- •«Қоршаған ортаны қорғау метеорологиялық негіздері» пәнінің мақсаты мен шешетін мәселелерін түсіндіріңіз.
- •Қоршаған орта күйі мен ластану туралы мәліметтерді автоматты түрде өңдеу ерекшеліктерін сипаттаңыз.
- •Атмосфера күйіне кешенді зерттеулерді ұйымдастырғанда ерекшеліктері мен мақсатын көрсетіңіз.
- •4. Смог және олардың түрлеріне анықтама беріңіз.
- •6.Атмосфера ластануына әсер ететін метеорологиялық факторлар.
- •7. Қандай атмосфералық ауа сапасын қадағалайтын нормативтерді білесіз.
- •8. Өнеркәсіптерде қалдықсыз және аз қалдықты өндірістің дамуына сипаттама беріңіз.
- •Рационалды табиғатты пайдаланудың негізгі бағыттарын бағалаңыз.
- •Табиғатты рационалды пайдаланудың негізгі бағыттары
- •Санитарлы қорғау аймақтарының шекарасын орнатудың тәсілдерін көрсетіңіз.
- •11. Метеоэлементтерге бақылау жүргізуге, ластану деңгейін тексеруге және сынаманы сұрыптауға арналған жабдықтарды сипаттаңыз.
- •12. Елді мекеннің атмосфералық ауасына бақылау жүргізу ұйымдарына сипаттама беріңіз.
- •1) Стационарлық орындарда жұмыстың келесі түрлері жүргізіледі:
- •13. Атмосфералық ластану потенциалы туралы түсінігіне анықтама беріңіз.
- •14. Атмосфераның ластану индексін сипаттаңыз.
- •15. Қоршаған орта мониторингісінің глобальді жүйесін түсіндіріңіз.
- •16. Қр экологиялық мониторингісінің бірыңғай мемлекеттік жүйесіне (эмбмж) сипаттама беріңіз.
- •17. Эмбмж функциялары және құрылу принциптерін. Обьектілі, жергілікті, аймақты және республикалық деңгейдегі мониторингті көрсетіңіз.
- •18. Озонның, фреондардың, парниктік газдардың және атмосфералық қоспалардың қазіргі проблемаларына мысал келтіріңіз.
- •19. Шмк орнатудың негізгі тәсілдерін сипаттаңыз.
- •20. Атмосферадағы ластаушы заттардың қайта таралуына әсер ететін факторларды көрсетіңіз.
- •1) Стационарлық орындарда жұмыстың келесі түрлері жүргізіледі:
- •21. Қр эмбмж бақылауының әдістері мен тәсілдерін.
- •22. Атмосфераның ластану күйін тексеру. Тексерудің түрлері мен мақсатын түсіндіріңіз.
- •23. Жерге жақын қабатта ластаушы заттардың жинақталуына әкелетін жағдайларды сипаттаңыз.
- •24. Атмосфера тазалануына әкелетін негізгі метеорологиялық факторларды көрсетіңіз.
- •25. Химия және мұнай химия өнеркәсіптерден атмосфераға қандай ластаушы заттар бөлінетінін түсіндіріңіз.
- •26. Озон қабатының бұзылуы, оны қорғау. Озон қабатына анықтама беріңіз.
- •27. Атмосферадағы қоспалардың тасымалдануы мен шашырауының жалпы заңдылықтарын түсіндіріңіз.
- •28. Қозғалмалы типтегі «Атмосфера-2» лабораториясының тағайындалуын сипаттаңыз.
- •29. Жылуэнергетикалық комплекстен атмосфераға қандай ластаушы заттар бөлетінін көрсетіңіз.
- •30. Атмосфера ластануының метеорологиялық жағдайларына сипаттама беріңіз.
- •31. Атмосфераны ластайтын өнеркәсіптік қайнар көздерінің жіктелуін анықтаңыз.
- •32. Комплексті типті «пост-2» лабораториясының тағайындалуы және жалпы сипаттамасын көрсетіңіз.
