- •1. Халықаралық сауда құқығының түсінігі.
- •2. Халықаралық сауда құқығы тарихы.
- •3. Халықаралық сауда құқығы курсының жүйесі.
- •4. Халықаралық сауда құқығының басқа құқық салаларынан айырмашылығы.
- •6. Халықаралық-құқықтық шарттар Халықаралық сауда құқығының қайнар көзі ретінде.
- •7. Халықаралық сауда құқығындағы заңды тұлғалардың құқықтық мәртебесі
- •13. Сыртқыэкономикалық мәмілелер
- •15.Инкотермс-2010
- •16.Аккредитивтің құқықтық реттелуі
- •14. Аукциондар
- •17.Инкассоның құқықтық реттелуі
- •18.Хеджирование
- •19.Хекшер-Олин теориясы
- •20.Кедендік тариф
- •6.Франчайзинг түсінігі.
- •7. Сақтаныдру(кепілдік)
- •9. Мемлекеттік сауда саясаты.
- •10. Электрондық сауда.
- •11.Халықаралық әуе тасымалы.
- •12.Тарифтік емес реттеу шаралары.
- •13.Халықаралық көлік тасымалы
- •15.Сауда өкілдігі
- •8. Шетел инвестицияларының режимі.
- •2..Протекционизм саясаты
- •3.Евразэс аясындағы сауда ынтымақтастығы
- •4.Нафта қызметінің халықаралық құқықтық реттелуі
- •8.Лаг аясындағы сауда ынтымақтастығы
- •5.Еуропалық еркін сауда қауымдастығы
- •1992 Жылғы Еуро экономикалық Кеңестің келісіміне сәйкес еесқ-ның екі ұйымы құрылды:
- •6.Асеан аясындағы сауда ынтымақтастығы
- •7.Меркосур-дың қызметінің халықаралық құқықтық реттелуі
- •9.Қайта құру және даму банкінің халықаралық құқықтық реттелуі
- •10.Хвқ қызметінің халықаралық құқықтық реттелуі
- •11.Халықаралық қаржы корпорациясының қызметінің халықаралық құқықтық реттелуі
- •13.Ео аясындағы сауда ынтымақтастығы
- •14.Портер теориясы
- •9. Стратегией не являются:
- •10. Стратегия – это:
- •15.Рыбчинский теориясы
- •16.Халықаралық теңіз тасымалдауы.
- •1994 Жылы Қазақстан республикасы хтұ-на мүше болды. Қр-сы келесідей құжаттарды ратификациялады:
- •17.Теміржол көлігі арқылы тауар және жолаушыларды халықаралық құқықтық тасымалдау.
- •18.Факторинг қызметінің құқықтық реттелуі
- •19.Лизингтік қызметті реттеу
- •20.Тримс- саудаға қатысты инвестициялық саясат саласында шаралар бойынша келісім.
- •21. Трипс мазмұнына талдау
- •22. Гатс мазмұны
- •23. Еркін сауда аймағы
- •56. Адам Смит теориясы
- •57. ҚРның дсҰға кіру процесі
- •58. Хсқ арнайы субъектілері.
- •59. Хсқ арнайы субъектілері.
- •60.Хеджирование
7. Сақтаныдру(кепілдік)
Сақтандыру — сақтандыру ұйымдары (сақтандырушылар) мен жеке заңды тұлғалар арасындағы, сондай-ақ сақтандыру ұйымдарының өздерінің арасындағы жеке және заңды тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғау жөніндегі құқықтық қатынастар. Сақтандыру ерікті және міндетті нысандарда жүзеге асырылады. Ерікті сақтандыру сақтанушы мен сақтандырушы арасындағы шартқа негізделеді. Ерікті сақтандырудың ортақ шарттарын және оның жүргізілу тәртібін айқындайтын ережелерін сақтандырушы дербес айқындайды. Міндетті сақтандыру заңға сәйкес жүзеге асырылады.
Сақтандыру объектілеріне Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін мүліктік мүдделер жатады, олар: сақтанушының немесе сақтандырылған тұлғаның өмірімен, денсаулығымен, еңбек етуге қабілеттілігімен, зейнетақымен қамсыздандырылуымен байланысты мүдделер (жеке басты сақтандыру), мүлікті иеленумен, пайдаланумен, билеумен байланысты мүдделер (мүлікті сақтандыру), сақтанушының жеке адамға немесе жеке тұлғаның мүлкіне келтірген зиянын өтеумен байланысты мүдделері (жауапкершілікті сақтандыру). Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан заңды тұлғалардың мүліктік мүдделерін (қайта сақтандыру мен өзара сақтандырудан басқа) және ҚР резиденттері болып табылатын жеке тұлғалардың мүлкін тек cақтандыру қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар заңды тұлғалар ғана сақтандыра алады.
