- •1.Банктік тәжірибеде валюталық тәуекелдің қандай түрі қолданылады, әрқайсысына сипаттама беріңіз.
- •2.Валюталық тәуекелді төмендету әдістерін ашып көрсетіңіз.
- •3. Банктің капитал құрылымы мен банк капиталының жеткіліксіздік тәуекелдері және оларды басқару
- •4. Әлемдік тәжірибеде валюталық тәукелді төмендетудің қандай әдістері қолданылады
- •5.Операциондық тәуекел және оны басқару
- •Операциондық тәуекел классификациясы
- •7. Банктік тәуекел түсінігі, мәні, катнгориялары
- •8. Банктік тәуекел түсінігі, мәні, катнгориялары
- •Банкттік тәуекел категориясына сипаттама
- •Банк активтері мен байланысты тәуекел оларға сипатта
- •Банк пассивтерімен байланысты тәуекелдер және оларға сипаттама
- •12. Активтер мен пассивтерді басқару сапасына байланысты тәуекелдер және оларға сипаттама
- •13. Банктің сыртқы тәуекелдеріне сипаттама және жіктеу қағидалары
- •15. Несиелік тәуекел жіктемесі және оларды басқару мен бағалау?
- •16. Несиелік тәуекелді басқару процесінің кезеңдері мен ерекшеліктеріне сипаттама?
- •17. Банктің несиелік тәуекелді бақылау әдістеріне сипаттама?
- •18. Несиелік тәуекелді басқару, басқару көрсеткіштеріне сипаттама
- •19. Банк тәжірибесінде банктік тәуекелдерді бағалаудың келесідей түрлері қолданылады:
- •20. Несиелік тәуекелді басқару кезеңдерінің ерекшеліктерін кезеңдер бойынша сипаттаңыз?
- •21. Өтімділік тәуекелі,ықпал етуші факторлар және оны басқару?
- •22. Банк өтімділігі қандай қызмет атқарады?
- •23. Банктің өтімділік тәуекеліне әсер етуші ішкі факторларға сипаттама беріңіз?
- •25. Банк активтерінің сапалылығы анықтау критерилерінің әрқайсысына мысал келтіріп сипаттама беріңіз?
- •26. Банк өтімділігіне әсер ететін микроэконикалық және макроэконмикалық факторларға сипаттама беріңіз?
- •27. Банк өтімділігін талдаудың негізгі кезеңдеріне сипаттама?
- •28. Пайыз тәуекелінің сипаттамасы мен жіктемесі?
- •29. Пайыз тәуекелін төмендету әдістері мен бағалау тәсілдерін ашып көрсетіңіз?
- •30. Пайыздық тәуекелді басқару жүйесінің элементтеріне сипаттама?
- •32. Пайыдық тәуекел және оны басқару
- •33. Валюталық тәуекел сипаттамасы, валюталық позициялар
- •35. Операциондық тәуекелді бағалау әдістері
- •37.Инвестициялық тәуекел,жіктемесі және оны басқару?
- •40. Жаңа банктік қызметтерді ендіру тәуекелі және оны басқару
- •41. Қазақстан республикасының екінші деңгейлі банктердің өтімділігін басқаруды жетілдіру шараларын ұсыныңыз.
- •42. Әлемдік дағдарыс екінші деңгейлі банктердің несиелік портфеліне әсерін қалай бағалар едіңіз.
- •43. Әлемдік дағдарыстың екінші деңгейлі банктердің активтерінің сапасына әсері жайлы сарапшылық ой-пікіріңіз қандай?
- •45. Екінші деңгейлі банктердегі тәуекелді басқару жүйесіне баға беріңіз.
- •46 Базель келісімі бойынша банктік тәуекелді бағалаудың тиімділігі?
- •49. Шетел тәжірибесі мен қр едб–де қарыз алушының несие қабілетін бағалаудың айырмашылықтары мен ерекшеліктері.
- •51.Сапалы диверсификация сапалы тәуекел менеджментінің кепілі
- •52. Банк тәуекеліндегі стресс- тестинг қажеттілігі және оның отандық банк секторында қолданылуы
- •53. Отандық екінші деңгейлі банктер өтімділігін бағалаудағы рейтингтік агенттердің рөлі.
- •54. Қр дағы екінші деңгейлі банктердің тәуекелдерді басқару жүйесіне баға беріңіз
- •55.Тәуекелдер картасы банктік тәуекелдерді анықтауда қаншалықты тиімді.
