстары және жұмыс бастылық мәселесі
- •2. Кәсіпорын кадрлары, оларды таңдау көздері
- •3. Кәсіпорынның қызметкерлерін жоспарлау
- •4. Еңбекті мөлшерлеу және еңбек өнімділігі
- •Бақылау сұрақтары
- •8 Тарау. Еңбек ақы төлеу
- •1. Еңбекақы төлеудің тарифтік жүйесі
- •2. Еңбекақы төлеудің формалары мен жүйелері
- •3. Еңбекақы төлеудің тарифтік емес жүйесі
- •4. Еңбекақы төлеу қорын жоспарлау
- •Бақылау сұрақтары
- •9 Тарау. Кәсіпорынның инвестициялық және инновациялық саясаты
- •1. Инвестиция түсінігі және оның экономикадағы ролі
- •2. Инвестиция түрлері мен нақты инвестиция құрамы
- •3. Кәсіпорынның өндірістік базасын дамытуды инвестициялауды таңдау және бағыттарын дәйектеу
- •4. Ұзақ мерзімді инвестициялық шешімдер қабылдау
- •5. Инновация ұғымы және түрлері
- •6. Инновациялық процесс кезеңдерінің жалпы сипаттары
- •7. Инновациялық процессті стратегиялық басқару
- •Бақылау сұрақтары
- •10 Тарау. Өнім өткізу және Өндіріс шығындары
- •1. Шығындар түсінігі
- •2. Өнім өндіруге кеткен шығындардың жіктелуі
- •3. Өнімнің өзіндік құнын анықтаудың шетел тәжірибесі
- •Бақылау сұрақтары
- •11 Тарау. Кәсіпорынның маркетингтік және өндірістік қызметі
- •1. Маркетинг түсiнiгi
- •2. Маркетингтің негізгі функциясы мен қағидалары
- •3. Жоспарлаудың әдістемелік негіздері
- •4. Өндірістік бағдарлама дайындау
- •5. Бизнес-жоспар дайындау тәртібі мен оның мазмұны
- •Бақылау сұрақтары
- •12 Тарау. Өнімнің бәсекелестік қабілеттілігін қамтамасыз ету
- •1. Өнімнің бәсекелестігі: түсінігі, қажеттілігі мен оны арттыру жолдары
- •2. Өнімнің бәсеке қабілеттілік факторы
- •1. Кәсіпорын пайдасы мен кірісі
- •2. Кәсіпорын пайдасын жоспарлау әдістері
- •3. Рентабельділік көрсеткіштері
- •Бақылау сұрақтары
- •14 Тарау. Кәсіпорынның қаржысы
- •1. Кәсіпорындардың қаржысын ұйымдастырудың негіздері
- •2. Кәсіпорындардың қаржы қорлары
- •3. Кәсіпорындардың қаржы менеджменті
- •Бақылау сұрақтары
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
- •Автор түп нұсқаларынан басылған
1 Тарау. Қазақстан Республикасының экономикасының дамуының сипаттамасы және оны мемлекеттік реттеу
Ұлттық экономика. ҚР экономикасының қазіргі заманғы салалық құрылымы
Нарықтың мәні. Нарық тетігі
Экономиканы мемлекеттік реттеудің экономикалық тұтқасы
1. Ұлттық экономика. Қр экономикасының қазіргі заманғы салалық құрылымы
Ұлттық экономика әлемдік макрожүйеге объективті біріктіріліп, әлемдік шаруашылықтың бір тізбегі болуда. Оның ашықтығы халықаралық еңбек бөлінісін және ұлттық салыстырмалы артықшылықтарды қолдануға мүмкіндік береді, ол нарықтық экономиканың және оның еркін саудасының табиғатымен сипатталады.
Қазіргі кезде Қазақстан көмірсутегінің маңызды қоры бар мемлекеттер қатарына жатады, ол әлемдік энергетика нарығының жағдайына үлкен әсер етті. Қазақстан Республикасының аумағында көмірсутегінің 208 кен орны бар, оның жартысы мұнай, 1/3 – мұнай газ, қалғандары – газ және газконденсаттары.
