- •Зертханалық жұмыс №1
- •Зертханалық жұмыс №2
- •2. Delphi негізгі терезесі
- •4. Объектілер инспекторы терезесі
- •Зертханалық жұмыс №3
- •Өзіндік жұмыс тапсырмалары
- •Зертханалық жұмыс №4
- •Зертханалық жұмыс №5
- •Зертханалық жұмыс №6
- •Зертханалық жұмыс №8
- •Зертханалық жұмыс №9
- •Зертханалық жұмыс №10
- •Зертханалық жұмыс №11
- •Зертханалық жұмыс №12.
- •Зертханалық жұмыс №13.
- •Зертханалық жұмыс №14
- •Зертханалық жұмыс №15
- •Зертханалық жұмыс № 16
- •Зертханалық жұмыс №17
- •3.Қорғалған блок механизмі.
- •Зертханалық жұмыс №18
- •Зертханалық жұмыс №19
- •Зертханалық жұмыс № 20
- •Зертханалық жұмыс №21
- •Зертханалық жұмыс №22
- •Зертханалық жұмыс №23
- •Зертханалық жұмыс №24
- •Зертханалық жұмыс №25
- •Зертханалық жұмыс №26
- •Зертханалық жұмыс №27
- •Зертханалық жұмыс №28
- •Зертханалық жұмыс № 29
Зертханалық жұмыс №9
Тақырыбы: Таңдау командасы.
Мақсаты: Тармақталушы алгоритмдерді Delphi ортасында таңдау командасының көмегімен бағдарламалау дағдыларын қалыптастыру, өзіндік тапсырмаларды орындау.
Қажетті құралдар: 1. ДК /Pentium 3,4 Windows /
2. Borland Delphi 7.0
Негізгі ұғымдар.
Тармақталу командасының денесінде тағы тармақталу командалары кездескен жағдайда, яғыни шарттың ішінде шарттар қойылған есептердің шешімін іздеуде таңдау командалары қолданылады. Таңдау командасы бұл Турбо Паскальдағыдай Case (жағдай) операторындай құрылады.
Таңдау операторының жалпы жазылуы:
Case <өрнек> of
1-тізім: begin
S1
end;
2-тізім: begin
S1
end;
…
n-тізім: begin
Sn
end;
end;
1-мысал.
Таңдау командасын пайдаланып берілген санға екі еселісін, немесе квадратын, немесе кері санын, немесе қарама-қарсы санын анықтайтын бағдарлама құру.
Шешуі.
Берілген санды TEdit компоненті арқылы немесе TScroolBar-дың көмегімен енгізіп, ал орындалатын амалдар TComboBox-тің Items қасиеті арқылы таңдалып және ComboBox-тің Itemindex-тің мәніне сәйкес есептеп, нәтижені TStaticText компонентінің өрісіне шығарамыз. Формаға компоненттер палитрасының Standart бетінде орналасқан TEdit, TLabel, TComboBox, TScroolBar және Additional бетіндегі TBitBtn, TStaticText компонентін орналастырып сәйкес мәндерін меншіктейміз. Бастапқы мәліметі, яғыни х айнымалысының мәнін Edit1 компонентінің өрісіне енгізіп немесе ScroolBar1-дің өрісінен көрсетіп, ал шешімін StaticText1 компонентінің өрісіне шығарайық.
Есеп шешімін BitBtn1 компонентінің OnClick оқиғасында жүзеге асырамыз. Қосымша интерфейсі 1-суретте келтірілген.
Форма мен оның компоненттерінің қасиеттерін төмендегідей орнату қажет.
Компонеттер |
Қасиеттер |
Меншіктелетін мән |
Form1 |
Caption |
Қысқаша көбейту формуласы |
Form1 |
Name |
Form1 |
Label1 |
Caption |
Сан енгіз: |
Edit1 |
Text |
Тазалау |
Label2 |
Caption |
Амалды таңда |
ComboBox1 |
Items |
Екі еселегенде Квадраттағанда Кері саны Карама-қарсы сан |
StaticText1 |
Caption |
Тазалау |
Label3 |
Caption |
Санды таңда |
ScroolBar1 |
Min |
-100 |
ScroolBar1 |
Max |
100 |
BitBtn1 |
Kind |
bkOK |
BitBtn2 |
Kind |
bkClose |
1-сурет. Қосымша интерфейсі.
« » батырмасын екі рет шертіп бағдарлама коды терезесіне көшіңіз. Click оқиғасы процедураның дайындамасы көрінеді. Төменде BitBtn1 компонентінің OnClick оқиғасының коды келтірілген.
var
Form1: TForm1;
x,y:real;
implementation
{$R *.dfm}
procedure TForm1.BitBtn1Click(Sender: TObject);
begin
x:=strtofloat(Edit1.Text);
Case ComboBox1.ItemIndex of
0:begin y:=2*x;
StaticText1.Caption:=
ComboBox1.Items[ComboBox1.Itemindex]+'жауабы'+'='+floattostr(y,ffgeneral,5,2);
end;
1:begin y:=sqr(x);
StaticText1.Caption:=
ComboBox1.Items[ComboBox1.Itemindex]+' жауабы'+'='+floattostr(y,ffgeneral,5,2);
end;
2:begin y:=1/x;
StaticText1.Caption:=
ComboBox1.Items[ComboBox1.Itemindex]+' жауабы'+'='+floattostr(y,ffgeneral,5,2);
end;
3:begin y:=-x;
StaticText1.Caption:=
ComboBox1.Items[ComboBox1.Itemindex]+' жауабы '+'='+floattostr(y,ffgeneral,5,2);
end;
end;
end;
procedure TForm1.ScrollBar1Scroll(Sender: TObject; ScrollCode: TScrollCode;
var ScrollPos: Integer);
begin
x:=ScrollBar1.Position;
Edit1.Text:=floattostr(x);
end;
end.
Өзіндік жұмыс
Бір өлшем бірлігінен екіншісіне өтетін қосымша құрыңыз.
Нұсқалар |
Алғашқы мәліметтер |
|
|
Берілген жыл мен ай нөміріне байланысты осы айдағы күндер санын анықтайтын бағдарлама құру. |
|
|
Әрбір енгізілген (0-9) цифрға байланысты оның ағылшынша атауын шығаратын бағдарлама құру. |
|
|
Ай нөміріне байланысты одан кейінгі айдың атын шығаратын бағдарлама құру. |
|
|
Жыл мезгілінің енгізілген номеріне байланысты оған сәйкес ай аттарын және әрбір айдағы күндер санын шығаратын бағдарлама құру. |
|
|
Апта күндерінің реттік нөмірі бойынша сабақ кестесін шығару |
Бақылау сұрақтары:
1. Таңдау командасының жазылуы?
2. StaticText компонентінің қызметі қандай?
3. TscroolBar компонентінің қасиеттерін ата?
4 StaticText компонентінің қасиеттерін ата?
5. TscroolBar компонентінің қызметі қандай?
Әдебиеттер:
1. А. Я. Архангельский. Delphi 7.
2. М.М. Ерекешова, Т.А.Әмірғалиева Delphi ортасында программалау негіздері
3. Ю.А.Шпак Delphi 7 на примерах
К.З.Халықова Программалау тілдерін оқыту (Delphi)
