- •5В071700-жылуэнергетика , 5в071132-сМжС , 5в071901-опДиЭт мамандықтарындағы студенттеріне арналған Информатика кафедрасы Астана – 2012
- •5. Оқу пәнінің сипаттамасы:
- •5.1. Оқу пәнінің арналуы:
- •5.2.Оқу пәнінің мақсаты:
- •5.3. Пәнді оқудағы міндеттері:
- •5.4. Пәннің қысқаша мазмұны:
- •Зертханалық сабақтарды жоспарлау
- •6. Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі:
- •6.1. Негізгі әдебиеттер:
- •6.2.Қосымша әдебиеттер:
- •8. Оқу пәнінің саясаты:
- •Студенттің өзі болмаған жағдайда тексеру жүргізілмейді. Студенттің емтиханда болмауына байланысты жағдай “ л.Н.Гумилев атындағы еұу оқу үрдісін ұйымдастыру ережесімен” тексеріледі.
- •2. Оқу пәні бойынша глоссарий
- •Дәріс материалдары
- •Дәріс 2. Информатиканың арифметикалық негіздері.
- •Дәріс 3. Информатиканың логикалық негіздері.
- •Дәріс 4. Компьютерлік графика негіздері.
- •Дәріс 5. Дербес компьютердің архитектурасы.
- •Дәріс 6. Операциялық жүйелер. Программалық жабдықтаудың даму тенденциялары мен қазіргі жағдайы.
- •3.Сурет. Қолданбалы пқ құрылымдық схемасы
- •Дәріс7. Windows операциялық жүйесі.
- •Дәріс 8. Сервистік программалық жабдықтау.
- •Дәріс9. Мәтіндік рекдактор.
- •Дәріс 10. Кестелік процессор.
- •Дәріс 11. Мәліметтер қорын басқару жүйесі (мқбж).
- •Дәріс 12. Графиктік редактор. Қазіргі заманғы компьютерлік көрсетілім. Презентацияны жасау құралы.
- •Дәріс 13. Информатиканың алгоритмдік негіздері.
- •«Әзiрге» қайталау.
- •2. «Дейiн» қайталау.
- •Дәріс 14. Компьютерлік желілер.
- •Дәріс 15. Интеллектуалдық және сараптау жүйесі. Ақпараттық қауіпсіздік.
- •Жасанды интеллектуалды жүйе туралы түсiнiк
- •4. Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі:
- •4.1. Негізгі әдебиеттер:
- •4.2.Қосымша әдебиеттер:
- •5. Семинар сабақ (машықтандыру сабақ) жоспары зертханалық жұмыс №1. Бір санау жүйесінен басқа санау жүйесіне санды ауыстыру. Екілік санау жүйесі. Екілік арифметика. Логикалық өрнектерді есептеу.
- •Алгоритмді сипаттап жазу түрлері. Сөздік, графикалық, кестелік. Алгоритмнің қадаммен орындалуы.
- •Файлды немесе буманы iздеу
- •Жаңа буманы (файлды) құру
- •Архивтеу программалары. WinRar, WinZip. Антивирустық программалық құралдар: avp, Norton Antivirus, DrWeb.
- •Microsoft Word мәтіндік редакторы. Негізгі объектілері. Мәтінді көшіру, орнын ауыстыру, өшіру. Форматтау. Терезелермен жұмыс істеу. Кестелермен жұмыс істеу. Суреттерді қою. WordArt объектілері.
- •Зертханалық жұмыс 6.1.
- •1. Microsoft Word мәтін редакторынде графикалық объектілерді енгізу
- •2. Мәтінге Clip Gallery программасының объектілерін енгізу
- •Зертханалық жұмыс 6.2.
- •Зертханалық жұмыс 7.1.
- •Зертханалық жұмыс 7.2.
- •1.Логикалық функциялар
- •2.Статистикалық функциялар
- •3.Финанстық функциялар
- •Зертханалық жұмыс 8.1
- •Зертханалық жұмыс 8.2.
- •Power Point презентация жасау құралы. Интерфейс. Слайдтарды құру. Бірнеше слайдтардан презентация құру. Слайдтар арасында ауысу. Анимация құру.
- •Internet желісімен жұмыс істеу. Электрондық поштамен жұмыс істеу. Телеконференция. Internet-тен ақпарат іздеу. Microsoft Front Page редакторында web-беттерін жасау.