- •33. Атмосфералық ауа ластануына бақылау бекеттердің негізгі түрлерін көрсетіңіз.
- •1) Стационарлық орындарда жұмыстың келесі түрлері жүргізіледі:
- •34. Шырақасты бақылауларды орналастырудың ерекшеліктерін көрсетіңіз.
- •35. Тұрақты бекеттердің саны қалай анықталатынын көрсетіңіз.
- •Тұрғындардың сандарына байланысты стационарлық постардың аз есепті мөлшері (млн. Адам)
- •36. Әуе кеңістігінің ластануы мен жалпы сипаттамасына анықтама беріңіз.
- •37. Алп (атмосфераның ластану потенциалы) аналитикалық ұсыну жолдарын көрсетіңіз.
- •38. Өнеркәсіпті аудандағы ауаның ластану деңгейін сипаттаңыз. Атмосфера жағдайына кешенді зерттеуді ұйымдастырудың мақсаты мен ерекшеліктерін бағалаңыз.
- •39. Ұйымдаспаған тасталымның жалпы көлемін қандай теңдеумен сипаттауға болатынын көрсетіңіз.
- •41. Су обьектілеріндегі нормативті температураны анықтайтын формуланы көрсетіңіз.
- •43. Фильтрация алқаптарын түсіндіріңіз.
- •44. Су обьектісіндегі шекті мүмкіндік тасталым деген не, оның формуласын анықтаңыз.
- •45. Ластаушы заттардың қауіптілік категорияларына анықтама беріңіз.
- •46. Шекті мүмкіндік концентрациясы, оның түрлерін көрсетіңіз.
- •47. Атмосфераға түсетін жылдық тасталымдардың жеке ластану көздері үшін экономикалық зиянды анықтайтын формуланы көрсетіңіз.
- •2.Берілгені:
Атмосфера күйіне кешенді зерттеулерді ұйымдастырғанда ерекшеліктері мен мақсатын көрсетіңіз.
Атмосфера ауасының күйін реттеу мен бақылау қызметі 2 жүйеден тұрады: бақылаудан (мониторинг) ж/е реттеуден.
1-жүйе – ластанудың нақты қайнар көзінен тыс орналасқан қала/да, елді мекендер мен аймақ/да атм/а ауасының сапасын бақылауды қамтамасыз етеді. Атм/а ауасында фондық бақылау антропогендік қарқынды әсер ету аудан/да ж/е ластану көз/інен қашық аудан/да жүргізіледі.
Ластану көз/іне әлдеқайда қашық аймақ/да жүргізілген бақылаулар, ластаушы зат/дың фондық конц/сын, биоортаға әсер ету ерекшелік/ін анықтауға мүмкіндік береді.
Ереже б/ша фондық бақылаулар фондық экол/қ мониторингтің арнайы бағдарламасы б/ша қорықтар мен қорық территория/ында өткізіледі.
Биосфералық қорық/да атм/қ ауа ластануын болжау мен бағалау атм/а құрамындағы қалқымалы бөлшектер қорғасын, кадмий, мышьяк, сынап, бензопилен, сульфаттар, күкірт диоксиді, азот оксиді қосылыс/ды сараптау жолымен жүзеге асырылады.
Фондық экол/қ мон/г бағд/сы с.қ. биоортаны санамағанда барлық ортада антропогендік ластаушы зат/дың фондық деңгейін анықтаудан тұрады.
Фондық станция/да атм/а ауасының ластану күйін өлшеуден басқа мет/қ өлшеулер де жүргізіледі. Фондық станция/дан алынған мәлімет атм/қ ауа ластануының глобальды өзгерістерінің күйі мен тенденция/ын бақылауға мүмкіндік береді.
Атм/қ ауа ластануының фондық деңгей/ін бақылау кезінде қоспа/дың тасымалдану модель/і жасалады ж/е гидромет/қ техногендік фактор/дың тасымалдану процесіндегі рөлі анықталады.
