- •Ауылшаруашылық дақылдарын қорғау
- •Негізгі әдебиеттер
- •9. Курстың саясаты
- •10. Білімді бағалау жөніндегі ақпарат
- •11. Бағалау саясаты
- •2. Пестицидтердің талғампаздығы.
- •Инсектицидтер мен акарицидтер
- •Родентицидтер
- •3.Энтомофагтар, акарифагтар.
- •3. Өсімдік қорғаудың биологиялық әдісіне маңызды орын алатын энтомофаг түрлері мыналар: браконид, афидиид, афелинид, трихограмматид, алтын көзділер, галлица тұқымдасы жатады.
- •Тильменбаев әт., Жармұхамедова г.Ә. Энтомология. – Алматы: Қайнар, 1994, 336 бет.
- •4.Тильменбаев әт., Жармұхамедова г.Ә. Энтомология. – Алматы: Қайнар, 1994, 336 бет.
- •Тильменбаев әт., Жармұхамедова г.Ә. Энтомология. – Алматы: Қайнар, 1994, 336 бет.
- •3. Вегетативті мүшелер мен масақтағы дән санын қалыптастыруын фитосанитарлық оңтайландыру
- •Астық дақылдарының егістігінде қос жарнақты арамшөптерді қарсы гербицидтер.
- •Сульфонилмочевина туындылары
- •Контактты әсерлі гербицидтер
- •«Пестицидтердің (улы химикаттардың) қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 мамырдағы № 515 қаулысымен бекітілген.
- •5.Тильменбаев әт., Жармұхамедова г.Ә. Энтомология. – Алматы: Қайнар, 1994, 336 бет.
- •Өсімдіктерді қорғау жөніндегі талаптар.
- •Пестицидтерді мемлекеттік тіркеу.
- •Мемлекеттік фитосанитариялық бақылаудың міндеттерi.
- •Аса жоғары қауіпті кластары пестицидтерді қолдану жөніндегі талаптар.
- •Тізімде ... Пестицидтерді қауіптілігіне байланысты қолдану регламенттер.
- •Жеке қауіпсіздіктің ережелері.
- •Тильменбаев әт., Жармұхамедова г.Ә. Энтомология. – Алматы: Қайнар, 1994, 336 бет.
- •Тильменбаев әт., Жармұхамедова г.Ә. Энтомология. – Алматы: Қайнар, 1994, 336 бет.
- •Тильменбаев әт., Жармұхамедова г.Ә. Энтомология. – Алматы: Қайнар, 1994, 336 бет.
- •Тильменбаев әт., Жармұхамедова г.Ә. Энтомология. – Алматы: Қайнар, 1994, 336 бет.
- •Тильменбаев әт., Жармұхамедова г.Ә. Энтомология. – Алматы: Қайнар, 1994, 336 бет.
Негізгі әдебиеттер
1. Химическая защита растений/ под ред.Г.С. Груздева. – М.: Агропромиздат, 1987.
2. Матпаева Б.Б.Ауылшаруашылығы дақылдарының зиянкестерімен биологиялық күрес тәсілдері. – Алматы «Кайнар», 1983
3. Биологическая защита растений / Штерншис М.В., Джалилов Ф. М.; КолоСС, 2005
4.Попов С.Я., Дорожкина Л.А., Калинин В.А. Основы химической
защиты растений. М., 2003.
5. «Өcімдіктерді интегралды қорғау» пәні бойынша зертханалық-тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар. Астана. 2009.
6. Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген пестицидтер (анықтамалық материалдар), Астана, 2011
Қосымша әдебиеттер
1. Справочник пестицидов, разрешенных для применения в Республике Казахстан. Астана. 2010, 2011 годы.
2.Справочник агронома по защите растений / под. ред Сагитова А.О., Исмухамбетова Ж.Д. – Алматы:
РОНД, 2004-320С.