- •Сөж материалдары Студенттердің өзіндік жұмысының тақырыптары ( 45 сағат)
- •Емтихан сұрақтары, қорытынды және аралық бақылау тест жұмыстары
Дәріс7. Windows операциялық жүйесі.
Windows операциялық жүйесінің тұжырымдамасы. Windows –тің объектілі бағытталған платформасы.
Мәліметтер алмасуды ұйымдастыру. Windows –тің программалық құралдары.
MS DOS-та жұмыс істеу технологиясы. Norton Commander MS DOS-тың жұмыс істеу инструментарийі.
Программалық қамтамасыздандырудың жіктелуі
Жаңа информациялық технологияның қарқынды дамуы және оның қолдану саласының өсуі программалық қамтамасыздандырудың (ПҚ) интенсивті дамуына әкеп соқтырды. 1996ж әлемдік бірлестікпен программалық қамтамасыздандыруға 110 млрд доллар жұмсалғанының өзін белгілеп көрсетсек жеткілікті.
ПҚ-дың астарлы түсінігі есептеу техникасының құралдарының мәліметтерімен өңдеу жүйесін қолдану және жасау үшін программалық және көркем құралдарының жиынтығы болып табылады. ПҚ-дың орындайтын функцияларына қарай, оны екі топқа бөлуге болады: базалық (жүйелік)ПҚ және қолданбалы ПҚ.
Базалық программалық қамтасыздандыру
Базалық (жүйелік) ПҚ ақпаратты өңдеу процесін ұйымдастырады және қолданушы программалар үшін қалыпты жұмыс жағдайын қамтамасыздандырады. Ол ақпарат құралдарымен өте тығыз байланысты болғандықтан, кейде оны компьютер бөлігі деп те ойлайды .
Қолданбалы ПҚ бүтін ақпараттық жүйенің есептеу үрдiсiн ұйымдастыру және қолданушының нақты есептерін шешу үшін арналған.
Базалық(жүйелік) ПҚ құрамына мыналар кіреді:
Операциялық жүйелер
Сервистік программалар
Тілдерді программалаудың трансляторлары
Техникалық программалаудың қызмет көрсетуі
4. сурет Базалық ПҚ құрлымдық кескіні.
Операциялық жүйе (ОЖ)-ЭЕМ ресурстарымен басқаруды орындайтын программалық құралдар жиынтығы, қолданбалы программаларды шығару және оларды сыртқы құрылғылар мен басқа программалар сонымен қатар қолданушы мен компьютер арасында қарым-қатынас ресурс ЭЕМ-ң мүмкіндіктер беретін қандай да бір компоненті. ЭЕМ кез келген компонентті ресурс бола алады : орталық поцессор, оперативтік немесе сыртқы жад, сыртқы құралдар, программа және т.б. ОЖ компьютерді қосқанда жүктеледі. Ол қолданушыға есептеу жүйесімен қарым-қатынасында тиімді жол көрсетеді. Интерфейс-мәліметтерді дисплейге шығару немесе ақпараттарды енгізу тәсілі. Ол программалық және қолданушылық болып бөлінеді.
Программалық интерфейс – есептеу жүйесінің талаптарында программалар мен құрылғылардың қарым-қатынасын қамтамасыздандыратын құралдар жиынтығы.
Қолданбалы интерфейс өзі ішінен екіге бөлінеді: командалық және объекті-бағытталған.
Командалық интерфейс компьютер ресурстарын басқаруда қандайда бір іс-әрекетті орындауда қолданушы мен пернелер арқылы командаларды енгізу. Енгізілген командаға қарай қандай да бір іс-әрекет орындалады. Мысалы: ОЖ-ң командалық интерфейсі MS-DOS т.б.
Объекті-бағытталған интерфейс –құралдармен объектіге операция жасау арқылы есептеу жүйесінің ресурстарымен басқару. Объектілер – файлдар, каталогтар, дискі жетек (дисководтар), программалар, және т.б. Графикалық интерфейсте қолдану аппараты манипулятор арқылы енгізіледі. Мысалы: мауспен графикалық интерфейспен. Графикалық интерфейспен мысалы ОЖ мен Windows ие.
Әр компьютер міндетті түрде ОЖ мен жинақталады, оның әр біреуіне өз қолданылатын программалар жинағы шығарылады.
