- •5В071700-жылуэнергетика , 5в071132-сМжС , 5в071901-опДиЭт мамандықтарындағы студенттеріне арналған Информатика кафедрасы Астана – 2012
- •5. Оқу пәнінің сипаттамасы:
- •5.1. Оқу пәнінің арналуы:
- •5.2.Оқу пәнінің мақсаты:
- •5.3. Пәнді оқудағы міндеттері:
- •5.4. Пәннің қысқаша мазмұны:
- •Зертханалық сабақтарды жоспарлау
- •6. Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі:
- •6.1. Негізгі әдебиеттер:
- •6.2.Қосымша әдебиеттер:
- •8. Оқу пәнінің саясаты:
- •Студенттің өзі болмаған жағдайда тексеру жүргізілмейді. Студенттің емтиханда болмауына байланысты жағдай “ л.Н.Гумилев атындағы еұу оқу үрдісін ұйымдастыру ережесімен” тексеріледі.
- •2. Оқу пәні бойынша глоссарий
- •Дәріс материалдары
- •Дәріс 2. Информатиканың арифметикалық негіздері.
- •Дәріс 3. Информатиканың логикалық негіздері.
- •Дәріс 4. Компьютерлік графика негіздері.
- •Дәріс 5. Дербес компьютердің архитектурасы.
- •Дәріс 6. Операциялық жүйелер. Программалық жабдықтаудың даму тенденциялары мен қазіргі жағдайы.
- •3.Сурет. Қолданбалы пқ құрылымдық схемасы
- •Дәріс7. Windows операциялық жүйесі.
- •Дәріс 8. Сервистік программалық жабдықтау.
- •Дәріс9. Мәтіндік рекдактор.
- •Дәріс 10. Кестелік процессор.
- •Дәріс 11. Мәліметтер қорын басқару жүйесі (мқбж).
- •Дәріс 12. Графиктік редактор. Қазіргі заманғы компьютерлік көрсетілім. Презентацияны жасау құралы.
- •Дәріс 13. Информатиканың алгоритмдік негіздері.
- •«Әзiрге» қайталау.
- •2. «Дейiн» қайталау.
- •Дәріс 14. Компьютерлік желілер.
- •Дәріс 15. Интеллектуалдық және сараптау жүйесі. Ақпараттық қауіпсіздік.
- •Жасанды интеллектуалды жүйе туралы түсiнiк
- •4. Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі:
- •4.1. Негізгі әдебиеттер:
- •4.2.Қосымша әдебиеттер:
- •5. Семинар сабақ (машықтандыру сабақ) жоспары зертханалық жұмыс №1. Бір санау жүйесінен басқа санау жүйесіне санды ауыстыру. Екілік санау жүйесі. Екілік арифметика. Логикалық өрнектерді есептеу.
- •Алгоритмді сипаттап жазу түрлері. Сөздік, графикалық, кестелік. Алгоритмнің қадаммен орындалуы.
- •Файлды немесе буманы iздеу
- •Жаңа буманы (файлды) құру
- •Архивтеу программалары. WinRar, WinZip. Антивирустық программалық құралдар: avp, Norton Antivirus, DrWeb.
- •Microsoft Word мәтіндік редакторы. Негізгі объектілері. Мәтінді көшіру, орнын ауыстыру, өшіру. Форматтау. Терезелермен жұмыс істеу. Кестелермен жұмыс істеу. Суреттерді қою. WordArt объектілері.
- •Зертханалық жұмыс 6.1.
- •1. Microsoft Word мәтін редакторынде графикалық объектілерді енгізу
- •2. Мәтінге Clip Gallery программасының объектілерін енгізу
- •Зертханалық жұмыс 6.2.
- •Зертханалық жұмыс 7.1.
- •Зертханалық жұмыс 7.2.
- •1.Логикалық функциялар
- •2.Статистикалық функциялар
- •3.Финанстық функциялар
- •Зертханалық жұмыс 8.1
- •Зертханалық жұмыс 8.2.