Фондық станция/да келесі жұмыс/ы зерттеледі:
-Бақылаулар торабын құру критерий/і;
-Реттелетін қоспалар тізімі;
-Өлшеу мәлімет/ін өңдеу мен реттеу әдістемесі;
-Ақпарат ж/е құрал алмасу ж/е халық/қ бірлесу тәсіл/і.
Ауа сынама/ы өсімдік беткейінің үстінде 10 м-ден кем емес биәктәкте алынуы к/к екені анықталған. Фондық м/г станция/ында атм/қ ауа сапасын анықтау физ/қ, хим/қ ж/е био/қ көрсеткіштер б/ша жүзеге асырылады.
Қарқынды антропогендік әсер ету зат/ында атм/қ ауа ластаушы/ын реттеуді ұйымдастырудың қажеттігі матем/қ ж/е физ/қ модель/дің пайдалануы арқ. тәжірибелік ж/е теориялық зерттеу/мен анықталады. Мұндай қадам зиянды заттар түсуінің стационарлы ж/е қозғалмалы көз/і бар қала/да н/е кез келген елді мекендегі атм/а ауасының қайсы бір қоспа мен ластану деңгейін бағалауға мүмкіндік береді.
Мет/қ параметр/ді, с.қ. желдер кестесін біле отырып, матем/қ ж/е физ/қ модель/ді пайдалану арқ. кез келген жағдайда атм/қ ауадағы ластаушы зат/дың конц/ның алқап/ын есептеуге болады.
Егер олар қоспа конц/ң бекітілген норматив/ден асып түсуі ықтимал болса, онда белгілі аймақта осындай қоспаға үнемі бақылау қоюы к/к.
Егерде мұндай ықтималдық болмаса ж/е өнеркәсіп, энергетика, автокөлік дамуының болашағы жоқ болса, онда атм/қ ауа күйін бақылайтын стационарлы бекет/ді орнатудың қажеттігі шамалы.
4. Смог және олардың түрлеріне анықтама беріңіз.
Смог — өнеркәсіп орталықтары мен ірі қалалардың қатты ластанған ауасы, құрамы түтін, тұман және шаңнан тұратын аэрозоль. Түтін немесе кәсіпорынның газ қалдықтары қосылған қалың тұман және шоғырлануы жоғары тозаңдар мен ащы газдардың бүркеніші (тұмансыз) болып саналады.
Смог өндірісі жақсы дамыған қалалардың атмосферасында отынды құрғақ айыру кезінде пайда болатын күйенің, күлдің ұсақ бөлшектерінен құралады; ал ылғалды атмосферада сұйық тамшы түрінде кездеседі. Ауа райы құрғақ, ыстық кезде смог сарғыш бүркеніш сияқты болып көрінеді. Атмосферада жиналған смог адамдардың денсаулығына өте қауіпті. Смогтың салдарынан тұрғындар арасында тыныс алу және қан айналысы органдарының аурулары көбейеді.
Алғаш рет 1905 жылы доктор Генри Антуан де Воның «Тұман және түтін (Fog and Smoke)» мақаласында «Smog» деген терминді қолданды. 1905 жылы 26-шілдеде лондондық Daily Graphic газеті жаңа терминнің пайда болғандығы жайлы және келесі күні доктор Генри Антуан де Воның қоғам үшін үлкен еңбек атқарғанын жазды. Доктор Во тілге тиек еткен түтін Лондон қаласында пайда болған тұманды түтін болатын.
Құрғақ смог (лос-анджелестік смог) – күн радияциясының әсерінен қалдық газдарда болатын фотохимиялық реакцияның салдарынан пайда болатын смог. Тұмансыз, ауаның түсі көкшілдеу түске боялып, ауада улы газдар тарайды.
Ылғалды смог (лондондық смог) – табиғи тұманның өндіріс орындарынан шыққан газдар мен түтіндерге араласуынан пайда бол-ған смог. Бұндай смог тұманды Лондонға тән.