Сервистік программалық қамтамасыздандыру – компьютер мен жұмыс істегенде және мүмкіндіктерді кеңейтуге қосымша қызмет көрсететін программалар жиынтығы.
Функционалдық мүмкіндіктері бойынша сервис құралдарын бірнеше құралдарға бөлуге болады:
Жақсыландыратын қолданушылық интерфейс
Қорғау мәліметтері
Қайта тұрғызу мәліметтері
ОЕҚ мен диск арасында мәліметтермен алмасуды жылдамдатады
Архивациялау және разархивациялау
Антивирус
Сервистік құралдар ұйымдасуы және таратылуы бойынша қабатты және утилитті болып бөлінеді. Қабатты және утилит арасындағы айырмашылық әдетте біріншілердің универсалдығында және екіншісінің мамандандырылғандығымен түсіндіріледі. Қабықтар ОЖ-ы биіктету болып табылады немесе утилит тобы болып табылады.Утилит және автономды программалар тар мамандандырылған және әр қайсысы өз қызметің атқарады. Бірақ утилиттер автономды программаларға қарағанда сәйкес қабықтар сферасында орындалады. Соның өзінде олар өздерінің функцияларында ОЖ програмаларымен және басқа утилиттермен бәссекелеседі.
Қабықтар қолданушыға сапалы жаңа интерфейсті көрсетіп, оны ОЖ программасын түпкілеп білуден құтқарады.
Қабықтардың көбінің функциясы, мысалы MS-DOS, файлдермен, каталогтармен және тез іздеу жүргізетің: мәтіндік слайдтерді көру және жөндеу сияқты жұмысқа бағытталған. Берілген кабықтарының MS-DOS үшін ең белгілісі Norton Commander. Утилиттер қолданушыға қосымша қызметтер (арнайы программалардың өндеуді қажет етпейді) негізінен дисктерді және файлдік жүйеге қызмет көрсетеді.
Утилиттер көбінесе келесі қызметтерді атқарады:
Дисктерге қызмет көрсету (форматтау, ақпаратты сақтауды қамтамасыздандыру, жүйенің бұзылуында қайта құру мүмкіндігі т.б.)
Файлдар мен каталогтарға қызмет көрсету
Мұраны құру және жаңарту
Мәтіндік және басқа файлдарды әр түрлі режимі мен форматтарды баспаға шығару
Компьютер вирустардан қорғауы
Утилиттердің ішінде белгілерінің бірі көп функционалдық кешен Norton Utilities.
Антивирустік қорғаудың программалық құралдары вирустардың диагностикасы мен емдеуді қамтамасыздандыру. «Вирус» термині деп басқа программаларға кіріп көбейіп және әр түрлі басқа жағымсыз жағдайларды туғызатын программа.
Жаңа антивирустік программалар кешені вирусты ДК-ға кіру сатысында байқауға немесе оны түгелімен емдеп қолданушыны вирустік белсенділік туралы хабарлайды. Ресей нарығында Dr Web, өндіруші –«диолог наука», AVP-Касперски зертханасы, Norton Antivirus сияқты антивирустық программалар өте белгілі.
Программалаудың тіл трансляторы программалық мәтінді программалау тілінен машиналық кодқа аударатын программа. Құралдар кешені өзіне кіріс программалау тілін, транслятор, машина тілі, стандартты программалар кітапханасы және т.б. жүйелік программалар деп атайды. Программалау жүйесінде транслятор програмалаудың кіріс тілінде аударылған программаны нақты ЭЕМ машина командаларындағы тілдеріне аударады. Кіріс тілінен аудару тәсіліне қарай трансляторлар компиляторлар және интерпретаторлар болып бөлінеді.
Компиляцияда транслятор үндістері мен программаларды орындау уақыттарына бөлінген. Алдымен компилияцияналатын программа машина тілінде объекті модульдер жинағында қайта құрылады, сосын олар магниттік дискіде файл түрінде сақталатын және орындауға дайын бірлескен машина программасына жиналады.
Интерпретатор берілген программаны операторлар бұлжытпай орындауын жүзеге асырады: программалаудың кіріс тілінің әр операторы машиналық тілдің командалардың біреуіне немесе бірнешеуіне жайылады, ал олар бірден дискіге сақталмай орындалады. Осылай программалардың интерпретациялануда машиналық тілде сақталмайды, сондықтан берілген программаның жүктегенде оны орындау үшін қайра жаяды керек. Интерпретатордың компилаторға қарағанда басты қассиеті қарапайымдылық.
