- •1.Айтыс – қазақ халқының төл өнері. Хіх ғасырдың і жартысындағы айтыс өнерінің зерттелуі
- •2. Ақын, жыршы, жырау. Айырмашылықтары.
- •3.Базар жырау дастандарындағы фольклорлық сипаттар және көркемдік шешім.
- •4.Базар жыраудың өмірі мен шығармашылығы.
- •5.Базар жыраудың халық тағдырына арналған азаматтық, әлеуметтік әуендегі толғаулары (мысал келтіріңіз).
- •6.Базардың дастандары. (4-5 сурактардан карастырасындар)
- •7.Бақтыбай мен Тезек төренің айтысы.
- •8.Д.Бабатайұлы өлеңдеріндегі Отаншылдық, шынайы патриоттық-ұлтшылдық көзқарастар.
- •9.Дулат Бабатайұлы – зар заман ағымының ірі өкілі.
- •10.Дулат өлеңдерінің жаңашылдығы.
- •11.Дулат пен Абай арасындағы үндестік.
- •12.Дулат шығармаларының жанрлық, көркемдік ерекшеліктері.
- •13.Дулат шығармаларының жариялануы, зерттелуі.
- •14.Дулаттың «Еспембет» дастаны: тарихи-этнографиялық және поэтикалық ерекшеліктері.
- •15.Дулаттың «Шаштараз» дастанының дидактикалық-эстетикалық тағлымы
- •16.Жанрлық дамулар, жазба әдебиетінің қалыптасуы.
- •17.Зар заман ақындары шығармашылығына жаңаша көзқарас.
- •18.Зар заман» ағымы туралы түсінік.
- •19.Зар заман» толғауына талдау жасау.
- •20.Құлыншақ пен Майлықожаның айтысының тақырыбы
- •21.Майлықожа мысалдарының гуманистік-эстетикалық ұлағаты.
- •22.Майлықожаның айтыстары.
- •23.Майлықожаның арнау өлеңдерінің тақырыбы (мысал келтіріңіз).
- •24.Майлықожаның толғау-термелеріндегі философиялық ғибратты ойлар (мысал келтіріңіз).
- •25.Махамбет өлеңдерінің бейнелілігі (бір өлеңін жатқа оқып, талдау жасаңыз).
- •26.Махамбет өлеңдерінің философиялық-дүниетанымдық тереңдігі.
- •27.Махамбет Өтемісұлы – ұлт-азаттық көтеріліс жыршысы.
- •28.Махамбет поэзиясындағы Исатай бейнесі.
- •29.Махамбет шығармаларының жариялануы, зерттелуі.
- •30.Мәделі қожаның айтыстары, толғау термелерінің тақырыбы. Мәделі шығармашылығының зерттелуі
- •31.Нұрымның шығармашылығы. Маңғыстаудың жыршылық дәстүрі.
- •32.Орынбай шығармаларының жариялануы, зерттелуі.
- •33.Орыстың отаршыл саясаты. Әлеуметтік-экономикалық жағдай.
- •34.Сүйінбай Аронұлының адамгершілік-тәрбиелік толғау өлеңдері.
- •35.Сүйінбай мұрасының жариялануы мен зерттелуі.
- •36.Хіх ғасыр басындағы саяси өзгерістер. Хандық биліктің жойылуы.
- •37.Хіх ғасыр әдебиетіне ислам дінінің әсер-ықпалы.
- •38.Хіх ғасыр әдебиетінің жалпы сипаттамасы.
- •39.Хіх ғасыр әдебиетінің зерттелуі.
- •40.Хіх ғасырдағы әдеби ағымдар мен, бағыттар.
- •41.Хіх ғасырдың і жартысындағы тарихи-әлеуметтік жағдай.
- •42.Шернияз Жарылғасұлы мұрасының зерттелуі. Шығармаларының мазмұны мен тілі, жариялануы,
- •43.Шернияз толғау термелерінің философиялық болмысы.
- •44.Шернияз шығармашылығындағы Исатай, Махамбет көтерілісіне байланысты өлеңдер.
