- •Зертханалық жұмыс №1
- •Зертханалық жұмыс №2
- •2. Delphi негізгі терезесі
- •4. Объектілер инспекторы терезесі
- •Зертханалық жұмыс №3
- •Өзіндік жұмыс тапсырмалары
- •Зертханалық жұмыс №4
- •Зертханалық жұмыс №5
- •Зертханалық жұмыс №6
- •Зертханалық жұмыс №8
- •Зертханалық жұмыс №9
- •Зертханалық жұмыс №10
- •Зертханалық жұмыс №11
- •Зертханалық жұмыс №12.
- •Зертханалық жұмыс №13.
- •Зертханалық жұмыс №14
- •Зертханалық жұмыс №15
- •Зертханалық жұмыс № 16
- •Зертханалық жұмыс №17
- •3.Қорғалған блок механизмі.
- •Зертханалық жұмыс №18
- •Зертханалық жұмыс №19
- •Зертханалық жұмыс № 20
- •Зертханалық жұмыс №21
- •Зертханалық жұмыс №22
- •Зертханалық жұмыс №23
- •Зертханалық жұмыс №24
- •Зертханалық жұмыс №25
- •Зертханалық жұмыс №26
- •Зертханалық жұмыс №27
- •Зертханалық жұмыс №28
- •Зертханалық жұмыс № 29
Зертханалық жұмыс №19
Тақырыбы: Екі өлшемді массивтерді өңдеу алгоритмдері.
Техникалық жабдық: Дербес компьютер.
Бағдарламалық жабдық: Windows 98/200/XP, Borland Delphi7.
Мақсаты: Екі массив элементтерін енгізуді және баспаға шығаруды ұйымдастыру, екі өлшемді массив элементтерін өңдеу әдістерін Delphi ортасында бағдарламалау дағдыларын қалыптастыру, өзіндік тапсырмаларды орындау.
Негізгі ұғымдар.
Массив элементтерін енгізуге және шығаруға StringGrid кестесін және стандарт диалогты терезелерді қолдануға болады.
Екі өлшемді массивтерді өңдеу әдістерін Delphi ортасында жүзеге асырудағы ең негізгі мәселе – массив элементтерін енгізуді және баспаға шығаруды дұрыс ұйымдастыра білу қажет.
1-мысал.
А(n, n) екі өлшемді сандық массивінің ең үлкен элементін анықтайтын бағдарлама құру.
Есеп аргументтері: А(n, n) сандық массивінің StringGrid кестесінен оқимыз.
Есеп нәтижесі:
А(n, n) сандық массивінің ең үлкен элементін Button2 компонентіне шығарамыз.
Есеп алгоритмі.
Массивтің ең үлкен элементін анықтау алгоритмі. Формаға StringGrid1, Button1, Button2 компоненттерін қоямыз. Есеп әдісін Button1 компонентінің OnClick оқиғасында жүзеге асырамыз.
StringGrid1 компоненттерінің қасиеттерінің мәні кестеде анықталған.
ColCount |
Таблицадағы бағандар саны. |
RowCount |
Таблицадағы жолдар саны. |
DefaultColWidth |
Таблица бағанының ені. |
Cells(ACol, ARow) |
Ұяшық мәнін анықтйды. |
Options/go Editing |
True енгізілген. Бұл жағдайда таблицаны редакциялауға болады. |
Бағдарлама кодын келтірейік.
procedure TForm1.Button1Click(Sender: TObject);
var a:array[1..3,1..3] of integer;
i,j,max:integer;
begin
for i:=1 to 3 do
for i:=1 to 3 do
a[i,j]:= strtoint (StringGrid1.Cells[i,j]');
max:=a[1,1];
for i:=1 to 3 do
for i:=1 to 3 do
if max<a[i,j] then max:=a[i,j]
button2.Caption:=button2.Caption+inttostr(max);
end;
Өзіндік жұмыс
Нұсқалар |
Алғашқы мәліметтер |
|
|
Матрицаның тек тақ элементтерден тұратын жолдарының ішінен элементтерінің модулі бойынша ең үлкен болатын жолды табу бағдарламасын құру. |
|
|
Массивтің номерлері R-ге еселі жолдары мен S-ке еселі бағандарының қиылысында орналасқан элементтердің арифметикалық ортасын табу. |
|
|
Квадрат матрицаның k-ға еселі элементерін және солардың үлкенін табу. |
|
|
Квадрат матрицаның k-ға қалдығы 3 болып бөлінетін элементтерін және солардың кішісін табу. |
|
|
Матрицаның ең үлкен және ең кіші элементтері орналасқан жолдарын тауып, оларды элементтерінің қосындысымен бірге экранға шығару. |
Бақылау сұрақтары:
1. Екі өлшемді массив дегеніміз не?
2. Екі өлшемді массив операторының жалпы жазылу түрі?
3. StringGrid компонентінің қандай қасиеттері бар?
4. StringGrid компонентінің қандай оқиғасы бар?
Әдебиеттер:
1. А. Я. Архангельский. Delphi 7.
2. М.М. Ерекешова, Т.А.Әмірғалиева Delphi ортасында программалау негіздері
3. Ю.А.Шпак Delphi 7 на примерах
К.З.Халықова Программалау тілдерін оқыту (Delphi)