Программалаудың кіріс тілі жоғара деңгейлі деп аталады, ал машиналық тілге қатынасында төменгі деңгейлі деп аталады.
Программалаудың жүиесінде ерекше орынды ассемблерлер алады. Програмаллаудың кіріс тілі ассемблер және ассемблер – копилятордан тұратын кешені болып табылады. Ассемблер өзімен белгіленген машиналар командаларының жазылуын көрсетеді және машиналық тілде жоғарғы пайдалы программаларды алуға мүмкіндік береді
Программалау тілдерінің кең тарағандары: Basic. C++. Fortran ; және т.б. Даму тенденциясы- төртінші ұрпақтың Visual Basic типті объекті-бағытталған тілдердің жаңаруы .
Техникалық қызмет көрсету программалардың астарлы түсінігінде жалпы есептеу жүйесі мен компьютердің жұмыс істеу үрдiсiнде қателерді байқау және диагностика үшін программалы-аппараттық құралдардың жиынтығы.
Техникалық қызмет көрсету программалары құрамына мыналар кіреді.
ЭЕМ және оның жеке бөліктері, соның ішінде автоматты түрде қате іздеудің жұмыс дұрыстығы диагностика құралдары мен мәтіндік бақылауы.
Диагностикалаудың арнайы программалары және жалпы ақпараттық жүйенің есептеу саласын бақылау соның ішінде программа-аппараттық бақылау, кезектік өндірістік сменада есептеу жүйесінің жұмыс істеу алдында айналым жүйесін жұмыс істеу қабілеттілігін автоматты түрде тексеру.
Windows 98 жүйесiнде әрбiр файл типiне байланысты сол файлды дүниеге келтiрген белгiлi бiр программамен тығыз (ассоциациалық) байланысты болады, яғни осы файлды толықтыру, түзету үшiн оның негiзгi программасын шақыруымыз керек. Сiлтеу терезесiндегi файлдың шартбелгiсi оның негiзгi программасының белгiсiндей болады.
Сонымен, негiзгi программа файлды алғашқы рет даярлау кезiнде анықталады. Бiрақ кейде сол программаны өзгерту қажет болып жатады, яғни файлды әрi қарай өңдеу үшiн басқа программа қолданғымыз келедi. Осындай кездерде негiзгi программаны өзгерту үшiн:
дискiнi қарап шығу мүмкiндiгiн беретiн кез келген терезеде Сыртқы түр – Параметрлер (Вид – Параметры) командасы орындалады;
оны файл типтерi (Типы файлов) парағына көшемiз;
керектi типтi таңдап алып, оған сәйкес программаны өзгертемiз (қарап шығу тақталары арқылы);
бұрын кездеспеген жаңа тип енгiзсек, оған дайындалған негiзгi программалар iшiнен бiрiн таңдап алу керек.
Қолданбалы программаларды iске қосу.
Сiлтеу программасының қолданбалы программаларды iске қосу бiрнеше жолмен жүргiзiледi, олар:
программаның командалық (негiзгi) файлын таңдап алып, тышқанды екi рет шерту (Enter пернесiн басса да болады) керек;
өңделуге тиiс құжаттық файл шартбелгiсiн таңдап алып, тышқанды екi рет шертсе болғаны, сонда сол файлға сәйкес программалық файл iске қосылып, оның терезесiне құжаттық файл шақырылады;
құжаттық файл шартбелгiсiн тышқантен iлiп алып (сол жақ батырмасын басып тұрып), оны сол файлдың негiзгi программасы белгiсiне жеткiзу де жеткiлiктi.
Мәтiн редакторы. MS Word – мәтiндiк құжаттарды дайындауға, түзетуге және қағазға басып шығаруға арналған Windows жүйесiнiң қосымша программасы. Ол-мәтiндiк және графикалық информацияларды өңдеу барысында жүзден аса операцияларды орындай алатын ең кең тараған мәтiн редакторының бiрi.