- •Power Point презентация жасау құралы. Интерфейс. Слайдтарды құру. Бірнеше слайдтардан презентация құру. Слайдтар арасында ауысу. Анимация құру.
- •Internet желісімен жұмыс істеу. Электрондық поштамен жұмыс істеу. Телеконференция. Internet-тен ақпарат іздеу. Microsoft Front Page редакторында web-беттерін жасау.
- •Сөж материалдары Студенттердің өзіндік жұмысының тақырыптары ( 45 сағат)
- •Емтихан сұрақтары, қорытынды және аралық бақылау тест жұмыстары
Зертханалық жұмыс 6.2.
Сабақтың тақырыбы: MS Word редакторында формулаларды енгізу.
Сабақтың мақсаты: Word редакторында формулаларды енгізуе білуді үйрену.
Бақылау сұрақтары:
Формула редакторын іске қосу?
Формула редакторы объектілер тізімінде болмаса қалай іске қосуға болады?
Формуланы безендіруді өзгертіп, басқа стильді қалай қолдануға болады?
Формуладағы шрифт көлемін қалай өзгертеміз?
Тапсырмалар:
Формула редакторын іске қосып, берілген формулаларды теріңіз.
Вариант №1
Вариант№2
Вариант№3
Вариант№4
Вариант№5
Вариант№6
Вариант№7
Вариант№8
Вариант№9
Вариант№10
Көптеген математикалық және ғылыми мақалаларда математикалық символдардан тұратын әртүрлі өрнектер, теңдеулер жиі кездеседі. Осы математикалық символдардың өзіндік жазылу ережесі бар екенін білеміз. Егер, олардың жазылу нұсқасы өзгерсе математикалық теңдеудің мағынасында өзгеріске ұшырайды. Міне, осындай мақалаларды дайындайтын қиыншылықтарды жою үшін Microsoft Word құрамындағы «Формула редакторы» Equation Editor шағын көлемді программасы қолданылады. Формула редакторы (Equation Editor) көмегімен көптеген математикалық символдарды (интеграл, матрица, әртүрлі жақшалар, т.б) құжатқа енгізіп, дәл сондай үлгіде қағазға басып алуға болады.
Кез келген математикалық өрнектерді енгізу үшін төмендегі іс-әрекеттер тізбегі орындалады:
Формула орналасатын құжат бөлігіне курсорды орналастыру;
Equation Editor іске қосу;
Қажетті формулаларды енгізу;
Word құжатының ке келген жеріне курсорды басу.
Equation Editor- математикалық формулалар жиынын құруға, өңдеуге арналған шағын көлемді программа. Формула редакторының (Equation Editor) көмегімен құрылған формуланы редакциялау үшін терілген формулаға екі рет маус батырмасымен басса жеткілікті немесе формуланы белгілеп менюдан Правка – Объект, Формула, командасын орындаймыз және шыққан қосымша менюдан «Өзгерту» (Именить) командасын таңдаймыз. Бұл іс-әрекеттер «Формула редакторының» (Equation Editor) іске қосып, формуланы қайта редакциялауға мүмкіндік береді.
Формуланы құру үшін:
Курсорды Word құжаттың формула орналасатын жеріне орналастырамыз;
Енгізу – Объект (Вставка - Объект) командасын орындаймыз;
Тип объекта тізімінен Microsoft Equation қатарын таңдаймыз;
ОК батырмасын басамыз, «Формула редакторы» (Equation Editor) іске қосылады;
«Формула редакторын» (Microsoft Equation) іске қосудың басқа жолы:
«Саймандар
тақтасынан»
батырмасын таңдаймыз.
Егер «Объектілер типтері» тізімінде формула редакторы жоқ болса, онда:
Microsoft Word Folder бумасынан Word Commands ішкі бумасын ашамыз;
«Формула редакторы» (Equation Editor) белгісін екі рет маус батырмасымен тез шнртеміз;
Формула редакторының терезесін жабу;
Word құжатында формула редакторын шақыру.
Экранда Microsoft Equation саймандар тақтасы және қосымша меню шығады (суретте).
