Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
A_sh_d__1179_or_1171_au_umk.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

3. Өсімдік қорғаудың биологиялық әдісіне маңызды орын алатын энтомофаг түрлері мыналар: браконид, афидиид, афелинид, трихограмматид, алтын көзділер, галлица тұқымдасы жатады.

Трихограмматид тұқымдасы. Трихограммалар өте ұсақ, ұзындығы бір милиметрге жетпейтін, қара немесе сары түсті насекомдар. Артқы қанаттары ұзын және енсіз болады. Мұртшалары қысқа, ұрғашыларынікі шоқпар басты, бес буыннан тұрады, еркектерінікі үш буынды.

Ересек насекомдар гүлді өсімдіктердің шырынын сорып, дербес тіршілік етеді, ал личинкалары ауылшаруашылығы дақылдарына зиянды насекомдардың жұмыртқаларында паразиттік тіршілік етіп, оларды дамуының бастапқы кезеңінде ұрық фазасында құртады.

Трихограмма 70-ке жуық зиянды насекомдардың паразиті бола алғандығы анықталып отыр. Солардың ішінде ауылшаруашылығы зиянкестерінің 10-нан астам түрлеріне қарсы биологиялық күресте трихограммалардың үш-төрт түрі мен 15 түр аралық формалары зерттеліп, іс жүзінде пайдаланылуда. Оларды бір-бірінен түсі, пішіні жұмыртқа салғыш аппараттарының ұзын-қысқалығы, сонымен қатар ересектерінің биологиялық ерекшеліктері мен мінез құлықтары арқылы ажыратуға болады.

Қазақстан жағдайында көпқоректі зиянкес насекомдардың ішінде өздерінің зиянкестік дәрежесі жағынан кеміргіш қоңыр көбелектердің практикалық маңызы өте зор. Бұл топқа жататын зиянды көбелектердің ішінде, әсіресе күздік және жабайы көбелектер капуста қоңыр көбелегі өте қауіпті болып саналады. Олар республикамыздың онтүстік және оңтүстік – шығыс аймақтарында көкөністің, техникалық дақылдардың бірқатарына қатты зиян келтіреді. Сондықтан, көпқоректі зиянкестердің басқа топтарымен салыстырғанда кеміргіш қоңыр көбелектердің энтомофагтары толығырақ зерттелген. Кеміргіш қоңыр көбелек паразиттерінің ішінде ең басты рөл атқаратыны осы кәдімгі трихограмма. Трихограмма мейлінше көпқоректі әрі кең таралған паразит.

Кәдімгі өрмекші кене ауыл шаруашылығы дақылдарының көптеген түрлерін зақымдайды. Ол әсіресе теплицаларда өсірілген қиярға қатты зиян тигізеді.

Өрмекші кене акарифагтарының ішінде біздің елімізді бүгінгі таңда биологиялық әдісте кеңінен қолданылып жүргені – жыртқыш кене фитосейлюс.

Фитосейлюс табиғатта Чилиде, Алжирде, Ливанда және Франция мен Италияның оңтүстігінде кең таралған. 1963 жылы Москвадағы Бүкілодақтық фитопатология ғылыми-зерттеу институтының ғалымы Г.О. Бегляров Канададан алып келіп, біздің елге жерсіндірген. Жыртқыш кенені зертхана жағдайында жаппай өсіріп-өндіру жолдары қарастырылып, қазіргі кезде теплица шаруашылықтарында қияр өсімдігін өрмекші кенеден қорғауға іс жүзінде кеңінен қолданылып отыр.

Ересек ұрғашы кененің дене тұрқы сопақша келген, ұзындығы 0,5 мм, сарғыш немесе күрең қызыл түсті. Еркектері ұрғашыларынан кішірек болады.Оларды бір-бірінен тек қана микроскоп арқылы қарап ажыратуға болады.

Фитосейлюстің көбеюі гамогенез жолымен, яғни екі жыныс особьтарының шағылысуы арқылы жүреді. Ұрықтанғаннан кейін 1-2 тәуліктен соң ұрғашы кенелер ұрықтануға кіріседі. Ұрықтанбаған кенелер жұмыртқа салмайды. Жұмыртқаларын бір-бірлеп өсімдіктердің жапырағына, өрмекші кене топтарының арасына шашыратып салады. Жұмыртқалары өрмекші кенелердің жұмыртқаларынан ірі, сопақша келген ақшыл-жасыл түсті болады. Өсімталдығы әрбір кенеге орташа есеппен 50 – 80 жұмыртқадан келеді. Жұмыртқадан шыққан алты аяқты личинкалардың түсі сары, қоректенбейді. Көп кешікпей бұл личинкалар түлеп, сегіз аяқты нимфаға айналады. Ал осы нимфалар екі рет түлегеннен кейін барып ересек кенелердің қатарына қосылады.

