- •1.Айтыс – қазақ халқының төл өнері. Хіх ғасырдың і жартысындағы айтыс өнерінің зерттелуі
- •2. Ақын, жыршы, жырау. Айырмашылықтары.
- •3.Базар жырау дастандарындағы фольклорлық сипаттар және көркемдік шешім.
- •4.Базар жыраудың өмірі мен шығармашылығы.
- •5.Базар жыраудың халық тағдырына арналған азаматтық, әлеуметтік әуендегі толғаулары (мысал келтіріңіз).
- •6.Базардың дастандары. (4-5 сурактардан карастырасындар)
- •7.Бақтыбай мен Тезек төренің айтысы.
- •8.Д.Бабатайұлы өлеңдеріндегі Отаншылдық, шынайы патриоттық-ұлтшылдық көзқарастар.
- •9.Дулат Бабатайұлы – зар заман ағымының ірі өкілі.
- •10.Дулат өлеңдерінің жаңашылдығы.
- •11.Дулат пен Абай арасындағы үндестік.
- •12.Дулат шығармаларының жанрлық, көркемдік ерекшеліктері.
- •13.Дулат шығармаларының жариялануы, зерттелуі.
- •14.Дулаттың «Еспембет» дастаны: тарихи-этнографиялық және поэтикалық ерекшеліктері.
- •15.Дулаттың «Шаштараз» дастанының дидактикалық-эстетикалық тағлымы
- •16.Жанрлық дамулар, жазба әдебиетінің қалыптасуы.
- •17.Зар заман ақындары шығармашылығына жаңаша көзқарас.
- •18.Зар заман» ағымы туралы түсінік.
- •19.Зар заман» толғауына талдау жасау.
- •20.Құлыншақ пен Майлықожаның айтысының тақырыбы
- •21.Майлықожа мысалдарының гуманистік-эстетикалық ұлағаты.
- •22.Майлықожаның айтыстары.
- •23.Майлықожаның арнау өлеңдерінің тақырыбы (мысал келтіріңіз).
- •24.Майлықожаның толғау-термелеріндегі философиялық ғибратты ойлар (мысал келтіріңіз).
- •25.Махамбет өлеңдерінің бейнелілігі (бір өлеңін жатқа оқып, талдау жасаңыз).
- •26.Махамбет өлеңдерінің философиялық-дүниетанымдық тереңдігі.
- •27.Махамбет Өтемісұлы – ұлт-азаттық көтеріліс жыршысы.
- •28.Махамбет поэзиясындағы Исатай бейнесі.
- •29.Махамбет шығармаларының жариялануы, зерттелуі.
- •30.Мәделі қожаның айтыстары, толғау термелерінің тақырыбы. Мәделі шығармашылығының зерттелуі
- •31.Нұрымның шығармашылығы. Маңғыстаудың жыршылық дәстүрі.
- •32.Орынбай шығармаларының жариялануы, зерттелуі.
- •33.Орыстың отаршыл саясаты. Әлеуметтік-экономикалық жағдай.
- •34.Сүйінбай Аронұлының адамгершілік-тәрбиелік толғау өлеңдері.
- •35.Сүйінбай мұрасының жариялануы мен зерттелуі.
- •36.Хіх ғасыр басындағы саяси өзгерістер. Хандық биліктің жойылуы.
- •37.Хіх ғасыр әдебиетіне ислам дінінің әсер-ықпалы.
- •38.Хіх ғасыр әдебиетінің жалпы сипаттамасы.
- •39.Хіх ғасыр әдебиетінің зерттелуі.
- •40.Хіх ғасырдағы әдеби ағымдар мен, бағыттар.
- •41.Хіх ғасырдың і жартысындағы тарихи-әлеуметтік жағдай.
- •42.Шернияз Жарылғасұлы мұрасының зерттелуі. Шығармаларының мазмұны мен тілі, жариялануы,
- •43.Шернияз толғау термелерінің философиялық болмысы.
- •44.Шернияз шығармашылығындағы Исатай, Махамбет көтерілісіне байланысты өлеңдер.
