Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ХІХ г І ж.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
110 Кб
Скачать
☆

24.Майлықожаның толғау-термелеріндегі философиялық ғибратты ойлар (мысал келтіріңіз).

Толғау-термелеріндегі философиялық ғибратты ойлар: - адамзатты биіктікке , парасаттылыққа үндеу: «Райымқұлға», «Ноғай мырзаға»; - жақсылық пен жамандық қасиеттерді даралау: «Ілімге толсын көкірек», «Дүниеге мейман көңілім», «Жөн білсең жолдасыңа жоба көрсет»;- фәни жалғанның өткіншілігі, адамдардың бір-біріне қонақ екендігі: «Ажал бір келмес болсайшы», «Не жүйрік өтті дүниеден», «Дүние», т.б. Гуманист ақын адал достық қадір-қасиеттерін термелеп, адамға тән жақсылықтың бір көрінісі адамдар арасының қарым-қатынасында, сыйластығында екенін ескертеді. Мысалы «Жөн білсең жолдасыңа жоба көрсет» деген өлеңінде де ақын бұл пікірлерді ашық айтады: дос болу асылында неге керек, Жаныңды достық үшін қинаспасаң. Дос болып бір ауылда жүре алмайсың, Жоғыңды бір-біріңнің жинаспасаң, - деп адамдар арасындағы татулықты жырлайды. Халыққа, елге әділ іс қылып өткен адам өзінің пенделік қарызын өтейді. Барлық құлшылық, қажы, қағбаға табынушылықтан адам үшін әділ іс артық. Күнәдан арылтатын да, жұмаққа шығаратын да осы. Ақын өзінің «Не жүйрік өтті дүниеден» өлеңінде тіршілік өмірдің баянсыздығын, дүниеге келген адамның өлмегі де қақ болатындығын түсіндіре келіп, санаулы күнді босқа өткізіп алмауға, мүмкін болғанынша оны маңызды, мазмұнды өткізе білуге шақырады. Дүние, өмір туралы Майлы өлеңдерінен көрінетін тағы бір шындық – ол ақынның өмірден түңілмейтіндігі. Ақын әр тұста жастық дәуренді қадірлейді. «Ажал бір келмес болсайшы» өлеңінде өлімге қарсы тіршілікті, жастық жігерді қоса жырлайды. Өзінің дүниеге көзқарасының қаншалықты терең екенін білдіреді. «осындай бұл адамның өмір жасы» толғауында да ол адамның 20жаста жетіліп, қыранша қанат жаятынын айтып, кәрілікке қарсы қояды. 20 жасқа келгенде бұлақтайсың, 25 – жанып тұрған шырақтайсың. 30 жас – ер жігіттің дер кемелі, Мысалы көлге біткен құрақтайсың. Қорыта айтқанда, Майлықожаның ойлары өмірдің өзінен ойып алғандай тұжырымдар, көп жасап, талайды басынан кешкен сақа адамның көңіл тереңінен шыққан ой тұжырымдары тамаша, әр тұстағы адамдар үшін де керек,мағыналы, ескірмес асыл сөздер.

25.Махамбет өлеңдерінің бейнелілігі (бір өлеңін жатқа оқып, талдау жасаңыз).

Махамбет өлеңдерінің ортақ тақырыбы - Исатай екеуі бастаған ұлт-азаттық көтерілісі. Махамбеттің өлең-толғаулары күрес, тартыс, шайқас, шабуыл үстінде, шаршы топ алдында айтылды. Тыңдаушылары - қарапайым халықтың ұғымына қонымды, жиынды рухтандырып, қанын қыздыратындай жалынды сөз, екпін-ырғақпен айтылуы керек болды. Өлеңдерінің көпшілігі 7-8 буындық жыр өлшемі. Өйткені жыр — көтеріліске шақырып, күреске үндеген ағынды өлең. "Аймақ та аймақ, аймақ көл", "Ау, қызғыш құс, қызғыш құс", "Мінкен де, мінкен, мінкен ер", "Мұнар да мұнар, мұнар күн", бқлар ақынның эпостық жырлардағы — "бұлғыр, бұлғыр, бұлғыр тау", жыраулар поэзиясындағы: "Тоғай, тоғай, тоғай су, тоғай қондым, -өкінбен" тәсілі деп білу керек. Ассонанс -дауысты дыбыстардың қайталануы, аллитерация — дауыссыз дыбыстардың қайталануы қай өлеңге де, соның ішінде қара өлеңге де тән. Ассонанстық қайталаулар да Махамбет поэзиясында аз емес. Өлендері 7-8 буынды жыр үлгісінде ғана шығарылмаған. Онда, аз болса да, қара өлең түрі де кездеседі. М: Мінгені Исатайдың Ақтабан-ай, Сүт беріп, сұлы беріп баптағаны-ай. Сонымен бірге Махамбетте буын саны әр түрлі (8-12,т. б.) Ең алдымен, ақын өлеңдері сөз байлығымен және тілінің бейнелілігімен, суреттілігімен ерекшеленеді. Лексикасы жағынан ақын тілінде сол кездегі сөйлеу тілінен басқа батырлар жыры мен жыраулық поэзия тілінің белгілері кездеседі. Махамбет поэзиясы метафора, теңеу, әсірелеу, эпитеттерге бай және олар ақынның әдеби өңдеуінен өткен, күнделікті сөйлеу тілінде ұшыраса бермейтін аса бір көркем үлгілер болып келеді. Өршіл романтизмге немесе шешендік сұрауларға құрылған өлеңдерінің тілінде шеңдескен асқақ метафора, теңеу, эпитет, әсірелеу басым. Элегиялық өлеңдерінің тілі мұң, аңсар, елегізу түріндегі көңіл күйін тудырады. Арғымаққа оқ тиді- Қыл мықынның түбінен. Ер жігітке оқ тиді- Ауыз омыртқаның түбінен.—деген жолдардан ақынның әлем-тапырық жан күйін танып, алдағы тағдырына алаң боламыз. "Әуелеп ұшқан қызғыш кұс" тек Махамбет поэзиясындағы емес, жалпы қазақ поэзиясындағы ең көркем элегиялык өлең болып табылады. Махамбет поэзиясының тілі өте бай, суретті және бір ғажабы — оның осыдан 150 жылдан астам бұрын дүниеге келгені көп байқалмайды. Махамбет өлеңдерінде әр сөз өзіне ғана тиісті орнында қолданылады. Сондықтан ол өлеңнің мәнін де, сәнін де келтіріп тұрады. Махамбетте шешендік толғау, нақыл (афоризм) түрінде айтылып: Аз сөйлер де көп тыңдар, Хас асылдың баласы,- деген сияқты бүгінде мақал, нақыл сөзге айналып кеткен жолдар мен шумақтар аз емес.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]