Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
torgovyi.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
170 Кб
Скачать
☆

19.Хекшер-Олин теориясы

Хекшер—Олиннің өндіріс факторларының өзара ара-қатынас теориясы салыстырмалы артық өндіріс факторларының иелері саудадан ұтысқа ие болып, ал салыстырмалы жеткіліксіз өндіріс факторларының иелері ұтылатынын көрсеткен. Осыдан мынадай қорытынды шығаруға болады: алғашқылары еркін сауда үшін, ал екіншілері оған қарсы шығады. Алайда, Хекшер—Олин—Самуэльсонның өндіріс факторларына бағаларды теңестіру теориясы сауда-саттық нәтижесінде тауарлардың салыстырмалы бағаларын теңестіру өндіріс факторларының салыстырмалы бағаларын теңестіруге әкелетінін көрсетті.

Өндіріс факторларының арақатынасы өндіріс факторларына, рынок, өндіріс және тауарлар сипатына қатысты көптеген жорамалдарға негізделген. Оның басым бөлігі абсолютті және салыстырмалы теориялардағы жорамалдарға ұқсас. Айырмашылығы мынада: өндіріс факторларының арақатынасы, бұрынғыдай, тек к,ана 2 елдің (1 ел және 2 ел) және тек қана 2 таңардың (бірі -еңбекті, екіншісі - капиталды көп қажет етеді), бір емес екі өндіріс факторының (еңбек - L капитал К) өмір сүруінен пайда болады. Одан кейін әрбір ел түрлі дәрежеде өндіріс факторларына ие болды. Еңбек теориясы бұл жерде жоққа шығарылмайды, қайта құнды қалыптастыруға еңбектен басқа да өндірістің факторлары қатысады деген оймен толықтырылады. Елдердің бір тауарға мамандануы мүмкін емес және елдердің технологиялары бірдей деп алынған. Сөйтіп, өндіріс факторларының арақатынасы теориясының маңызды шарттары болып жекелеген тауарлардың түрлі фактор интенсивтілігі ( бір тауар - еңбекті, екіншісі - капиталды көп қажет етеді) және фактор толықтылығы ( бір елде салыстырмалы түрде капитал көп, екіншісінде - аз) енді. Факторинтенсивтілік дегеніміз - белгілі бір тауар өндіріс шығынындағы әр түрлі факторлардың салыстырмалы шығындары. Егерде белгілі бір тауардың бір данасын өндіруге екінші тауарға қарағанда капитал көбірек жұмсалатын болса, бірінші тауар капитал сыйымды болып саналады. Фактортолықтылыққа - елдің өндіріс факторларымен салыстырмалы қамтамасыз етілгендігін анықтайтын көрсеткіш жатады.

Хекшер- Олин моделі. Халықаралық сауданың негізі ретінде өндірістік факторлармен түрлі қамтамасыз етілу теориясын бір-бірімен байланысқан екі теорема: Хекшер-Олин және өндіріс факторларына бағаның теңесу теориясы арқылы көрсетуге болады.  Хекшер-Олин теоремасы бойынша - әрбір ел салыстырмалы мол мөлшердегі өндірістік факторды қолданып өндірген тауарды экспортқа шығарып, өндіру үшін өндірістік факторлар жетіспеушілігі байкалған тауарларды импорттайды. Жоғарыда көрсетілген арақатынастарға сүйеніп, 1-і ел салыстырмалы түрде еңбекті көп қажет ететін 1 -і тауарды өндіреді және экспорттайды, ал 2-і ел капитал молдығына байланысты көп капиталды қажет ететін 2-і тауарды өндіріп, экспорттайды. Сөйтіп, Хекшер-Олин теориясы классикалық салыстырмалы артықшылықтар теориясынан бір қадам алға басты. Ол сауданың салыстырмалы артықшылықтарға негізделгенін мойындап қана коймай, оның себебі - елдердің өндірістік факторлармен әр түрлі деңгейде қамтамасыз етілгендігінен екенін анықтады. Тауарларға әр түрлі елдердегі салыстырмалы бағалар айырмашылығы және олардың арасындағы сауда әр елдің өндіріс факторларымен әр түрлі деңгейде қамтамасыз етілгендігімен түсіндіріледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]