- •5В071700-жылуэнергетика , 5в071132-сМжС , 5в071901-опДиЭт мамандықтарындағы студенттеріне арналған Информатика кафедрасы Астана – 2012
- •5. Оқу пәнінің сипаттамасы:
- •5.1. Оқу пәнінің арналуы:
- •5.2.Оқу пәнінің мақсаты:
- •5.3. Пәнді оқудағы міндеттері:
- •5.4. Пәннің қысқаша мазмұны:
- •Зертханалық сабақтарды жоспарлау
- •6. Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі:
- •6.1. Негізгі әдебиеттер:
- •6.2.Қосымша әдебиеттер:
- •8. Оқу пәнінің саясаты:
- •Студенттің өзі болмаған жағдайда тексеру жүргізілмейді. Студенттің емтиханда болмауына байланысты жағдай “ л.Н.Гумилев атындағы еұу оқу үрдісін ұйымдастыру ережесімен” тексеріледі.
- •2. Оқу пәні бойынша глоссарий
- •Дәріс материалдары
- •Дәріс 2. Информатиканың арифметикалық негіздері.
- •Дәріс 3. Информатиканың логикалық негіздері.
- •Дәріс 4. Компьютерлік графика негіздері.
- •Дәріс 5. Дербес компьютердің архитектурасы.
- •Дәріс 6. Операциялық жүйелер. Программалық жабдықтаудың даму тенденциялары мен қазіргі жағдайы.
- •3.Сурет. Қолданбалы пқ құрылымдық схемасы
- •Дәріс7. Windows операциялық жүйесі.
- •Дәріс 8. Сервистік программалық жабдықтау.
- •Дәріс9. Мәтіндік рекдактор.
- •Дәріс 10. Кестелік процессор.
- •Дәріс 11. Мәліметтер қорын басқару жүйесі (мқбж).
- •Дәріс 12. Графиктік редактор. Қазіргі заманғы компьютерлік көрсетілім. Презентацияны жасау құралы.
- •Дәріс 13. Информатиканың алгоритмдік негіздері.
- •«Әзiрге» қайталау.
- •2. «Дейiн» қайталау.
- •Дәріс 14. Компьютерлік желілер.
- •Дәріс 15. Интеллектуалдық және сараптау жүйесі. Ақпараттық қауіпсіздік.
- •Жасанды интеллектуалды жүйе туралы түсiнiк
- •4. Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі:
- •4.1. Негізгі әдебиеттер:
- •4.2.Қосымша әдебиеттер:
- •5. Семинар сабақ (машықтандыру сабақ) жоспары зертханалық жұмыс №1. Бір санау жүйесінен басқа санау жүйесіне санды ауыстыру. Екілік санау жүйесі. Екілік арифметика. Логикалық өрнектерді есептеу.
- •Алгоритмді сипаттап жазу түрлері. Сөздік, графикалық, кестелік. Алгоритмнің қадаммен орындалуы.
- •Файлды немесе буманы iздеу
- •Жаңа буманы (файлды) құру
- •Архивтеу программалары. WinRar, WinZip. Антивирустық программалық құралдар: avp, Norton Antivirus, DrWeb.
- •Microsoft Word мәтіндік редакторы. Негізгі объектілері. Мәтінді көшіру, орнын ауыстыру, өшіру. Форматтау. Терезелермен жұмыс істеу. Кестелермен жұмыс істеу. Суреттерді қою. WordArt объектілері.
- •Зертханалық жұмыс 6.1.
- •1. Microsoft Word мәтін редакторынде графикалық объектілерді енгізу
- •2. Мәтінге Clip Gallery программасының объектілерін енгізу
- •Зертханалық жұмыс 6.2.
- •Зертханалық жұмыс 7.1.
- •Зертханалық жұмыс 7.2.
- •1.Логикалық функциялар
- •2.Статистикалық функциялар
- •3.Финанстық функциялар
- •Зертханалық жұмыс 8.1
- •Зертханалық жұмыс 8.2.
- •Power Point презентация жасау құралы. Интерфейс. Слайдтарды құру. Бірнеше слайдтардан презентация құру. Слайдтар арасында ауысу. Анимация құру.
- •Internet желісімен жұмыс істеу. Электрондық поштамен жұмыс істеу. Телеконференция. Internet-тен ақпарат іздеу. Microsoft Front Page редакторында web-беттерін жасау.