2.Валюталық тәуекелді төмендету әдістерін ашып көрсетіңіз.
Валюталық тәуекелді төмендетудің мынадай негізі әдістері болады:
валюталық тәуекелдерді сақтандыру;
хеджирлеу;
диверсификациялау.
Валюталық тәуекелдерді сақтандыру валюталық тәуекелдерді басқарудың негізгі әдістерінің біріне жатады.
Валюталық тәуекелді төмендету әдістеріне, әлемдік тәжірибеде 2 әдіс:
мэтчинг
неттинг
Мэтчинг – кірістерді есептеу арқылы банктің валюталырының ағымы оның көлеміне және өз тәуекеліне әсер ете алады.
Неттинг – Масштабтау арқылы валюта мәмілесінің көлемінің максималды шектеу. Жүзеге асатын шетел валютасының сату-сатып алу өтініштерін бөліп қарастыру.
Халықаралық банктік тәжірибеде валюталық тәуекелдерді сақтандырудың төмендегідей үш тәсілі қолданылады:
контрагенттерінің бірінің біржақты ісәрекеті;
банктік және үкіметтік кепіл-хаттар;
мәмілеге қатысушылардың өзара келісімдері.
Валюталық тәуекел сақтандыруда қорғаныс келісімдері, яғни валюталық бағамдардағы өзгерістерге сәйкес валюталық мәміле келісімшарты немесе контрактінің орындалуы барысын қайта қарау мүмкіндіктері өзара келісіледі. Нақтырақ айтсақ, валютаның бағамындағы өзгерістерден экспортерді немесе несие берушіні сақтандыру үшін бағамдағы өзгеріске байланысты төлем сомасын қайта қарау туралы келісімі несиелік немесе коммерциялық контрактінің шартында көзделеді.
Хеджирлеу валюталық тәуекелді сақтандырудың құрамдас бөлігі ретінде белгілі бір операцияларды жүргізу және мерзімді контрактілерді жасауды білдіреді.
Хеджирлеу тәсілдеріне құрылымдық (активтер мен пассивтерді, алашақ және берешек қарыздарды) теңестіру, төлем мерзімін өзгерту, қаржылық құралдар жатады.
Құрылымдық теңестіру валюталық бағамның өзгерісен туындайтын зияндардың алдын алу мақсатында активтер мен пассивтер құрылымын теңестіріп отыруды қолдауды білдіреді. Бұл негізінен ашық валюта позиция лимитін ұстап отырумен тікелей байланысты.
Ашық валюталық позиция лимиті тәуекелін басқару шетел валютасында бейнеленген банктің талаптары мен міндеттемелерінің арасындағы айырманы реттеуді білдереді.
Ашық валюталық позиция лимиті бұл ұзын немесе қысқа позициялардың банктің капиталына қатысты белгіленеді. Егер қандай да бір шетел валютасы бойынша ҚР Ұлттық банкі бекіткен лимиттен асқан жағдайда сол валютаны сатады немесе сатып алады. Осындай шаралар арқылы банк өзінің валюталық позция бойынша лимитін реттеп отырады.
Валюталық тәуекелді диверсификациялау бұл валюталық несиелер бойынша несиелік портфелді диверсификациялауды сипаттайды. Валюталық несиелік портфелді диверсификациялау мынадай тәсілдер арқылы іске асады:
валюталық несиелер сомаларына шек қою;
қарыз алушыларды диверсификациялау;
несиені қамтамасыз етуге қабылданатын кепіл заттарын диверсификациялау;
валюталық несиелер мерзімдері бойынша диверсификациялау.
3. Банктің капитал құрылымы мен банк капиталының жеткіліксіздік тәуекелдері және оларды басқару
Тәуекелділік кез келген банктік операцияларда болады.Олардың ауқымы әртүрлі. Сондықтан да банк қызметтерде тәуекелдің мүлде болмауының маңызды емес, оны ең аз шамадағы деңгейіне жеткізу, кеміту маңызды.