3. Методические указания по мониторингу численности вредителей, сорных растений и развития болезней сельскохозяйственных культур. Фолиант, 2004-272С.
4.Тильменбаев ӘТ., Жармұхамедова Г.Ә. Энтомология. – Алматы: Қайнар, 1994, 336 бет.
5 Сағитов А. О., Джаймурзина А.А., Төленгітова К.Н., Карбозова Р.Д. Ауылшаруашылыќ фитопатологиясы.-Алматы, 2000.
6. Ә.Қ. Тулеева, В.К. Әжбенов, З.Ш.Сүлейменова т.б. Ауыл шаруашылық өсімдіктерінің зиянкестері және олардан қорғау шаралары. Оқу құралы. Астана, 2007.
7. Ә.Қ. Түлеева, З.Ш.Сүлейменова, А.А.Мұхышов т.б. Ауыл шаруашылығы дақылдарының аурулары және олардан қорғау шаралары. Оқу құралы. Астана, 2007.
8. Сборники законодательных актов.
9. Интегрированная защита растений: Фитосанитарные системы и технологии/ под. ред. Соколова М.С., Чулкиной В.А. – М.: Колос, 2009.
9. Курстың саясаты
Сабаққа кешікпеу керек, кешіккен студенттер сабаққа жіберілмейді.
Зертханалық сабақтарға уақытында міндетті түрде ақ халат киіп келу қажет.
Сабақ үстінде сөйлесуге, ұялы телефонды қосуға болмайды.
Сабақты жіберуге болмайды, себеппен (анықтама болса) жіберілсе оқытушы белгілеген уақытта тапсыруға
болады.
Курстастармен және оқытушылармен кең пейілді, шыдамды, ашық мінезді болу керек.
Студенттер зертханалық жиһазды, құралдарды сақтау қажет.
Сабақ уақытында белсенділік көрсету.
10. Білімді бағалау жөніндегі ақпарат
Ағымдық бақылау. Семестр ішінде студенттердің білімін жүйелі түрде тексеру. Дәрістік сабақтарға қатысып, жұмыс жасау, зертханалық сабақтарды орындау және тапсыру, СӨЖ тапсырмаларын орындау және тапсыру.
Рубеждік бақылау. Студенттердің оқу жетістіктерін кезеңдік тексеруді семестр ішінде 8 және 17 аптада оқытушы жүргізеді.
Қорытынды бақылау. Семестр соңында емтихан түрінде өткізіледі.
11. Бағалау саясаты
Университет бойынша студенттердің білімін бағалау және бақылау 100 балдық – рейтингілік жүйеге негізделеді және мынандай түрде бөлуді қарастырады: ағымды және аралық бақылауға барлығы 60 (60 балл), ал қорытынды бақылауға 40 (40 балл) қойылады.
Өсімдіктерді интегралды қорғау пәні бойынша білімді бағалау сұлбасы
№ |
Бақылау |
Сабақ түрлері, студенттер жұмысы |
Балдар |
Барлығы |
1 |
Ағымдық |
Дәрістегі жұмыс |
0,2х15 |
1,5/3 |
2 |
|
Зертханалық сабақтар бойынша сынақ тапсыру |
1,2х14 |
8,5/17 |
3
|
|
СӨЖ (тапсырманы орындау) |
1,3х15 |
9,8/19,5 |
5 |
Аралық |
Коллоквиум (2 бақылау 10 баллдан) |
10/20 |
10/20 |
6 |
Қорытынды |
Емтихан
|
20 /40 |
20 /40 |
|
|
Жиынтығы |
|
50/100 |
Студенттердің білімін емтиханда балл арқылы бағалау үлгісі
-
Емтихандағы баға
Бағаның балл пайызы,%
3 (қанағаттанарлық)
20/29
4 (жақсы)
30/35
5 (өте жақсы)
36/40
Студенттердің қорытынды бағасы (барлық бақылау
бойынша алынған балдардың қосындысы) кредиттік
жүйеге сәйкес төмендегі мағлұмат бойынша қойылады
Әріп жүйесімен бағалау |
Балдардың сандық баламасы |
Балдардың пайыздық мазмұны |
Дәстүрлі жүйемен бағалау |
А |
4,0 |
95-100 |
өте жақсы |
А- |
3,67 |
90-94 |
|
В+ |
3,33 |
85-89 |
Жақсы |
В |
3,0 |
80-84 |
|
В- |
2,67 |
75-79 |
|
С+ |
2,33 |
70-74 |
Қанағаттанарлық |
С |
2,0 |
65-69 |
|
С- |
1,67 |
60-64 |
|
Д+ |
1,33 |
55-59 |
|
Д |
1,0 |
50-54 |
|
F |
0 |
0-49 |
Қанағаттанарлықсыз |
АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ДАҚЫЛДАРЫН қорғау пәнінің дәрістері
1-тақырып. Кіріспе дәріс. Өсімдіктерді интегралды қорғаудың маңызы.