ҚР ОЭК көмір өнеркәсібінен тұрады (Қазақстандағы көмір қоры 35,8 млрд.тонна немесе әлемдік қордың 3,6%, ал жалпы әлемдік көмір қазудағы Қазақстанның үлесі - 3,7%).
ҚР мұнай және газ өнеркәсібі қор бойынша 13 орында тұр, ал кен қазу бойынша әлемде 26 орында. Өнеркәсіптің құрылымдық саласындағы ОЭК үлесі 27,1% құрайды, оның ішінде 17,7% мұнай газ саласы, 4,1% мұнай өңдеу саласы.
Қазіргі уақытта Қазақстан өзін толығымен электр қуатымен жабдықтайды. Қазақстанның шет елдерінен келіп түсетін электр қуатымен оның экспортының арасында теріс қорытынды көрінуде. Барлық тораптардың жалпы ұзындығы 460 мың км.
Тау-металлургия кешенінің құрамына 70 жуық кәсіпорын кіреді. Металл өндірісінің үлесіне Қазақстанның барлық өнеркәсіптік өнімінің 20% келеді, оның ішінде 2/3 түсті металл өнімдері, ал 1/3 қара металлугия.
Қазақстанның АӨК үш бір бірімен байланысты өндірістік тізбектерден тұрады. Біріншісі өндіріс құралдарын өндіретін салалар, сонымен қатар АӨК материалды-техникалық жабдықтауды жүзеге асыратын кәсіпорындар жүйесі. Екіншісі ауыл шаруашылығының өзі. Үшіншісі ауыл шаруашылық өнімдерін дайындайтын, сақтайтын, қайта өңдейтін және сататын салалар.
Жеңіл өнеркәсіп, құрамына тігін, тері, аяқ киім және текстиль өңдейтін салалар кіретін кешеннен тұрады.
Қазақстанның көлік жүйесі, 115 мың км қатты төсеніші бар авто көлік жолдары, 14,4 мың км темір жол, 7,4 өнеркәсіптік кәсіпорындардың өтпелі жолдардағы мұнай, газ тасымалдауға арналған мыңдаған км жолдардан және 4 мың км өзен жолдарынан тұрады.
2. Нарықтың мәні. Нарық тетігі
Қазіргі кезде республикада жүріп жатқан қайта құруға байланысты нарықты реттеудің мемлекеттік тетігін зерттеу үлкен маңыздылыққа ие болуда. Жалпы алғанда нарық нені білдіретінін, экономика мен мемлекетте бұл ұғым тұтас алғанда қандай мәнге ие болатынын анықтап алған жөн. Бұл проблема бойынша экономикалық зерттеулер аса бір қызығушылықты тудырады.
Осы заманғы ғылымда нарық проблемасы мен мемлекет рөлін түсінудің жалпы ғылыми тұжырымдамасы қандай? - деген сұрақ туындайды. Заманға сай білімнің маңызды және ең қиын проблемаларының арасынан ең алдымен «экономика», «нарық» және «мемлекет» сияқты категориялар арақатынасы жөніндегі мәселе алдымызда тұрады. Қазіргі уакытта алуан түрлі тәсілдемелердің көптігіне қарамастан, бұл проблема жеткілікті зерделенбеген болып қала береді. Ал «нарық» ұғымына қатысты әңгіме ететін болсақ, онда оны не «экономика» ұғымымен теңдестіреді, не жалпы алғанда ғылыми зерттеу тақырыбына енгізбейді. Әзірге қарастырылып отырған жүйелік қатынаста нарық пен мемлекеттің орны айқын анықталған жоқ. Белгілі бір шамада олардың арасында қандай да бір байланыс бар. Алайда мұнда нарықтың меншікті динамикасы болатынын және өзінің ерекше объектілерін болжайтынын ескерген жөн. Бұл теориялық-әдіснамалық кеңістікті толтыру үшін не ұсынуға болады? Бұл проблемалар бойынша қиындықтар ең алдымен экономикадағы «нарық» ұғымын бір мәнді ұғындырмаудан және мемлекет эволюциясын зерттеген кезде олардың айқын қолданбауынан пайда болады.
Нарық зерттеу пәні ретінде аса және көп мәнді күрделі құбылыс ретінде байқалады. Оны зерделеу күрделілігі сол, ол болашақта тұтастықта бола тұрып, сонымен бірге қандай да бір орнықты тұрақты шама бола алмайды және тұрақты түрде өзгерістерге ұшырайды.