Сурет. «Формула редакторы» саймандар тақтасы мен менюі
«Формула» саймандар тақтасы екі жолдан орналасқан батырмалар жиынынан тұрады. Батырмалар символдар жинағынан тұрады. Құжатқа енгізілетін математикалық таңбалар батырмаларды маупен шектеу арқыры таңдалынады. Саймандар тақтасының екінші бөлігінде таңдалынған символдардың жазылу шаблондарынан тұрады.
Формулалармен жұмыс істеу барысында:
белгіленіп алынған математикалық символға менюдағы Стиль командасының көмегімен басқа жазылу стилін қолдануға болады;
күрделі, көп жолдардан тұратын математикалық теңдеулерді жазып қажетті үлгіде әр жолды орналастыруға болады;
жеке безендіру элементтерін қолдануға болады.
Жеке безендіру элементтерін қолдану үшін символдарды белгілегеннен кейін менюдан «Стиль» - «Басқа» (Стиль - Другой) командасын қолданамыз. Шыққан сұхбат терезеден басқа жазылу шрифтін және символдың жазылу көлемінде өзгертуге болады (символды үлкейтіп, кішірейту үшін «Өлшем» (Размер) командасы қолданылады).
жаттығу Формуланы теріңіз:
Орындалу реті:
Формула редакторын іске қосыңыз.
Пернетақтадан у әрпін енгізіңіз.
У дәрежесін көрсету үшін индекстер шаблонынан жоғарғы индексті
таңдаймыз (суретте)
1-сурет.
Жоғарғы индекс шаблоны
2 санын енгіземіз
курсорды онға жылжытамыз
тендік белгісін енгіземіз
түбір белгісі бар шаблоннан түбір белгісін таңдаймыз.
түбір белгісінің астына курсорды орналастырып үлкен жақша ашамыз (суретте)
2-сурет
Жақша шаблоны
3-сурет.
Бөлшек белгі шаблоны
Бөлшектер шаблонынан көлденен сызықты бөлшек белгісін енгіземіз
Бөлшектің алымына а әрпін пернетақтасынан енгіземіз
Бөлшектің бөліміне в әрпін енгіземіз
Жақша сыртына курсорды шығарып индекстер шаблонынан жоғарғы индексті таңдап 3 санын енгіземіз.
Формула дайын. Құжаттың ашық жеріне курсорды бір басамыз.
ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС № 7
Microsoft Excel кестелік процессоры. Кестелік процессордың интерфейсі. Мәліметтер. Формулаларды көшіруде және орнын өзгертуде салыстырмалы және абсолютті адрестердің автоматты өзгеруі. Стандартты функциялар. Графикалық объектілерді өңдеу. Беттермен жұмыс істеу.
Сабақтың тақырыбы: Microsoft Excel – кестелік процессор. Мәліметтерді енгізу және редакциялау. Автотолтыру. Сан форматтары. Баған және жол қосу. Бірнеше парақпен жұмыс: парақ аттары, парақтарды белгілеу, парақ қосу, парақ көшірмесін алу, бірнеше параққа мәліметтер енгізу.
Сабақтың мақсаты: Microsoft Excel программасымен жұмыс істеу негіздерін қалыптастыру.
Бақылау сұрақтары:
Excel программасы не үшін қолданылады?
Excel-ді қалай жүктеуге болады?
Excel терезесінің негізгі элементтері?
«Стандарт» панелінің «Пішімдеу» панелінен қандай айырмашылығы бар?
Формулалар қатары не үшін арналған?
Пернелер тақтасының көмегімен меню командаларын қалай орындауға болады?
Тапсырмалар:
І.Өздігінен автоматты түрде толтыру функциясын пайдалану.
1. G10 ұясына «қаңтар» сөзін енгізіңіз.
2. Н10 ұясына «ақпан» сөзін енгізіңіз.
3. G10:Н10 блогын белгілеңіз.
4. Н10 ұясының төменгі жағындағы кішкене квадратқа курсорды алып барыңыз (курсор толтыру маркеріне айналып кетеді).
