Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Banktik_tauekel_shpor.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
990 Кб
Скачать
☆

30. Пайыздық тәуекелді басқару жүйесінің элементтеріне сипаттама?

Пайыздық тәуекелді басқару жүйесінің элементтеріне мыналар жатады:

  • пайыздық тәуекелді айқындау (идентифакциялау), яғни пайыздық мөлшерлемені өзгерутуге және сол арқылы банктің таза пайдасы мен экономикалық құнына теріс ықпал ететін факторларды анықтау;

  • пайыздық тәуекелді бағалау, пайыз мөлшерлемесіндегі алшақтықты анықтауға арналған пайыздық тәуекелді бағалау әдістерін пайдалану;

  • пайыздық тәуекелдің алдын алу, яғни аквивтер мен пассиверді басқаруға бағытталған заладың алдын алуға арналған ұйымдастырушылық-техникалық шаралардың жиынтығы;

  • бақылау, яғни пайыздық тәуекелді басқару процессіне жиі бақылау жасау.

31. Пайыздық тәуекелді бағалау тәсілдерін ашып көрсетіңіз.

Пайыздық тәуекел: пайыздық мөлшерлеменің болжанбаған ауытқуынан ысырапқа ұшырау мүмкіндігі. Банктік тәжірибеде банктің таза пайдасына пайыздық тәуекелдің қаншалықты ықпал ететіндігін бағалауда келесідей тәсілдер қолданылады: Пайыздық маржа деңгейін және динамикасын бағалау; Spred коэф.ң деңгейін және динамикасын бағалау; GAP талдау; Дюрация; Имитациялық модельдеу.

Spred: бұл банк активтері мен пассивтерінің пайыз мөлшерлемесінің арасындағы айырма. ФОрмуласы: Spred=Ia- In мұндағы Ia табыс әкелетін активтер бойынша пайыз мөлшерлемесінің орташа деңгейі; In банк міндеттемелері бойынша төленетін пайыз мөлшерлемесінің орташа деңгейі.

GAP талдау: GAP=RSA-RSL; GAP= пайыз мөлшерлемесінің өзгерісіне сезімтал банк активтері мен пассивтерінің арасындағы айырма. RSA : пайыз мөлшерлемесінің өзгерісіне сезімтал актив; RSL: пайыз мөлшерлемесінің өзгерісіне сезімтал пассив.

Банк капиталының пайыздық тәуекелге тәуелділігін тек қана дюрация тәсілімен бағалауға болады. Дюрация : ақшалай қаражаттардың қозғалысын, соның ішінде негізгі қарыз және пайыздық төлемдердің қайтарылу мерзімін ескере отырып, банк активтері мен пассивтерінің нарықтық құнының өзгерісіне болжас жасауға мүмкіндік береді.

Имитациялық модельдеу көмегімен пайыз мөлшерлемесінің болашақтаағы өзгерісіне болжам жасау арқылы олардың ақша қаражаттары ағымына, сондай ақ банктегі табыс пен экономикалық құнына ықпал ету дәрежесін бағалауға болады. Өкінішке орай, пайыздық тәуекелді бағалаудың соңғы екі тәсілі де Отандық банктік тәжірибеде барлық банктерде толық қолданылмай келеді. Имитациялық модельдеу арқылы мақсаттарға жету үшін: 1) ағымдағы балансты есептеуден алшақ болу керек; 2) банк активтері мен міндеттемелерімен операцияларды жүргізуде қаржыны тартудағы пайыз ставкасы төмен болу керек; 3) өз мерзімінде дұрыс болжас жасалуы керек. Пайыздық тәуекелі бағалауда активтер мен пассивтер мерзіміндегі алшақтыққа шек қою қолданылады. Шек қою активтер мен пассивтердің жекелеген түрлері бойынша ғана жүзеге асырылады. Мысалы, пайыз мөлшерлемесінің төмендеуі күтілген жағдайда банк қысқа мерзімді пассвтер есебінен активтік портфельді қалыптастырады, себебі пассивтердің бағасының төмендеуінен банк пайда көреді. Ал пайыз мөлшерлемесінің өсуі күтілген жағдайда бнк ұзақ мерзімді пассивтер есебінен активтік портфель қалыптастырады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]