Фитосейлюстерді қолдан жаппай өсіріп-өндіру үшін өрмекші кенелердің миллиондаған особы қажет болады. Жыртқыш кенеге қажетті мұндай мол азық қорын даярлау мақсатында зертханада өрмекші кенелерді де өсіп-өндіру қажет. Ол үшін алдымен ие-өсімдіктерді өсіру қажет. Сондықтан өткен өсімдіктердің ішінде өрмекші-кенелер бұршақ тұқымдас өсімдіктерінде тез қарқынмен өседі. Солардың ішінде майбұршақты пайдалану өте тиімді. Себебі оның даму мерзімі қысқа және өрмекші кенелердің зақымдануына төзімді келеді. Бұған қоса соя өсімдігі тоңазытқышта біраз уақыт ұстауға да жарай береді.

Фитосейлюстерді ауаның температурасы төмен, ал ылғалдылығы өте жоғары болған жағдайда ұзақ уақыт сақтауға болады. Ол үшін ең қолайлы жағдай – 3° С температура мен 90 – 98% ылғалдылық. Әсіресе ұрғашы осбьтары жақсы сақталады. Ал жұмыртқалар мен жас кенелер тез өліп қалады. Дегенмен жыртқыш кенелер дамуының барлық сатысында 5 – 6 күн сақтауға шыдайды.

4. Зиянкестерге қарсы вирустық, саңырауқұлақтық, бактериалық препараттар кең қолданады.

Бунақденелілерге қарсы бактериялық препараттар Bacillus thuringiensis, бактерия негізінде жасалады. Тізімде кездесетін биопрепараттар ақ көбелек, битоксибациллин, лепидоцид т.б. препараттары қырыққабат және шалқан ақ көбелектері, қырыққабат күйесі, алма күйесі, американдық ақ көбелек, мақта күйесі, карадрина, жұпсыз жібек көбелегі, жүзім шоғының жапырақ ширатқышына қарсы қолданылады.

Саңырауқұлақтық препараттарды олардың спораларын қолдана отырып даярлайды. Споралар зиянды насекомдардың сыртқы мүшелеріне жүғып, өніп өсіп, онда ішкі мүшелеріне ауысып олалды зақымдай бастайды. Боверин препарат күздік, шалғындық және қырыққабат, көбелектерге, бақашық қандала, колорад қоңызы мен алма жемірлеріне қарсы қолданылады Стандартталған препараттың 1 грамда 2 млрдтай конидий споралар болады..

Вирустық препараттар – насекомдарда аура қоздырғыш патоген вирустар негізде жасалады. Насекомдар қоректенетін заттармен вирустар олардың ішіне еніп, өніп-өсіп, олардың тіршілігін жояды. Энтомопатогендік вирустардың өзіндік ерекшеліктері бар. Олар адамдар, жануарлар және пайдалы насекомдарға зиянсыз болатұрып, насекомдардың тек белгілі бір тоатарында ауру туғызып індет таратады вирустардың ерекшеліктері тек тірі жасушаларда ғана тіршілік ете алады, сондықтан вирустардан препарат дайындау бактериялар және саңрауқұлақтардан әзірлеуге қарағанда бөлектеу болады. Стандарт насекомдарды қоректік орталарда өсіреді. Насекомдардың жұлдызқұттарына белгілі бір қолайлы жағдай жасай вируспен зақымдалған азықты береді. Вирин ЭКЕ – қырыққабат жұлдызқұрттарына жұқтыру арқылы даярлайды. 1 мл препарат 1 млрд вириондар болады, 100-150 г/га.

Бактероденцид – кемірушілерде ауру қоздыратын микроорганизм Salmonella негізіндедаярлайды. Оны дәнмен қосып жасайды. Препаратты кемірушілер көптеп таралған жерлерде қақтырғыш нәрсе ретінде шашады. Дәнмен бірге желінген препараттардағы микроб тышқандарда індет таратып, ардың 80% қырып жібереді.

