- •Зертханалық жұмыс №1
- •Зертханалық жұмыс №2
- •2. Delphi негізгі терезесі
- •4. Объектілер инспекторы терезесі
- •Зертханалық жұмыс №3
- •Өзіндік жұмыс тапсырмалары
- •Зертханалық жұмыс №4
- •Зертханалық жұмыс №5
- •Зертханалық жұмыс №6
- •Зертханалық жұмыс №8
- •Зертханалық жұмыс №9
- •Зертханалық жұмыс №10
- •Зертханалық жұмыс №11
- •Зертханалық жұмыс №12.
- •Зертханалық жұмыс №13.
- •Зертханалық жұмыс №14
- •Зертханалық жұмыс №15
- •Зертханалық жұмыс № 16
- •Зертханалық жұмыс №17
- •3.Қорғалған блок механизмі.
- •Зертханалық жұмыс №18
- •Зертханалық жұмыс №19
- •Зертханалық жұмыс № 20
- •Зертханалық жұмыс №21
- •Зертханалық жұмыс №22
- •Зертханалық жұмыс №23
- •Зертханалық жұмыс №24
- •Зертханалық жұмыс №25
- •Зертханалық жұмыс №26
- •Зертханалық жұмыс №27
- •Зертханалық жұмыс №28
- •Зертханалық жұмыс № 29
3.Қорғалған блок механизмі.
3.1. Әр ерекше жағдайда программаны басқаруды Delphi оратсы алады. Ерекше жағдайды өзіміз басқару үшін, ортаның бұл тәртібін алып тастау қажет. Ол үшін Tools\Debugger опцияларын шақырыңыз және Language бетінде Expections айғыршығындағы таңдауды алып тастаңыз.
3.2. Программада қорғалған блок механизмі қолданылады. Егер ұяшыққа цифрдан өзгеше символ енгізілсе, онда экранда мына хабар шығады: <<Символ дұрыс емес!>>.
Өзіндік жұмыс
TStringGrid компонентін қолданып қосымша құрыңыз.Программада қорғалған блок механизімін қолданыңыз.
Нұсқалар |
Алғашқы мәліметтер |
|
|
Жарыс нәтижесін өңдейтін қосымша құрыңыз. Бастапқы мәліметтер: старт, уақыты, мәре уақыты, сынақ уақыты. Сынақ уақытына іліккен нәтижелерді белгілеңіз. Старт уақыты мен мәре уақыты таблицаға енгізіледі. Сынақ уақытына іліккен спортшыларды арнайы символмен немесе «Норма орындалды» хабарымен таблицаның бос бағанына белгілеңіз. |
|
|
TStringGrid таблицасы көмегімен матрица элементтеріненгіз және баған мәні квадратының қосындысын тап. |
|
|
Студенттер тобының орта параметрін есепте. Бастапқы мәліметтер: әр студенттің тестілеуде жинаған балы. әр студенттің салмағы және бойы. Топтағы студенттердің орта салмағы мен орта бойын есепте. Ақпаратты енгізуге және шығаруға TStringGrid таблицасын қолдан. |
|
|
Фирманың 4 агентінің қызмет қортындысын таблица түрінде көрсетіңіз. Бастапқы ақпарат: квартал бойынша сату көлемі. әр агенттің жыл бойынша сату көлемін есептеңіз. |
|
|
Студенттердің сабаққа қатысу мәліметтерін таблица түрінде көрсетіңіз. Бастапқы ақпарат: дәлелді және дәлелсіз себептермен жіберілген сағаттар саны. Ақпаратты енгізуге және шығаруға TStringGrid таблицасын қолдан. Дәлелсіз себептермен х сағаттан аса жіберген студенттерді таблицаның бағанына арнайы хабармен белгілеңіз. Х енгізілетін шама. |
Бақылау сұрақтары:
1. Try…,Except…,End… операторларын қандай жағдайда қолданамыз?
2. ColCount қасиеті нені білдіреді?
3 Default ColWidth қасиеті нені білдіреді?
4 Options I qo Editing қасиеті нені білдіреді?
Әдебиеттер:
1. А. Я. Архангельский. Delphi 7.
