Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД прак спец 3.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
979 Кб
Скачать
☆
  1. Кәсіби іс-әрекеттегі зерттеу әдістерінің классификациясы

Зерттеушілік әдістер-бұл психиканың ерекшеліктері, заңдылықтары және механизімдерінің ерекшеліктері жөнінде обьективті жаңа білімдерді алуға бағытталғаан ұйымдасқан іс-әрекеттің тәсілдері.

Психологияның әдістері субективті жаңа білімдерді алуға бағытталған (кәсіби дамудың психологиялық қолдау, кеңес беру, коррекция, стимул беру және мотивтеу үшін мәнді фактілер, бағалау, көркеткіштер, белгілер).

2. Кәсіби психологиялық зерттеу әдістері екі әдіснамалық принциптерге негізделеді:

- субективті, өзін өзі тану негізіндегі кәсіби қалыптасуға;

- обьективті, кәсіби қалыптасудың белгілерін, психикалық құбылысты сырттай танудың әртүрлі зерттеушілік құралдарын тіркеу.

Зерттеу әдістерін қолданудың екі формасы бар:

  • Лонгитюдтік немесе ұзақ зерттеу;

  • Кесінді зерттеу.

Лонгитюд әдісі кәсіби қалыптасудың индивидуалды жолын, ондағы түрлі нюастарды, кәсіби биографияның көрінісін, мансаптың критикалық моменттерін анықтауға мүмкіндік береді. Лонгитюд әдісінде өзін-өзі бақылау, психобиография, панельдік зерттеу (сол обьективті қайта-қайта зерттеу) қолданылады.

3.Кәсіби психологияны зерттеу әдістерінің міндеттері және түрлері.

Бірінші-тұлғаның кәсіби қалыптасуын, осы күрделі процестің психологиялық ерекшеліктерін сипаттау. Бұл процесті зерттеуде лонгитюдтік әдіс, сауалнама әдістерін (анкета, интервью) психобиография, критикалық оқиғалар әдісі қолданылады. Бұл әдістер генетикалық әдістерге жатады.

Екінші міндет – мамандықтың психологиялық сипаттамасы. Мамандықтың психологиялық мазмұнын зерттеу - іс-әрекет өнімдерін, еңбектік әдістерді, құжаттарды талдау, бақылаушы сауалнама, профессиография арқылы ғана мүмкін болады. Бұл әдістердің түрі праксиметриялыққа жатады.

Үшінші міндет – кәсіби маңызды көрсеткіштерді, іс-әрекет және тұлға белгілерін өлшеу. Бұл зерттеушілік міндетті шешу үшін арнайы қабілеттер тесті, жетістік тестері қолданылады. Сонымен қатар, кәсіби қызығуышлықтар, құндылықтық бағдарлар кәсіби ұстанымға әртүрлі сауалнамалар қолданылады. Бұл әдістердің тобы психометрикалық классқа жатады.

Төртінші – зерттеушілік міндет – кәсіби қалыптасудың ерекшеліктерін, заңдылықтарын және механизмдерін түсіндіру. Бұл міндетті шешудің негізгі әдістері эксперименталды болып табылады: лабораторлық, моделдеуші және табиғи (өрістік) эксперименттер.

Әдістердің бесінші тобы зерттеушілік мәліметтерді сандық өңдеуге бағытталған. Оған математикалық өңдеу әдістері жатады: дисперсиялық, корреляциялық, факторлық талдау және т.б.

Кәсіби психологиялық зерттеу әдістері

Зерттеу міндеттері

Зерттеу әдістерінң тобы

Зерттеудің нақты әдістері

Тұлғаның кәсіби қалыптасуын сипаттау

Генетикалық әдістер

Лонгитюдтік әдіс, биографиялық әдіс, каузометрия, психобиография, анамнез әдісі

Мамандықтың сипаттамасы

Праксиметриялық әдістер

Тапсырманы талдау, құжаттарды зерттеу еңбектік әдіс, бақылаушы сауал

Кәсіби маңызды белгілерді өлшеу

Психометриялық әдістер

Арнайы өабілеттер тесті, жетістік тесттері, қызығулар сауалнамасы

Тұлғаның кәсіби қалыптасуын түсіндіру

Эксперименталды әдістер

Табиғи, лабораториялық, моделдеуші, қалыптастырушы эксперимент

Зерттеу әдістерін өңдеу

Математикалық өңдеу әдістері

Дисперсиялық, корреляциялық, факторлық талдау

№ 5 дәріс.

Тақырып: ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КӘСІБИ БЕЙІМДЕЛУ.

Мақсаты: Әлеуметтік - пихологиялық кәсіби бейімделуді қарастыру.