- •Сөж материалдары Студенттердің өзіндік жұмысының тақырыптары ( 45 сағат)
- •Емтихан сұрақтары, қорытынды және аралық бақылау тест жұмыстары
Зертханалық жұмыс 7.1.
Сабақтың тақырыбы: Ұяшықтарды абсолютті, салыстырмалы, аралас адрестеу. Электронды кестеде есептеу амалдарын орындау. Формулаларды орнату. Формулалардағы қателіктер.
Сабақтың мақсаты: Ұяшықтарды абсолютті, салыстырмалы, аралас адрестеулермен жұмыс. Электронды кестеде есептеу амалдарын орындап үйрену. Формулаларды орнату, формулалардағы қателіктермен жұмыс істей білу.
Бақылау сұрақтары:
Excel программасы не үшін қолданылады?
Excel-ді қалай жүктеуге болады?
Excel терезесінің негізгі элементтері?
«Стандарт» панелінің «Пішімдеу» панелінен қандай айырмашылығы бар?
Формулалар қатары не үшін арналған?
Пернелер тақтасының көмегімен меню командаларын қалай орындауға болады?
Түр – Сервис – Параметрлер командаларының мүмкіндіктері қандай?
Сервис – Параметрлер – Жалпы әр-бір бөлімнің мүмкіндіктерін атаңыз?
Кесте қатарлары қалай белгіленеді және Excel кестесі неше қатардан тұрады?
Бағаналар қалай белгіленеді және Excel кестесі қанша бағанадан тұрады?
Кесте үзіндісі дегеніміз не және олар қалай адрестеледі?
Кесте үзінділерін қалай ерекшелендіруге болады?
Аралас үзінділерді қалай ерекшелендіруге болады?
Меңзерді Excel кестесі бойынша қалай жылжытуға болады?
Ұяшықтарға формуланы қалай енгізуге болады?
Салыстырмалы, абсолюттік және аралас адрестеу дегеніміз не?
Тапсырмалар:
Берілген функцияның мәнін есептеп, мәндерін кесте түрінде алыңыз
Кестені безендіріңіз
Жеке бумаңызға орындалған жұмыстарды дискіге сақтаңыз.
Файл атауы – Жұмыс2-1.xls. Excel жұмыс барысын аяқтаңыз.
-
Нұсқа
Функция
Аргумент
Қадам
1.
Y=X2
1
2.
Y=SIN(X)
0.1
3.
Y=COS(X)
0.1
4.
Y=
1
5.
Y=1/X
1
6.
Y=1/SIN(X)
0.1
7.
Y=TAN(X)
0.1
8.
Y=
1
9.
Y=1/COS(X)
0.2
10.
Y=X3
1
Есептің қойылуы: х-тің (-2; 2) интервалында 0,2-ге тең қадаммен өзгергендегі барлық мәндері үшін Y=(x^3-1)/(x^3+1) функциясының мәндерін есептеп шығару керек.
Шешімі кесте түрінде берілуі қажет:
-
N
x
Y1=x^2-1
Y2=x^2+1
Y=y1/y2
1. Есепті орындауды басталмас бұрын, Excel адрестеу түрлерімен танысайық.
Ұяшықпен блокты абсолюттік, салыстырмалы және аралас түрде адрестеу.
Салыстырмалы адрестеу. Ұяшықпен қатынас кезінде D3, A1:H9 және тағы басқа түрдегі қатынастарды қолдануға болады. Адрестеудің бұл түрі салыстырмалы деп аталады. Салыстырмалы адрестеу формулаларды ығыстыру кезінде өте қолайлы болып табылады. Формулалар көрсетілгендей адрестерді қолдану кезінде Excel ағымдағы ұяшықтың салыстырмалы орналасымын сақтайды. Мысалы: D4 ұяшығына «=D1+D2» формуласын енгізгенде, Excel келесі түрде келтіреді: Ұяшық құрамындағылардың қосындысын тауып, D4 ұяшығынан С4 ұяшығына «=D1+D2» формуласын көшірсеңіз, онда Excel интерпретаторы формуланы «Үш қатар жоғары орналасқан ұяшық құрамындағысын қосу» деп келтіреді. Осыған байланысты С4 ұяшығындағы формула «=C1+C2» түрінде өзгереді.