1.Өсімдіктерді интегралды қорғау пәнінің мақсаты мен міндетері.
2.Республикада өсімдік қорғау саласындағы қызметтердің заңдық нормативтік негіздері.
Әдебиеттер:
Интегрированная защита растений: Фитосанитарные системы и технологии/ под. ред.
Соколова М.С., Чулкиной В.А. – М.: Колос, 2009.
Химическая защита растений/ под ред.Г.С. Груздева.–М.: Агропромиздат, 1987.
http:/ www. Minagri. Kz
1 Өткен ғасырдың ортасына дейін пестицидтерді адамдар мен жануарларға қауіпті заттар түрінде қарастырылмаған. Дуст ДДТның теріс әсерлері мәліметтерінің көбейгені өсімдік қорғаудың жаңа концепциясының қалыптастырылуына себеп болды.
Химиялық заттардың өсімдіктер мен қоршаған ортаға кері әсерін болдырмау бағытында пестицидтерді өсімдік қорғаудың интегралды жүйесінің алатын орны ерекше. Интегралды өсімдік қорғау жүйесінің негізі – зиянды организмдерге жойқын әсер ететін немесе олардың тіршілігін шектейтін орта факторларын барынша толық қолдану. Бұндай жүйелердің басты мақсаты зиянды насекомдардың санын белгілі бір дәрежеде шектейтін шаралар кешенін қолдану. Химиялық өңдеу қажеттігін анықтау үшін ЗТЭШ критерийлері қолданады. Интегралды қорғау жүйе құрамына превентивті (алдын алу) және белсенді жойқын шаралар кіреді. Өсімдіктерді интегралды қорғау кешеніне карантиндік, агротехникалық, физикалық, механикалық, биологиялық, химиялық, генетикалық, селекциялық тұқым шаруашылық әдістер жатады.
2. «Өсімдік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы өсімдіктерді зиянкестерден, арамшөптерден және өсімдіктер ауруларынан қорғау саласындағы қызметті жүзеге асырудың құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық негіздерін айқындайды және егін өнімін, оның сапасын сақтау мен Қазақстан Республикасының аумағында фитосанитариялық іс-шараларды жүзеге асыру кезінде адамдардың денсаулығы мен қоршаған ортаға зиянды әсерді болдырмауға бағытталған.
«Өсімдік карантині туралы» Заң Қазақстан Республикасының аумағында ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жүйесiнiң құрамдас бөлiгi болып табылатын өсiмдiктер карантинi жөнiндегi іс-шараларды
жүзеге асырудың құқықтық негізін, мақсаттарын, міндеттері мен принциптерiн белгiлейдi.
