Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жазадан босату.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
181 Кб
Скачать
☆

3. Ескіру мерзімінің өтуіне байланысты жазаны өтеуден босату

Ескіру мерзімінің өтуі қылмыстық құқықтағы қылмыстық жауаптылықтан босатудың негіздерінің бірі ретінде (ҚК-тің 69 және 85-баптары), сонымен қатар айыптау үкімінің ескіру мерзімі, жазадан босатудың негізі болып танылады (ҚК-тің 75 және 85-баптары).

Айыптау үкімінің ескіру мерзімі өтуіне байланысты жазаны өтеуден босатудың негіздері, ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату негіздерімен ұқсас болып келеді.

Қылмысы үшін сотталған адам, егер айыптау үкімі оның заңды күшіне енген күннен бастап есептегенде:

а) кішігірім ауырлықтағы қылмысы үшін сотталғанда - үш жыл;

б) орташа ауырлықтағы қылмысы үшін сотталғанда - алты жыл;

в) ауыр қылмысы үшін сотталғанда - он жыл;

г) аса ауыр қылмысы үшін сотталғанда - он бес жыл мерзімдерде орындалмаған болса жазаны өтеуден босатылады [10].

Сонымен, айыптау үкімінің ескіру мерзімі деп айыптау үкімі заңды күшіне енген күннен бастап заңда белгіленген мерзімдердің ішінде орындалмағандығын айтуға болады. Айыптау үкімінің ескіру мерзімі, айыптау үкімінің заңды күшіне енген күннен бастап есептеледі. Егер сотталған адам жазаны өтеуден жалтарса, ескіру мерзімінің өтуі тоқтатыла тұрады. Бұл жағдайда ескіру мерзімінің өтуі адам ұсталған немесе айыбын мойындап келген кезден басталады. Сотталған адамның жазаны өтеуден жалтаруы кезіне қарай өткен ескіру мерзімі есептелуге тиіс. Бұл орайда айыптау үкімі, егер оның шығарылған уақытынан бастап жиырма бес жыл өтсе және ескіру мерзімі жаңа қылмыс жасау арқылы үзілмеген болса, орындалуға жатпайды.

Егер адам мерзім өткенге дейін жаңадан қасақана қылмыс жасаса, ескіру мерзімі үзіледі. Мұндай жағдайда ескіру мерзімінің етуі жаңадан қылмыс жасаған күннен бастап қайта есептеледі.

Бұл жағдайда жазаны орындаудың ескіру мерзімі екі үкімге де бірдей жүріп отырады, яғни сот жаңа қылмысқа үкім шығарғаннан кейін, алдыңғы үкімді ескерген жәйттердің болуы жағдайында ғана мұндай екі жақты ескіру мерзімінің өтуі болады. Егер жаза, ҚК-тің 60-бабына сәйкес үкімдердің жиынтығы бойынша тағайындалса, ауыр қылмыстар үшін белгіленген айыптау үкімінің ескіру мерзімі бірдей мерзімде өтеді, ал алдыңғы қылмысы үшін белгіленген үкім өзінің мәнін жоғалтады.

Өлім жазасына немесе өмір бойы бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға ескіру мерзімін қолдануда, заңда ерекше қағидалар қарастырылған.

Өлім жазасына немесе өмір бойы бас бостандығынан айыруға сотталған адамға ескіру мерзімін қолдану туралы мәселемі сот шешеді. Егер сот ескіру мерзімін қолдану мүмкін деп таппаса, өлім жазасы өмір бойы бас бостандығынан айыруға ауыстырылады, ал өмір бойы бас бостандығынан айыру жиырма бес жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға ауыстырылады. Бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігіне қарсы қылмыс жасағаны үшін сотталған адамдарға ескіру мерзімі қолданылмайды.

Ескіру мерзімін есептеу кезінде қосымша жаза туралы әңгіме болған жоқ өйткені заңда ол туралы ештеңе айтылмаған.

