- •Қр қылмыстық құқығы бойынша жазадан босату Мазмұны
- •1. Жазадан босатудың түсінігі мен негіздері
- •Жазаның жүйелері деп қолданылып жүрген қылмыстық заңда қарай белгілі тәртіппен орналасқан жазаның түрлерін айтамыз.
- •2. Жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босату;
- •2. Рақымшылық немесе кешірім жасау түсінігі
- •3. Ескіру мерзімінің өтуіне байланысты жазаны өтеуден босату
- •4. Жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босату
- •5. Жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыру
- •6. Ауруға шалдығуына байланысты жазаны одан әрi өтеуден босату
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
4. Жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босату
Жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босату өзінің мазмұнына қарай, жазаны өтеу сатысындағы жазадан босатудың түрі болып табылады.
Жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босату деп сотталған адамды үлгілі мінез-құлқы және еңбекке, оқуға, адал көзқарасы негізінде үкім бойынша тағайындалған жазаны өтеуден мерзімінен бұрын босата отырып, оған сынақ мерзімі ішінде жаңадан қылмыс жасамау шартын қоюды айтамыз.
Жазаның өтелмеген бөлігі, жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босатылушыға сынақ мерзімі болып табылады, ал заң шығарушының жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босату институтын сотталғандарға қолдануы олардың тез түзелуіне мүмкіндік берудің тиімді жолы болып табылады.
Сот жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босатуды қолдана отырып сотталған адамды жазаны өтеуден толық немесе ішінара босатуы мүмкін. Түзеу жұмыстары, әскери қызмет бойынша шектеу, бас бостандығын шектеу, тәртіптік әскери бөлімде ұстау, бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеп жүрген адамдарға жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босату қолданылады.
ҚК-тің 5-бабына сәйкес жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босату мүмкіндіктерін қолдану, қылмыс жасалған уақытта күшіне енген заңдарға сәйкес шешіледі.
Мерзімінен бұрын - шартты түрде босатуды сот, сотталған адамға мемлекеттік органның белгіленген орны бойынша сот, ал әскери қызметшілер жөнінде - әскери бөлімдер мен мекемелердің командованиесі жүзеге асырады.
Сот шартты түрде мерзімінен бұрын жазадан босатуды қолдана отырып сотталған адамға жазаның өтелмей қалған бөлігінің мерзімі өтуі ішінде белгілі бір міндеттерді орындауды: мінез құлқын бақылауды жүзеге асырушы арнаулы мемлекеттік органға хабарламай тұракты тұратын, жұмыс істейтін, оқитын жерін ауыстырмауды, белгілі бір орындарға бармауды, маскүнемдіктен, нашақорлықтан, уытқұмарлықтан, саз ауруларынан немесе ВИЧ/ЖК,ТБ-дан емделу курсынан өтуді, отбасына материалдық көмек көрсетуді жүктеуі мүмкін.
Жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босатуды қолдану міндетті түрде екі, материалдық және формальды негіздің болуымен байланысқан.
Материалдық негіз - мерзімінен бұрын шартты түрде босатылушының сотпен тағайындалған жазаны өтегенге дейін өзінің түзелгендігін дәлелдеуі. Оның түзелгендігі ең алдымей үлгілі мінез-құлқымен дәлелденуі керек.
Үлгілі мінез-кұлқы деп - барлық құқықтық нормаларды, өтеу ережелерін, жүктелген міндеттерді сапалы орындауы, техника қауіпсіздігін сақтауы, қолданылатын материалдар мен құрал-жабдықтарға ұқыпты қарауын айтуға болады [13].
Сот, сотталған адамның түзелгендігі туралы және жазаны шартты түрде өтеуден мерзімінен бұрын босату туралы ұсынысты, қарау кезеңінен кейін емес, яғни жазаны өтеу мерзімі өтуінің кезеңіндегі жан-жақты барлық қосымша қадағалаудың негіздері бар болуы бойынша қорытынды жасайды.
Соттың жазаны өтеуші адам түзелген деген тұжырымға келуі адамның жазаны толық түрде өтеуінің қажеті жоқ екендігін көрсетеді.
Заңмен талап етілген жазаны өтеудің ең төменгі мерзімі (ҚК-тің 70-бабы үшінші бөлігі) жазаны өтеуден мерзімінен бұрын босатудың формальды негізі болып табылады. Жазадан шартты түрде - мерзімінен бұрын босату сотталған адамға кішігірім және орташа ауырлықтағы қылмысы үшін тағайындалған жаза мерзімінің кемінде жартысын; ауыр қылмысы үшін тағайындалған жаза мерзімінің кемінде үштен екісін; аса ауыр қылмысы үшін тағайындалған жаза мерзімінің кемінде төрттен үшін,сондай-ақ бұрын жазадан мерзімінен бұрын шартты түрде босатылған адамға, егер мерзімінен бұрын - шартты түрде босату 70-баптың жетінші бөлігінде, көзделген негіздер бойынша жойылған болса, тағайындалған жаза мерзімінің кемінде төрттен үшін нақты өтегеннен кейін қолданылуы мүмкін.