Жоспар:Әлеуметтік - пихологиялық кәсіби бейімделу.

Кәсіби бейімсіздену.

Агрессивтілік бейімсізденудің көрінісі ретінде.

Негізгі әдебиет: 1. Основы возрастно-психологического консультирования. Уч-метод.пособие. – М., 1991

2. Рогов Е.И. Настольная книга практического психолога в образовании. – М., 1995

3. Психологическая служба в школе/Под ред. Э.-М.Ю.Верник и др.- Таллин, 1983

Коммуникация процесінде тек мәлімет алмасу ғана емес, оны партнерлердің бірдей тура түсінуі қажет. Яғни коммуникация процесінде келіп түскен мәліметті дұрыс түсіну (интерпретация) проблемасы туындайды. Біріншіден, мәліметтің формасы мен мазмұны коммуникатордың жеке даралық ерекшелігі, реципиент туралы көзқарасы, ол туралы өзінің пікірі және қарым-қатынас процесіндегі жағдайларға байланысты. Екіншіден, оның жіберген мәліметі реципиенттің жеке-дара психологиялық ерекшеліктеріне, көзқарасы, пікірлеріне, жағдайға байланысты өзгеріске түседі. Мәселен, бастығы мен өзінің ұлынан естіген бір мәлімет екі түрлі психологиялық реакцияға әкеледі. (Бастықтың айтқанын зейінмен тыңдаса, баласыныкіне ашулануы мүмкін). Мәліметті әр түрлі қабылдау бірнеше себептерге байланысты. Солардың ішінде маңыздысы – коммуникативтік барьердің болуы (түсініспеушілікке әкелетін тосқауыл), ол – коммуникативтік процестің екінші ерекшелігі. Түсініспеушілік барьері, әлеуметтік-мәдени барьер, қарым-қатынас барьерлері болуы мүмкін.

Түсініспеушілік барьерлерінің бірнеше түрлері болады:

1) фонетикалық барьер жатады. Әр түрлі тілде, диалектіде сөйлеу, тілдегі кемістік (немесе дикция), тілдің граматикалық құрылымының өзгеруі. Өте тез сөйлеу, сөзді анық айтпау, қосымша дыбыстардың болуы да осыған себеп болады.

2) семантикалық барьер сөз мәнінің ерекшеліктері (тезаурус) әр түрлі жаргондар, слэнгтер. Әр түрлі ортаның өзіне тән «мини-тілі» болады. Өздерінің қалжыңдары, тілінің оралымдары, т.с.с. Мұндай барьерлерден аттай білу мұғалімдер, дәрігерлер, басшылар үшін өте қажет.

3) стилистикалық барьер – коммуникатор тілінің стилі жағдайға сәйкес келмегенде немесе реципиенттің психологиялық көңіл-күйіне сәйкес болмағанда көрінеді.

Мысалы, балаларға берілген мәлімет қызықты, түсінікті тілде емес, қиын ғылыми тілде айтылса, осындай құбылыс байқалады. Сондықтан коммуникатор өзінің реципиенттерінің көңіл-күйі, жағдайларын сезіне білуі керек, қарым-қатынас жағдайларының өзгерістерін тез сезінеп, соған байланысты өзгерістер енгізуі қажет.

4) логикалық барьер коммуникатордың ұсынған логикалық тұжырымдары өте күрделі болғанда туындайды. «Ерлер логикасы», «әйелдер логикасы», «балалар логикасы», т.б. логикалар туралы айтуға болады.

А.К.Маркова тұлғанын кәсіби дамуынын бұзылуын жалпылап келесі кәсіби деструкция апаратын тенденцияны бөлді:

- жас ерекшеліктік және әлеуметтік нормалармен салыстырғанда кәсіби дамудың тежелуі;

- кәсіби дамудың дезинтеграциясы, кәсіби сананың құлдырауы – шынайы емес мақсат, кәсіби конфликт

- төмен кәсіби мобильділік, жаңа жағдайға бейімделе алмау, дезадаптация

- кәсіби дамудың жеке бөлімдерінің арасындағы келіспеушілік, біреуі жоғары көтерілгенде, екіншісінің төмендеді.

- кәсіби қабілетін, кәсіби ойлаудың әлсіреуі.

- кәсіби дамудың бұрмалануы, бұрында болмаған негативті саналардың пайда болуы, әлеуметтік және индивидтік нормалардан ауытқуы.

- тұлғаның деформацияның пайда болуы (эмоционалды қажу және күйін кету)

- кәсіби аурудан және жұмысқа қабілеттілікті жоғалтудан кәсіби дамудың тоқтауы.