- •5В050300 – Психология
- •Пәннің оқу- әдістемелік кешенінің мазмұны
- •Семинар сабақтарының тақырыптық жоспары
- •Практикалық сабақтарының тақырыптық жоспары
- •Пән бойынша соөж тапсырмалардың өткізуінің және мазмұнының графигі
- •Пән бойынша сөж тапсырмалардың орындауы және тапсыру графигі
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
- •Білімдер бағалау жалпы шкаласы
- •Студенттерді бағалаудың жалпы критерийлері
- •Апелляция процедурасы
- •Пәннің оқу-әдістемелік картамен қамтамасыз етілуі
- •Белсенді таратылым материал (арм) (Hand – outs)
- •Оқытуда білім алушының оқу мотивациясына творчестволық тақырыптық жетістігін көтеруге арналған үлестірмелі материал
- •Дәріс сабақтарының курсы
- •Кәсіби білім беру тұлғаның даму факторы ретінде.
- •Кәсіби іс-әрекеттегі зерттеу әдістерінің классификациясы
- •2. Кәсіби психологиялық зерттеу әдістері екі әдіснамалық принциптерге негізделеді:
- •3.Кәсіби психологияны зерттеу әдістерінің міндеттері және түрлері.
- •Кәсіби деформацияның деңгейлері
- •Семинар № 1 Семинар сабағының тақырыбы
- •Семинар № 2 Семинар сабағының тақырыбы
- •Семинар № 3 Семинар сабағының тақырыбы
- •Семинар № 4 Семинар сабағының тақырыбы
- •Семинар № 5 Семинар сабағының тақырыбы
- •Семинар № 6 Семинар сабағының тақырыбы
- •Мамандану практикумы 3 пәні бойынша Емтихан сұрақтары
- •Әлеуметтік және психологиялық бағытындағы пәндерді өткізуге арналған әдістемелік нұсқаулық
- •Аудиторияға және аудиториядан тыс жұмыстарға арналған материалдар
- •1.2. Білімді бақылауға арналған материалдар
- •1.3. Дәріс сабақтары бойынша әдістемелік нұсқаулық
- •1.4. Семинар, сөож сабақтары бойынша және сөж тапсырмаларын орындау жөніндегі әдістемелік нұсқаулық
- •Әлеуметтік және психологиялық пәндері қолданатын интерактивті үлгідегі және оқытудың әдістері
- •Әлеуметтік және психологиялық пәндер кафедрасында қолданылатын дәстүрлі әдістерге жалпы шолу
- •Оқытудың инновациялық-техникалық құралдарын қолданылуына шолу
Кәсіби білім беру тұлғаның даму факторы ретінде.
Қазіргі білім берудің дамуының тенденциясы.
Білім берудің әрбір деңгейі үздіксіз білім беру жүйесінің құраушы бөліктері болып табылады. Бұл тенденциялар гимназия, колледж, университет және лицей, колледж, университет интегративті, жинақталған білім беру мекемелерін құру жолымен біртіндеп жүзеге асуда (жалпы және кәсіби білім беруден басқа варианттары да мүмкін).
Білім беруде мультимедиа және виртуалды технологиядағы ақпараттық технологиялар кең енгізілуде. Осы технологияларды қолдану дәстүрлі когнитивті бағдарланған оқытуды өзгертеді. Білім берудің компьютеризациялану және технологизациялануы білім алушылардың интеллектуалды іс-әрекетін кеңейтеді.
Білім беруді қатаң регламенттелген ұйымдастырудан, өзгермелі, блоктік-модулдық, контекстік оқуға өту тенденциясы байқалады. Оқытудың бұл формалары өзінше дербес оқытуды, өз-өзін жүзеге асыру және өз білімін көтеру деңгейін жоғарлатады.
Педагог пен білім алушының өзара әрекеті біртіндеп өзгеруде, ынтымақтастық сипатта. Педагог және білім алушы да білім беру үдерісінде тең құқылы субъект болуды.