Сот тағайындаған өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жүрген адам, егер сот ол бұл жазаны одан әрі өтеуді қажет етпейді деп таныса және кемінде жиырма бес жыл бас бостандығынан айыруды іс жүзінде өтесе, мерзімінен бұрын шартты түрде босатылуы мүмкін.
Жазадан босатудың формальды және материалдық негіздері бір-бірімен тығыз байланыста болады, бірақ материалдық негіз ең басты болып табылады.
Жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босатуды алып тастау деп - жазаны етеуден шартты түрде босатудың нәтижесінде қалып қойған жазаның қалған өтелмеген болігін өтеу үшін, тұлғаның жазасын өтеп жүрген орынға қайта оралуын айтамыз.
ҚК-тің 70-бабының жетінші бөлігі, "а" тармағы мынандай мүмкіндікті қамтиды: Мерзімінен бұрын - шартты түрде босату қолданылған адам, егер жазаның қалған етелмеген бөлігі ішінде, өзіне әкімшілік жазасы салынған қоғамдық тәртіпті бұзса немесе оған мерзімінен бұрын - шартты түрде босатуды қолдану кезінде сот жүктеген міндеттерді орындаудан әдейі жалтарса, сот осы баптың алтыншы бөлігінде аталған органдардың ұсынуы бойынша мерзімінен бұрын - шартты түрде босатудың күшін жою және жазаның өтелмей калған бөлігін орындау туралы қаулы ете алады. Осы белгіленген тармақ сотқа мерзімінен бұрын - шартты түрде соттаудың күшін жоюды міндеттемейді.
ҚК-тің 70-бабы колданылған жағдайда адам қосымша жазаны өтеуден толық немесе ішінара босатылуы мүмкін.
Мерзімінен бұрын - шартты түрде босатылған адамның қайталап қылмыс жасамауын ескерту мақсатында, ҚК-тің 70-бабында бірқатар нормалар белгіленген:
- бас бостандығынан айыруға сотталушының оны нақты өтеу мерзімі алты айдан кем болмауы керек;
- мерзімінен бұрын - шартты түрде босатылған адамның мінез-құлқына бақылау жасауды оған мамандандырылған уәкілетті мемлекеттік орган, ал әскери қызметшілер жөнінде - әскери бөлімдер мен мекемелердің командованиесі жүзеге асырады. Өлім жазасы түріндегі жаза кешірім жасау тәртібі бойынша бас бостандығынан айыру жазасымен ауыстырылған адамға мерзімінен бұрын - шартты түрде босату қолданылмайды.
Мысалы: Шалқар аудандық соты сотталушы А.-ның жазадан мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін қарады. Алматы қаласы Бостандық аудандық сотының 4 мамыр 2012 жылғы үкімімен сотталушы А. ҚР ҚК-нің 178-бабы 2- бөлігі «а,в» тармағымен айыпты деп танылып, 2 жыл 6 ай 14 күн мерзімге бас бостандығын шектеуге сотталған. Сот отырысында қылмыстық атқару инспекциясының Шалқар ауданы бойынша инспекторы Н.Жұбатов өтінішті қолдап, сотталушы А. Шалқар аудандық қылмыстық атқару инспекциясының есебіне алынғандығын,есепте тұрған кезінде оның тарапынан ешқандай заң бұзушылық болмағандығын, шақырылған уақытта келіп, онымен әңгіме жүргізгендерін, оны жазаны өтеуден мерзімінен бұрын-шартты түрде босатуға қарсы еместігін айтып көрсетті. ҚР ҚК-нің 70-бабы 1-бөлігінде түзеу жұмыстарының, әскери қызмет бойынша шектеу, бас бостандығынан шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жүрген және сот тағайындаған жазаны толық өтеуді қажет етпейтін адамды сот құқық бұзбайтын мінез-құлқы, еңбекке (оқуға) адал қарағаны, көркемөнерпаздар ұйымдарының жұмысына және тәрбиелік іс-шараларға белсенді қатысқаны, қылмысымен келтірілген залалын өтеу жөнінде шаралар қолданғаны үшін сот тағайындалған жазадан шартты түрде мерзімінен бұрын босатуы мүмкін - деп көрсетілген.Сот істегі жинақталған құжаттарды зерттеп, оған баға бере келе, прокурордың өтінішті қанағаттандыру туралы қорытындысын тыңдап, сотталушы А. 2 жыл 6 ай 14 күн мерзімге бас бостандығы шектеуге түріндегі тағайындалған жазаны өтеуден мерзімінен бұрын –шартты түрде босатылсын деп қаулы етті.Қаулы заңды күшіне енді.
