- •Қр қылмыстық құқығы бойынша жазадан босату Мазмұны
- •1. Жазадан босатудың түсінігі мен негіздері
- •Жазаның жүйелері деп қолданылып жүрген қылмыстық заңда қарай белгілі тәртіппен орналасқан жазаның түрлерін айтамыз.
- •2. Жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босату;
- •2. Рақымшылық немесе кешірім жасау түсінігі
- •3. Ескіру мерзімінің өтуіне байланысты жазаны өтеуден босату
- •4. Жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босату
- •5. Жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыру
- •6. Ауруға шалдығуына байланысты жазаны одан әрi өтеуден босату
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
2. Рақымшылық немесе кешірім жасау түсінігі
Қазақстан Республикасы Конституциясының 54-бабы 6-тармағына сәйкес республика Парламенті адамдардың жеке айқындалған тобы жөнінде рақымшылық туралы заң шығару5а құқылы.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабы 15-тармағына сәйкес белгілі бір жеке адамға ол жөнінде айыптау үкімі заңды күшіне енген жағдайда кешірім жасау туралы актіні Қазақстан Республикасынын Президенті шығарады (76-бап, 3-бөлігі).
Рақымшылық және кешірім беру Қазақстан Республикасы Жоғарғы өкімет органдарының актілері болып табылады. Бұл актілер белгілі бір қылмыстар үшін жауаптылықты белгілеген қылмыстық заңдарды немесе сот үкімін жоймай-ақ қылмыстық жауалпылықты немесе жазада немесе оған сот тағайындалған жазаны жеңілірек жазамен ауыстыра алады. Рақымшылықты және кешірім беруді қолданудың өзі мемлекеттің ізгілік принципін басшылыққа ала отырып, қылмыс істеген адамдарға уақытша қателескен адамдар ретінде қарап, оларға сенім білдіруі болып табылады. Рақымшылық актісі, әдетте, елде болған елеулі оқиғаларға немесе мерей тойларға байланысты қабылданады. Мысалы, 1991 жылы 15 ақпаңда Қазақ Советтік Социалистік Республикасының Қазақ Советтік Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігі жөніңдегі Декларациясының қабылдауына байланысты "Рақымшылық туралы" заңы қабылданса, 1994 жылы 5 қазанда "Халықаралық отбасы жылына байланысты рақымшылық туралы", 1996 жылы 13 маусымда "Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының бір жылдығына байланысты рақымшылық туралы" 1999 жылы шілденің 13-інде «Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылына байланысты рақымшылық жасау туралы», 2000 жылы желтоқсанның 29-ында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік егемендігі туралы декларациянық кабылдануының 10 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Респтубликасының заңдары қабылданды.
Рақымшылық актісінің нормативтік мәні бар. Бұл акт рақымшылық туралы заңда көрсетілген істеген қылмысының қашан белгілі болғанына қарамастан белгілі бір санатқа немесе топтарға жататын адамдар жөнінде қолданылады.
1991 жылғы 16 ақпандағы рақымшылық актісі бойынша тағайындалған жазалау мерзіміне қарамастан бас бостандығынан айыру түріндегі жазадан немесе бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазалардан мынадай сотталған адамдар:
а) Отанды қорғау жөніндегі жауынгерлік іс-қимылдарға қатысқандар;
б) КСРО ордендерімен және медальдарымен наградталғандар;
в) І және II топтағы мүгедектер;
г) кәмелетке толмаған балалары бар әйелдер, сондай-ақ жүкті әйелдер;
д) 60 жастан асқан еркектер; 55 жастан асқан әйелдер босатылды [9].
1994 жылғы 5 қазандағы рақымшылық актісі бойынша біріншіден, бас бостандығынан айыру түріндегі жазадан немесе бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазадан тағайындалған жаза мерзіміне қарамастан бұрын еңбекпен тәрбиелеу колонияларында ұсталмаған (тағайындалған жаза мерзіміне қарамастан) көмелетке толмағандар; үш жылға дейінгі мерзімді қоса бас бостандығынан айыруға сотталып, еңбекпен тәрбиелеу колониясында ұсталған кәмелетке толмағандар; екіншіден, 16 жасқа дейінгі балалар және ІІ топтағы мүгедек балалары бар, сондай-ақ жүкті әйелдер; әскери және интернационалдық борышын орындау кезінде қаза тапқан әскери қызметкерлердің жесірлері; соғыс мүгедектерінің және соларға теңестірілген адамдардың әйелдері.