5. Антагонист микроағзалардың белсенділігін арттыру. Ауыспалы егістегі әртүрлі алғы дақылдардан кейін топырақтағы антагонист микроағзалардың түр құрамы мен сан мөлшері өзгереді. Жаздық бидайдың үлесі жоғары ауыспалы дақылдар егісінде Aspergillus пен Penicillium саңырауқұлақтары көбейіп, нәтижесінде тамыр шірігіне шалдыққан өсімдіктер саны үздіксіз көтерілмей, бір деңгейде тұратыны белгілі болды. Аталған дақылды ас бұршақ пен сұлы қоспасынан кейін еккенде, осы ауруды қоздыратын Fusarium мен Bipolaris-тің белсенді антагонисі - Trichoderma саңырауқұлағының саны 2-3 есеге артатыны байқалды. Ауыспалы егісті ендіру арқылы топырақтағы антагонист микроағзалардың санын реттеп, фитосанитарлық ахуалды біраз тұрақтандыруға болатынын көрсетеді.

Биологиялық препараттарды қолдану. Жүздеген, мыңдаған тонна биофунгицид алу үшін, табиғи өсетін өсімдік биомассасының қоры жетпейтіні анық. Бірақ табиғат зертханасының сырын аша отырып, антибиотиктерді химиялық әдіспен шығаруға болады. Әртүрлі топқа жататын микроағзалардың арасында бір-бірімен антагонистік қарым-қатынас қалыптасады. Тіршілік барысында олардың кейбіреуі адам мен жануарлардың және өсімдіктердің ауруларына қарсы қолданылатын антибиотиктер бөліп шығарады. Көптеген антибиотиктер актиномицеттерден алынады. Жапония, АҚШ, Батыс Еуропа елдерінде бұл жұмыс жақсы жолға қойылған. Бұрынғы Кеңес Одағында өсімдіктер ауруларына қарсы антибиотиктер қолдануға көп көңіл бөлінді.

Бластицидин - Streptomyces grisechromogenus актиномицетінен алынған. Күріштің аса зиянды ауруы - пирикуляриозға қарсы қолданылады. Бұрынғы Кеңес Одағында жүргізілген зерттеулер бұл препарат жүзім жемісінің сұрғылт шірігіне, қияр мен шабдалының ақ ұнтағына, картоптың таз қотырына тиімді екенін көрсетті.

Касугамицин - S. casygensis актиномицетінен бөлініп алынған. Жапонияда күріштің пирикуляриозына қарсы қолданылады. Ол қарақаттың саңырауқұлақтар қоздыратын ауруларына, астық дақылдарының тамыр шіруіне тиімді.

Полимицин - S. cacaon актиномицетінен бөлінген. Жапонияда жеміс ағаштары мен көкөніс, техникалық дақылдардың саңырауқұлақтар қоздыратын ауруларына қарсы қолданылады.

Стрептомицин - S. grysous актиномицетінен бөлініп алынған. Ол адам мен жануарлардың және өсімдіктердің бактериялар қоздыратын ауруларына тиімді. АҚШ пен Жапонияда стрептомицин өсімдік бактериоздарына қарсы қолданылады. Бұрынғы Кеңес Одағында медицина саласында кеңінен қолданылатындықтан, ол ауыл шаруашылығында пайдаланылмады.

Гризеофульвин – Penicillium grisefulvum саңырауқұлағынан алынады, өсімдік микоздарына өте тиімді. Антибиотиктің әсерінен ауру қоздырғышының мицелийі морфологиялық өзгеріске ұшырайды. АҚШ пен Англияда өсімдіктердің саңырауқұлақтар қоздыратын көптеген ауруларына қарсы қолданылады. Адам мен үй хайуанаттарының дермотоксикозына да тиімді.

Фитобактериомицин – Аctinomyces levendula актиномицетінен алынған. Бұрынғы Кеңес Одағында өсімдіктердің бактериялар қоздыратын ауруларына қарсы қолданылды. Мақтаның гоммозына, ас бұршақ пен майбұршақтың бактериозына қарсы 1 кг тұқымды баптауға 2–3 грамм препарат жұмсалды. Өсімдіктердің өсуін тездетіп, түсімін көбейтеді. Өсу кезеңінде препарат 0,001% концентрацияда қолданылады, концентрациясы бұдан жоғары болса зәрлі келеді.

