- •«Қоршаған ортаны қорғау метеорологиялық негіздері» пәнінің мақсаты мен шешетін мәселелерін түсіндіріңіз.
- •Қоршаған орта күйі мен ластану туралы мәліметтерді автоматты түрде өңдеу ерекшеліктерін сипаттаңыз.
- •Атмосфера күйіне кешенді зерттеулерді ұйымдастырғанда ерекшеліктері мен мақсатын көрсетіңіз.
- •4. Смог және олардың түрлеріне анықтама беріңіз.
- •6.Атмосфера ластануына әсер ететін метеорологиялық факторлар.
- •7. Қандай атмосфералық ауа сапасын қадағалайтын нормативтерді білесіз.
- •8. Өнеркәсіптерде қалдықсыз және аз қалдықты өндірістің дамуына сипаттама беріңіз.
- •Рационалды табиғатты пайдаланудың негізгі бағыттарын бағалаңыз.
- •Табиғатты рационалды пайдаланудың негізгі бағыттары
- •Санитарлы қорғау аймақтарының шекарасын орнатудың тәсілдерін көрсетіңіз.
- •11. Метеоэлементтерге бақылау жүргізуге, ластану деңгейін тексеруге және сынаманы сұрыптауға арналған жабдықтарды сипаттаңыз.
- •12. Елді мекеннің атмосфералық ауасына бақылау жүргізу ұйымдарына сипаттама беріңіз.
- •1) Стационарлық орындарда жұмыстың келесі түрлері жүргізіледі:
- •13. Атмосфералық ластану потенциалы туралы түсінігіне анықтама беріңіз.
- •14. Атмосфераның ластану индексін сипаттаңыз.
- •15. Қоршаған орта мониторингісінің глобальді жүйесін түсіндіріңіз.
- •16. Қр экологиялық мониторингісінің бірыңғай мемлекеттік жүйесіне (эмбмж) сипаттама беріңіз.
- •17. Эмбмж функциялары және құрылу принциптерін. Обьектілі, жергілікті, аймақты және республикалық деңгейдегі мониторингті көрсетіңіз.
- •18. Озонның, фреондардың, парниктік газдардың және атмосфералық қоспалардың қазіргі проблемаларына мысал келтіріңіз.
- •19. Шмк орнатудың негізгі тәсілдерін сипаттаңыз.
- •20. Атмосферадағы ластаушы заттардың қайта таралуына әсер ететін факторларды көрсетіңіз.
- •1) Стационарлық орындарда жұмыстың келесі түрлері жүргізіледі:
- •21. Қр эмбмж бақылауының әдістері мен тәсілдерін.
- •22. Атмосфераның ластану күйін тексеру. Тексерудің түрлері мен мақсатын түсіндіріңіз.
- •23. Жерге жақын қабатта ластаушы заттардың жинақталуына әкелетін жағдайларды сипаттаңыз.
- •24. Атмосфера тазалануына әкелетін негізгі метеорологиялық факторларды көрсетіңіз.
- •25. Химия және мұнай химия өнеркәсіптерден атмосфераға қандай ластаушы заттар бөлінетінін түсіндіріңіз.
- •26. Озон қабатының бұзылуы, оны қорғау. Озон қабатына анықтама беріңіз.
- •27. Атмосферадағы қоспалардың тасымалдануы мен шашырауының жалпы заңдылықтарын түсіндіріңіз.
- •28. Қозғалмалы типтегі «Атмосфера-2» лабораториясының тағайындалуын сипаттаңыз.
- •29. Жылуэнергетикалық комплекстен атмосфераға қандай ластаушы заттар бөлетінін көрсетіңіз.
- •30. Атмосфера ластануының метеорологиялық жағдайларына сипаттама беріңіз.
- •31. Атмосфераны ластайтын өнеркәсіптік қайнар көздерінің жіктелуін анықтаңыз.
- •32. Комплексті типті «пост-2» лабораториясының тағайындалуы және жалпы сипаттамасын көрсетіңіз.
- •33. Атмосфералық ауа ластануына бақылау бекеттердің негізгі түрлерін көрсетіңіз.
- •1) Стационарлық орындарда жұмыстың келесі түрлері жүргізіледі:
- •34. Шырақасты бақылауларды орналастырудың ерекшеліктерін көрсетіңіз.
- •35. Тұрақты бекеттердің саны қалай анықталатынын көрсетіңіз.
- •Тұрғындардың сандарына байланысты стационарлық постардың аз есепті мөлшері (млн. Адам)
- •36. Әуе кеңістігінің ластануы мен жалпы сипаттамасына анықтама беріңіз.
