Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ХІХ г І ж.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
110 Кб
Скачать
☆

32.Орынбай шығармаларының жариялануы, зерттелуі.

Орынбай Бертағыұлы – айтыскер ақын, жырау, әнші, сазгер. Ол. ел ішінде Қарауыл Орынбай ақын деген атпен мәлім. 13-14 жасынан өлең шығарған. Шығармаларында өз дәуіріндегі әлеум. мәселелерге үн қосып, болыс, аға сұлтан сайлауындағы әділетсіздікті әшкереледі. Жырларында билік басына қалталылардың келіп жатқанын ашық айтты (“Бір жан жоқ болыстыққа талас емес”), бақ-дәулеттің өткіншілігін жырлады (“Тұлпар бар ма тұяғы майрылмаған”, “Өлген соң бай мен жарлы мал демейді”, т.б.). Сондай-ақ “Адамның жаратылуы туралы”, “Қырық парыз”, “Бұл дәурен тұрар ма екен сіздерге ұдай”, “Жүз жұлдыз” атты толғаулары діни танымда жырланған. О-дың “Жазы биге”, “Шоң биге айтқаны”, “Алсай Құрақбайға айтқаны” секілді арнаулары бар. Ол Ш.Уәлиханов өмірден қайтқанда көңіл айтып, өлең шығарған (“Уа, Шыңғыс, Зейнеп ханым көтер басты”). Ол. өз тұсында Жанақ, Балта, Шөже, Тоғжан, Серәліқожа, Арыстанбай, Шортанбай, Сақау, Қожабек, Кемпірбай, Тезекбай, Өтеулі, Дана, Байкөкше, Нұркей, Ақан Сері, Құлтума, т.б. ақындармен айтысқан. Поляк саяхатшысы А.Янушкевич О-дың Жанақ ақынмен Аягөзде өткен айтысын таңданыспен суреттесе (1846), тегеурінді дарын иесін Шал ақын “ақындардың төресі” атаған. “Орынбай ақынның Ерден батырды мақтаған сөзі”  Ы.Алтынсарин  құрастырған “Киргизская хрестоматия” (1879) оқулығында жарияланды. Ш.Уәлиханов “Қазақ халықтық поэзиясының түрлері жөнінде” деген зерттеуінде ақын өлеңдерінің құрылымын, жүйесін талдады. В.В. Радлов (1870), Я.Я. Лютш (1888), С.Сейфуллин (1931), С. Мұқанов, Е. Ысмайылов, т. б. зерттеушілер жоғары бағалап, шығармаларын жинап, жариялаған. Ақынның тағы басқа әлі баспа бетін көрмеген («Абайділдаға», «Төрде отырған төрелер», «Тұрлыбекке», «Түбекпен кездескенде», т. б.)әлең-толғаулары Ұлттық кітапхана қорында сақтаулы.

33.Орыстың отаршыл саясаты. Әлеуметтік-экономикалық жағдай.

Патша өкіметі Қазақстан жеріндегі отарлау шараларын біртіндеп жүзеге асырды. Оның 1742 жылгы 19 қазандағы жарлығы бойынша Жайық өзені жағасының қамалдар маңында қазақтардың көшіп-қонуына тыйым салынды, олардың Каспий теңізінің жағалауында көшіп-қонып жүрген жерлері шектелді. XVIII ғасырдын 50-60 жылдары Ертіс, Тобыл, Есіл, Үй өзендері алқаптарындағы Орта жүздің қазақтары да өздерінің мекендеген жерлерінен ығыстырылды. Қазақ даласында патша өкіметінің отарлау саясаты үш бағытта: біріншіден, гарнизондар мен күшейтілген бекіністі әскери шептер құрылыстың тездетіп салу және тұрақты казак-орыс (Орынбор, Жайық, Батыс-Сібір, кейін Жетісу) мекендерін құру жолымен, екіншіден, саяси әкімшілік реформалар жасау, сыртқы округтер мен приказдарды одан әрі құру, басқарудың дистанциялық жұмыс түрін енгізу жолымен, үшіншіден, қазақ даласын өзіне біржолата қосу, ал Орта Азия хандықтармен сауда-саттықты кеңейту жолымен жүргізілді. Алайда, отарлау барысында патша үкіметіне жергілікті барлық билікті ресейлік әкімшіліктің қолына шоғырландыру саясатын жүзеге асыру сұлтандардың, ру шонжарларының, билердің наразылығын тудырды. Өйткені оларды патша өкіметі орындары сот-әкімшілік қызметіне қатыстырмауға тырысты. Елеулі экономикалық өзгерістер енді. Әсіресе сауда-саттық күшейді. Саудаға қазақ байлары араласа бастады. Қазақ жерінде ашылған жәрмеңкелердің саны көбейді. Егіншілік кәсібі етек жайып, егіс қуралдары қолданыла бастады. 19 ғ-дың 30 жылдарынан бастап қазақ еңбекшілері кесімді мемлекеттік салық төледі. Қазақ қоғамында әлеуметтік топтардың ескілері ыдырап, жаңа түрлері пайда болды. Сауданың жедел дамуына байланысты саудагерлер, алыпсатарлар, өсімқорлар шықты. Қулдардың әлеуметтік тобы жойылып, төлеңгіттер султандар жанынан кетіп, жеке руға айналды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]