Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
moos_shpor_osnov.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
190 Кб
Скачать
☆

34. Шырақасты бақылауларды орналастырудың ерекшеліктерін көрсетіңіз.

Шырақасты бақылауларды ауа сынамаларын сұрыптау уақыттары қоспа концентрацияларының максималды мәнін анықтауды қамтамасыз ету керек.

Шырақасты (қозғалмалы) орындар өнеркәсіп қалдықтары тікелей әсер ететін зоналарда газдық немесе түтіндік шырақтар астында бір реттік бақылаулар үшін қызмет етеді. Олардың тұратын орны әрқашан метеорологиялық жағдайлармен қойылған мәселеге байланысты шырақ астында таңдалады.

Қозғалмалы (шырақасты) орындарда бақылаулар берілген мекемелердің қалдықтарына тән тек спецификалық қоспаларға жүргізіледі. Осыған байланысты атмосфера тек жергілікті қайнар көздермен ластанып қоймай ластаушы заттардың трансшекаралық ауысуының қорытындысында ластанады. Осыған орай атмосфералық ауаның ластануының деңгейіне бақылау қою керек және бұдан алыстатылған ауданда фондық бақылау қою керек. Осы мақсаттармен бүкілодақтық метеорологиялық ұйымдар фондық станциялар жүйесінде зиянды заттардың концентрациясын өлшейтін үлкен бағдарламалар жасады.

Олар келесі түрлерге бөлінеді:

- базалық станциялар – ол атмосфераның маңызды құрамдарының төменгі фоналық концентрацияларының глобальді мониторингі үшін;

- аймақтық станциялар – атмосфералық ауаның құрамының ұзақ кезеңді өзгеруін байқайды;

- толықтырылған бағдарламалы аймақтық станциялар.

Базалық станцияларда минималды бағдарламалы бақылауларға: атмосфераның бұлыңғырлығын өлшеу, ауаның өткізушілігі, ауадағы СО2 концентрациясы, ауыр металдардың қоспалары, жауын-шашынның қышқылдығы кіреді. Бұл станциялар зерттеулік типке жатады.

Аймақтық станцияларда минималды бағдарламаларға атмосфераның бұлыңғырлығын және жауын-шашын қоспаларына бақылаулар жатады. Осы станциялар толық бағдарламасымен қосымша тағы атмосфералық ауаның газдық құрамдарын, бөлшек құрамдарын, ауадағы ауыр металдар концентрациясын өлшейді.

35. Тұрақты бекеттердің саны қалай анықталатынын көрсетіңіз.

Стационарлық тұрақтардың тұратын орны Гидрометқызметпен және СЭС-пен бірлесе отырып, және бас инженермен келісіліп таңдалады. Сонымен қатар осы қызметтермен қоса ауа сынамасын сұрыптау орны ведомствалық өнеркәсіп зертханаларымен де келісіледі. Мұндай кезде әуе кеңістігінің қала өнеркәсіп қалдықтарымен, автотранспорт қалдықтарымен, тұрмыс және т.б. көздермен ластануының күйі алдын ала комплекстік тексеру қорытындыларымен басшылық етеді. Мұндай тексеру кезеңінде аймақтың физико-географиялық ерекшеліктері, метеорологиялық тәртіп, ластану көздерінің орналасуы зерттеледі және негізгі ластаушы заттардың саны белгіленеді.

Стационарлық (маршруттық) орындардың саны тұрғылықты жерлерде тұрғын сандары арқылы (кесте) жердің релеьефі және ауданымен, аймақтағы өнеркәсіптің дамуымен, сонымен қатар курорт және демалыс орындарының орналасуымен белгіленеді.

Тұрғындардың сандарына байланысты стационарлық постардың аз есепті мөлшері (млн. Адам)

Тұрғындар-дың сандары

<0,05

0,1-0,2

0,2-0,5

0,5-1,0

1-2

>2

Постардың саны

1

2

3-5

5-10

10-15

15-20

Рельефі күрделі және өнеркәсіп көздері айтарлықтай көп орналасқан аймақтарда стационарлық пост 5-10 км2 аймаққа, ал жазық жерде 10-20 км2 аймаққа орналастырылады. Бекеттердің саны кейбір жағдайларда көбейтілуі мүмкін: күрделі рельеф, ластаушы көздер көп болса ауаның тазалығы маңызды болатын жағдайларда (тарихи, демалыс аймақтарда).

Стационарлық және маршруттық посттарда бақылаулардың 4 бағдарламасы орындалады: толық, толық емес, қысқартылған, тәуліктік.

Толық бағдарламалық бақылаулар күнделікті демалыссыз ж/е дискреттік тәртіпті автоматтық газанализатор/дың қолдануымен өткізіледі. Мұндай бақылауда ластану деңгейінің анализі тәулігіне 4 рет жүргізіледі: 1,7,13,19 сағ жергілікті декреттік уақыт б/шаү Бір ретті қоспа/дың конц/сы туралы мәлімет/ді алу үшін толық емес бағдарламала б/ша сағ 7,13 ж/е 19 ж.д.у. күнделікті бақылаулар жүргізіледі.

Бекіністі ж/е стационарлық орын/да бақылаулар негізгі (шаң-тозаң, SO2, CO, NO2) ж/е спецификалық ластаушы зат/ға жүргізіледі.

Бекініссіз стац/қ орын/да бақылаулар спецификалық зиянды қоспа/ға жүргізіледі. Негізгі ластаушы зат/дың конц/сы бұл станция/да қысқартылған бағдарлама бақылауы түрінде анықталады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]