Абсолюттік адрестеу. Егер формуланы көшіру барысында, нақты ұяшық сілтемесін сақтап қалғыңыз келсе, онда абсолюттік адрестерді қолданыңыз. Абсолюттік адрестеу «$» белгісі арқылы анықталады. $C$15-түрінде берілсе, онда формуланы кестенің қай бөлігіне көшірсеңізде адрес өзгермейді. Осындай байланысты бағана мәндерін бекітіп, ал қатарлар мәнін ығысуға байланысты өзгертуге болады.
Негізгі және көмекші кестені толтырыңыз. Негізгі кестенің А1 ұяшығынан бастап қалпағын толтырыңыз:
Қалпақ – бұл бағаналар атауы жазылған кестенің жоғарғы бөлігі:
А1 ұяшығына «ғ» енгізіңіз (кестедегі 1-ші бағана атауы);
В1 ұяшығына «х» енгізіңіз (кестедегі 2-ші бағана атауы);
С1 ұяшығына «Y1=x^3-1» енгізіңіз (кестедегі 4-ші бағана атауы);
D1 ұяшығына «Y2=x^3+1» енгізіңіз (кестедегі 5-ші бағана атауы);
E1 ұяшығына «Y=(y1/y2)» енгізіңіз (кестедегі 6-ші бағана атауы);
бағаналар ені енгізілген жазылымдар көрінетіндей етіп өзгертілуі қажет.
G1 ұяшығынан бастап келесі бастапқы деректер бойынша көмекші кестені толтырыңыз:
-
x0
Step
-2
0.2
Мұндағы: х0 – х-тің бастапқы мәні; Step – х-тің өзгерту қадамы;
Есеп шығару кезінде бұл бөлік міндет болып табылмайды. Автоматты түрде толтыру функциясын қолданып, А бағанасын 1-ден 21-ге дейін, А2-ден бастап А22 ұяшығына дейін толтырыңыз.
Ол үшін А2 ұяшығына – 1 санын, ал А3 ұяшығына – 2 санын тнріңіз.
А2:А3 бөлігін ерекшелендіріп алып, маус сілтемесін бөліктің төменгі оң жақ бұрышына апарып, сілтеменің қара қосынды таңбасына өзгерісімен оны басып А22 ұяшығына дейін тартыңыз. В бағанасын Х мәндерімен толтырыңыз:
В2 ұяшығына «=$H$2» теріңіз.
Бұл В2 ұяшығына Н2 ұяшығының мәндерін енгізу дегенді білдіреді.
В3 ұяшығына «=B2+$H$2» формуласын енгізіңіз.
Бұл х-тің бастапқы мәні қадам бойынша өзгереді дегенді көрсетеді. Қадам мәні Н2 ұяшығынан алынады.
Осы формуламен В4:В22 ұяшықтарын толтырыңыз (автоматты түрде толтыруды қолдануға болады).
Бағана х мәні -2 ден басталып 2-ге дейін 0.2 қадам бойынша толтырылады.
Енгізілген формулаға назар аударыңыз. Не себепті олар бұлай жазылған?
С1 ұяшығын «Y1=x^3-1» формуласымен толтырыңыз.
С2 ұяшығына «=B2^3-1»енгізіңіз;
Осы формуламен С3:С22 ұяшықтарын толтырыңыз.
Тексеріңіз! Бағана Ү1 функциясының оң және теріс мәндерімен толтырылады (1 сурет). Бастапқы мәні -9 және сонғы мәні 7.
D1 ұяшығын «Y1=x^3+1» формуласын толтырыңыз.
D2 ұяшығына «=B2^3+1» енгізіңіз;
Осы формуламен D3: D22 ұяшықтарын толтырыңыз.
Бағана Ү2 функциясының оң және теріс мәндерімен толтырылады. Тексеріңіз! Бастапқы мәні -7 және сонғы мәні 9.
Е бағанасын Ү=(x^3-1)/(x^3+1) функциясын толтырыңыз.
- Е2 ұяшығына «=(C2/D2)» енгізіңіз;
- Осы формуламен Е2:Е22 ұяшықтарын толтырыңыз.
Тексеріңіз! Функция мәндері оң және теріс. Бастапқы мәні 1,28571 сонғысы 0,77778.
1-сурет. Жұмыс орындалғаннан кейінгі экран бейнесі
- Кестедегі өзгерістерді бағалаңыз.