5. Тышқанның сол жақ батырмасын басып тұрып, оны жібермей тышқанмен тіктөртбұрышты L10: R10 блогына жеткізіп барып қоя берміз. Сол жақ екі ұяға «қантар», «ақпан» айын енгізгендіктен, Excel ары қарай ай аттарын белгіленген ұяларға енгізіп шықты.
6. G12:М11 ұяларына апта аттарын дүйсенбіден бастап енгізу керек.
7. G12:М12 ұяларына 1990-жылдан бастап жыл мерзімдерін енгізіңіз. Excel ұяларға осы сияқты заңдылығы бар тізбектелген сандарды, сөздерді енгізе алады.
ІІ. Сақтау,Жабу,Жасау,Ашу командаларын пайдаланып, кестемен толық күйде жұмыс істеу.
1. Дайындалған кестені (жұмыс кітабын) жеке бумада Ех01.xls деген атпен сақтаңыз.
2. Кестені экраннан алып тастаңыз.
3. Қайтадан экранға Ех01.xls кестесін шақырыңыз.
4. Файлды жауып тастаңыз.
ІІІ. Excel-мен жұмысты аяқтау.
Excel-ден шығу үшін, мына тәсілдердің бірін пайдалану қажет:
Файл – Шығу (Файл - Выход) командасы арқылы;
Жүйелік менюдің Жабу (Закрыть) командасы арқылы;
Alt+F4 пернелері арқылы.
Егер кестені дискіде сақтамай жабатын болсақ, онда оны сақтау керек екендігін немесе сақтамай-ақ жабуды растайтыныңызды ұсынатын мәлімет шығады.
Microsoft Excel – электрондық кесте, бұл кез келген ақпараттың құрылымын реттеудің, сипаттаудың және өңдеудің арнайы моделі. Ол кестелік есептеулерді орындауға, кестеде берілген деректер негізінде әртүрлі диаграммаларды құруға, деректер базаларын құрып, олармен жұмыс істеуге, сандық эксперименттер т.б. орындауға мүмкіндік береді.
Excel кестелік процессорын іске қосу
Microsoft Excel іске қосу келесі жолдармен іске асырылады:
Іске қосу (Пуск) – Программалар (Программы) - Microsoft Excel.
Microsoft Excel терезесі
Microsoft Excel терезесі Microsoft Word-та қарастырылған стондартты элементтерден тұрады. Excel-ді іске қосқаннан кейін, экранға Excel терезесімен қоса жұмыс кітабы ашылады.
Жаңа ашылған кітапқа «Книга 1» атауы беріліп, ол экранның жоғарғы жағынан орын алады. Файлға жаңа атау бергенде ескі атау өшіріледі. «Книга 1» атауы файлды сақтағанда жаңа атпен алмастырылады.
Жаңа кітап ашу үшін Құру батырмасын немесе Ctrl+N пернелерін бірге басу қажет. Жаңа кітапқа «Книга 2» атауы беріліп, келесісіне «Книга 3», және т.с.с. жалғасып кетебереді.
Microsoft Excel-ғы жоғарғы жолы тақырып қатары және басқару батырмаларынан тұрады;
Екінші жол Excel-дің меню қатары.
Экрандағы Microsoft Excel терезесінің 3 және 4 қатарлары – Стандартты және Форматтау құрал –саймандар панелінен тұрады.
Стандартты құрал-саймандар панелі. Бұл панель батырмалары жиі қолданылады. Панель жаңа кітап ашуға, сақтауға, баспаға шығаруға, өшіруге, көшіруге, орналастыруға, қосындыларды есептеуге, деректерді реттеуге мүмкіндік береді.
Пішімдеу құрал саймандар панелі. Бұл панель батырмалары қаріпті таңдауға, мәтінді туралауға, сандарды қәріптеуге, кестелерді безендіруге мүмкіндік береді.
Бесінші қатарда – Формулалар қатары орналасқан. Мұнда ұяшық құрамын және формулаларды түзетуге болады. Оларды сонымен қатар ұяшықтың өзінде-ақ түзете беруге болады.