Қазақстанда нарық проблемасы бойынша зерттеулер салыстырмалы түрде жуырда басталды және оған деген қызығушылық ұдайы өсуде. Отандық экономикалық әдебиеттерде зерттелген проблема бойынша кейбір жарияланымдар пайда болды, алайда олардағы барлық берілген анықмамалар оны бір жақты мағынада түсіндіреді. Бұл жұмыстарда «мемлекет», «нарық» ұғымдарының мәні және олардың өндіріс категорияларымен байланысты қарастырылған. Олардың арасындағы теория-әдіснамалақ мәселелердің арақатысы бұл саладағы ғылыми танымда маңызды рөл атқарады. Бірақ, «мемлекет-нарық-экономика» қатынастарын зерттеу, әдеттегідей, олардың мәні мен мазмұнын тануға негізделетіндіктен, онда олар ерікті немесе еріксіз түрде тек жеке аймақтармен шектеледі. Осы себептен көптеген аспектілер әлсіз әзірленген болып шықты. Кейбір экономистер, нарық бұл тауар мен көрсетілетін қызметті сатып алушылар, сатушылар мен жеткізушілер арасындағы байланысты жүзеге асыратын тетік деген тұжырымға келіп отыр. Бұл анықтама дұрыс болып есептеледі, өйткені мұнда нарық элементтерінің үйлесімі айқын. Басқа да пікірлер бар. Мысалы, ғалым-экономист Я. Корнаи нарық бұл тұрақты түрлендіруді сынап көретін тарихи даму өнімі деп санайды.
Ғылыми әдебиетте бұл туралы әзірге біркелкі пікірлер жоқ. Біз нарық (рынок) деп барлық халықтың мүддесіне қызмет етуге қабілетті және мемлекеттен тәуелсіз өз қажеттілігін қанағаттандыратын және өздері ұйымдастыра алатын жағдайдағы әлеуметтік-экономикалық бөлімшелері деп түсінеміз. Басқаша сөзбен айтқанда, нарық дегеніміз мемлекеттің қатысынсыз өз дамуын өзі басқаруға қабілетті қоғамның бір бөлігі.
Эқономикалық дамудағы нарықтың рөлі жөніндегі мәселе өте күрделі. Жаһандандыру жағдайындағы оның мәнін дұрыс түсіну үшін соңғысы экономикаға қатынасты дербес категория бола ма немесе оның құрамына ене ме, басқаша айтқанда, экономика мен нарық қандай арақатынаста болады. Күрделі экономикалық үдерістер жүйесінде нарық атқарымы: өнімдер мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу-сату тікелей жүзеге асырылады. Мұнда «экономика» ұғымы «нарық» ұғымына қарағанда кеңірек, ол экономиканың бөлігі және оның дамуының табиғи негізі болып есептеледі. Ол экономиканың ең серпінді құрамдас бөлігі болып табылады, экономикалық үдерістің барысы көбінесе оның әсер етуіне байланысты. Демек, нарық пен экономика - бір бүтіннің екі өзара байланысты құбылысы.
Экономиканың өзі нарықтың әсерімен дамиды, алайда, өз кезегінде, нарықтық қатынастың қалыптасуы бірқатар субъективтік және объективтік себептерге байланысты. Нарық дербес дамуға тиіс емес әрі дами да алмайды, оны басқару қажет, бірақ қалай басқару керек? Нарық адамның өміріне барлық жағынан да ықпал жасай алады. Онымен өнімдерді өндірудің артуы немесе төмендеуі, өндіріс құрылымы құрамындағы өзгерістер байланысты. Ол экономиканың экономикалық базисі мен материалдық негізі, табыс пен алуан түрлі өнімдердің көзі болып табылады. Нарық – бұл өмір сүрудің өзіндік ортасы. Ол қоғамда өмір сүруге жағдай тудыруда, инфляция мен тоқыраушылықты ескертуде, тамақ өнімдеріндегі тұтыну балансын реттеуде үлкен рол атқарады. Сөйтіп, экономиканың қызмет етуі мен оның дамуының негізі болып табылады, бірақ мұнда ол нормалар, құндылықтар мен тыйым салулар жүйесі ретінде экономикаға қарсы тұра алады.