- •45.Шернияздың шешендік өнері (өлеңдеріне мысал келтіріп, талдау жасаңыз).
- •46.Шортанбай айтыстарындағы сыншыл өткірлік, бейнелі тіл нақыштары. Шортанбай айтыстарының эстетикалық-поэтикалық өнегесі.
- •47.Шортанбай дастандары. Тақырыбы, көркемдігі.
- •48.Шортанбай шығармаларындағы зар заман сипаты.
- •49.Шортанбай шығармашылығындағы имандылықты уағыздау сарыны (мысал келтіріңіз).
- •50.Шортанбайдың үлгі - өнегелік тәрбиелік мәндегі толғаулары.
- •51.Шөже Қаржаубайұлы шығармаларының зерттелуі.
- •52.Шөже мен Балтаның айтысының көркемдігі.
18.Зар заман» ағымы туралы түсінік.
Қазақ әдебиетіндегі байырлық рух ХVІІІ ғасырда жоңғарлар мен қарсы күресте ХІХ ұлт азаттық күресте, (Махамбет, Нысанбай) қайта көтерілгенмен, Қазақстанның Ресей құрамына өтуі нәтижесінде зар заман кезеңі басталды. Қоғамда болып жатқан өзгерістерге өзіндік көз қараста болған және сол бағытта жырлаған ақындарды М.Әуезов «Зар - заман» жыршылары деп атаған болатын және әдебиеттану тарихында да олар осылай айтылды. Тарих ғылымының докторы М.Қойгелдиев отаршылдық бұғауына мықтылап байлаған халықтың мың-мұхтажы мен қайғы - қасыретін жырлаушыларды «Зар-заман » мектебінің ойшылдары деп атады. Бұл термин алғаш 1927 жылы енгізілген еді. Зар-заман кезеңінде ғұмыр кешкен орталық езгіге түскен қазақ халқының тағдырын мұң – зармен жырлаған ақындар шоғыры.
19.Зар заман» толғауына талдау жасау.
Шортанбайдың "Зар заман" толғауы – заман, қоғам, халық тұрмысы, ел өмірі, жер, қоныс қысымы, отаршылар мен жергілікті әкімдердің озбырлығы, жаңа қарым-қатынастан туындаған тонаудың жаңа түрлері, сатқын ел билеушілер, бұзақы топта, т.б. суреттейді. Елді қанаушылардың жаңа тобының ақшалы байлар, алыпсатарлар, саудагерлер екенін ақын айқын көрсетеді. Ақшаға байланысты елдегі қайғы қасіреттің де шынайы суреті жасалады: Арам арсыз жан шықты,Қайыры жоқ бай шықты.Сауып ішер сүті жоқ, Мініп көрер күші жоқ, Ақша деген мал шықты. Қазақ қоғамын билеп-төстеген сол тұстағы әкімдер тобы – халыққа қарсы боп, елдің басына зобалаң орнатып жатқан қу мен сұмдар. Халықтың бұрын-соңды болған дәстүрлі билігі жойылды. Елдің өзіндік салты, өнегелі басшы адамдары ығысты. Ел билегенде титтей де адалдық қалмады деп өз сынын күшейте түседі. Халық қайғысының қалыңдауына негізгі себеп – отаршыл патша өкіметінің озбыр саясаты және оны жүргізіп жатқан жергілікті әкімдер. Генерал, майор, князь, тілмәш, дуанбасы, оның соты, әскері, түрмесі, т.б. Бұлар елді еркіндіктен айырған, дәулетін судай шашқан аждаһа іспетті. Халық қайғысының негізгі себепкерін "Жалмауыз болда ұлығың", - деп әкімдерден көреді. М: Заман қайтып оңалсын,Адам қайтып қуансын. Жанарал болды ұлығың,Майыр болды сыпайы.Айрылмайтын дерт болды, Кедейге қылғап зорлығың,Князьді көрдің піріндей, Тілмәшті көрдің биіңдей. Дуанды көрдің үйіндей, Абақты тұр алдында,Қазылып қойған көріндей. Қолынан шығып кеткен мекендеріне іштері қазандай қайнап, жоқтау айтып, зар жылады. Патшалықтың ең ілкі тырнағына ілінген Сарыарқа, Еділ, Жайық, Есіл, Ертіс жер суларының шұрайлы бойларынан айрылу шымбайына қатты батты. Бұл заманның енді бір кесапаты ол халықты өзінің ғасырлар бойы қалыптастырған кәсібінен, тіршілік қамынан, үйреншікті, сүйегіне сіңген әдет-ғұрпынан, наным-сенімнен, иманнан, дағдылы ел билеу салтынан айырды. Адамы, азаматы, оларды мінез-құлқы, іс-әрекеті өзгерді. Олар тәуелсіздігінен айрылды. Құлдық тәуелсіздік қамытын киді. Өзіндік дербестігі жойылды. Міне, осының бәрі ақынның зарлы-шерлі толғаулары арқылы сыртқа шықты.
