Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жазадан босату.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
181 Кб
Скачать
☆

5. Жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыру

Мерзімінен бұрын шартты түрде босатуға қарағанда, жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыруды сот, кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмысы үшін бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жүрген адамдарға қолдана алады. Басқа қылмыс санаттарына жататын қылмыстар үшін мұндай женілдіктер қолданылмайды.

Мерзімінен бұрын - шартты түрде босатудың басқа да айырмашылықтары бар. Атап айтқанда, соттың жазаны өтеп жүрген адамның жазасыньщ өтелмеген болігін неғұрлым женіл жаза түрімен ауыстыруды шешкеннен кейін, оны қайтадан алдынғы жазаның түріне ауыстыруға құқығының жоқ болуы. Жазадан босатудың бұл түрі нақты болып табылады.

Сонымен қатар жазадан босатудың бұл түрі факультативтік болып табылады және соттың шешуі негізінде, жазаның өтелмеген бөлігі оның неғұрлым жеңіл түріне сотталған адам жаза мерзімінің кем дегенде үштен бір бөлігін нақты өтегеннен кейін ауыстырылуы мүмкін. Бұл жағдайда адам қосымша жазаны өтеуден толық немесе ішінара босатылуы мүмкін. Жазаның өтелмеген бөлігін ауыстыру кезінде сот Қылмыстық кодекстің 39-бабында аталған жаза түрлеріне сәйкес, Кодексте әрбір жаза түрі үшін көзделген шекте жазаның кез келген неғұрлым жеңіл түрін тандап алуы мүмкін [14].

Жазадан босатудың қарастырылып отырған түрі, өтелмеген жазаның бөлігін немесе шартты соттауды қысқарту болып табылмайды. Жазаның өтелмеген белігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыру қолданылған адам ҚК-тің 70-бабында көзделген негіздерге сәйкес, жеңіл жазаны өтеуден мерзімінен бұрын - шартты түрде босатыла алады. Егер осындай адамдар жаңа қылмыс жасаса, өтелмеген жеңіл жазаның бөлігіне жасаған жаңа қылмысы үшін соттылық немесе ішінара жеңілірек жаза қосады.

6. Ауруға шалдығуына байланысты жазаны одан әрi өтеуден босату

Соттардың сотталған адамды ауруға шалдығуына байланысты жазаны одан әрi өтеуден босату туралы заңды қолдану практикасының қорытындыларын талқылай келiп, оны дұрыс қалыптастыру мақсатында жалпы отырыс қаулы етедi:

1. Соттарға адамды ауруға шалдығуына байланысты оны жазасын одан әрi өтеуден босату Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнiң  (әрi қарай - ҚК) 73-бабында көрсетiлген жағдайларда:         - жазасын өтеу кезiнде өзiнiң iс-әрекетiнiң (әрекетсiздiгiнiң) iс жүзiндегi сипаты мен қоғамдық қауiптiлiгiн ұғыну не оған ие болу мүмкiндiгiнен айыратын психикасының бұзылуы пайда болған;         - жазаны өтеуге кедергi жасайтын өзге де ауыр науқасқа ұшыраған жағдайларда мүмкiн екенi түсiндiрiлсiн.

2. Психикасы бұзылған адам қылмыстың ауырлығына, жазаның түрi мен оның өтелу мерзiмiне және адамның түзелуiне қарамастан жазаны өтеуден мiндеттi түрде босатылуға жатады.  

Жазадан босатылған психикасы бұзылған адамға ҚК-нiң 88-бабы 1-бөлiгiнiң "б" тармағына сай осы кодекстiң 90-бабында көзделген медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары тағайындалуы мүмкiн.         Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары психикасының бұзылуы бұл адамдардың өзге елеулi зиян келтiру мүмкiндiгiне не өзiне немесе басқа адамдарға қауiп төндiруiне байланысты жағдайларда ғана тағайындалады.         Сот мәжбүрлеу шараларының түрлерiн, жазасын өтеу кезiнде психикасы бұзылып, ауруға шалдыққан адамның психикалық бұзылуының сипаты мен мөлшерiн, психикасының бұзылуының қоғамға қауiптiлiк дәрежесiн, оның өзге де елеулi зиян келтiру мүмкiндiктерiн, оның емделудi қажет етуiн ескере отырып, дәрiгер-психиатрдың қорытындысының негiзiнде таңдап алады.