2003 жылы Денсаулық қорғау және Ауыл шаруашылығы Министрліктері бірлесіп Қазақстан Республикасы пестицидтерді мемлекеттік тіркеу және тіркеу сынағының тәртібін бекітті. Қазақстан Ремпубликасының Ауыл шаруашылығы Министрлігі 2004 жылы 25 маусымда №334 «Фитосанитарлық есеп жүргізу тәртібін» бекітті. Мемлекеттік фитосанитариялық бақылау мекемелері фитосанитариялық есеп жасап, оны басқару мекемелеріне келесі түрде тапсырады:
Пестицидтер, биопрепараттар және энтомофагтарды өндіру оны іске асыру туралы есеп;
Пестицидтер, биопрепараттар және энтомофагтардың айналымы туралы есеп;
Пестицидтер, биопрепараттар және энтомофагтарды сақтау туралы есеп;
Химиялық өңдеулер жүргізу туралы есеп;
Химиялық жүргізуге көрсетілген қызметтер туралы есеп.
Әділет министрлігі және Ауыл шаруашылығы министрлігі бекітуі бойынша 2004 жылы «Өсімдік қорғау» заңы іске асыру мақсаттары қайта қаралып, қол қойылып тіркелді:
Пестицидтерді аэрозольды және фумигациялау тәсілдерін қолдану тәртібінің инструкциялары;
Пестицидтерді тасымалдау және қолдану, сақтау ережелері;
Пестицидтерді зарарсыздандыру ережелері;
Қазақстан Республикасы аумағында фитоснитариялық бақылау жүргізу тәртібінің инструкциялары;
Пестицидтерді өндіруде және іске асырудағы квалификациялық талаптар.
Қазақстан Республикасының «Химиялық өнімдердің қауіпсіздігі туралы» заңы (2006 жыл 30-шы маусым). Бұл заң Қазақстан Республикасының аумағында ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету химиялық өнімдердің қауіпсіздік іс-шараларды жүзеге асыру кезінде адамдардың денсаулығы, қоршаған ортаға және тұтынушыларға зиянды әсерін болдырмауға бағытталған.
1999 жылы «Техникалық, медициналық, фармацевтикалық, санитарлық, ветериналық, фитосанитарлық және экологиялық бірыңғай қолдану тәртібі стандарты мен кедендік бірлестігінің мемлекеттік қатысушылар келісімі бойынша тауар нормасы және талаптары» туралы хаттама бекіттілді.
Қазақстан Республика аумағында кездесетін каратиндік белгілері бар зиянкестер, өсімдік ауруларының қыздырғыштары және арамшөптер. Қазақстан Республика аумағында шектеулі таралған карантинді объектілер туралы 2002 жылы 10-шы желтоқсанда № 1295 заңы бекітілді.
Қазақстан Республикасы «Өсімдік карантині туралы» заңы іске асыру мақсатында 2003 жылы Қазақстан Республика аумағында карантиндік объектілерден қорғау тәртібін бекітті.
2003 жылы «Техникалық, медициналық, фармацевтикалық, санитарлық, ветериналық, фитосанитарлық және экологиялық бірыңғай қолдану тәртібі стандарты мен егеменді елдердің бірлестігінің мемлекеттік қатысушылар келісімі бойынша тауар нормасы және талаптары туралы келісім бекіттілді.
Халықаралық жүктерді тасымалдауды жеңілдету мақсатында талаптарды қысқартып сонымен қатар бақылау түрлерін азайтты. «Қазақстан Республикасының шекарасында халықаралық қатынастағы тауарларға бақылау» жүргізу туралы шешім қабылданды. Конвенция барлық жүктерге, алып келу және әкету кезінде шекараны басатын немесе су және әуе жолдарымен тасымалданатын барлық тауарлар үшін жүргізіледі.
2005 жылы «Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы өтетін жүк машиналарына жүргізілетін бақылау тәртібін» бекітті.
Бақылау сұрақтары:
1 Өсімдіктерді интегралды қорғау концепциясының пайда болу себептері.