Банктің өзінің қызметіне байланысты және ол тәуекел жағдайларды белсенді түрде басқару мүмкіндігін иеленеді. Ішкі тәуекелдерге берілген жекеленген коммерциялық банк иеленетін кәсіпкерлік артықшылықтар әсер етеді. Атап айтсақ, қаржылық нарықтың берілген аясында банктің қызмет көрсетуін ұйымдастыру кезінде оның басшылары мен дұрыс таңдалған стратегиясымен саясаты. Банктік операциялар технологиялық процестерімен маманданған қызметкерлер жеткілікті минимумын оптималды басқару, тиімді маркетингтік стратегияны және тактиканы таңдау және т.б факторлар. Ішкі тәуекелдер банктің өз қызметінен клиенттердің қарыз алушылардың немесе оның берілген контр серіктестіктер қызметіне байланысты. Олардың деңгейіне банк басшыларының іскерлік белсенділігі, басқарудың тиімділігі мен тактикасы және басқадай факторлар үлкен әсер етеді. Осыдан келе тәуекелдер келесідей бөлінеді:
- банк активтерімен байланысты (несиелік, валюталық, нарықтық, лизингтік, кассалық, есеп айырысулық, факторингтік, корреспонденттік шот бойынша, қаржылық және инвестиция бойынша тәуекел және т.б.);
- банк пассивімен байланысты (салым және депозит бойынша, банкаралық несиелерді тарту тәуекелдері және диверсификация тәуекелі);
- банктің өзінің активтерімен пассивтерін басқару сапасымен байланысты (пайыздық тәуекел, өтімділік тәуекелі, төлем қабілетсіздігі, капитал құрылымы тәуекелі, банк капиталының жеткіліксіздік тәуекелі);
- қаржылық қызмет жүзеге асу тәуекелімен байланысты (операциондық, технологиялық тәуекелдік, жаңа енгізулер тәуекелдігі, стратегиялық, бухгалтерлік, әкімшілік тәуекелдігі, қауіпсіздік тәуекелі).
Банк клиенттерінің құрамының тәуекелдігі банктік қызмет маркетингпен, қоғаммен қарым – қатынас жасаумен байланысты. Кіші орта және ірі клиенттердің талаптарының әр түрлілігі сол тәуекелдің деңгейін анықтайды, яғни ұсақ қарыз алушы ірі қарыз алушыға қарағанда нарықтық экономиканың кездейсоқ жағдайларына көбірек тәуелді болады. Сонымен қатар бір қарыз алушыға немесе бір – бірімен байланысты қарыз алушылар тобына, салаға және аймаққа немесе мемлекетке берілген үлкен несиелер көп жағдайда банктің банкротқа ұшырауының негізгі себебі болады.
Банк операциялар есебінің сипаттамасы тәуекелдерді келесідей бөлуді ұсынады: баланстық және баланстан тыс операциялар бойынша, активтік және пассивтік операциялар бойынша тәуекелдер. Бірақ, айта кететін жайт, баланстық операциялар бойынша пайда болатын тәуекелдер көбінесе баланстан тыс операцияларға таралады.
Банктік баланс тәуекеліне келесілер жатады:
- несиелік тәуекел (негізгі ссуда бойынша қарыздың қайтарылмау тәуекелі);
- пайыздық тәуекел (берілген ссуда бойынша пайыздың алынбау тәуекелі);
-өтімділік тәуекелі (банктің өз міндеттемелерін уақытында орындамау тәуекелі, өтімділік нормативтерін бұзу тәуекелі);
- капитал құрылымының тәуекелі (капитал жеткіліктілік нормативінің банк орындамау тәуекелі, оның капитал құрылымының рационалды емес ұйымдастыру тәуекелі).
Капитал құрылымы тәуекелі – банк капиталының құрылымының, яғни банктің ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді және меншік капиталының дұрыс орналастырлмауынан, қолданбауынан туындайды сонымен бірге банк ресурстарының нарыққа сәйкес қымбаттауы немесе арзандауы барысынд болады.
“Капиталдың жеткіліктілігі” термині банктің жалпы тұрақтылығын және оның тәуекелге бару дәрежесін көрсетеді. Капиталдың жеткіліктілігі - бұл банк капиталының мөлшерінің тәуекел дәрежелері ескерілген банк активтеріне сәйкес болуға тиісті. Сондай-ақ, коммерциялық банктер өз жұмыстарында банк капиталын шамадан тыс ұлғайтуды теріс санайды. Өйткені, ол банктің қызметіне кері әсер етуі мүмкін. Банктердің көбі акция шығара отырып, қаражат тартуға ынтасыз болып келеді. Сондықтан банк жетекшілері бір жағынан, қадағалау және бақылау ұйымдары екінші жағынан, банк капиталы мен коммерциялық банктердің басқа да қызметіндегі параметрлер арасындағы қолайлы қатынасты табуға тырысады.