Радиациялық тұман – жердің беті радиациялық процесс бойынша салқындағанда тұман пайда болады. Оған қоса шықтың (шөптердің бетіндегі шық) бойындағы ылғалдылық бар болып, екеуі тұман түзеді. Ондай тұман жердің беткі қабатындағы жылы ауа массасын жоғарыға жібермей ұстап қалады. Ал ол дегеніміз өндіріс орталықтарында смог түзеді деген сөз.
Смог үлкен қалалар мен индустриялық өндіріс орталықтарында кез-келген ауа-райы жағдайында пайда болады. Оған себеп — ауаның ластығы. Смог жаздың ыстық күндері, желсіз күндері қауіптірек болады. Өйткені ауаның жоғарғы қабаты қатты ысып кеткен-діктен ластанған ауаны жоғары жібермей ұстап қалады. Мұндай жағдай таудың тасасы мен сайлы аймақтарда орналасқан қалаларда жиі болады. Оған мысал ретінде Алматы қаласын атауға болады. Алматының ауасы қысы-жазы түтінді әрі тұманды болып тұрады. Бір рет пайда болған смог тезірек тарай қоймайды. Оның басты себебі — Алматының шетіндегі биік таулар мен қаладағы құмырсқадай қаптаған автокөліктер.
Алматыдағы ауаның ең жоғарғы дәрежеде ластануы 2007 жылы тіркелген. Ол жылы ауаға 185 мың тонна ауаны ластағыш заттар қосылған. Оның 161,3 мың тоннасы қаладағы автокөліктердің еншісіне тиеді. Ал автокөліктерді алып қарасақ, олардың басым бөлігі шет елдерден әкелінген «қоқыс» жеңіл автокөліктер болып табылады. Жеңіс автокөліктерден бөлініп шығатын зиянды газдар 161,3 мың тоннаның 78% құрайды. Ал қоғамдық көліктер 14%, жүк көліктері 8%. Шет елдерден әкелінетін көліктерге қатаң бақылау орнатылмаса, Алматыда іске қосылған метро ауа тазалығын жақсартуға көмектесе алуы өте қиындау. Тіпті, көліктерге қатысты енгізілген «Еуро-1» стандарты да ешқандай мәселені шешпеген сыңайлы. Қазірге кезде Еуропа «Еуро-5» стандартымен жұмыс істеуге көңіл бөлуде.
Әлемдегі халқы көп қалалардың ішінде смогтан ең көп зардап шегетін қалалардың қатарына мыналарды жатқыза аламыз: Лондон, Лос-Анджелес, Мехико, Афины, Гонконг, Пекин және Москва. Гонконгтағы смогтан биік ғимараттардың басы көрінбейтіндей жағдайға жетеді. Мұндай жағдайлар Қытайдың өндірісті және халқы көп шоғарланған аймағында байқалады. Ресейде жыл сайын смогтың кесірінен 300 мың адам көз жұмады екен. Ал БҰҰ-ның деректері бойынша әлемде 1 млрд.-тан астам адам лас ауамен тыныс алса, жыл сайын 3 миллион адам ластанған ауаның кесірінен көз жұмады.
Смог табиғи жолмен де пайда болады. Мысалы, жанартаулар атқылаған кезде ауаға көтерілетін күкіртті газ көбейіп, атмосферада смог түзіледі. Мұндай жанартаулық смогты ағылшынша Vog (Vulcan fog) деп атайды. Табиғи смог Индонезияда да орын алады. Онда өртке оранған орманнан шыққан смогқа ұқсас түтін Индонезиядан бөлек Тайландқа, Филиппинге, Сингапурға және Малайзияға дейін жетеді.