Трихотецин – Trichotecium roseum саңырауқұлағынан алынады. Бұл антибиотик көптеген фитопатогендерге қарсы сыналған. Ол астық дақылдарының тамыр шірігіне, қант қызылшасының тамыр жегішіне, жеміс ағаштарының монилиозына, қиярдың ақ ұнтағына тиімді.

Триходермин - Trichoderma lignorium саңырауқұлағынан алынады. 1986-1990 жж. Ресейде шығарылған триходермин-4 препараты Торғай облысында сыналып, ол астық дақылдарының тамыр шірігіне өте тиімді екені, жаздық бидайдың түсімділігін айтарлықтай жоғарылайтыны анықталды. Өткен ғасырдың 80-жылдары Қазақстанда осы саңырауқұлақ күнбағыстың шекілдеуігі мен арпа дәндерінде жартылай өндірістік жағдайда көбейтіліп, жылыжайда қияр мен қызанақтың тамыр шіруі және басқа ауруларына қарсы қолданылды. С. Сейфуллин атындағы агротехникалық университет ғалымдары Trichoderma lignorium және T. viridae саңырауқұлақтары астық дақылдарының тамыр шірігі ауруына тиімді екенін анықтады, бірақ та олар өндірісте пайдаланылмады.

Соңғы жылдары Ресей ғалымдары Pseudomonas туысына жататын флуоресцентті бактерия штаммдарынан алынған биопрепараттарды астық дақылдарының тамыр шірігі және басқа ауруларға қарсы өндірісте пайдалануға ұсынды. Олардың ішінде агат 25К, экстрасол және биосил Қазақстанда пайдалануға тіркелген.

Агат 25 К - Pseudomonas aureofaciens бактериясының Н 16 штаммынан шығарылған. Құрамында биологиялық белсенді заттар мен микроэлементтер бар. Тамыр шірігіне қарсы астық дақылдарының тұқымын дәрілеуге және өсімдіктердің өсу кезеңінде тат, септориоз және т.б. ауруларға қарсы қолдануға ұсынылған. 1 тонна тұқымды баптауға және өсу кезеңінде 1 га егісті бүркуге сумен араластырылған 10 мл препарат жұмсалынады. Қостанай облысында жүргізілген танаптық тәжірибелер бұл препараттың тиімділігі тат және септориоз ауруларына өте төмен екенін көрсетті.

Экстрасол - Bacillus subtilis бактериясының Ч-13 штаммынан алынған. Қазақстанда жаздық бидай мен арпаның тұқымын дәрілеуге тіркелген. Тұқымның зеңденуін төмендетіп, өнгіштігін арттырады және өскіндердің өсуіне оң әсер етеді, аталған дақылдардың тамыр шірігі ауруына және қолайсыз жағдайларға беріктігін арттырады.

Соңғы жылдары Қазақ өсімдіктер қорғау және карантині ҒЗИ-ты Республикалық биотехнология және биология орталығының Микробиология және вирусология институтымен бірлесе отырып, целлюлоза ыдырататын Bacillus cytaseus бактериясының астық дақылдарының тамыр шірігіне тиімді өсімдіктердің өсуіне оң әсер ететін штаммдарын іріктеп алды. Оларды аталған ауруды тежеудің биологиялық тәсілі ретінде пайдалануға болатыны анықталып, авторлық куәлік алынды (№50833, 15.12.2006 ж.). Осы бағыттағы зерттеу жалғастырылып, 2011 жылы оның бактерияның тағы бір штаммына өсімдіктерді қорғаудың биологиялық құралы ретінде инновациялық патент алуға ұсынылды

Фитонцидтер мен фитоалексиндерді қолдану. Өсімдіктер түзетін антибиотиктерді фитонцидтер немесе фитоалексиндер деп атайды. Оларды микроағзалармен қатар жоғары сатыдағы хлорофилді өсімдіктерден де бөліп алуға болады. Өсімдіктерді аурулардан айықтыруда фитонцидтердің рөлін зерттеу бағытында профессор

Б.П. Токин көп жұмыстар жүргізді. Пияз бен сарымсақтың шырындары біраз дақылдарды бактериоз ауруынан айықтыратынын анықтады. Украина ғалымдары К.И. Бельтюкова, М.Н. Родигин, Р.М. Галачьян және тағы басқалардың зерттеу жұмыстары, пияз бен сарымсақтан бөлінетін фитонцидтер орамжапырақтың шырынды бактериозына, қызанақтың бактериялы ісігіне, астық дақылдарының қаракүйелері және басқа да көптеген ауруларға тиімді екенін көрсетті.