Білім берудің барлық деңгейлерінің сабақтастықтан, тұтас жинақталған-интегративті білім беруге біртіндеп көшу білім берудің нәтижесі мен үдерісіне біріккен жауапкершілікті көрсетеді және бұл үздіксіз өзгермелі әлеуметтік, мәдени, білім беру және кәсіби жағдайларда шешім қабылдауды қажет етеді.
№ 3 дәріс.
Тақырып: КӘСІБИ ІС–ӘРЕКЕТТІ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ.
Мақсаты: Оқушыға жеке-дара тұрғыдан келуді қарастыру.
Жоспар: Оқушыға жеке-дара тұрғыдан келу.
Негізгі әдебиет: 1.Методология исследований по инженерной психологии и психологии и психологии труда / под ред. А.А. Крылова. – Л.1974. –Ч.І.
2. Практикум по инженерной психологии и психологии труда / Под ред. А.А. Крылова .- Л., 1983.
Дамытушы білім беру технологиясы - бұл кәсіби-педагогикалық жағдайларда диагностикаланған және болжанған нәтижеге жетуді қамтамасыз ететін, тұлғаны дамытуға бағытталған әрекет, операция және тәсілдердің реттелген жиынтығы. Бұл анықтамада кәсіби білім берудегі дамытушы технологияның маңызды жақтары берілген:
тұлғаның дамуына мақсаттық ұстаным;
оқытудың форма, әдіс және тәсілдерінің интеграцияланған бірлігі;
білім алушылар мен педагогтардың өзара әрекеті;
педагогикалық іс-әрекеттің индивидуалды стильі.
Кәсіби-білім беру үдерісінде осы технологияларды жүзеге асыру үшін келеси шарттарды ескеру қажет:
педагогикалық іс-әрекет субъектілерін және осы үдерісте олардың тұлғалық функцияларын жүзеге асыруға негізделген оқуды мотивациялық қамтамасыз ету;
білім берудің анық және диагностикалық бағытталған мақсаттың болуы, яғни күтілетін нәтиже жөнінде өлшенетін елестердің болуы;
оқу материалдарын танымдық және тәжірибелік тапсырмалар жүйесінде ұсыну, яғни ситуациялар, тапсырмалар, жобалар, жаттығулар және т.б.
кәсіби-білім беру үдерісіндегі субъектілердің өзара әрекет тәсілдерін көрсету;
тәртіптен ауытқуға болатын педагогтардың тәртіпке лайықты және шығармашылықтық іс-әрекеттерінің шекарасын көрсету;
кәсіби болашақтағы оқуға ашықтықты қамтамасыз ету.
Дамытушы кәсіби білім алу оқу, тәрбие және дамытудың интеграциясын көрсетеді. Сондықтан да технологиялар тұлғаның құрылуын қамтамасыз ететін осы үш құрауышты жүзеге асыруға бағытталу керек.
Дамытушы технологиядағы маңызды мән педагогтар мен білім алушылардың өзара әрекетіне көңіл аударады. Оқу-кәсіби мотивацияны, тұлғаны дамытуға жетудің оптималды шарты педагогикалық фасилитацияны қамтамасыз ету болып табылады. Фасилитация феномені пайда болады, егер педагог:
білім алушыларға авторитетті, референтті және мойындалған болуы;
аттракция, эмпатиялық тыңдауғ білім алушыларға өзінің қатынасын конгруэнтті (адекватты және шынайы) өзін көрсетудің әдіс және тәсілдерін меңгерген;
қарсы пікірлерге толеранттылық көрсетеді.
Педагогикалық фасилитация кәсіби білім берудің дамытушы технологиясын жүзеге асырудың ен жақсы шартын құрады. Бұл өзара әрекет білім берудегі барлық субъектілерге қолайлы тұлғалық бағдарланған қарым-қатынасты қамтамасыз етеді.