2. М.М. Ерекешова, Т.А.Әмірғалиева Delphi ортасында программалау негіздері
3. Ю.А.Шпак Delphi 7 на примерах
К.З.Халықова Программалау тілдерін оқыту (Delphi)
Зертханалық жұмыс №18
Тақырыбы: Бір өлшемді массивтерді өңдеу алгоритмдері.
Техникалық жабдық: Дербес компьютер.
Бағдарламалық жабдық: Windows 98/200/XP, Borland Delphi7.
Мақсаты: Массив элементтерін енгізуді және баспаға шығаруды ұйымдастыру, массивтегі іздеу және элементтерді сұрыптау әдістерін Delphi ортасында бағдарламалау дағдыларын қалыптастыру, өзіндік тапсырмаларды орындау.
Негізгі ұғымдар.
Массив элементтерін енгізуге және шығаруға бір жолды редактор Edit компонентін, ListBox, ComboBox тізімдерін, StringGrid кестесін және стандарт диалогтытерезелерді қолдануға болады.
Бір өлшемді массивтерді өңдеу әдістерін Delphi ортасында жүзеге асырудағы ең негізгі мәселе – массив элементтерін енгізуді және баспаға шығаруды дұрыс ұйымдастыра білу қажет.
1-мысал.
А(n) сандық массивінің тақ нөмрлі элементтерін таңдау арқылы сұрыптау алгоритмін қолдана отырып кему ретімен орналастыру.
Есеп аргументтері:
А(n) сандық массивінің элементтерін InputBox диалогты терезесінен оқимыз және Edit1 компонентіне шығарамыз.
Есеп нәтижесі:
Тақ нөмрлі элементтері кему ретімен орналасқан сандық А(n) массивінің элементтерін Button2 компонентіне шығарамыз.
Есеп алгоритмі.
Таңдау арқылы сұрыптау алгоритмі. Ең үлкен элемент талқыланады да бірінші тақ орындағы элементпен орын ауыстырылады. Одан кейін қалған элементтердің ең үлкені анықталады да екінші тақ орындағы элемнетпен орын ауыстырылады. Процесс барлық тақ нөмрлі элементтер ретімен орналасқанша жалғасады. Формаға Edit1, Button1, Button1 компоненттерін қоямыз. Есеп әдісін Button1 компонентінің OnClick оқиғасында жүзеге асырамыз.
1-сурет. Қосымша интерфейсі.
Бағдарлама кодын келтірейік.
procedure TForm1.Button1Click(Sender: TObject);
var a:array[1..5] of integer;
i,j,max,m,n:integer; s:string;
begin
n:=5;
for i:=1 to n do
begin
s:=inputbox('Массив','Массив элементін енгіз:','');
a[i]:=strtoint(s);
edit1.Text:=edit1.Text+s+',';
end;
i:=1;
Begin
max:=i;
for j:=i+2 to n do begin
if a[j]>a[max] then
max:=j;
m:=a[max]; end;inc(j,5);
a[max]:=a[i];
a[i]:=m; inc(i,5);
End;
for i:=1 to n do
button2.Caption:=button2.Caption+inttostr(a[i])+',';
end;
Өзіндік жұмыс
Нұсқалар |
Алғашқы мәліметтер |
|
|
Массивтің реттік номерлері жай сандар болатын элементтердің қосындысын есептеу |
|
|
Массивтің тек бір ғана нөлдік элементі бар. Нөлдік элементке дейінгі барлық элементтерді экранға шығару бағдарламасын жазу. |
|
|
Массивтің k-ға еселі элементтерінің қосындысын табу. |
|
|
Массив теріс және оң элементтерден тұрады. Абсалют мәні максимум элементтен үлкен элементтерді 0-мен ауыстыру бағдарламасын жазу. |
|
|
Массивтің реттік номері сол элементтің өзімен бірдей элементтерінің қосындысын есептеу бағдарламасын жазу. |
Бақылау сұрақтары:
1. Бір өлшемді массив дегеніміз не?
2. Бір өлшемді массив операторының жалпы жазылу түрі?
3. ListBox компонентінің қандай қасиеттері бар?
4. ComboBox компонентінің қандай қасиеттері бар?
Әдебиеттер:
1. А. Я. Архангельский. Delphi 7.
2. М.М. Ерекешова, Т.А.Әмірғалиева Delphi ортасында программалау негіздері
3. Ю.А.Шпак Delphi 7 на примерах
К.З.Халықова Программалау тілдерін оқыту (Delphi)