Жан-жақты жүргізілген зерттеулер нәтижесінде тәтті және ащы бұрыш, шырғанақ, ақжелек, қымыздық, қылша, шырша, қарағай туыстарының өкілдері және т.б. көптеген шөптесін және сүректі өсімдіктер фитонцидтер бөліп шығаратыны белгілі болды. Олар ұшпалы және ұшпайтын фракциялардан тұрады. Шыршалы және қарағайлы ормандарда серуендегенімізде көңілді көтеріп, тынысты кеңітетін хош иіс, шипалы ауа-өсімдіктің ұшпалы фитонцидтері.

Фитонцидтердің шипалы әсері өсімдіктерді жартылай паразитті және сапрофитті ағзалардан қорғауға бағытталады. Олардың ұшпайтын фракциясы зиянды микроағзалар спораларының өнуін тежейді, ұшпалы фракциясы паразитті микроағзалардан қорғайды. Фитонцидтердің әсерінен ауру қоздырғыштарының споралары өнбейді, ал өнгеннің өзінде өсімдік жасушаларында тарала алмайды. Құрамында өсімдік ұлпаларында түзілетін эфир майлары, басқа да күрделі органикалық қосылыстар болады.

Өсімдік антибиотиктерінен иманин мен аренарин жан-жақты зерттеліп, олар көкөніс және басқа дақылдардың бактериоз, вирус ауруларына тиімді екені анықталды.

Иманин – шайқурай өсімдігінен алынады. Қызанақ көшеттерін бұл препараттың 0,01% ерітіндісімен 2–3 дүркін бүріккенде, олар вирус ауруынан толық айығады, өсуі жылдамдап, түсімділігі жоғарылайды.

Аренарин – құм солмасынан алынады. Ол әсіресе қызанақтың бактериоз және вирус ауруларының дамуын тежейді. Украина ғалымдарының жүргізген зерттеу жұмыстары аренаринмен қызанақ тұқымын баптағанда, өсімдіктер қара бактериоз бен стриктен және шіру ауруларынан айығатынын көрсетті. Аталған дақылды препараттың судағы 1: 25000, ал көп жылдық шөптер, қант қызылшасы тұқымын 1:1000 немесе 1: 2000 сұйытылған ерітінділерімен баптау ұсынылған.

Өсімдіктер түзетін антибиотик заттардың бір тобына фитоалексиндер жатады. Олар тек патогенді микроағзаның өсімдік жасушасына енуіне жауап ретінде түзіледі, залалданбаған ұлпада кездеспейді. Қазір Phytophtora infestans саңырауқұлағына қарсы картоп ришитин, любимин сияқты фитоалексиндер бөліп шығаратыны анықталып отыр. Сонымен қатар, мақтаның солу ауруын қоздыратын Verticillium albo-atrum саңырауқұлағына қарсы госсипол, астық дақылдары тамыр шіруі қоздырғышының өсуін тежейтін - гельминтоспорол фитоалексинін бөліп шығаратыны тәжірибе жүзінде дәлелденді.

Бақылау сұрақтары:

1. Биологиялық өсімдік қорғаудың мәні.

2. Макробиоәдістің агенттері.

3. Энтомофагтар мен акарифагтарды қолдану принциптеріне сипаттама беру.

4. Саңырауқұлақтық, бактериалық, вирустық препараттардың фитофагтарға әсері.

4. Микроорганизм антогонистерді көбейту, қолдану.

8. Антибиотиктерді қолданудың әдістері.

9. Қандай өсімдік фитонцидтілікке ие?

10. Өсімдіктерді вакцинациялау.

10 – тақырып. Превентивті қорғау шаралары

1. Карантинның негіздері.

2. Өсімдіктерді қорғаудағы агротехникалық, селекция-

тұқымшаруашылық, физикалық, механикалық әдістері.

Әдебиеттер:

Справочник агронома по защите растений / под. ред Сагитова А.О., Исмухамбетова Ж.Д. – Алматы: РОНД, 2004-320С.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]