Қазiргi компьютерлiк технологияда орындауға болатын кез келген операция бұл ортада жүзеге асырыла бередi. Мысалы, басқа ортада дайындалған мәтiндiк фрагменттер, кестелер, суреттер сияқылды неше түрлi объектiлердi байланыстыра отырып осы ортаға енгiзуге болады. Жалпы, Word редакторында типография жұмысына керектi баспа материалдарын теруден бастап, олардың оригинал-макетiн толық жасауға дейiннi барлық жұмыс орындалады, оларды көбейте отырып тарату мүмкiндiктерi де толық қамтылған. Мұнда құжаттар мен кестелердi көрiктi етiп, безендiруге қажет көптеген дайын шаблондар, стильдер, жазылып бiрден орындалатын iшкi макропрограммалау тiлi, қарапайым графиктiк бейнелердi салатын аспаптар және т.с.с. жетiп артылады.
Word редакторын iске қосу және онымен жұмыс iстеудi аяқтау.
Word-пен жұмыс iстеудi бастау үшiн Windows жүйесiнiң басқа программалары сияқты оны бастапқы нұсқалық (инсталляциалық) дискеттерден немесе компакт-дискiден компьютерге жазып орналастыру қажет.
Орналастырылған Word редакторын iске қосу бiрнеше тәсiлмен жүзеге асырылады:
1.Басқару тақтасындағы Iске қосу (Пуск) менюiнiң Орындау (Выполнить) команжасының көмегiмен, бұл тәсiл редакторының қосымша параметрлерiн iске қосуға арналған.
2. Программаларды Wicrocoft Office тобындағы Word шартбелгiсiнде тышқанды екi рет шерту арқылы.
3. Windows жүйесiнiң Сiлтеуiш (Проводник) терезесiн пайдалану арқылы.
4.Word редакторына дайындалған құжаттың шартбелгiсiне тышқан курсорын жеткiзiп, оны екi рет шерту арқылы т.б.
Редактормен жұмысты аяқтау кез келген стандартты тәсiлдермен жүргiзiледi:
Файл – Шығу (Выход) меню командасын таңдау арқылы;
Word негiзгi терезесiнiң жүйелiк менюiндегi Жабу (Закрыть) командасын таңдау;
Тышқан курсоры терезе тақырыбы аумағында тұрғанда курсорды сол жақ шеттегi жүйелiк меню белгiсiне алып барып, тышқанды екi рет шерту немесе батырманы бiр рет басып, менюдiң Жабу (Закрыть) командасынтаңдау;
Редактор терезесiнiң тақырып жолының оң жақ жоғарғы бұрышындағы Жабу батырмасын (Х) басу;
Тiкелей Alt+F4 пернелерiн басу.
Егер программамен жұмысты аяқтау барысында мұның алдында өзгертiп, бiрақ дискiге жазылмаған құжат бар болса, онда редактор экранға қосымша сұхбаттасу терезесiн шығарып, өзгертiлген құжатты дискiге жазу (Иә-Да) керектiгiн, ал жазбасаңыз(Жоқ-Нет) оны да растап беруiңiздi өтiнедi. Қалауыңыз бойынша, редакторда әрi қарай жұмыс iстей беруiңiзге де (Болдырмау-Отмена) болады.
Формулалар редакторы. Word программасындағы формулалар редакторының (Редактор формул – Equation Editor) көмегiмен құжат мәтiнiне математикалық формулалар мен символдарды орналастыруға болады. Математикалық символдар мен шаблондар көптеген кең спекторлi мүмкiндiктердi қамтиды. Формулалар редакторының көмегiмен жазылатын объектiлерге интегралдар, матрицалар, бөлшектер, түбiрлер, көпмүшелiктер, т.б. жатады және де олардың экран бетiндегi сырт бейнелерi принтерден басып шығарылатын көшiрмесiмен бiрдей болады. Формулаларды форматтау барысында пайдаланылатын әрiптер мен олардың сызылымы принтер қабылдайтын қарiптерге байланысты өзгертiлуi мүмкiн.
Формулалар редакторын iске қосу. Word ортасынан формулалар редакторын iске қосу үшiн, енгiзу курсорын құжаттың формула кiрiстiрiлетiн жерiне орналастырып, Кiрiстiру – Объект - Microsoft Equation (Вставка – Объект - Microsoft Equation) менюi операциаларын орындау керек. Сонда теңдеулер редакторының терезесi пайда болады. Сол терезеге керектi формуланы енгiзу қажет.