Меншік капиталының жеткіліксіздігі тәуекелі – коммерциялық банктердің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін құрылған банктің әртүрлі қорлары мен ағымдағы қызметінің нәтижесіне байланысты және өткен жылдардағы бөлінбеген пайдасының азаюынан, банк меншігінде тартылған қаражаттардың үлесінің тым артып кетуінен туындайды. Банк секторының əлеуетін нығайту жəне оның бəсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында жұмыс істеп тұрған жəне жаңадан құрылатын банктердің меншікті негізгі қызмет көрсету көлемі капиталдарының ең төменгі мөлшеріне қойылатын талаптар 2009 жылғы 1 қазаннан бастап - 5 млрд. теңгеге дейін, 2011 жылғы 1 шілдеден бастап – 10 млрд. теңгеге дейін ұлғайтылады. Алматы жəне Астана қалаларын қоспағанда, негізгі қызмет көрсету көлемі Қазақстанның аймақтарында көрсетілетін аймақтық банктер үшін меншікті капиталдарының ең төменгі мөлшері 2009 жылғы 1 қазаннан бастап 2 млрд. теңгені (бірқатар талаптар орындалған кезде); 2011 жылғы 1 шілдеден бастап 4 млрд. теңгені құрайды.
Тәуекелдерді басқару әрбір банктің басты міндеті мен бағыты, себебі банк тәуекелдерін басқару мен бағалауды дұрыс жүргізбеу банктің нарықтағы жағдайын нашарлатып, жабылуына алып келуі мүмкін. Банктік тәуекелдерді басқарудың басты мақсаты банктің активтері мен пассивтерін дұрыс басқара отырып, банк өтмділігі мен пайдасын оң көрсеткіште ұстап тұру, күтілмеген жоғалтуларды барынша төмендету. Сондықтан да әрбір банк өзінің тәуекелдерді басқару стратегиясын жасауы керек, ал стратегия өз кезегінде қазіргі талаптарға сай және банктің дамуымен қатар тәуекел деңгейін қалыпты ұстап тұруда оңай басқарылуы қажет. Банктің тәуекелдерін сапалы басқару ұзақ мерзімді нәтижелі дамуына жол ашады. Банктік тәуекелдерді басқарудағы түрлі іс-әрекеттер, шаралар, шешімдер тәуекелді басқару саясаты деп аталады.
Тәуекелдерді басқару процесінде келесі ережелерді қатаң ұстанған дұрыс:
Меншік капиталынан жоңары көлемде тәуекелге баруға болмайды;
Тәуекелдің ақыры неге апаратынын әрдайым ескерген жөн;
Аз пайда үшін көп шығынға ұшырайтын әрекетті білген дұрыс;
Тәуекелмен байланысты шешімді дұрыс қабылдау үшін қабылданып жатқан шешімге күмәнді болмау керек;
Әр уақытта тәуекелді шешудің бірнеше жолы болады.
Банктік тәуекелдерді басқару менеджменттің бір функциясы ретінде келесідей қағидаларға негізделеді:
Пайда табу мақсатында тәуекелге ойлана бару қағидасы;
Қабылданған тәуекелдердің басқарылу қағидасы;
Күтілген табыс деңгейінен тәуекел деңгейінің аз болу қағидасы;
Қабылданған тәуекел деңгейінің банктің қаржылық мүмкіндіктерінен аспау қағидасы;
Тәуекелді жою шығыны жоғалтатын қаржыдан аспауы қағидасы;
Тәуекелдерді басқарудағы уақыт факторы қағидасы.
Банктік тәуекелдерді дұрыс және пайдалы басқару үшін қазіргі жағдайда оған қандай факторлар әсер ететіндігін білу қажет. Жалпылама алғанда тәуекел банкке әсер ететін факторлар өте көп, яғни әрбір әсер етуші фактормен бірге тәуекел қатар жүреді. Сол себепті олардың қандай көздерден туындайтыннын осы факторларды дұрыс бөлуден айқындалады. Тәуекелдердің өзгеріп отыруына негізгі екі фактор экзогенді және эндогенді факторлар әсер етеді.
Тәуекелдерді басқару нарықтағы өзгерістерге тез әрі ұтымды шешімдер арқылы жауап бергенде ғана тиімді болады. Тәуекелдерді басқару стратегиясын таңдағанда банк нарықтағы банк қызметінің түрлері мен оның жекелеген сегменттеріне зерттеу жасайды.