2 Өсімдіктерді интегралды қорғау концепциясының қабылдау уақыты.
3 Өсімдіктерді интегралды қорғаудың қазіргі ұғымы.
4 Өсімдіктерді интегралды қорғаудың құрылымы.
4 «Өсімдік қорғау туралы» Заң бойынша пестицидтің түсінігі.
5 «Өсімдік қорғау туралы» Заңының өсімдіктерді қорғау саласында қызметті жүзеге асыруды айқындайтін негіздері
6 Карантинді организмдер дегеніміз не?.
2 – тақырып. Интегралды өсімдік қорғаудағы химиялық әдіс
1.Химиялық әдістің орны, жағдайы, дамуы.
2. Агрономиялық токсикологияның негіздері.
Әдебиеттер:
Химическая защита растений/ под ред.Г.С. Груздева.–М.: Агропромиздат, 1987.
Попов С.Я., Дорожкина Л.А., Калинин В.А. Основы химической
защиты растений. М., 2003.
Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген пестицидтер (анықтамалық материалдар), Астана, 2011
1.Зиянды организмдерге қарсы органикалық және органикалық емес қосылыстарды қолдануға негізделген әдіс химиялық деп аталады. Өсімдіктерді зиянды организмдерден қорғау үшін қолданылатын химиялық заттар әсері бойынша жан-жақты болып келеді. Оларды ауыл шаруашылық дақылдарының көптеген зиянкестеріне, ауруларына және арамшөптерге қарсы қолдануға болады. Сонымен қатар олар қоймаларды, жылыжайларды, элеваторларды және басқа да орындарды зарасыздандыруға пайдаланылады. Жалпы өсімдік қорғау шаралар жүйесінде химиялық заттар жетекші орын алады.
Осындай оң тиімді жақтарымен қатар өсімдік қорғауда қолданылатын химиялық заттардың кемшіліктері де бар. Бұл қатарда ең алдымен олардың адамдар мен жылу қанды жануарларға улылығы. Қоршаған ортаны химиялық ластаушы заттардан қорғау бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып отыр.Кейбір препараттардың биологиялық ортадағы тұрақтылығы жоғары, баяу ыдырап табиғи жағдайда қауіп тудырады. Бір препаратты жиі қайталап қолданғанда зиянды түрлерінің пестицидтерге төзімді популяциялары қалыптасады. Химиялық заттар зиянкестермен қатар пайдалы түрлерін де зақымдап, биоценозды бұзады.
Өсімдіктерді зиянды түрлерден қорғау үшін қолданылатын химиялық заттар келесі талаптарға сай болулары қажет: адамдар мен жануарларға улылығы жоғары және әсері тұрақты болмауы тиіс; тұрақтылылығы бір қалыпты, бір вегетациялық мерзім ішінде ыдырауға қабілетті; биологиялық және экономикалық тиімділігі жоғары; қолдануға, сақтауға және тағамдарға қолайлылығы; пайдалы организдерге қауіпсіздігі.
Өсімдіктерді химиялық жолмен қорғау әдісінің қауіпсіздігін арттыруы бірнеше бағытта жүргізіледі. Бірінші - пестицидтердің адамдар мен пайдалы жануарларға улылығын азайтуға, персистенттілігін төмендетуге, талғампаздығын арттыруға бағытында пестицидтерді жетілдіру. Екінші-тұқымдарды дәрілеу, бақтағы ерте көктемгі және кеш күзгі өңдеу, жолақты әдіспен өңдеу, гранулды препараттарды қолдану сияқты пестицидтерді қолданудың оңтайлы тәсілдерін пайдалану. Үшінші - қолданарда экономикалық тұрғыдан қажеттілігін және пестицидтерді негізінен популяциясын әсерін басуға пайдалану (аймақ ерекшелігін және зиянды түрлерінің зияндылық шегін ескере отырып). Төртінші - ауыл шаруашылығында және басқа салаларда пестицидтердің санитарлық-гигиеналық сипаттамасын және жұмыс қауіпсіздігін қамтамасыз етілуін ескере отырып оларды пайдаланудың ережесін қатаң сақтау.