20.Құлыншақ пен Майлықожаның айтысының тақырыбы
Құлыншақ ақын Майлықожамен ауызша айтысумен қатар оңтүстік ақындарында бар дәстүрмен жазбаша хат арқылы да айтысқан деген дерек болғанымен, жазбаша айтысы бізге жетпеген. Аз сөзі сақталған Майлықожамен айтысында әлеуметтік дертті ашудан гөрі, ру мен руды салыстыру, байлық, көптік, бектік санасу сарыны басым. Бұрыннан дос екі ақынды елдің "игі жақсылары" қымыздың қызуына желігіп, еріксіз қолқалап айтыстырғаны, бір-бірімен себепсіз жамандасуға бұлардың зауқы болмағандығы байқалады". Мұнда екі ақынның айтысы бір-бірімен сәлемдесуден басталып, бір-бірінің ақындық өнердегі ерекшеліктерін, бір-бірінің жақсы қасиеттерін тілге тілек етумен жалғасып, содан кейін екеуінің айтысқа түсулерінің жағдайлары сөз болады. Майлықожаның Құлыншаққа "Менімен кім айтысар сенен өзге", "Ақын ең бағың қалың, озған атың", "Бар едік екі жүйрік құдай берген", "Өлеңге мен де дүрмін, сен де дүрсің", " Бар едік екі ақын мақтап жүрген", "Аузыңның қыдыры бар кісі едің" деген сөздері мен Құлыншақтың Майлықожаға "Қара дауыл өлеңге дүрсің, қожам", Қосылдық екі жүйрік сайымызға", "Қожеке, сөзіңе жұрт тоймас ұсайд" деген өлең жолдарынан бір-бірінің ақындық өнерін бағалауы, сыйластығы айқын көрінеді. Екі ақын да өздерінің күнкөрісі сол өлкені жайлап жатқан елге тікелей тәуелді екенін түсініп қана қоймайды, өздерін сол ел-жұртқа барынша қарыздар, міндеткер өнер иелері деп ұғады. Айтыс Құлыншақтың Майлықожаға: «Қоңсым едің ежелден ауқат көрген», «Ежелгі қоңсылықпен күнің кешіп», деген түрде айтылған сөздерінен кейін шиеленісе түседі. Майлықожа Құлыншақ ақынға адамды адам асырамайды, әркім Алланың берген несібесімен күнін көреді деген сияқты ойларын айтып, одан әрі қарай екі ақын әрқайсысы өз елінің артықшылық, кемшіліктерін теріп айта бастайды. Құлыншақ қоңыраттың қалың іргелі ел екенін, қожаның азшылығын айтып Майлықожаны мүдіртпек болады. Ал Майлықожа өзінің қожа екендігін, тектілігін айтып, Құлыншақты ислам діні қағидаларымен сүріндірмек болады. "Құлыншақ пен Майлықожа айтысы", түптеп келгенде, өткендегі айтыстардың ортасынан ойып орын алмағанымен, тапқырлық-шешендік өнердің өнегелі ескерткіші ретінде ерекшеленетін шығарма екені даусыз. Айтыс өнеріне тән бар асыл қасиетті жинақтаған, тәлім-тәрбиелік мәні бар елеулі еңбек.
