Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ХІХ г І ж.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
110 Кб
Скачать
☆

40.Хіх ғасырдағы әдеби ағымдар мен, бағыттар.

Бұл ғасыр үлкен-үлкен құбылысты оқиғаларға да, күрделі де шиеленісті әлеуметтік тартыстарға да толы болды. Бұл кезеңде әдебиет пен халық тарихы біте қайнасып, кірігіп кеткендей еді. Қазіргі әдебиеттануда "жаңа дәуір әдебиеті" деп атала бастаған бұл кезеңдегі әдебиет шынында да тарихи алғышарттары мен себеп-салдарларына орай дәстүрлі арнадан шығып жаңа сипаттарға ие бола бастады. Қазақ даласында ХІХ ғасырда патшалы ресей отарлаушылары жүргізген саяси-әлеуметтік өктемдік пен басқару жүйесіндегі реформалардың себеп-салдарлары сол кезеңдегі қазақ әдебиеті шығармаларынан да жан-жақты көрініс тапты. Хандық басқару жүйесі ыдырағаннан кейін, үздік-создық ұлт-азаттық қозғалысына ұласқан наразылық жалпыхалықтық қуатты күшке айналып кетуге түрлі ішкі-сыртқы жағдаяттар кедергі болса да, халықтың мұң-мүддесі тарихи жыр, дастан, толғауларда буырқанып көрінді. Әдеби шығармалар жанрлық жағынан да, көркемдік бітімі турасында да, идеялық мазмұны жөнінен де көп ілгеріледі. Қазақ әдебиеті тарихының ең бір тынысты, мазмұнға бай кезеңі - ХІХ ғасыр шығармаларын шартты түрде екі кезеңге бөліп қарауға тура келеді. Бірінші кезең - ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы әдебиет, екінші кезең - ғасырдың екінші жартысындағы әдебиет. Жалпы алғанда бағыт пен ағым сөзі бір біріне синоним ретінде қолданылады Х1Х ғасыр  әдебиетін «зар заман» әдебиеті атаған. Мұрат Мөңкеұлының, Базар Оңдасұлы Өтемісовтің, Шәңгерей Бөкеевтің, Ақтан Керейұлының, Әріп Тәңірбергенұлының, Нұржан Наушабайұлының, Әсет Найманбаевтың  өнерпаздық жолдары да кеңінен қарастырылған.

41.Хіх ғасырдың і жартысындағы тарихи-әлеуметтік жағдай.

Жалпы 19 ғ-дағы әдеби тіл екі сапалы белекке белініп түрады. 19 ғ-дың 1-жартысы патша үкіметінің Қазақстан жерін отарлау әрекетінің ең бір шешуші көзеңі болды. Қазақ даласының көптеген жері Ресей империясының қүзырына кіріп, ел басқару билігін патша үкіметі толықтай өз қолына алды. Ол үшін 20 жылдары хандық басқару жүйесін жойды да, ел басқару мен сот-билік жүргізудің жаңа тәртібін енгізді. Бұл жаңа устав бойынша қазақ елі әкімш. округтерге, округтер болыстарға, болыстар ауылдарға бөлінетін болды. Бұрынғы ата-бабаның әдет-ғурпымен билік айтып шешім қабылдайтын билермен бірге ауыр қылмыстар мен саяси істерді қарайтын жаңа сот жүйесі пайда болды. Елеулі экономикалық өзгерістер енді. Әсіресе сауда- саттық күшейді. Саудаға қазақ байлары араласа бастады. Қазақжерінде ашылған жәрмеңкелердің саны көбейді. Егіншілік кәсібі етек жайып, егіс қуралдары қолданыла бастады. Сауданың жедел дамуына байланысты саудагерлер, алыпсатарлар, өсімқорлар шықты. Қулдардың әлеуметтік тобы жойылып, төлеңгіттер султандар жанынан кетіп, жеке руға айналды. Батырлар мен билердің әлеуметтік сипаты біраз өзгерді, жатақ, усақ қоленершілер пайда болды. Бұл көзде қазақ даласында ана тіліндегі мектептер, баспасөз, кітап шығару ісі болған жоқ. 1822 жылғы Устав бойынша қазақтарға балаларын орыс мектебіне беруге рүқсат берілгенімен, онда оқитын қазақ балаларының саны тым аз болатын. Россияның Қазақстан территориясын отарлауы аяқталуымен байланысты халықтың патриархалдық тұрмыс-тіршілігі бірте-бірте өзгеріп, көшпелі ел отырықшылыққа ауысып, мал ш-мен қатар егіншілік кәсіппен де айналыса бастады, сауда-саттық күшейді. Қалалар саны көбейді, әр жерден кен көздері ашылып, өндіріс орындары пайда бола бастады. Қазақ қоғамының қүрылысына да өзгерістер ене бастады, жаңа әлеуметтік топтар пайда болып, кенөлері тарих сахнасын босатты. Рухани өмірде де жаңалықтар орын алды. Қазақ халқы оқу-біліммен етене жақындаса бастады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]