Бұл нарықтық экономикалық дамудағы атқаратын рөлін трансформациялық экономика жағдайындағы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының нақты жолдарын дұрыс анықтау ушін қажеттілікті көрсетеді.
Атап айтқанда, неге нарық өндірістің ұйымдық формасы болып қалды, ол арқылы экономиканың міндеттерін шешкен дұрыс емес пе? Өйткені ол атап айтқанда өндірушінің мүдделерін бейімдеуге мүмкіндік береді және қажетті шарада тұтынуды қажеттілігіне бағындырады.
Жоғарыда баяндалған әдіснамалық алғышарттарға сүйене отырып, мемлекет пен нарықтың арасындағы қатынастарды қарастыруға әрекет жасайық. Соңғысы оқшаулау, өндіріушілер мен тұтынушылардың толық оқшауланған ұжымы болып есептелмейді, өйткені өз қызметінде мемлекетке сүйенеді және өз өндірісін ұйымдастыра отырып, тек өз мүддесін ғана көздеп әрекет ете алмайды, ең алдымен өз қызметін өндірушілер мен тұтынушылардың мүдделерін қанағаттандыруға бағындыра отырып, мемлекеттің барлық құрылымдарымен келісе жұмыс істеуге тиіс.
Нарықтың ұдайы өндіріс үдерісінде «мемлекет» пен «нарық» қаражаттың түрлі меншік иелері мен өндіру нәтижелері ретінде қызмет ете отырып, олардың әрқайсысы өз ақшаларына есепті, шығысты дербес жүргізетіндіктен, мемлекет тарапынан қаржылық қолдау, негізінен, несие беру арқылы жүргізіледі. Экономикалық тұрғыдан мемлекет пен өндіріс байланысты емес. Ол өзінің басқарушылық қызметінде оған қоғам берген әкімшілік-кұқықтық уәкілетті пайдаланады, яғни нарық дербес және тиімді орындап шыға алмайтын мәселелерді шешуге мүмкіндік жасайды. Бұл аспектіде, біздің пікірімізше, үш мәселені айырып көрсетуге болады:
Біртұтас нарық неге қажет?
Неге нарықтың дамуын басқару қызметін мемлекет атқаруға тиіс?
Нарық республиканың экономикалық қатынастар жүйесінде қандай орын алады?
Нарық экономикалық жүйе ретінде кез келген формацияға оңай үйлеседі. Оның басты кемшілігі - бұл басқарудың біртұтас пәрменді жүйесінің болмауы, сондықтан мемлекеттің нарықпен экономикалық өзара байланысы орнатылмайды. Біртұтас республикалық нарықтың дамуын тежейтін факторы болып, сондай-ақ әрі ішкі, әрі халықаралық операциялар үдерісін жүргізуді реттейтін жоғары заңдар актілерінің болмауы есептеледі. Қазіргі кезде бұл проблемамен айналысатын біртұтас орган жоқ (бұрын, ол елдің Мемлекеттік жоспардың қарауында болатын, оларға барлық министрліктер бағынатын). Сонымен бірге есеп жүргізу жағдайында іріктеп алуға білікті мамандардың тапшылығы байқалады. Мұндай жағдайда Қазақстан біртұтас нарық жұмыс істеп жатқан дамыған елдердің тәжірибесі мен әдістерін пайдалануға тиіс. Оның аймақтық және салалық белгілері бойынша алшақтығы республика экономикасын тым артта қалдырды. Тауар өндірушілермен тығыз байланыстың болмауынан нарық басымды жағдайға ие болмады. Басқаша айтқанда, өндіргіш күштер барлық қатысушылардың үйлестірілуін, іс-қимылдарының келісілуін талап етеді. Біріншіден, нарық дамуының объективті қажеттілігі өндірушілерді жеке меншікке бөлетіндігіне байланысты іске аспайды. Сондықтан нарық өнімді өндірудің тікелей субъектісі ретінде білінеді. Бүкіл өндірілген өнім тұтынушылар арасында бөлінеді, онымен халықтың қажетсінуін қамтамасыз етеді және жеке тауар өндірушілер жалпы еңбек нәтижелерін