3. Қылмыстық кодекстiң  73-бабының 2-бөлiгiне сай жазаны өтеуге кедергi жасайтын өзге де ауыр науқастан зардап шеккен адамды жазаны өтеуден босату, егер дәрiгерлiк комиссия анықтаған оның науқасы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi бекiткен аурулар тiзбесiне  кiрсе ғана мүмкiн. (2001 жылғы 11 желтоқсандағы № 152-01 бұйрық, тiркеу нөмiрi 1756, 2002 жылғы 15 ақпан)» деген сөздер «(2009 жылғы 18 қарашадағы № 145 бұйрық) [15].  

Сотталған адамның ауыр науқасқа шалдығуы арнайы медициналық комиссияның қорытындысымен анықталады, бұл қорытынды науқастанған адам ауруының өзгерiсiн мұқият тексерiп, қолданылған емнiң нәтиже

4. ҚК-нiң  73-бабының 4-бөлiгiне сәйкес, жазаларын гауптвахтада ұстауда өтеп жатқан әскери қызметшiлер, өздерiн әскери қызметке жарамсыз ететiн ауруға шалдығуына байланысты жазадан немесе жазасын одан әрi өтеуден босатылады.  

Жазаны өтей алмаушылық науқастың сипатына байланысты болып, егер науқастың жағдайы өте ауыр болса, онда сотталған адам әскери қызметке мүлдем жарамсыз деп танылады.

5. Сотталған адам психикалық жай-күйiнiң өзгеруiнен басқа ауыр науқасқа шалдыққан жағдайда, сот оны жазасын одан әрi өтеуден босатуға мiндеттi емес. Мұндай жағдайда сот жазаны өтеуден босатуға не өтелмеген жазаны неғұрлым жеңiл жаза түрiмен ауыстыруға немесе бұдан бас тартуға құқылы. Егер науқастың сипаты сотталған адамның неғұрлым жеңiл жаза түрiн (ҚК-нiң 39-бабында көрсетiлген жаза түрлерiне сәйкес) өтеуiне кедергi келтiрмесе, сот оны (оның iшiнде әскери қызметшiнi) жазаны одан әрi өтеуден босатуды қажет деп таппаса, онда мұндай ауыстырудың қолданылуы мүмкiн.  

Бұл ретте жасалған қылмыстың ауырлығын, өтелген жазаның мерзiмiн, сотталған адамның денсаулық жағдайын, оның жеке басын сипаттайтын мәлiметтердi, оның қаншалықты түзелгенiн және науқастың жазаны өтеуге қаншалықты кедергi болатынын ескеру қажет. Жазаның өтелмеген мерзiмiн шартты түрмен ауыстыруға не оны қысқартуға жол берiлмейдi.       6. Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексiнiң  (әрi қарай - ҚАК) 169-бабының 5 және 6-тармақтарына және Қазақстан Республикасының Қылмыстық iс жүргiзу кодексiнiң (әрi қарай - ҚIЖК) 455-бабының 2 және 3-бөлiктерiне сәйкес, сотталған адамды ауруға шалдығуына байланысты жазаны одан әрi өтеуден босату туралы мәселе жазаны орындайтын органның немесе мекеменiң бастығының ұсынысы не сотталған адамның өтiнiшi бойынша қаралады.  

Жазаны орындайтын мекеме немесе орган әкiмшiлiгiнiң ұсынысында сотталған адам туралы мәлiметтер, оның науқасының сипаты туралы, ал өзге ауыр науқастан зардап шегетiн сотталған адамға қатысты, сондай-ақ оның жасаған қылмысының ауырлығы туралы, оның жеке басы туралы, жазаны өтеу кезiндегi тәртiбi туралы мәлiметтер болуға тиiс.       Әкiмшiлiктiң жазаны одан әрi өтеуден босату туралы ұсынысына (сотталған адамның өтiнiшiне) сот шешiм қабылдау үшiн негiз болатын құжаттар: дәрiгерлiк қорытынды, үкiмнiң көшiрмесiнен үзiндi, аурулар Тiзбесiнен көшiрме, сондай-ақ жазаның нақтылы өтелген мерзiмiн айғақтайтын, сотталған адамның жазаны өтеу кезiндегi тәртiбi туралы құжаттар және басқа да сипаттаушы мәлiметтер қоса тiркелуге тиiс.         Әкiмшiлiктiң ұсынысымен (сотталған адамның өтiнiшiмен) бiрге сотқа сот отырысында зерттеудi қажет ететiн сотталған адамның жеке iсi де жiберiледi.       Ауруға шалдығуына байланысты жазадан босату туралы қаулыда соттың әкiмшiлiктiң ұсынысын не сотталған адамның өтiнiшiн қараудың нәтижесiнде келген тұжырымы жан-жақтылы көрсетiлуге тиiс және оның дәлелдi болғаны жөн.  

