- •Ауылшаруашылық дақылдарын қорғау
- •Негізгі әдебиеттер
- •9. Курстың саясаты
- •10. Білімді бағалау жөніндегі ақпарат
- •11. Бағалау саясаты
- •2. Пестицидтердің талғампаздығы.
- •Инсектицидтер мен акарицидтер
- •Родентицидтер
- •3.Энтомофагтар, акарифагтар.
- •3. Өсімдік қорғаудың биологиялық әдісіне маңызды орын алатын энтомофаг түрлері мыналар: браконид, афидиид, афелинид, трихограмматид, алтын көзділер, галлица тұқымдасы жатады.
- •Тильменбаев әт., Жармұхамедова г.Ә. Энтомология. – Алматы: Қайнар, 1994, 336 бет.
- •4.Тильменбаев әт., Жармұхамедова г.Ә. Энтомология. – Алматы: Қайнар, 1994, 336 бет.
- •Тильменбаев әт., Жармұхамедова г.Ә. Энтомология. – Алматы: Қайнар, 1994, 336 бет.
- •3. Вегетативті мүшелер мен масақтағы дән санын қалыптастыруын фитосанитарлық оңтайландыру
- •Астық дақылдарының егістігінде қос жарнақты арамшөптерді қарсы гербицидтер.
- •Сульфонилмочевина туындылары
- •Контактты әсерлі гербицидтер
- •«Пестицидтердің (улы химикаттардың) қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 мамырдағы № 515 қаулысымен бекітілген.
- •5.Тильменбаев әт., Жармұхамедова г.Ә. Энтомология. – Алматы: Қайнар, 1994, 336 бет.
- •Өсімдіктерді қорғау жөніндегі талаптар.
- •Пестицидтерді мемлекеттік тіркеу.
- •Мемлекеттік фитосанитариялық бақылаудың міндеттерi.
- •Аса жоғары қауіпті кластары пестицидтерді қолдану жөніндегі талаптар.
- •Тізімде ... Пестицидтерді қауіптілігіне байланысты қолдану регламенттер.
- •Жеке қауіпсіздіктің ережелері.
- •Тильменбаев әт., Жармұхамедова г.Ә. Энтомология. – Алматы: Қайнар, 1994, 336 бет.
- •Тильменбаев әт., Жармұхамедова г.Ә. Энтомология. – Алматы: Қайнар, 1994, 336 бет.
- •Тильменбаев әт., Жармұхамедова г.Ә. Энтомология. – Алматы: Қайнар, 1994, 336 бет.
- •Тильменбаев әт., Жармұхамедова г.Ә. Энтомология. – Алматы: Қайнар, 1994, 336 бет.
- •Тильменбаев әт., Жармұхамедова г.Ә. Энтомология. – Алматы: Қайнар, 1994, 336 бет.
Инсектицидтер мен акарицидтер
Зиянды насекомдар мен кенелерге қарсы қолданылатын биологиялық белсенді заттар
Родентицидтер
Нематицидтер
Фумиганттар
Аттрактанттар, репелленттер, антифиданттар және
Хемостерилянттар
Әдебиеттер:
Химическая защита растений/ под ред.Г.С. Груздева.–М.: Агропромиздат, 1987.
Попов С.Я., Дорожкина Л.А., Калинин В.А. Основы химической защиты растений. М., 2003.
Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген пестицидтер (анықтамалық материалдар), Астана, 2011.
1. Қазіргі кездегі инсектицидтер мен акарицидтер әр түрлі химиялық класқа жататын химиялық заттар. Әдетте әсерлі заты бір химиялық класқа жататын пестицидтердің әсер ету механизмі де ұқсас болады, сондықтан оларды химиялық құрылысына қарай жіктеу ыңғайлы.
Фосфорорганикалық қосылыстар. Фосфорорганикалық қосылыстардың (ФОҚ) токсикалық қасиеті ХХ ғасырдың басында
ашылды. Ауыл шаруашылығына олар песистентті, сондықтан да экологиялық қасиеті төмен ДДТ, гексахлоран сияқты хлорорганикалық қосылыстардың орнына 1965 жылы енгізілді.