5.Тұрақты бекеттерді ұйымдастыру ерекшеліктері. Атмосфера ластану жағдайына репрезентативті бақылауды жүргізу үшін зерттелетін территорияда бақылау бекетін дұрыс орналастыру керек. Бақылау бекеттерінің орнын таңдаған кезде келесі мәліметтерді алуымыз тиісті: 1)сол ауданға қатысты ауа ластану деңгейі;2)қоспалардың концентрациясы оны анықтаған кезде бір нүктені алуымыз керек, не өндірістің не автокөліктің қасында, яғни ластаушы көздің қасында болса ғана сол кезде анықталады.. Бірінші жағдайда бекет жеке тұрған ластаушы көздің әсері жоқ жерде орналастырады. Жеке тұрған ластаушы көздері, яғни қаладағы ауа ластану деңгейін қарастырады. Екіші жағдайда бекет бекет қай жерде орналасуы керек? Бекет қоспаның мах концентрациялы аймағында орналасуы қажет.Дәл ластаушы көздің қасында болуы керек. Әр бекет категорияға байланысты емес, ашық желеденетін алаңда орналасуы керек.Орта шаңданбайтын жерде орналасу қажет. Тұрақты бекетте ластаушы заттарға үздіксіз тіркеу жүргізіледі.Берілген және белгілі бір уақытта ауа сынамалары алынып тұрады. Берілген және белгілі бір уақытта ауа сынамаларын алып тұрады.
Тұрақты бекеттер келесі түрге бөлінеді: 1) Негізгі тұрақты бекет-ластаушы заттардың ұзақ мерзім өзгерісін бақылайды: 2) спецсификалық бекеттер.
Тұрақты бекеттердің орналасу орны қаланың даму бас жоспарымен сәйкес болуы керек. Бұл жерде әр қаланың өзінің даму жоспары болады. Бұл бекеттерді қаланың даму жоспарымен байлалныстырып орыру керек.
Тұрақты бекеттердің саны келесілермен анықталады: 1)қаладағы аудан санына.Неғұрлым адам саны көп болса, бекеттің саны да көп болуы қажет.2) индустрализация деңгейіне және рельефке; 3)қаланың ауданына. Бір бекет 50 мың тұрғындарға дейін орналасады. Мысалы оған кішкене қалалар жатады.Екі бекет 50 мыңнан 100 мыңға дейін. Екі н/е үш бекет 100-200 мыңға дейін.Үш бекеттен бес бекетке дейін 200-500 мыңға дейін. Бес н/е он бекет 500 мыңнан жоғары. Бекеттің саны кейбір жағдайларда көбейтілуі мүмкін. Мысалы, күрделі рельефта, егер ластаушы көздер көп болатын болса және де ауаның тазалығы маңызды болса, яғни демалыс орны, тарихи ғимараттар болса.
Тұрақты бекеттердегі бақылаулар 4 түрге бөлінеді: 1)толық 2)толық емес 3)қысқартылған 4) тәуліктік. 1) Толық бағдарламасы орташа тәуліктік концентрациялар туралы мәліметтерді алуға арналған.Толық бағдарламасы бойынша бақылаулар үзіліссіз күнделікті автоматты түрде тіркеу қондырғылары көмегімен 1,7,13,19 сағаттарда жүргізіледі, яғни жергілікті уақыт бойынша.2) Толық емес бағдарлама бойынша күнделікті 7,13,19 жергілікті уақыттарда бір реттік концентрациялар туралы мәліметтерді алуға арналған.3)Қысқартылған бағдарлама бойынша бақылаулар тек қана бір реттік концентрациялар үшін жүргізіледі. Жүргізу уақыттары 7,13 уақыттарында. 4) Тәуліктік бағдарламасы бойынша сынамаларды сүрыптау орташа тәуліктік концентрациялар туралы мәліметтерді алуға арналған. Ауа сынамаларын сұрыптау кезінде келесі метеолрогиялық параметрлер анықталады.1)Желдің бағыты мен жылдамдығы;2)ауа тем-сы;3) төселме беткей мен ауа райының жағдайы, яғни күйі.