- •45.Шернияздың шешендік өнері (өлеңдеріне мысал келтіріп, талдау жасаңыз).
- •46.Шортанбай айтыстарындағы сыншыл өткірлік, бейнелі тіл нақыштары. Шортанбай айтыстарының эстетикалық-поэтикалық өнегесі.
- •47.Шортанбай дастандары. Тақырыбы, көркемдігі.
- •48.Шортанбай шығармаларындағы зар заман сипаты.
- •49.Шортанбай шығармашылығындағы имандылықты уағыздау сарыны (мысал келтіріңіз).
- •50.Шортанбайдың үлгі - өнегелік тәрбиелік мәндегі толғаулары.
- •51.Шөже Қаржаубайұлы шығармаларының зерттелуі.
- •52.Шөже мен Балтаның айтысының көркемдігі.
49.Шортанбай шығармашылығындағы имандылықты уағыздау сарыны (мысал келтіріңіз).
Шортанбайдың ежелгі түркілік-мұсылмандық, сопылық әдебиет дәстүрі /Қожа Ахмет Иассауи, Сүлеймен Бақырғани, т.б./ тағылымында қалыптасқан ақын екендігі көрінеді. Ақынның шығармашылығындағы негізгі сарын – имандылықты уағыздау: «Атамыз Адам пайғамбар», «Адамның жалған дүниесі», «Қалықтаған сұңқар ем», т.б. Имандылықты ұмыта бастаған жұрт туралы: Ашты –тоқты болсаң да, Иманның сақта ұятты. Ардан кеткен ұятсыз, Дінсізге қылар миятты деп айта келіп: Иманды уағыздау сарынына мына өлең шумақтарымен дін жолына шақырады: Имандылық көрсету-Құдайға құлшылық қылу, ар-ұяттан безбеу. Имандылық – адамгершілік белгісі. Байлықтың алды – имандылық. Сондай ақ «Дін жолынан айнымас» өлеңінде: Шират енді мұсылман, Алла деген айрылмас. Айтсаң жолыңнан,Түзу жолға түсірер. Алла деген тобыңнан. Деп имандылық пен Алла сөзінен танбау керектігін өлеімен өрнектейді. Жігіт жасындағы Шортанбай діни жұмыс атқара бастағанмен, оған мүлде беріле алмайды. Тіршіліктің талабы, өмірдің рухани азығы, дүниенің қызығы оны тәубасынан жаңылдырады. Қызойнақ пен Алтыбақан кештеріне бірден барып, жастарға араласып кеткісі-ақ келеді. Амалын тапса, екеуін де қолданып, өзі де елден шеттемей, жастарға да, үлкендерге де үйір боп, солардың ортасында өмір сүру, мүмкін болғанынша сезімге бой алдырмай, ақыл мен парасатқа жүгіну қажет. Осылайша ой түйген Шортанбай өзін еркін ұстайды.
50.Шортанбайдың үлгі - өнегелік тәрбиелік мәндегі толғаулары.
Адамгершілік тәрбие қағидаларын уағыздаған толғаулары: «Бір насихат айтайын», «Сөз айтайын Асанға», «Бала зары», т.б. Зобалаң заманның зорлығын көзімен көріп, жанымен, тәнімен сезінген ол, өзінің “Зар заман”, “Бала зары”,”Тар заман”,”Опасыз дүние”, т.б. тәрізді толғаулары арқылы ақиқаттың астарын айқара ашып берді. Шортанбай өзіне дейінгі Бұқар, Шал, Тәтіқара, Ақтамберді жыраулардың да мол мұраларымен жақсы таныс болған. Ақын адамның мінезіне ерекше көңіл бөледі, жақсы адам өз мінезіне қарауыл қойып, жауап беріп отыру керек дейді. Бұл мәселеде кейде ол Абайдың "мінезді түзелмейді дегеннің тілін кесер едім" дегеніне қосылмайтын сияқты. Адам санаулы өмір жолын есепсіз, мәнсіз өткізіп алмай, нәтижелі, нәрлі, пайдалы өткізуі абзал. Керексіз, өнімсіз іспен шұғылданбай, еліне, халқына, өзіне, жақын-жуығына керекті тиімді әрекеттер істей білуге дағдыланғаны жөн деп термелейді. Жамандық пен жақсылық, адамдық пен арамдық арасын ажырата білуге, достық пен қастық, шындық пен жалғанды айырып, бірін жақтап, екіншісіне қарсы тұруға шақырады.Талапты жас, ең алдымен оқуға әуес болуы керек. Өнер, білім тек оқумен келеді. Тәлім-тәрбие алған жас ойлы, өнерлі боп өседі. Арамдыққа, зұлымдыққа бармайды. Олар құдай жолына да, адам үшін де аянбай еңбек етуге тиіс. Дүние, өмір қызығына алданбай, қиындыққа төзіп, ізденуді қолдайды.