Қорғаныш әсерінің мерзімі 10-20 күн. Көпшілік дақылдарда күту мерзімі 20-25 күн. Ұсынылған мөлшерінде өсімдіктерге улы әсері жоқ.
Фосфорорганикалық қосылыстардың кемшіліктері: жылу қанды жануарлар мен адамдарға жоғары улылығы, салыстырмалы түрде тез арада уға төзімді (резистентті) топтарының пайда болуы.
Бүгінгі күні инсектицид және инсектоакарицидтер ретінде негізінен фосфор мен күкірт байланысы бар (Р=S) тиофосфор және дитиофосфор қышқылының туындылары қолданылады.
Фосфорорганикалық қосылыстар – жүйке-параличін тудыратын улы заттар. Олардың әсерінен туған параличтің аяғы өлімге ұшыратады.
Тиофосфор қышқылының туындылары – фенитротион, хлорпирифос, диазинон, пиримифосметил, паратион-метил – қолданылады. Олар контакты – ішек әсерлі және сүтқоректілерге қауіпті.
Дитиофосфор қышқылының туындылары – малатион, диметоат, фозалон жатады. Бұл препараттардың кумулятивтік қаситеті төмен, ал теріге кері әсері бар.
Карбамин қышқылы туындылар тобының инсектицидтері. Карбамин қышқылының әр түрлі туындыларының инсектицидтік, фунгицидтік және гербицидтік қасиеттері бар. Олардың қатарына карбосульфан, карбофуран, пиримикарб, фуратиокарб. Аталған препараттар негізінен контактты-асқазаны арқылы енеді, сонымен қатар өсімдік жапырағы мен тамырларына енетін болғандықтан жүйелі түрде де әсер етуі мүмкін. Алайда өсімдіктердік өткізу жүйесі бойымен нашар қозғалады. Үлкен дозаларында өсімдіктердің тамыр талшықтарын күйдіріп, улы әсер етеді. Олардың әсер ету механизмі фосфорорганикалық қосылыстардікіне ұқсас. Аталған препараттардың көпшілігі адамдар мен үй жануарларына өте қауіпті. Топырақта өте баяу ыдырайды, суда мүлдем болмауы керек.
Карбаматтар қатарына жататын тағы бір препарат – инсегар – ювеноид, яғни метаморфозды тоқтататын препарат ретінде қолданылады.
Синтетикалық пиретроидтар. Химиялық құрамы мен әсер ету механизмінің Pyrethrum туысына жататын түймедағынан алынатын табиғи пиретриндерге бұл заттар тобы пиретроидтар деп аталады. Бүгінгі күні жетекші роль атқарады. Синетитикалық пиретроидтар – суда ерімейтін, липофильді заттар. Бұл қасиеті олардың насекомдарға улылығының жоғары дәрежеде болуын қамтамасыз етеді. Пиретроидтар – бастапқы биологиялық белсенділік дәрежесі жоғары, жанасуы-асқазаны арқылы әсер ететін инсектицидтер. Бір қатар пиретроидтардың акарицидтік те әсерлері бар. Кенелерге қарсы бифентрин (талстар),
фенпропатрин (данитол), тау-флювалинат (маврик) препараттарының жақсы нәтижелі инсектоакарицидтік қасиеті бар.
Пиретроидтар насекомдардың жүйке жүйесіне әсер, олардың параличін тудырып, тіпті тіршілігін тоқтатады.
Пиретроид препараттарының көпшілігі адамдар мен жылу қанды жануарлар үшін қауіптілігі 3-4 класс дәрежесіндегі улы заттар қатарына жатады. Пиретроидтар өсімдіктерге улы әсер етпейді. Олар топырақты нашар қозғалады, микроорганизмдер әрекетінің нәтижесінде 2-4 аптада ыдырайды, өсімдіктерге енбейді. Өсімдіктердің бетінде жартылай ыдырау мерзімі 7-9 күн, қалдықтары 20-25 күн бойына байқалады.