- Көмекші кестедегі х-тің бастапқы мәнін өзгертіңіз, яғни Н2 ұяшығына «-5» теріңіз.
- G2 ұяшығына 2 санын енгізу арқылы қадамды өзгертіңіз.
Ескетру! Көмекші кестедегі деректерді өзгерту барысында, негізгі кестедегі есептеулер автоматты түрде өзгереді. Жұмысты жалғастырмас бұрын, көмекші кестедегі бастапқы мәндерді қалпына келтіріңіз.
х0=2
Step=0.2
Көмекші және негізгі кестелерді безендіріңіз.
Жоғарыға тақырып безендіруге екі бос қатар орналастырыңыз.
Меңзерді 1-ші қатарға орналастырыңыз.
«Орналастыру» (Вставка) менюі арқылы «Қатарлар» (Строки) бұйрығын 2-рет орындаңыз.
Тақырыпты енгізіңіз.
А1 ұяшығына «Кестелер» сөзін жазыңыз;
А2 ұяшығына «Негізгі» сөзін жазыңыз;
G2 ұяшығына «Көмекші» сөзін жазыңыз.
А1:Н1 ұяшықтарын біріктіріп және «Кестелер» тақырыбын ортаға келтіріңіз.
А1:Н1 бөлігін ерекшелендіріңіз;
Пішімдеу (Форматтау) құрал -саймандар панелінің көмегімен «бағаналар бойынша ортаға ығыстыру» бұйрығын қолданыңыз.
Дәл осы жолды пайдаланып «Негізгі» және «Көмекші» тақырыптарын ортаға келтіріңіз.
Тақырыптарды берілген қаріптер бойынша безендіріңіз: Таңбалар (қаркптер).
Кез-келген ұяшықтардың таңбалары немесе бөліктің таңбаларын әртүрлі етіп безендіруге болады. Бұл іс-әрекеттерді орындау үшін ұяшықты немесе бөлікті ерекшелендіріп, содан құрал-саймандар панелінің батырмаларын қолданыңыз:
Қаріп типі: ArialCur
Көлемі: 10
Пішімдеу: қарайту, көлбеулеу, астын сызу.
Пішімдеу менюінен Ұяшықтар командасын қолдану арқылы немесе мауыстың сол жақ батырмасын басу арқылы контекстік менюді қолдануға болады. Экранға диалогтық терезе шығады. Қаріп қосымшасын ашыңыз.
«Кестелер» тақырыбына ArialCur қаріпін, биіктігі 14, қарайтылған бойынша орнатыңыз.
Пішімдеу құрал-саймандар панелін қолданыңыз.
Кесте тақырыптарына ArialCur, қаріп биіктігі 12, және көлбеуді орнатыңыз. Контекстік меню арқылы.
Бағаналар енін текст толық көрінетіндей етіп өзгертіңіз.
Тақырыптарды ортаға туралаңыз.
Туралау
Әр-бір ұяшықты жеке –жеке шетке немесе ортаға, тігінен немесе көлденең, туралауға сонымен қатар текст бағытын беруге болады. Тексті белгілі бағыт бойынша орналастыру үшін пішімдеу құрал-саймандар панелінің батырмалары қолданылады: солға реттеу, ортаға реттеу, онға реттеу.
Сонымен қатар, Пішімдеу менюінің бұйрықтары арқылы немесе мауыстың сол жақ пернесін басып контекстік меню арқылы орындауға болады. Экранға ұяшықтар пішімі диалогтар терезесі шығады. Одан реттеу қосымшасын ашу қажет.
Көмекші, негізгі кестелерді қоршаулау
Қоршаулау
Қоршаулау үшін Пішімдеу панелінің батырмалары қолданылады немесе пішімдеу менюінің ұяшықтар командасының қоршаулар қосымшасын қолдануға болады сонымен қатар контекстік меню арқылы. Кестені сары фонға, кесте тақырыптарын – қызыл фонға ауыстырыңыз.
Фон
Кез келген ұяшықтың немесе бөліктің өз фонын беруге болады. Фонды өзгерту үшін пішімдеу панелінің батырмалары қолданылады. Сонымен қатар пішімдеу менюінің ұяшықтар командасы бойынша Түр (Вид) қосымшасын қолдануға немесе контекстік менюді қолдануға болады.
