- •Қр қылмыстық құқығы бойынша жазадан босату Мазмұны
- •1. Жазадан босатудың түсінігі мен негіздері
- •Жазаның жүйелері деп қолданылып жүрген қылмыстық заңда қарай белгілі тәртіппен орналасқан жазаның түрлерін айтамыз.
- •2. Жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босату;
- •2. Рақымшылық немесе кешірім жасау түсінігі
- •3. Ескіру мерзімінің өтуіне байланысты жазаны өтеуден босату
- •4. Жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босату
- •5. Жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыру
- •6. Ауруға шалдығуына байланысты жазаны одан әрi өтеуден босату
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қорытынды
Сонымен курстық жұмысты қорытындылай келе, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2002 жылғы 11 сәуір N 7 нормативтік қаулысы «Ауруға шалдығуына байланысты жазаны одан әрі өтеуден босатуды» қарастырады.
Қылмыс жасағаннан кейiн оның өз iс-әрекетiнiң (әрекетсiздiгiнiң) iс жүзiндегi сипаты мен қоғамдық қауiптiлiгiн ұғыну не оған ие болу мүмкiндiгiнен айыратын психикасы бұзылу пайда болған адамды сот жазадан босатады, ал жазасын өтеп жүрген адамды сот оны одан әрi өтеуден босатады.
Мұндай адамдарға сот осы Кодексте көзделген медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын тағайындауы мүмкiн. Жазаны өтеуге кедергi жасайтын өзге де ауыр науқастан зардап шегуші адамды сот жазаны өтеуден босатуы мүмкiн немесе бұл жаза неғұрлым жеңiл жаза түрiмен ауыстырылуы мүмкiн. Бұл орайда жасалған қылмыстың ауырлығы, сотталған адамның жеке басы, науқасының сипаты және басқа мән-жайлар ескерiледi.
- Төтенше мән-жайлардың салдарынан жазадан босату мен жазаны өтеудi кейiнге қалдыру. Кiшiгiрiм және орташа ауырлықтағы қылмысы үшiн сотталған адамды, егер жазаны өтеу өрт немесе кездейсоқ апат, отбасының еңбекке жарамды жалғыз мүшесiнiң ауыр науқастануы немесе қайтыс болуы немесе басқа да төтенше мән-жайлардың салдарынан сотталған адам немесе оның отбасы үшiн жазасын өтеуi аса ауыр зардапқа әкелiп соқтыруы мүмкiн болса, сот жазадан босатуы мүмкiн. Ауыр немесе аса ауыр қылмысы үшiн бас бостандығынан айыруға сотталған адамның жазасын өтеуiн сот осы баптың бiрiншi бөлiгiнде аталған негiздер болған жағдайда үш айға дейiн мерзiмге кейiнге қалдыра алады.
- Айыптау үкiмiнiң ескiру мерзiмi өтуiне байланысты жазаны өтеуден босату.
Қылмысы үшiн сотталған адам, егер айыптау үкiмi оның заңды күшiне енген күнiнен бастап есептегенде, мынадай мерзiмдерде орындалмаған болса, жазаны өтеуден босатылады:
а) кiшiгiрiм ауырлықтағы қылмысы үшiн сотталғанда – үш жыл;
б) орташа ауырлықтағы қылмысы үшiн сотталғанда – алты жыл;
в) ауыр қылмысы үшiн сотталғанда – он жыл;
г) аса ауыр қылмысы үшiн сотталғанда – он бес жыл.
- Рақымшылық немесе кешiрiм жасау актiсi негiзiнде қылмыстық жауаптылық пен жазадан босату.
Рақымшылық жасау туралы актiнi адамдардың жеке айқындалмаған тобы жөнiнде Қазақстан Республикасының Парламентi шығарады. Қылмыс жасаған адамдар рақымшылық жасау туралы актiнiң негiзiнде қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкiн.
Қылмыс жасағаны үшiн сотталған адамдар жазадан босатылуы мүмкiн не оларға тағайындалған жаза қысқартылуы немесе жазаның неғұрлым жеңiл түрiмен ауыстырылуы мүмкiн, не мұндай адамдар жазаның қосымша түрiнен босатылуы мүмкiн. Жазасын өтеген немесе оны одан әрi өтеуден босатылған адамдардан рақымшылық жасау туралы актiмен соттылығы алынып тасталуы мүмкiн.
Осылайша, ҚР қылмыстық құқығы бойынша жазадан босатудың бірнеше түрлерін анықтадық.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қазақстан Республикасы Конституциясы
Ағыбаев А.Н. /Қылмыстық құқық, жалпы бөлім/ Алматы – 2001 ж.
Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының «Қылмыстық жаза тағайындаған кезде соттардың заңдылықты сақтауы туралы» 1999 жылғы 30 сәуірдегі қаулысында
Джекебаев У.С., Рахимов Т.Г., Судакова Р.Н. Мотивация преступления и уголовная ответственность. Алма –Ата, 1987
Волков Б.С. Мотив и квалификация преступления – Казань, 1968; Мотивы и преступлений. Казань. 1982
Т.Әленов// Рахымшылдық заңы кімге тиімді?/Құқықтық Қазақстан, Ақпан- 2006
М. Қалиев/ Рахымшылдық заңын қолдануды қадағалау бүгінгі күннің басты мәселесі/ Құқықтық Қазақстан / 28 Ақпан-2006
Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы //Алматы – 2001ж
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне түсінік /Алматы-2001
Наумов А.В. //Осы заманғы қылмыстық құқықтың негізгі тұжырымдамалары. Алматы – 1999 ж.
Даубасов Ш. //Қылмыскерді ұстап беру бойынша көп жақты халықаралық құқықтық механизмдерге Қазақстан Республикасының қатысуы/ Хабаршы – 2005
М. Қалиев/ Рахымшылдық заңын қолдануды қадағалау бүгінгі күннің басты мәселесі/ Құқықтық Қазақстан / 28 Ақпан-2006
Наумов А.В. // Қылмыстық құқығы/ Астана – 2001 ж.