2. Аз ғана мөлшерде болса да организмдердің бойына әртүрлі жолдармен еніп, оларды белгілі бір жағдайда улап, ауруға шалдықтыруға қабілетті химиялық заттар улар деп аталады.
Пестицидтердің азғантай мөлшерде организмдер тіршілігіне зақым келтіріп улайтын (кейде өлтіретін) қасиеті олардың уыттылығы деп аталады.
Организмдердің улануы күрт және тұрақты болып екіге бөлінеді. Күрт улану – пестицидтердің бір қайтара әсерінен болады және ол организмнің қалыпты тіршілігін бұзып, өлімге жеткізуі мүмкін. Күрт улану әдетте кеселдің шұғыл жетілуімен сипатталады. Тұрақты улану – пестицидтердің азғантай мөлшерінің бірнеше қайтара әсерінің нәтижесінде болады. Организмнің тіршілік сипаты біртіндеп бұзылып, ауруға шалдығады. Пестицидтердің уыттылық дәрежесі мынадай жағдайларға байланысты: у мөлшері; организмге ену жолы; әсер ету ұзақтығы; организмнің күйі; орта жағдайларының әсері (жауын-шашынмен шайылуы, жел әсері т.б.).
Органимздерге пестицидтердің әсер етуі оның дозасына, яғни белгілі бір әсер ететін пестицид мөлшерімен сипатталады. Пестицид дозасы белгілі бір аудан, көлем немесе өңделетін объект массасына шаққандағы салмақ бірлігімен өлшенеді (г/га, л/га, г/л, мг/л, кг/т, л/т т.б.). Пестицидтердің өндірістік жағдайда өсімдіктерді қорғау және жоғары шаруашылық тиімділігі тәжірибе нәтижесінде анықталған мөлшері қолдану мөлшері (норма расхода) деп аталады.
Пестицидтер үшін жұмыс ерітіндісінің пайызбен берілетін концентрациясы белгіленеді. Егер пестицидтің әсер ету дәрежесін өлген объектілердің санымен белгілейтін болсақ ӨД, ЛД және ӨК – көрсеткіштері пайдаланылады. Заттардың қауіпсіздік дәрежесі мынадай көрсеткіштермен сипатталады:
шектік доза (уыттылығының бастапқы кезеңі); сублеталды доза (өлтірмей улау дәрежесі); леталды доза (пестицидтердің тірі организмдерді өлтіруге қажетті дозасы). Шектік доза дегеніміз сырт көзге байқаусыз, тек өте сезімтал биохимиялық немесе физиологиялық тестілермен анықтауға болатын организмдер бойында өзгерістер тудыратын улы заттың ең аз мөлшері. Сублеталды доза дегеніміз организм тірі қалғанмен сырт көзге уланғаны байқалатын улы заттың мөлшері. Леталды (өлім) доза дегеніміз улану нәтижесінде организмлердің тіршілігін тоқтататын улы заттардың мөлшері.
Бүл аталған көрсеткіштер пестицидтердің гигиеналық сипаттамасы үшін де пайдаланылады.
Бақылау сұрақтар:
1 Химиялық әдістің артықшылықтары.
2 Пестицидтердің қоршаған орта объектілеріне әсері.
3 Химиялық заттарға қойылатын талаптар.
4 Химиялық әдісінің қауіпсіздігін арттыру жолдары.
5 Күрт және тұрақты улану.
6 Пестицидтердің токсикалық қасиетерін белгілейтін көрсеткіштер.
3- тақырып. Зиянды нысандарға пестицидтердің уыттылығы
1.Зиянды ағзаларға пестицидтердің уыттылығын анықтайтын факторлар.