өз мүдделеріне пайдалануларына және басқалармен салыстырғанда артықшылық жағдайда болуларына жол бермейді. Екіншіден, нарық тауар өндірушілер мен тұтынушыларға олардың жаңа жағдайда нығаюына көмектеседі, мүдделер ортақтығы оларға тең құқықтық және еркіндік береді. Нарық өндіруші мен тұтынушы арасындағы жаңа экономикалық қатынасты ұйымдастырушы ретінде көрінеді және онымен экономикалық дамуға жағдай жасайды. Үшіншіден, нарық жасалған өнімді өндіруші мен тұтынушы арасында ұйымдастырады әрі қатысады, оларға баға тілімен қатынасуға не өндіруге, немесе өндірмеу керектігін шешуге көмектеседі. Төртіншіден, нарық дақылдар бойынша егіс алқаптарының көлемдері мен құрылымдарына елеулі әсер ете отырып, ауыл шаруашылық дақылдарын өсіру технологиясына өзінің түзетулерін енгізеді. Басқаша айтқанда, нарықтың дамуына қозғау салатын күш болып ішкі және сыртқы нарықтағы тұтыну сұранысының артуы есептеледі. Бұл өскелең сұранысты толығырақ қамтамасыз ете отырып, нарық өндірісінің мәдениетін ынталандырады.
Экономикалық әдебиеттерде, сондай-ақ кейбір реформаторлар арасында енді мемлекеттің экономикаға араласуының қажеттілігі жоқ деген пікір бар, бірақ Қазақстандағы реформалар тәжірибесі бұл пікірді жоққа шығарды. Өндірістің құлдырауы басталған, инфляция қарқыны жеделдеген кезде қаражаттың шетелге жылыстауы көбейді, бюджет тапшылығы артты, білім, денсаулық, ғылым, әлеуметтік қамсыздандыруға қажетті т.б. шығыстар қысқарды, осыдан-ақ мемлекеттің экономикаға араласудан бас тартпауы әрі оған әсер етуге тиіс екендігі айқын болады. Сонымен, нарықтың қалыптасуындағы мемлекеттің рөлі келесі жағдайлармен сипатталады:
Біріншіден, мемлекет өнім өндірісін ынталандыратын тікелей субъект ретінде көрінеді.
Екіншіден, экономиканың жаһандану жағдайында нарықтың нығаюына көмектеседі, оны реттеуге, кәсіпорынды бағдарлауды жүзеге асырады. Мемлекет, мысалы, бірқатар тетіктер арқылы халықтың жеткілікті қамтамасыз етілмеген топтарына әлеуметтік кепілдік жасауға арналған мемлекеттік табысты қайта бөлу құралын: заңдарды, салық, қаржы, бюджет саясатын пайдалана отырып, нарықтың кемшіліктерін белсенді түрде жояды. Ол сондай-ақ өндіруші-монополистердің тауар мен көрсетілетін қызметтерге бағаларын реттейді.
Мемлекет пен нарық арасындағы қатынастар жиынтығы күрделі және жан-жақты жүйені білдіреді. Бір жағынан, бүкіл жасалған өнім мемлекеттің қарауына түспейді, оның бөлінуін нарық анықтайды және республика алдында тұрған саяси міндеттерге байланысты өзгеруі мүмкін. Екінші жағынан, шаруашылық жүргізуші субъектілердің белгілі бір дербестілігі мен өз жұмысының залалсыздығы үшін олардың жауапкершілігіне қарамастан нарық үдерісі әрбір косіпорында материалдық және еңбек ресурстарымен, мемлекеттік бюджеттен бөлінетін қаражаттармен кепілдендіріледі.
Жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып, республиканың экономикалық дамуындағы нарық рөлін зерделеудің осы заманғы әдіснамалық негіздері объективтілік, өзара байланыс, жүйелілік сияқты танымның маңызды қағидаларына негізделуге тиіс. Осы мақсатпен біз «экономика-нарық-мемлекет» құрылымының өзара іс-қимыл тетігінің жалпы сипаттамасын бердік, олардың жүйелік мәні ашылды және ерекшеліктері анықталды.