Егер объектiлер типi тiзiмiнде формулалар редакторы жоқ болса, онда келесi әрекеттердi орындау қажет:
Microsoft Wotd Folder бумасында орналасқан Word Commands iшкi бумасын ашу;
Формулалар редакторын бейнелейтiн суретте тышқанды екi рет шерту;
Фрмулалар редакторы терезесiн онда шықпай-ақ жабу;
Word –тан формулалар редакторын шақыру.
Формулалар редакторы жүктелгеннен кейiн оның қолданбалы терезесi ашылады. Ол терезе өзiнiң құрылымы жағынан Word терезесiне ұқсас.
Операциялық жүйені жіктеу
Операциялық жүйелер келесі белгілері бойынша жіктеледі:
Бір уақытта жұмыс істейтін қолданушылар санына- бір қолданушылық және көп қолданушық;
Жүйені басқаруда бір уақытта орындалатын процесстер санына: бір есепті, көп есепті;
Ұсталынатын процессор санына қарай- бір процессорлы, көп прцессорлы.
ОЖ кодының разрядтарына қарай - 8-разрядтық, 16- разрядтық, 32- разрядтық, 64- разрядтық;
Интерфейс типіне қарай – командалық (мәтіндік)және объекті –бағытталған (графикалық);
ЭЕМ –ге қолданушының ену типі бойынша-пакеттік өңдеумен, уақытты бөлумен, нақты уақытымен.
Ресурстарды қолдану типі бойынша – жүйелік, жергілікті.
Жіктеудің бірінші белгісіне сәйкес көп қолданушылық операциялық жүйелер бір қолданушылық операциялық жүйеден айырмашылығы бір уақытта ЭЕМ-де әр түрлі терминалда бірнеше қолданушымен жұмыс атқаруы.
Екінші белгі бір есепті ОЖ бір қолданушының, бір нақты уақытта, бір нақты есеппен жұмыс істеу болып табылады. Көп есептік Бір есептік жүйеде бір нақты уақытта бірнеше программалардың орындауын сиппаттайды. Көп есепті ОЖ уақытты бөлудің мультипрограммдық режимінде ЭЕМ-ді коллективті қолдану: ЭЕМ жадында бірнеше программалы-есептер және процессор есептер арасында компьютер ресурстарын бөледі. ОЖ-ң осындай сыныптарын көрсететін өкілдері:UNIX ,OS/2 корпорациясы IBM, Microsoft Windows 95(98.Me), Microsoft Windows NT (2000.XP) және т.б.
Үшінші белгіге сәйкес көп процессорлы ОЖ бір процессірлерге қарағанда есептің шешуін табу үшін бірнеше үрдiстердiң ресурстарын бөлу режимін сақтайды.
Төртінші операциялық жүйені 8-,16-,32-,64- ші разрядттарға бөледі. Алайда ОЖ разряды процессор разрядынан аспауы тиіс.
Бесінші белгісіне сәйкес ОЖ қолданушы интерфейсі объекті - бағытталған –графикалық интерфейс пен командалық –тексттік интерфейс.
Алтыншы белгісіне байланысты ОЖ жүйелерге бөлінеді:
Рет бойынша орындалатын ЭЕМ-ге енгізілетін, есептер жинағы құралады;
Әр түрлі терминалдағы бірнеше қолданушылар бір уақытта диалогтық қарым-қатынас үшін уақыттарды бөлу;
ЭЕМ-ге қарағанда қандайда сыртқы құбылыстарға қолданушырдың сұрауына машинаның беретін жауабына кететін нақты уақыт.
Жетінші белгісіне сай ОЖ жіктелуі желілік және локальдық болып бөлінеді. Желілік ОЖ мәліметтерді бірігіп қолдану мақсатында біріктірілген компьютерлік ресурстармен басқару. Желілік ОЖ-ның пайда болуы локальдық және глобальдық желілердің пайда болуына негізделген. Олар қолданушының есептеу техникасының барлық ресурстарына кедергісіз кіруін қамтамасыз етеді. Желілік Ож-ң өкілдері Novell NetWare, Microsoft Windows NT (2000,XP), Banyan Vines. IBM LAN, UNIX, Solaries фирмалары Sun.
Көп жағдайларда ОЖ желілері қуатты сервер-компьютерлерге қосылады.
Операциялық жүйені таңдауда өлшемдер.