Келесі қатардан бастап төменгі қатарға дейін электронды кестенің жұмыс парағы орналасқан. Кестенің қатарларының және бағандарының өз белгілері бар. Бағаналар латын әріптерінен, ал қатарлар 65536-ға дейінгі сандармен нөмірленген.
Excel экранын баптау
Word программасына ұқсас Excel программасы да экран нұсқаларын баптаудан бірнеше түрін қарастырған, ол үшін келесі іс-әрекетті орындау қажет:
1. Егер жұмыс барысында келесі элементтер қолданылатын болса:
- формула қатары;
- жол күйі;
- көлденең айналдыру жолағы;
- тік айналдыру жолағы;
- парақ белгішелері;
- жол және бағаналар тақырыптары;
- тор, онда меню қатарынан Сервис – Параметры командасын таңдап, Түр (Вид) салымындағы қажетті бөлімнің қасына «√» белгісін қойыңыз.
Электрондық кестенің негізгі түсініктері
Excel программасында әрбір файл бірнеше парақтардан тұратын кітап болып табылады. Бұл құрылым байланыстырылған кестелерді бір жерде сақтауға, қажет информацияны жылдам іздеуге мүмкіндік береді. Excel программасының қою әріптерімен жазылған таңбашалары бар. Excel жүктелгеннен кейін экранға екпінді болып «Лист 1» шығады, келесі парақтарды екпінді ету үшін сілтемені таңбашаға апарып, маустың сол жақ батырмасын басу қажет. Егер парақтың қажет таңбасы көрінбей тұрса, онда таңбалардың сол жағында орналасқан сілтемені мауыстың сол жақ батырмасымен басып шығарылады.
Excel-де әрбір параққа бағана мен жлдардан тұратын екі өлшемді массив түріндегі бір электронды кестені сақтауға болады. Excel-де бағаналар саны – 256 тең, ал жлдар саны – 65536. Әрбір жол мен бағананың қиылысқан жері ұяшық немесе тор көзі деп аталады. Оған деректер енгізуге болады (текстер, сандар, формулалар). Парақтағы ұяшықтардың жалпы саны 16777216 тең. Әрбір ұяшыққа 32000 таңбаға дейін енгізуге болады.
Электрондық кестеде кестелік меңзер болады – ол ұяшықты ерекшелеп, екпінді ұяшық екенін көрсетеді. Меңзерді маус немесе пернелер тақтасы арқылы жылжытуға болады. Меңзер орналасқан ұяшық екпінді ұяшық деп аталады.
Бағаналар латын әріптері бойынша келесі тәртіппен реттеліп белгіленеді: A-Z, AA-AZ, BA-BZ, ..., IV
Жолдар 1-ден 65536-деін нөмірленеді.
Әрбір ұяшықтың бір-бірімен қайталанбайтын өзіндік адресі болады. Ол адрес бағана әрпі және жол саны бойынша анықталады. Мысалы, А1-кестедегі бірінші ұяшық.
Ұяшықтар блогы немесе ауқымы
Жұмыс барысында бір ұяшықпен немесе бірнеше ұяшықтармен жұмыс істеуге болады. Бірнеше ерекшелендірген ұяшықтар жиынын бөлік немесе ауқым деп атайды. Ауқым адресі қосылып арасына қос нүкте қойылып бастапқы және сонғы ұяшық адресі жазылады.
Мысалы: А1-ден А11-ге дейінгі ауқымды А1:А11 деп жазады.
Бағаналарды, жолдарды, блоктарды, кестелерді ерекшелендіру.
Маус көмегімен ерекшелендіру:
бағананы-бағана атауының әрпін маус көмегімен шерту қажет (кестенің жоғарғы қатары);
қатарды – қатардың реттік номерін шерту қажет (кетенің сол жақ шеткі бағанасы);
бірнеше бағананы – маусты басқаннан кейін жібермей тарту қажет;
блок–блоктың бастапқы ұяшығын басып жібермей мауысты сонғы ұяшыққа дейін тарту қажет;
жұмыс парағы – бағанамен қатардың қиылысу нүктесін мауыс көмегімен шерту қажет (кестенің сол жақ бұрышы).