Жазаны одан әрi өтеуден босату туралы қаулыда сотталған адамның жазаны өтеу кезiнде пайда болған психикасының бұзылуынан немесе өзге де науқастан зардап шегетiнi және жазаны одан әрi өтеуiне кедергi келтiретiнi жөнiнде дәлелдер келтiрiлуге тиiс, ал жазаның өтелмеген бөлiгi жазаның неғұрлым жеңiл түрiмен ауыстырылған жағдайда, сотталған адамды жазаны одан әрi өтеуден нелiктен толық босатуды қажет деп таппағаны жөнiнде дәлел келтiрiлуi қажет.

Әкiмшiлiктiң ұсынысын не сотталған адамның өтiнiшiн қараудың нәтижесi бойынша қабылданған қаулының көшiрмесiн iске тiркеу үшiн үкiмдi шығарған сотқа, жазаның орындалуын iске асыратын органдарға, ал кәмелетке толмағандарға қатысты - оның тұрақты тұратын жерi бойынша, кәмелетке толмағандардың iстерi жөнiндегi комиссияға жiберiледi.

Психикасының бұзылуына және өзге де ауыр науқасына байланысты жазаны одан әрi өтеуден босатылған адамдардың тәртiбiн бақылауды жазаны орындайтын орган жүзеге асырады.

ҚК-нiң  73-бабының 3-бөлiгiне және 94-бабына сәйкес, психикасының бұзылуынан және өзге де ауыр науқастан зардап шегушi адамдар емделiп, сауыққан жағдайда, жазаны өтеуге кедергi келтiретiн мән-жайлар жойылғаннан кейiн, егер ҚК-нiң 75, 85-баптарында көзделген айыптау үкiмiн орындаудың ескiру мерзiмi өтпеген болса, оларға қатысты жазаның орындалуы қалпына келтiрiлуi мүмкiн.  

Адамның сауығу және емделу фактiсiн дәрiгерлердiң тиiстi комиссиясы анықтайды, ол соттың мұқият тексеруiне жатады.         Сотталған адамға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасы қолданылған уақыт психиатриялық стационарда болған бiр күнiн бас бостандығынан айырудың бiр күнiне жатқызу жолымен жаза мерзiмiне есептеледi.         Жазаның орындалуын қайта қалпына келтiру жазаны орындайтын органдардың ұсынысы бойынша сот қаулысы бойынша жүргiзiледi.

Ауруға шалдығуына байланысты жазаны одан әрi өтеуден босатылған сотталған адам жаңадан қылмыс жасаған жағдайда, оның сауыққанын анықтау мақсатында ол мiндеттi түрде дәрiгерлiк комиссияның тексеруiнен өтуге тиiс. Қылмыстық қудалау органдары медициналық қорытындыны қылмыстық iс материалдарына қоса тiгуi тиiс.       Егер, ауруға шалдығуына байланысты жазаны одан әрi өтеуден босатылған адам сауыққанға дейiн жаңадан қылмыс жасаса, онда ол тек жаңа қылмысы үшiн жауапкершiлiк көтередi, алдыңғы үкiм бойынша жазаның өтелмеген бөлiгi соңғы үкiм бойынша тағайындалған жазаға қосылмайды. ҚК-нiң 60-бабының ережесi бұл жағдайда қолданылмайды.         Егер сотталған адам сауыққаннан кейiн, жазаны өтеуге кедергi келтiретiн мән-жайлар жойылған соң жаңа қылмыс жасаса, егер соттың алдыңғы үкiм бойынша жазаны қалпына келтiру туралы қаулысы болса, онда ҚК-нiң 60-бабының 1-бөлiгiне сәйкес, алдыңғы үкiм бойынша жазаның өтелмеген бөлiгi жаңа қылмыс үшiн тағайындалған жазаға толық немесе iшiнара қосылады.  

Сотталған адам жазаның бұрынғы жазаны ауыстырған неғұрлым жеңiл түрiн өтеу кезiнде жаңа қылмыс жасаған жағдайда, жаза ҚК-нiң   60-бабының ережесi бойынша тағайындалады.