Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Banktik_tauekel_shpor.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
990 Кб
Скачать
☆

45. Екінші деңгейлі банктердегі тәуекелді басқару жүйесіне баға беріңіз.

Банктік тәуекелді басқару жүйесі – басқарушылық шешім қабылдауда банктік тәуекелді басқару жүйесі бірінші топты ұсынады. Соның ішінде кез келген тәуекелді айқындау, өлшеу, таратпау және бақылап отыру банктік қызметке әсер етуін минималдау. Тәуекелді басқару жүйесі келесі элементтерден тұрады: айқындау және тәуекелді өлшеу жүйесі; тәуекелді бақылау жүйесі, тәуекел мониторингі. Айқындау және тәуекелді өлшеу жүйесі – тәуекелді басқару нақты тәсілде негізделеді. Тәуекелді басқаруда негізгі факторларды белгілеп бағалау, тәуекелді өлшеу, модельдеп әртүрлі жағдайды болжау осы негізде қалыптастыру болып табылады. Тәуекелді бақылау жүйесі немесе Банк ішілік бақылау жүйесі. Банк ішілік бақылау жүйесінің тиімді және өтімді жұмыс істеу банктік тәуекелді басқару жүйесінің негізі болып табылады. Банк ішілік бақылау жүйесі күнделікті қызметінің бөлігі болып табылады. Сонымен қатар тұрақты және үздіксіз процесін ұсынуда Банктің Директорлар Кеңесі, Банк басқармасы, барлық бөлімшелер және әрбір Банк қызметкерлері қатысады. Банк ішілік құрама бақылау қызметін банк ішілік аудитор жүзеге асырады. Тәуекел мониторингі – бұл банктік тәуекелді бақылау және үнемі тәуекелсіз бағалау жүйесін білдіреді. Банктік тәуекелді басқару жүйесінің ұйымдық құрылымы төмендегі деңгейде ұсынылады: Бірінші деңгей (жоғары) Банктің Директорлар Кеңесімен ұсынылады. Банктің барлық қызметінің стратегиялық басқарылуымен бақылауын жүзеге асырады. Директорлар Кеңесінің ерекше өкілеттілік құрамына кіретіндер: Банктің ұйымдық құрылымы мен банк басқармасының жетік құрамының сайлануы; Банктің ұзақ мерзімді мақсаттарын бекіту; Саясатпен тәуекелді басқару процедурасын мерзімділік бір жылдан кем емес қарастырылуын бекіту; Банктік қызметті бақылау мен мониторингті жүзеге асыру; Тиісті бақылау принципіне негізделген тәуелсіз корпоративті қарым – қатынасты сақтау және орнату; Банк қызметін бақылау және мониторингтің міндетті ісін тиісті құрылған комитет арқылы Директорлар Кеңесімен жүзеге асырылады.

Мұндай комитеттерінің бірі – Банк активтері мен пассивтерін басқару комитеті (АПБК) болып табылады. Бұл комитет функциясында методикамен регламентті өңдеу, банктің актив және пассив функциясын басқару, сол сияқты мониторингпен нұсқауланған функциялармен бақылауды жүзеге асыру. Банк активтері мен пассивтерін басқару Комитеті төмендегілерге жауапты: қаржылық тәуекелді басқаруда қатысты ереже мен методиканы өңдеу; банктің аналмзбен мониторингтің тиімді жұмыс істеуі, оның рентабельділігі; анализбен мониторингке байланысты қысқа мерзімдік және стратегиялық жоспар құруды қамтамасыз ету; несие мен депозитке ақы төлеуді белгілеу; ішкі нормативтер мен лимитті белгілеумен өңдеу; қолданылған қаражаттармен қысқамерзімді және ұзақ мерзімді анализді нұсқаулар бойынша қарастыру. Екінші деңгей – банк басқармасы деңгейіндетәуекелді бақылау мен басқару. Банк басқармасы банк тәуекелін басқаружүйесін функционалды және толықтай төменде көрсетіліп отырғандай қамтамасыз етуі міндетті: банктік бекітілген стратегиялық дамуын жүзеге асыру; банктің стратегиялық мақсатымен байланысты мүмкін болатын тәуекелді анықтайтын ішкі саясатпен регламенттің жетілдірілуі; Бөлімшелермен анықталған белгілі бір функционалдық тиісті орындалуын ай сайын банк басқармасы Директорлар Кеңесіне соңғы мониторинг функциясын іске асырылуын банк қызметінің бақыланып отырған қажетті ақпаратты ұсынады. Қажетті ақпараттар тізімі оның құрамы, ұсыну мерзімі Банк Директорлар Кеңесімен анықталады және бекітіледі. Үшінші деңгей – банк құрылымдық деңгейде және өзара әрекеттестік тәуекелдерді басқару. Банк бөлімшелерімен тәуекелді басқару банктің жалпы саясаты активтер мен пассивтерді басқару негізде жасалады. Банктің құрылымдық бөлімшелері белгіленген уақытта тиісті есепті тәуекел менеджеріне ұсынады. Сонымен қатар, қажетті ақпараттар тізімі, есеп берушіні тәуекел менеджерімен өңделеді және Банк басқармасымен қарастырылып бекітіледі. Тәуекел менеджері бөлімшелерінің есеп негізінде тәуекелдің құрама есебін құрып, оны Банк басқармасына немесе Директорлар Кеңесіне ұсынады. Осылайша Банк тәуекелі басқару жүйесінің ұйымдық бара – бар ақпарат ағымын – жоғары, төмен және көлденең қамтамасыз етеді. Сонымен төменнен жоғары келіп түскен ақпарат Директорлар Кеңесінің және Банк басқармасының банктің ағымды ақпараттарының тәуекел қызмет барысында оларды бағалау және басқару деңгейінде бақылауды қамтамасыз етеді. Ақпараттардың жоғарыдан төмен бағытталуы ішкі бекітілген құжатымен регламенттері банктің мақсаттарының жетілуін, оның стратегиясын қамтамасыз етеді. Көлденеңнен тапсырылуы банктің құрылымдық бөлімшелерінің өзара қатынасының жобалануын білдіреді. Банктік бөлімдеу деңгейінде тәуекелді басқару. Клиенттермен несиелік операция жүргізу барысында несиелік тәуекелді басқару. Несиелік операциялар жүргізу барысында негізгі банктің несиелік ұйымдастыру қызметі актив және пассив басқару саясатымен, қазіргі саясатпен банк ішіндегі саясат ережесімен байланысты болып, несиелік тәуекелді басқару жүйесінің қалыптасуы болып табылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]