Пернелер тақтасының көмегімен бөліктерді ерекшелеу үшін Shift пернесін басып жібермей қажет бағыттағы бағыттауыш пернелерін басу қажет, немесе F8 пернесін басу арқылы ерекшелеу режимін іске қосып мензерді жылжыту көмегімен ерекшелендіруді жүргізуге болады.
Esc пернесі ерекшелеу режимінен шығарады. Бірнеше аралас емес блокты ерекшелендіру үшін:
1-ші ұяшықты белгілеп немесе ұяшықтар режимынан белгілеу қажет;
Ctrl пернесін басып жібермей басу қажет;
Ctrl пернесін жіберу керек
Ерекшелеуді алып тастау үшін, маус сілтемесін жұмыс парағының бос жеріне апарып басу қажет.
Кестелерді түзетудің негізгі әрекеттері
Қатар биіктігін және бағана енін өзгерту
Бұл әрекеттерді маус немесе меню көмегімен орындауға болады. Маусты қолданғанда бағаналар енін өзгерту үшін оны бағаналар атауларын бөліп тұрған түзуге апару қажет. Көрсеткіш қос бағытталған қара жол түріне келеді. Бұдан соң мауыстың сол жақ батырмасын басып тұрып қатарды немесе бағананы кеңейтуге (қысуға) болады, ал егер осы жерде маус батырмасы 2-рет шертілсе, бағана ені және қатардың биіктігі автоматты түрде орнатылады.
Бұл шараларды менюды пайдаланып орындау үшін төмендегі командаларды орындау қажет:
Меню – Формат – Қатар (Строка) – Биіктігі(Высота)- қатарлар биіктігінің өлшемін реттеу;
Формат – Бағана(Столбец) – Ені(Ширина) – бағаналар енінің өлшемдерін реттеу.
Ұяшықтағы деректерді түзету
Деректерді ұяшыққа енгізу барысында немесе енгізілгеннен кейін де түзетуге болады.
Егер деректерді ұяшыққа енгізу барысында қате кетсе, онда ол қатені BackSpace немесе Delete пернелерін басып өшіру арқылы түзетуге болады. BackSpace таңбаларды оңнан солға қарай, ал Delete оң жақта орналасқан таңбаларды өшіретінін білеміз.
Ұяшыққа енгізілген деректерді түзету үшін сілтемені қажет ұяшыққа орналастырып, F2 пернесі немесе формулалық қатарға маус көмегімен шертеді. Қажетті түзету жұмыстары жүргізіліп, Enter пернесі басылады.
Қатарлар, бағаналар және бөліктермен операциялар жасау
Бөліктерді тазартудың, өшірудің, көшірудің және ығыстырудың бірнеше әдістері бар. Үзінділермен жұмыс істеу үшін оны алдымен ерекшелендіру қажет:
стандартты құрал–саймандар панелінің көмегімен (қию, көшіру, орналастыру);
командалар көмегімен: қию, көшіру, қою, өшіру, тазарту, толтыру «Түзету» меню жүйесінде орналасқан;
маус көмегімен;
контекстік тәуелді меню көмегімен
контекстік тәуелді меню көмегімен жұмыс істеу үшін ерекшелендірілген бөлікке маус сілтемесін апарып он жақ пернесін басу қажет. Пайда болған менюде қажетті командалар орналасқан.
Ығыстыру
Деректерді ығыстыру кезінде, ненің қандай ығысу керектігін көрсету қажет. Маус көмегімен ығыстыру үшін, алдымен қажет үзіндіні ерекшелендіріп алып, содан маус сілтемесін бөлік немесе ұяшық қоршауына апарып, сол жақ пернесін басып жібермей қажет орынға ығыстыру қажет.
Көшіру
Көшіру барысында түп нұсқа өз орнында қалып, ал көшірмесі көрсетілген жерге орналасады. Маус көмегімен көшіру, ығыстыру операциясы бойынша бірдей орындалады, бірақ Ctrl пернесін бірге басу қажет.