- •37. Алп (атмосфераның ластану потенциалы) аналитикалық ұсыну жолдарын көрсетіңіз.
- •38. Өнеркәсіпті аудандағы ауаның ластану деңгейін сипаттаңыз. Атмосфера жағдайына кешенді зерттеуді ұйымдастырудың мақсаты мен ерекшеліктерін бағалаңыз.
- •39. Ұйымдаспаған тасталымның жалпы көлемін қандай теңдеумен сипаттауға болатынын көрсетіңіз.
- •41. Су обьектілеріндегі нормативті температураны анықтайтын формуланы көрсетіңіз.
- •43. Фильтрация алқаптарын түсіндіріңіз.
- •44. Су обьектісіндегі шекті мүмкіндік тасталым деген не, оның формуласын анықтаңыз.
- •45. Ластаушы заттардың қауіптілік категорияларына анықтама беріңіз.
- •46. Шекті мүмкіндік концентрациясы, оның түрлерін көрсетіңіз.
- •47. Атмосфераға түсетін жылдық тасталымдардың жеке ластану көздері үшін экономикалық зиянды анықтайтын формуланы көрсетіңіз.
- •2.Берілгені:
Рационалды табиғатты пайдаланудың негізгі бағыттарын бағалаңыз.
Табиғи ресурстардың толық пайдаланылып, қалпына қайта келуі және өнеркәсіп қалдықтарының пайдаланылуының қоршаған ортаның ластану деңгейінің төмендеуіне алып келетін табиғатты пайдаланудың жүйесі.Табиғатты рационалды пайдалану ғылыми-техникалық тұрғыда жақсы дамып келе жатқан өнімді, яғни қарқынды шаруашылыққа тән болып табылады. Оған мысал ретінде қоршаған ортаға зиянын онша тигізбейтін қалдықтар қолданылатын қалдықсыз өндіріс орындарын жатқызамыз. Қалдықсыз өндіріске өзен, көлдерден алынған судың көптеген технологиялық процестерде қолданылуы жатады. Қолданылған су қайта тазартылып өндіріс процесінде қайта қолданылады. Қалпына келетін және қалпына келмейтін табиғи ресурстарды белсенді, шексіз пайдалану арқасында табиғатты рационалды пайдаланудың қағидаттарын тұжырымдауға әкеліп соқтырды.
Жоспарлау және болжам. Табиғатты рационалды пайдалану табиғи ресурстарға байланысты жағдайлардың талдауын ғылыми тұрғыда түсінуді талап етеді. Соған байланысты арнайы комиссия мүшелері жиналып, ресурстардың жағдайын талдау үшін және оған шара қолдану үшін мәліметтерді жинап оларды зерттейді.
Жүйелі тәсілдеме. Бұл қағидат өндірістің қоршаған ортаға әсер етуін бағалауды талап етеді. Экологиялық жүйелердің бірін-біріне тәуелділігінен туындайтын қағидат болып табылады, себебі бір ауданға ғана назар аударар болсақ, келесі ауданның зардап шегуі ықтималдылығы туындайды.
Оңтайландыру. Бұл қағидат ресурстардың жинақтауына байланысты сол ауданның экономикалық саласына назар айдаруына негізделеді.
Кешенді пайдалану. Бұл қағидатқа сәйкес, өндіріс орындары ресурстарды пайдалану мүмкіндігіне байланысты белгілі бір салада жақсы өнім өндіреді. Бұл шара аз мөлшерде қоршаған ортаны ластауға бағытталады.
Экологоялы-экономикалық жүйені ендіру. Бұл қағиданың мәні – қоршаған ортаның ластануын азайту және ресурстарды аз мөлшерде пайдалануға бағытталған жүйені орнату мен қолдану.
Осы қағидаттарды ұстана отырып адамзат баласының қоршаған ортаға зиянын азайтуға болады.
Табиғатты рационалды пайдаланудың негізгі бағыттары
1.Экологиялық бағыт. Қоршаған ортаның жағдайын жақсартуға бағытталған. Негізгі мақсаты – рекреациялы зоналардың, үлкен қалалар мен тұрғын халықтардың экологиялық оптималды жағдайларын сақтау.
2.Ресурстық бағыт. Табиғатты рационалды пайдаланудың (ресурстардың көресткіштерінің өсуі және олардың сақталуы) негізгі бағыттарын өңдейді, дамытады.
3.Қорықтық бағыт. Негізгі бағыты – қоршаған ортаны қорғау барысында қорықтар мен қорықшалар, ұлттық және комлексті парктер жіне басқа да рекреациалық сипаты бар орындар құру.