Сақтандырушы сақтандыру қызметін өз агенттері мен делдалдары арқылы жүзеге асырады. Сақтандырылатын болжалды оқиға сақтандыру тәуекелдігі (қатері) болып табылады. Сақтандыру тәуекелдігі ретінде қарастырылатын оқиғаның басталуында ықтималдық пен кездейсоқтық белгілер болуға тиіс. Ол белгілі болған жағдайда сақтандырылған тұлғаға, пайда алушыдан сақтандыру өтемі түрінде немесе сақтандыру жағдайы басталғанда сақтандыруды қамсыздандыру түрінде сақтандыру төлемі төленеді. Сақтандыру шартында айқындалған немесе заңда белгіленген ақшалай сома сақтандыру сомасы деп аталады, осы соманың негізінде сақтандыру жарнасының немесе сақтандыру төлемінің мөлшері белгіленеді. Мүлікті сақтандыруда сақтандыру сомасы оның шарт жасасу сәтіндегі шын құнынан (сақтандыру құнынан) аспауға, ал сақтандыру жағдайы басталғанда сақтандыру өтемі сақтанушының немесе үшінші бір тұлғаның сақтандырылған мүлкіне келтірілген тікелей зиянның мөлшерінен аспауға тиіс. Жеке адамды сақтандыруда сақтандыру сомасын сақтанушы сақтандырушымен келісе отырып белгілейді. Сақтанушы сақтандыру шартына немесе заңға сәйкес сақтандырушыға төлеуге міндетті сақтандыру төлемі сақтандыру жарнасы деп аталады. Сақтандыру жарнасының мөлшерлемесі сақтандыру тарифі болып табылады. Сақтандырудың міндетті түрлері бойынша сақтандыру тарифтері міндетті сақтандыру туралы заңдарда белгіленеді. Жеке адамды, мүлікті және жауапкершілікті сақтандырудың ерікті түрлері бойынша сақтандыру тарифтерін сақтандырушылар дербес есептейді. Сақтандыру тарифінің нақты мөлшері тараптардың келісуімен арнаулы шартта айқындалады.
9. Мемлекеттік сауда саясаты.
Тауар және қызмет көрсетудегі халықаралық алмасу (обмен) әлемдегі нарықтың қатысушыларына үлкен пайдасын тигізеді. Халықаралық сауда өз қызметі, көптеген даулар көрніс табатын, әлемдік экономика аясымен тығыз байланысты. Бұл дауларды шешу жолында көптеген әдістер бар. Соның ішінде мемлекет өз тарапынан мемлекеттік сауда саясатын жүзеге асыра алады. Бұлар:
1) Еркін сауда саясаты – сыртқы сауданы либерализациялау барысында мемлекеттің минималды тұрде сауда қатынасына араласуы. Бұл яғни шетелдік бәсекелестіктен ішкі нарықты қорғау болып табылады.
2) Протекционизм сауда саясаты - ішкі нарықты шетелдік бәсекелестіктен қорғау мақсатында тарифтік жіне тарифтік емес құралдарды пайдалану болып табылады.
Протекционизмнің дамуына байланысты бірнеше формасы бар:
• Селективті протекционизм – белгілі бір тауар немесе белгілі бір мемлекетке бағытталған;
• Салалық протекционизм – белгілі бір саланы қорғайды, соның ішінде аграрлы протекционизмнен ауылшарушылығына бағытталған;
• Ұжымдық протекционизм - бірлескен мемлекеттер , өз ішіне кірмейтін мемлекеттерге бағыттайды.
• Жасырын протекционизм – ішкі экономикалық саясаттың әдісімен реттеледі.
Тарифтік шараға:
• Кедендік баж
• Алымдар
• Төлемдер
• Салықтар
Тарифтік емес шараларға:
• Квоталау
• Лицензиялау
• Тыйым салу
• Экспортты ерікті түрде шектеу
• Кедендік алымдар
Жасырын түрде тауар айналымына әсер ететін тарифтік емес шаралар:
• Техникалық стандарттар
• Санитарлық нормалар
• Әкімшілік формальдылық
• Салық
• Акциздік алымдар
• Субсидия