Айыптау үкімі белгілі бір себептермен орындалмай қалуы да мүмкін. Мұндай жағдайларда оны орындаудың мерзімі ескіреді. Мерзімі ескірген айыптау үкімі орындалмайды. Ал кінәлі адамдар қылмыстық жазадан босатылады [11].

Айыптау үкімінің орындалмай қалуының себептері сан түрлі. Мысалы, сот қызметкерлерінің салақтығынан, үкімнің тиісті органға орындаушыға жіберілмей қалуы, қылмысты істің жоғалуы, үкімді орыңдауды жүзеге асыратын органның ұқыпсыздығынан оның орындалмай қалуы немесе сотталған адамның жаза өтеу мекемелеріне жіберілмей қалуы сияқты мәселелерден туындайды. Көп жағдайларда айыптау үкімі сотталған адамның жазасын өтеуден бой тасалап, жалтаруынан орындалмай қалады.

Айыптау үкімі екі түрлі жағдайдың жиынтығы негізінде орындалмайды.

Біріншісі, заңда белгіленген нақты мерзімнің өтуіне байланысты;

екіншісі, осы көрсетілген мерзім ішінде сотталған адам жазаны өтеуден бұлтармаса.

Қылмыстық кодекстің 75,76-бабы айыптау үкімін орындаудың мерзімін ескіруі жөнінде белгілі бір мерзім белгілеген.

Егер айыптау үкімі заңды күшіне енген күннен бастап мына мерзімдерде орындалмаған болса, сотталған адам жазадан босатылады:

а) кішігірім ауырлықтағы қылмыс үшін сотталғандар - 3 жыл;

б) орташа ауырлықтағы қылмысы үшін сотталғандар - 6 жыл;

в) ауыр қылмысы үшін сотталғандар - 10 жыл;

г) аса ауыр қылмысы үшін сотталғаңдар-15 жыл (75-бап).

Қылмыстық кодекстің осы бабының талабына сәйкес айыптау үкімінің ескіру мерзімі істелген қылмыстың немесе оның санкциясында белгіленген жазаның ауырлығына қарай емес, үкім бойынша нақты тағайындалған жазаның ауырлығына қарай белгіленеді. Айыптау үкімінің ескіру мерзімі егер сотталған адам жазаны өтеуден бұлтарса үзіледі. Мұндай ретте ескіру мерзімі сотталған адамның жазаны өтеуге айыбын мойындап өзі келген я ұсталған күннен бастап қайта жаңғыртылады. Сотталған адамның жазаны өтеуден жалтаруы кезіне қарай еткен ескіру мерзімі есептелуге тиіс. Бұл орайда айыптау үкімі егер оның шығарылған уақытынан бастап 25 жыл өтсе және ескіру мерзімі жаңа қылмыс жасау арқылы үзілмеген болса, орындалмауы керек. Жазаны өтеуден бұлтарудың өзі кінәлінің істеген қылмысынан тиісті қорытынды шығармағандығын, жазаның алға қойған мақсаттарын мойындамағандығын көрсетеді. Сол себепті де мұндай адамдардың тағайыңдалған жазаны нақты түрде өтеуі жөн болады.

Егер адам осы 75-баптың 1-бөлігінде аталған мерзім өткенге дейін жаңадан қасақана қылмыс жасаса, ескіру мерзімі үзіледі. Мұңдай жағдайда ескіру мерзімінің етуі жанадан қылмыс жасаған күннен бастап қайта есептеледі (75-бап, 3-бөлігі). Қылмыстық кодекстің 75-бабының 4-бөлігіне сәйкес өлім жазасына немесе емір бойы бас бостандығынан айыруға сотталған адамға ескіру мерзімін қолдану туралы мәселені сот шешеді. Егер сот ескіру мерзімін қолдану мүмкін деп таппаса, өлім жазасы өмір бойы бас бостандығынан айыруға ауыстырылады, ал өмір бойы бас бостандығынан айыру 25 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға ауыстырылады. Бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігіне қарсы қылмыс жасағаны үшін сотталған адамдарға ескіру мерзімі қолданылмайды [12].