Психологиялық технологияға кәсіби мектепте және дипломдық білім беру жүйесінде кең қолданылатын тұлғаны дамыту тренингі де (интеллектуалды тренинг, рефлексия тренингтері, өз-өзіне сенімділік, креативтілік және т.б.) Олардың ерекшеліктері білім алушылардың индивидуалдығын ашу және дамыту, олардың потенциалын белсендендіру және реализациялау, кәсіби-білім беру үдерісінің барлық қатысушыларының өзара қарынасын оптимизациялау болып табылады.
Тренинг келесі міндеттерді шешуге бағытталған:
танымдық құзыреттілікті дамыту: зейін, қабылдау, ойлау, қиял қасиеттері, сонымен қатар өзін-өзі жетілдірудің бір құраушысы ретінде оларды басқару бойынша тәсілдер;
басқа адамдармен өзара әрекет болып табылатын және осы өзара әрекет арқылы өзінің Менің рефлексиялаудағы өзін-өзі тануға қызығушылықты және мотивацияны ояту;
метакәсіби қасиеттерді дамыту: коммуникативті қабілеттер, өзінің мінез-құлқын талдай алу қабілеті, қоршаған ортаны адекватты қабылдау және т.б.
Тренингтердің негізгі функциялары:
маманның кәсіби – психологиялық потенциалын өзектендіру;
әлеуметтік-кәсіби және психологиялық құзыреттелігін көтеру;
кілттік құзыреттілікті және мета кәсіби қасиеттерді дамыту;
әлеуметтік және кәсіби қаланбаған қасиеттерді, кәсіби стагнация және тұлғаның деструктивті өзгерісін алдын алу;
тұлғаның кәсіби-психологиялық профилин коррекциялау.
Даму тренингтерін жобалаудағы әлеуетті рөл маманның тұлғасын, оның кәсіби мотивтер және құндылықтар, кәсіби өзін-өзі саналау, кілттік құзыреттілікті және метакәсіби қасиеттерді жетілдіру. Маманның осы интегративті қаситтерін дамыту технологияларымен қатар, дамыту тренингінің мазмұнына психологиялық әдебиеттерде кең сипатталатын адамының психологиялық күйінің өзгеру тәсілдері де қосылған:
қажетті емес шиеленістердің деңгейін төмендету үшін маманды «босаңтысу», «қыздыру»өзгерістерге тұлғалық қарысыласуын жеңу;
лабилизация – адамның белгілі бір кәсіби жағдайлардағы өзінің мінез-құлқының адекватты еместігін, мінез-құлықтың алғашқы формаларына қанағаттанбауды саналау, оқуға оң мотивация құру, жаңаны меңгеруге дайындық;
жаңа кәсіби мінез-құлық техника, тәсілдерін беру;
Жаңа ңс-әрекеттер тәсілдерін бекіту, оның тұлғада интеграциялануы.
Мета кәсіби құрылымдарды дамыту тренингтерін жүргізу мамандықты, маман тұлғасының әлеуметтік-кәсіби және психологиялық сипаттамаларын жақсы білуді қажет етеді.
№ 4 дәріс.
Тақырып: КӘСІБИ ІС–ӘРЕКЕТТЕГІ ПСИХОДИАГНОСТИКА.
Мақсаты: Сенсомоторлық реттеудің сапасын салыстырмалы және біртұтас жинақталған көрсеткіштер арқылы бағалау, функционалдық күйді бағалау арқылы қарастыру.
Жоспар: Психомоториканы аппаратуралық бағалау.
Сенсомоторлық реттеудің сапасын салыстырмалы және біртұтас жинақталған көрсеткіштер арқылы бағалау, функционалдық күйді бағалау.
Негізгі әдебиет: 1.Практикум по психологии профессиональной деятельности и менеджмента / Под ред. Г.С.Никифорова. М.А.Дмитриевой. В.М.Снеткова. - СПб: Изд-во “Питер”, 2001.
2. Битянова М.Р. Организация психологической работы в школе. - М., 1998
3. Бурменская Г.В., Карабанова О.А. и др. Возрастно-психологическое консультирование. – М., 1990
