Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД прак спец 3.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
979 Кб
Скачать
☆

Дәріс сабақтарының курсы

№ 1 дәріс.

Тақырып: КӘСІБИ ІС-ӘРЕКЕТТІ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ.

Мақсаты: Кәсіби іс-әрекеттің схемасын оқып-үйрену және практикалық қолдану.

Жоспар: Кәсіпті сипаттау схемасы.

Профессиографиядағы модулды тұрғы.

Кәсіби мәнді қасиеттерді сараптамалық бағалауы.

Негізгі әдебиет: 1) Гаврилов В.Е. Составление и использование психологических характеристик профессии в целях профориентации. – Л., 1988.

2)Дмитриева М.А. Исследование представлений субъекта труда о необходимых для деятельности свойствах личности.

Кәсіп (professio) – бұл еңбек іс-әрекетінің тарихи қалыптасқан формасы, оны орындау үшін адам белгілі бір білімдер мен дағдыларды меңгеруі қажет, арнайы қабілеттері болуы керек және кәсіби маңызды қасиеттері дамуы қажет;

Мамандық – бұл кәсіби білім жолымен меңгерілген, сондай ақ сол немесе басқа кәсіп аясында белгілі бір іс-әрекетті орындау үшін қажет жұмыс үдерісіндегі арнайы білім, ептілік және дағдылар кешені.

Мамандықтың мәнді сипаттамасы кәсіби іс-әрекет түсінігінде бейнеленеді, онда әлеуметтік-экономикалық медициналық-биологиялық, психологиялық-педагогикалық, санитарлық-гигиеналық белгілер жалпыланған.

Адамның кәсіптер әлемінен өз орынын анықтау, кәсіпті таңдауын ұғыну және орындалатын кәсіби іс-әрекетте тұлғалық мағынаны табу «кәсіби өзін-өзі анықтау» түсінігінде бейнеленеді.

Кәсіби іс-әрекетті орындау белгілі бір даярлықты қажет етеді. Даярлықтың дәрежесі мен түрі біліктілік деп аталады. Біліктілікті алу кәсіби дайындық және кәсіби білім беруде жүзеге асырылады.

Кәсіби дайындық бұл білім алушылардың белгілі бір жұмысты жасау үшін қажетті білім, ептілік және дағдылардың жылдам меңгеруге бағытталған.

Кәсіби білім беру – бұл ғылыми негізделген үдеріс және білімдер, ептіліктер және дағдылармен, сондай ақ құзыреттілікті және мета кәсіби қасиетті қалыптастырумен жүретін кәсіби іс-әрекеттің белгілі бір түрін меңгерудің нәтижесі.

Психологиялық зерттеулерде «индивид», «субъект», «тұлға» түсініктерін теңдестіру және араластыру кездеседі. Неғұрлым олардың арасындағы айқын айырмашылық Б.Г.Ананьев және А.Н.Леонтьев жұмыстарынан көруге болады. Б.Г.Ананьевтың ойынша адам индивид ретінде жастық-жыныстық, индивидуалды-типтік қасиеттермен сипатталады, органикалық қажеттіліктер құрылымында көрінеді. Сол индивидуалды қасиеттердің интеграциясы нышандарда және темпераментте берілген.

Адам табиғи бастама ретінде индивид, - деп жазды А.А.Леонтьев, - сол немесе басқа физикалық конституцияға, жүйке жүйесі типтеріне, темперамент, биологиялық қажеттіліктердің динамикалық күшіне аффективті және басқа да көптеген бітістерге ие. Индивидуалды қасиеттер адам іс-әрекетінің өнімділігін қамтамасыз етеді, іс-әрекетте көрінеді.

Б.Г.Ананьев бойынша субъектінің маңызды сипаттамалары таңдамалы белсенділігі, іс-әрекетті реттеу және ұйымдастыру қабілеті болып табылады. Адамды тұлға ретінде сипаттай отырып А.Н.Леонтьев қоғамдық табиғатын белгіледі, алуан түрлі іс-әрекет жиынтығында жүзеге асатын қатынастарда көрінеді.

Субъект іс-әрекетпен сәйкестенеді, ал тұлға қатынастар иерархиясынан іс-әрекет жиынтығына дейін. Б.Г.Ананьев, А.А.Леонтьев жұмыстарындағы «индивид», «субъект», «тұлға» анықтамаларын жалпылау, оларды ортасында іс-әрекет орналасқан адамның бір психологиялық өрісін біріктіреді.

№ 2 дәріс.

Тақырып: КӘСІБИ ӨЗІН–ӨЗІ АЙҚЫНДАУДЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ.

Мақсаты: Оқушының кәсіби мотивациясын анықтау. Оқушылардың кәсіби бейімділік саласын қарастыру.

Жоспар: Оқушының кәсіби мотивациясы.

Оқушылардың кәсіби бейімділік саласы.

Тұлға типі мен кәсіби іс-әрекет салаларының өзара байланысы.

Оқушының Мен-тұжырымдамасы.

Жоғары сынып оқушыларының әлеуметтік кемелділігі.

Негізгі әдебиет: 1.Дмитриева М.А., Крылов А.А., Нафтульев А.И. Психология труда и инженерная психология. – Л.1979.

2. Информационно-поисковая система “Профессиография” / под ред. Е.А. Климова . - Л., 1972.

Кәсіби құрылу адам өмірінің ұзақ кезеңнің қамтиды (35-40). Осы уақыт аралығында өмірлік және кәсіби жоспарлар өзгереді, әлеуметтік жағдайлар, жетекші іс-әрекеттер алмасымы ауысады, тұлға құрылымы қайта құрылады.

Тұлғаның кәсіби құрылуының сатылары

№

Сатылардың аталуы

Сатының негізгі психологиялық жаңа құрылымдары

1

Аморфты оптация

(0-12 жас)

Кәсіби бағдарланған қызығушылықтар мен бейімділіктер.

2

Оптация (12-16 жас)

Кәсіби қалаулар, оқу түрін және кәсіби білім алу жолын таңдау, кәсіби дайындық, оқу-кәсіби өзін-өзі анықтау.

3

Кәсіби дайындық (16-23 жас)

Кәсіби дайындалғандық, кәсіби өзін-өзі анықтау, жеке еңбекке дайындық.

4

Кәсіби адаптация

(18-25 жас)

Жаңа әлеуметтік рөлдерді меңгеру, кәсіби іс-әрекетті дербес орындау тәжірибесін, кәсіби маңызды қасиеттерді меңгеру.

5

Алғашы кәсіпқойлық (25-30 жас)

Кәсіби позиция, интегративті кәсіби маңызды констелляция (мета кәсіби қасиеттер), іс-әрекеттің индивидуалды стильі, білікті еңбек.

6

Екіншілік кәсіпқойлық

(30-38 жас)

Кәсіби менталитет, кәсіби қауымдастықпен идентификация, кілттік біліктіліктер, кәсіби мобильділік, корпоративтілік, іс-әрекеттің икемді стильі, жоғары білікті іс-әрекет.

7

Кәсіби шеберлік

(38-55 жас)

Шығармашылықтық кәсіби іс-әрекет, ауыспалы интегративті психологиялық жаңа құрылым, өз іс-әрекетін және мансапты өзі жобалау, кәсіби дамудың шыңы (акме).