Толтыру
Толтыру барысында бастапқы ұяшықтағы немесе бөліктегі бір іс-әрекет бірнеше рет қайталанады. Толтыру төмен немесе оңға қарай орындалады.
Маус көмегімен толтыру ығыстыру іс-әрекетімен бірдей орындалады, бірақ меңзер бөліктің төменгі оң жақ бұрышына бағытталуы қажет. Бұл сәтте меңзер қара түсті қосу пішінін қабылдайды.
Егер маркер жоқ болса онда келесі іс-әрекетті орындау қажет: Меню көмегімен: Сервис – Параметрлер – Түзету – Ығыстыру – ОК.
Өшіру және тазарту
Егер сандарды, тексті, формулаларды өшіру қажет болса, онда Del пернесін қолдану қажет.
Ұяшықты немесе үзінді тазарту үшін, оны ерекшелендіріп Түзету менюіндегі Тазарту бұйрығын қолданамыз.
Ұяшық құрамы
Excel-де кесте ұяшықтарына енгізілетін деректердің бірнеше типтері бар: текстік, сандық, уақыт, мерзім және формула.
Деректерді енгізу үшін кестелік мензерді қажет ұяшыққа орналастырып енгізеді, содан соң Enter немесе меңзерді жылжыту пернелерін басу қажет.
Енгізілген деректердің тектік, сандық немесе бірінші белгісі формула екендігін Excel анықтайды. Егер 1-ші енгізілген таңба әріп немесе “’” - (апостроф) белгісі болса, онда Excel программасы оны текст деп есептейді. Егер 1-ші таңба сан немесе “=” ? (теңдік) белгісі болса, онда Excel программасы оны сан немесе формула деп есептейді. Деректерді енгізу барысында олар ұяшықта және бағаналар тақырыбының жоғарғы жағында орналасқан формулалар қатарында бейнеленеді, тек Enter пернесін басқанан кейін олар ұяшыққа орналастырылады.
Формула енгізу
Формула түрінде арифметикалық өрнектер жазылуы мүмкін. Ол арифметикалық операциялар немесе функциялармен біріктірілген, сандармен немесе ұяшыққа сілтемелер тізбегінен тұрады.
Формула «=» белгісінен басталады. Excel-де «2*3» өрнегінен қанша шығатынын есептеу үшін, «=2*3» деп жазу қажет. Ұяшыққа «=С1+F5» деп жазылады. Бұл С1 ұяшығының құрамындағы санға F5 ұяшығының құрамындағы сан қосылады дегенді білдіреді. Нәтиже формула жазылған ұяшыққа, яғни кестелік меңзер тұрған ұяшыққа жазылады.
Келісім бойынша формуланы енгізіп біткеннен кейін ұяшыққа берілген формула бойынша есептеулердің нәтижесі жазылады.
Формулаларда операциялардың орындалу реті операторлар көмегімен іске асырылады. Операторлар – бұл мітіндермен орындалатын амалдардың ретін анықтайтын шартты белгілер.
Көбейту, бөлу, қосу және алу – қысқартылған түрде қолданылған таңбалар немесе шартты белгілер түрінде жазылған операторлар. Excel-де операторларлардың бірнеше түрлері қарастырылған. Арифметикалық операторлар пернелерінің қазметін қарастырайық.
-
Перне
Өрнек
Шығынды
+
-
*
/
^
%
2+6(қосу)
4-7(алу)
4*8(көбейту)
6/2(бөлу)
4^2(дәреже)
0.6%(пайыз)
8
2
32
3
16
60%
Операторлардың тағы бір түрі – бұл салыстыру операторлары. Оларға: “=”(тең), “>”(көп), “<”(аз), “>=”(көп немесе тең), “<=”(аз немесе тең) және “< >”(тең емес) жатады. Формулада бұл оператордың орындалу жауабы Ақиқат немесе Жалған мәнді қабылдайды. Бұлар логикалық мәндер деп аталады.