51.Шөже Қаржаубайұлы шығармаларының зерттелуі.
Шөже Қаржаубайұлы (1808, қазіргі Ақмола облысы Қызылту ауданы –1895, сонда) – халық ақыны. Қазіргі Нұра ауданының жерінде кедей шаруа отбасында туған. Өлең шығару дарыны жас кезінен-ақ байқалған, бала кезінде аурудын салдарынан зағип болып қалған. Айтыстарға қатысқанда қалыптасқан әлеуметтік-философиялық көзқарастары болды. Адамгершілікке жат кеселді кемшіліктерді әшкерелейді (Кемпірбай, Тезекбай, Жәмшібай, Келдібай, Балта, Орынбай, Серәлі, Шортанбай және басқаларымен айтысқан). Үлкен айтыстарда 17 рет жеңіп шыққан. Өзінің асқан шешендігімен, суырып-салма төкпелігімен, көкейкесті мәселелерді қозғауымен және ауылдағы ат төбеліндей бай-шонжарлардың екіжүзді зұлымдығы мен парақорлығын жұрт алдында батыл аяусыз әшкерелеуімен кеңінен танымал болған. Асқақ жыршы, лирикалық, эпикалық дастандарды шебер орындаушы болған. Абаймен кездесіп, халық эпостарын, әндері мен аңыздарын білетіндігімен оған зор ықпал жасаған. Ш. Уәлиханов 1864 ж. 5 наурызда өзінің Омбыдағы пәтерінде Шөже орындаған «Қозы Көрпеш — Баян сұлу» дастанының ең тандаулы нұсқаларының бірін жазып алып, Шөженің ақындық шеберлігіне жоғары баға берген. Оның бір топ өлеңдері (“Дәукейге”, “Домбыра шыққан тыңқылдан”, “Бәйтікті мақтағаны”, т.б.) жеке адамдарды көтере дәріптеп, мақтауға құрылған. Сонымен қатар Шөже тоғышарлық пен парақорлықты, өмірдің жағымсыз жақтарын батыл сынға алды. Аталары Қуандық, Шөженің әкесі құлдықта, шешесі күңдікте өткен адамдар, өзі де жасынан жетім қалып, бай босағасында малайлықта күн кешкен. Сондықтан Шөжемен айтысқа түскен ақындар ата-тегіне мін тағып оның кемтар соқырлығын бетіне басқан. «Дүржан үйінде» өлеңінде Шөже өз өмірі туралы едәуір мәлімет береді. Жасынан жетім өсіп қорасан ауруынан көзі кеткенін айтады. Атым Шөже, баласы Қаржаубайдың,Үйде жарлы болсам да,түзде баймын.Асығымнан алтынға бөлесеңде, Дүние жүзін көрмеген сормаңдаймын,-деуіне қарағанда, ақын өзінің дүниені өз көзімен көрмеген соқырлығына назалы. Ол барынша батыл сөйлеп, ешкімнің бет-ажарына, бақ-дәулетіне қарамай, тайсалмай, әркімнің мінін бетіне баса ашық айтқан.