Қазіргі кезде ОЖ-ң көп саны бар, қолданушы алдында осылардың ішінен ең жақсысын таңдап алу талабы тұрады. Идеалды жүйелер болмайды әрқайсысының өзіне тән жақсы жақтары мен жаман жақтары болады. ОЖ-ні таңдауда, қолданушы өзінің есебін шығаруға қолайлы ОЖ-ні қарауы керек.
ОЖ-ні таңдау үшін келесі мәліметтерді білу қажет:
Қандай аппараттық платформада және қандай жылдамдықта ОЖ-ң жұмыс істейтіндігін;
Қандай перефериялық ақпараттық қамтамасыздандыруды ОЖ ұсталынады;
Қолданушының тұтынушылық сұрауларын қандай деңгейде жабады, яғни жүйенің функциялары;
Қолданушы мен ОЖ-ң қарым-қатынасындығы тәсілдер, яғни қолданушылық интерфейстің түсініктілік, ыңғайлық деңгейі;
Анықтамалықтың орнатылуы;
Жүйенің беріктігі, яғни қолданушының қателіктеріне, құрылғылардың қабыл алмауына тұрақтылығы;
Желілерді ұйымдастыруға қандай мүмкіндіктер бар;
ОЖ-ң басқа операциялық жүйелермен қос қызметтілігті қамтамасыздандыра алуы;
Қолданбалы программаларды жаңарту үшін қандай инструменталдық құрылғылардың болуы керек;
ОЖ-да әр түрлі ұлттық тілдердің қолдауды жүзеге асыра алама;
Берілген жүйемен жұмыста қандай белгілі қолданбалы программалар жиынтығын қолдануға болады;
ОЖ-да ақпараттарды және жүйенің өзін сақтауды қалай жүргізеді;
Операциялық жүйенің даму тенденциялары
ОЖ-ң даму облысындағы тенденцияны анықтау және ұзақ уақытта жорамал құру бұл облыста қиын, себебі бұл компьютерлік нарықтың едәуір динамикалық облысы. Сондықтан белгіленген тенденцияларды және олардың дамуының мүмкін бағытын анықтауға болады.
Бірінші бағыт – қиындатылған ОЖ. Қазіргі ОЖ, мысалы Windows 95 немесе OS/2, үлкен программалар жинағы утилит, кейде ОЖ-мен берілетін қызметі көрсетуде қолданылатын программалардан да дискіде көп орын алады.
Екінші бағыты - экранға шығарылуының тәсіліне тәуелсіз әр түрлі компьютерге объектілермен (програмдық модульдер немесе мәліметтер блокы) манипуляция жасау ОЖ-ң объектілі – бағытталған технологиялардың дамуы.
Үшінші бағыт ОЖ-да программалық қамтамасыздандыруда компьютердің аппараттық бөлігін архитектуралық шешімдерін көрсететін фактормен байланысты. Сөйтіп ОЖ-ң даму тенденциясын анықтау үшін ПК-ң өзінің дамуы қайда баратынын білу қажет. ОЖ-ң дамуында басты бағыт қазіргі кіші процессорлар мен берілетін мүмкіндікті толық қолданатын толық 12-разрядтық ОЖ, ал келешекте 64-разрядтық ОЖ-ға өту.
Windows - тің операциялық жүйесі екі бағытта дамиды: Windows95,98, Me кіші офиста қосымша үшін жүйе және үйде қолдану үшін Windows NT,2000, XP- үлкен корпоративті желілерде жұмыс үшін бірлескен қолдану жүйесі.
ОЖ-ң дамуының негізгі даму тенденциясы есептеу жүйесі. ДК-дан бастап суперкомпьютерлерге дейін барлық спекторларында жұмыс істей алатын
ОЖ-ны құру болып табылады.,
Мысалы ретінде UNIX–тің OC IRIXүстелдік жүйе Indy және суперкомпьютерлер Power Challenge және Unix қызмет көрсетеді. Бұл ОЖ-ң мүмкіндіктері, бүгінгі күнде 64-разрядтық ОЖ-ны анықтайды. Оперативтік жат -16Гбайт, ал виртуальдық жатты қолданғанда 1 тбайтты құрайды. Бұл ОЖ-ға 9 млн Тбайтты файлдермен жұмыс істейтін, бір катологта 64 млн файлды сақтауға мүмкіндік беретін XFS файлдік жүйесі кіреді.
