Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
torgovyi.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
170 Кб
Скачать
☆

3. Халықаралық сауда құқығы курсының жүйесі.

Халықаралық сауда айналымына қатысатын шаруашылық субъектілері және мемлекеттің кеден органдары үшін мамандарды дұрыс дайындау мақсатында “кеден ісі” мамандығының Үлгілі оқу жоспарына “халықаралық сауда құқығы” пәні енгізілген. Халықаралық сауда құқығының қайнар көздері мен институттары, сонымен қатар халықаралық сауда айналымында көрініс табатын жаңа құбылыстар туралы өзекті ақпараттардың жетіспеушілігіне халықаралық сауда құқығының ғалым мамандары және де халықаралық сауда айналымының қатысушыларына қызмет көрсететін практиктер де көңіл аударады.

Халықаралық сауда саласындағы құқықтық қатынастарды зерттеудің күрделілігі халықаралық сауда құқығының дуалистік болуымен түсіндіріледі. Халықаралық сауда құқығы аса маңызды ерекшелігі оның реттелу объектісі болып табылады. Бұл мәселе бойынша ғалымдардың пікірлері халықаралық сауда құқығына екі негізгі көзқарас бойынша бөлінеді. Бірінші көзқарасқа сәйкес ол жария-құқықтық және де жеке-құқықтық аспектілерді қамтитын кешенді құқықтық сала ретінде қарастырылады. Екінші көзқарасқа сәйкес халықаралық сауда құқығы халықаралық жария құқығының бір саласы ретінде қарастырылады. Бірінші көзқарастың жақтаушылары оның басты аргументтетінің бірі халықаралық сауданың жариялық-құқықтық және жеке-құқықтық аспектілерін араластырудың қажеттілігі жоғын жақтайды. Бір жағынан оны халықаралық жария құқығының саласы ретінде ( Сәрсембаев М.А., Айдарбаев С.Ж.), ал екінші жағынан – халықаралық сауда қатынастары халықаралық жеке құқығы жағынан реттеусіз мүмкін еместігін жақтайды. Ұсынылған Үлгіні бағдарлама бірінші көзқарасқа негізделеді.

Аталған “Халықаралық сауда құқығы” курсының негізіне халықаралық сауда құқығының екі бөлімі жатқызылған: халықаралық заңнама актілері арқылы құрылып және әрдайым кеңейтілетін біркелкі құқық, сонымен қатар “жаңа lex mercatoria” деп аталатын нормалар. Бұл терминнің мақсаты мен қолданылуы туралы дауласуға болады. Бірақ та, “жаңа lex mercatoria” аталатын институттар олардың тәжірибеде кең қолданылатындықтан өздеріне назар аудартады.

Халықаралық сауда құқығының тағы бір ерекшелігі мемлекеттердің әртүрлі регионалдық интеграциялық бірлестіктер шегінде өздерінің спецификалық сауда режимдер тағайындалады. Бұл мәселе келешек кеден ісі мамандардың зерттеуін қажет етеді.

4. Халықаралық сауда құқығының басқа құқық салаларынан айырмашылығы.

Халықаралық сауда –мемлекеттер арасындағы сауда айналамының жиынтығын түсінеміз.

Халықаралық сауда құқығы ХЖекеҚ, ХЖарияҚ, ХКоммерциялықҚ, ХЭкономикалықҚ, АК, КеденҚ, БанкҚ салаларымен тығыз байланысты.

Сауда ҚҰҚЫҒЫ өзінің бастауын ХII-XIII ғғ көпестер құқығынан басталды. Сауда құқығы аясы жылжитын мүліктермен жасалатын операцияларға дейін, қызмет көрсету аясы,мүліктік және мүліктік емес құқықтарын жеке операциялық өнідіріс салалы, тасымалдау, сақттандыру және қазіргі уақыттағы кәсіпкерлік қызметтің кез келген саласын қамтиды.

Халықаралық сауда құқығы-халықаралық сауда қатынастарын реттейтін конвенциялық және жәй нормаларының жиынтығы. Субъектіліріне: Мемлекеттер, халықаралық ұйымдар, жеке және заңды тұлғалар кіреді. Объектісі болып: қызмет көрсету, мүліктік және мүліктік емес құқықтар, интеллектуалдық меншікке байланысты туындайтын қатынастар.

Қайнар көздері: халықаралық шарттар, әдет-ғұрыптар, ішкі заңнама. Реттеу әдістеріне материалдық құқықтық және коллизиялық құқықтық.

ХСҚ пәні болып дайын өнім, техника, құрал-жабдықтар, шикізат және

т.б., қызмет көрсету (көлік, коммуникациялық, ғылыми-техникалық, қаржы несиелік, сақтандыру, ақпараттық есептеу, туристік және т.б.)

*Интеллектуалдық меншік авторлық құқық, патенттік құқық және т.б. жатады.

* мүліктік және мүліктік емес қатынастар.

Понятие «международное торговое право» появилось в современной науке сравнительно недавно в шестидесятых годах XX столетия. Своего рода толчком для его применения было использование данного термина в названии созданной Генеральной Ассамблеей ООН в 1966 году Комиссии ООН по международному торговому праву ЮНСИТРАЛ (United Nations Commission on International Trade Law - UNCITRAL). 

ХСаудаҚ халықаралық экономикалық құқытың саласы ретінде қарастыруға болады, мемлекеттердің экономикалық құқықтары және міндеттері туралы Хартияның ережелерінде халықаралық саудаға көңіл бөлінген. JUS COMMERCIUM- қағидасы бұл ережелерде көрсетілген, яғни кез-келген мемлекет халықаралық саудада қатыса алады. Ешқандай мемлекет дискриминацияға ұшырамау керек, сонымен қатар мемлекеттер халықаралық саудада тауар алмасуды нығайтуға , дамытуға атсалысуы керек.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]