4.Әлеуметтік-экономикалық бағытҚоршаған ортаны қорғаудағы адамзат пен табиғи орта арасында байланыты жақсарту мен табиғи экожүйелердің ғылыми-техникалық тұрғыда қазіргі және болашақ ұрпақ үшін дамыту негізгі мақсаты болып табылады.
Табиғи қорлар – табиғи ортаның, қоғамның материалдық және рухани мұқтажын қамтамасыз ету үшін, өндірісте пайдаланылатын бөлігі. Табиғи қорларды тиімді пайдалану және адамзатты өне бойын – табиғи қормен қамтамасыз ету өте күрделі мәселелердің бірі болып отыр. Сондықтан табиғи қорларды сарқылтпау үшін қалпына келмейтін табиғат байлықтарын тиімді пайдалануға, шикізаттың, отынның, қуаттың жаңа көздерін іздеуге барлық күш жұмылдыруда. Бұл шараларды іске асырудың маңызды жолдары – басқа шикізат түрін кеңінен қолдану және қалдықсыз пайдалану.
Осыған байланысты табиғи қорларды қорғаудың бүгінгі таңда дүниежүзілік маңызы бар проблемаға айналуы – заңды мәселе. Табиғи қорларға зиянды әсер тигізетін литосфера, гидросфера, атмосфераның ластануымен ойдағыдай күресу көптеген елдермен бірлесе отырып, бұл күрделі мәселені шешуді талап етеді.Қазақстандағы тектоникалық құрылымдардың ерекшелігі, геологиялық даму тарихының күрделілігі, аумағының кең көлемді болуы мұнда сан алуан табиғи қорларының шоғырлануына жағдай жасайды. Республика аумағынан табиғатта кездесетін пайдалы қазбалардың көптеген түрлері табылған. Сонымен бірге климаттық және минералдық, отын-энергетикалық, т.б. қорлар жөнінен көрнекті орын алады.
Қазақстандағы табиғи қорларды тиімді пайдалану республиканың даму болашағы үшін маңызы зор. Алайда аумақты игеруге қатаң табиғат жағдайлары кедергі келтіреді. Табиғи қорларды игеру мәселесі табиғатты қорғаудың түйінді мәселелерін де туғызады. Табиғи қорларды игерудегі жіберілген қателіктер табиғаттың қай қоры болмасын таусылмайды деген жаңсақ ұғымның үстем болуына байланысты болды. Осының салдарынан табиғаттағы тепе-теңдік бұзылды. Мұны су қорын пайдалану мысалынан айқын көруге болады. Республика үшін су қорын тиімді пайдаланудың маңызы зор. Өйткені дамып келе жатқан өнеркәсіп пен суармалы егіншілік алқаптарының ұлғаюы суды көп қажет етеді. Еліміздегі қазір қалыптасқан экологиялық жағдайда өзен суының ластанып немесе құмға сіңіп, ысырап болып жатқаны белгілі. Су қорларының дұрыс пайдаланылмауы, адамның шаруашылық әрекеті нәтижесінде су режимінің өзгеруі өз кезегінде табиғаттың басқа компоненттерінің өзгеруіне әкеп соқты. Тың және тыңайған жерлерді игеру барысында мыңдаған гектар жер топырақ, су және жел эрозияларына ұшырады. Алғашқы жылдары өнім біршама мол болғанымен, кейінгі жылдары бұл көрсеткіш төмендеп кетті. Жыртылған жердің борпылдақ топырағы желдің әрекетінен құнарлы қабатын ұшырып әкетіп, сол жердің топырағы жел эрозиясына ұшырайды. Өйткені топырақтардың құрылымдық ерекшеліктері ескерілмеді.
Қоғам мен табиғат бір-бірімен тығыз байланысты болғандықтан, қоршаған орта мен адамның жеке-дара тіршілік етуі мүмкін емес. Табиғат байлықтарын тиімді пайдалану, табиғатқа сүйіспеншілікпен қарай білу қоғамның да алға қарай дамуына негіз болады. Қоршаған ортаның қолайлы болуы адамның дұрыс білім алып, еңбек етуіне, материалдық жағынан қамтамасыз етілуіне ықпал етеді. Сондықтан әрбір адам табиғатты аялап сақтауға өз үлесін қосуы тиіс. Әрбір отырғызылған ағаш, тазаланған бұлақ сол табиғаттың бір бөлегі екенін ұмытпаған жөн. Өзіміз тұрған жердің табиғатын сақтай білу қажет. Табиғатқа аялы көзқарасты қалыптастыру үшін туған өлкеге туристік саяхат жасаудың, оның табиғат ерекшеліктерімен, экологиялық жағдайымен танысудың маңызы зор.