1980-1990 жылдары пиретроидтардың көп қолданылуы көптеген зиянкестердің оған төзімді особьтерінің пайда болуы әкеліп соқтырды. Қазақстан территориясында қолдануға рұқсат етілген мемлекеттік пестицидтердің ішінде мынадай синтетикалық пиретроидтардың әсер етуші заттары кездеседі: циперметрин (альфа-, бета- және зета- изомерлер), дельтаметрин, перметрин, бета-цифлутрин, лямбда-цигалотрин, фенвалерат, фенпропатрин, бифентрин, эсфенвалерат, тау-флювалинат.
Неоникотиноидтер. Неоникотиноидтер пиретроидтер сияқты синтезделу жолымен алынған жаңа никотиндер. Олар ацетилхолинэстераза ферментінің белсенділігін басады. Бұндай жағдайда насекомдардың нервтік импульсінің жеткізілуі тежеледі, нәтижесінде жүйкенің шамадан тыс қозуынан олар өледі. Неоникотиноидтердің мынадай ортақ қасиеттері болады: әсер етуінің талғампаздығы - олар насекомдарының рецепторларында жақсы жинақталады да, адамдар мен сүт қоректілерінің рецепторларында жинақталмайды; ұшқыш еместігі; гидролизге тұрақты. Әсер ету механизмі көпжақты: олар контакты- асқазанды әсері бар жүйелі инсектицидтер.
Неоникотиноидтар өсімдіктерге улы әсер етпейді, күндізгі жоғары температураға салыстырмалы түрде төзімді, қорғаныш мерзімінің ұзақтығы 14-21 күн. Адамдарға, жылу қанды жануарларға және араларға қауіптілігі орташа. Біздің елде қолданылатын неоникотиноидтерге жататын пестицидтер төрт әсерлі заттар негізінде жасалады: имидаклоприд, ацетамиприд, тиаметоксам және тиаклоприд.
Табиғи инсектицидер. Авермектиндер – актиномицет саңырауқұлақтарының (Streptomyces avermitilis) өнімі. Авермектиндер қатарына жататын әсер етуші заттарға аверсектин С (фмтоверм сериялы перпараттар), абамектин, авертин N. Бұл заттардың әсер ету механизмі – нейротоксинді типке, яғни нерв жүйесіне әсер етуімен сипатталады. Омыртқасыздардың организміне жанасу немесе қорегімен бірге енеді. Авермектиндер зиянкестерге 18-20оС деңгейінде жақсы әсер етеді, ал температура деңгейі 28 оС асқанда олардың тиімділігі екі есе артады.
Авермектиндер онша тұрақты қосылыстар емес, өсімдіктердің бетінде, топырақта, және суда тіке күн сәулесінің және оттегінің әсерінен тез ыдырайды. Қорғаныш мерзімінің ұзақтығы 5-7 күн.
Авермектиндердің жүйелі әсер ету қасиеті жоқ және өсімдік өнімдерінде жинақталмайды. Авермектиндер қауіптілігі бойынша 2-3 класқа жатқызылады. Олармен өңдеген аймаққа балаларды жіберуге болмайды. Себебі олардың уыттылығы адам жасына қарайды – 21 жасқа дейінгі жастағы адамдарға едәуір әсер етеді. Ұсынылған мөлшерде өсімдіктерге улы әсері жоқ (фитоверм М препратынан басқасында). Авермектиндер суда тіршілік ететін көптеген омыртқасыздар мен балықтарға уыттылығы жоғары болып келеді, сондықтан олардың су қоймаларына түспеуін қамтамасыз ету қажет.
Топырақ бойымен мүлдем дерлік қозғалмайды және топырақтан өсімдікке енбейді.
Минерал майлар. Қалқаншалардың, жалған қалқаншалардың, кенелердің, бітелердің және басқа да зиянкестердің қыстау кезеңімен күресу үшін инсектоакарицид ретінде вазелин майының негізінде жасалған 30 препараты жеміс ағаштарында қолданылады. Препарат ерте көктемде ағаштар бүршік жармай тұрып, бүркіп қолданады. 30 препараты қолданғанда насекомдардың бойын басқан майлардың бір жағынан оларға улы әсер болса, екінші жағынан насеком организмінің газ алмасу процесі бұзылады.
Адамдар мен жануарлардың тері жамылғысына айтарлықтай әсер етеді, сондықтан олармен жұмыс істердің алдында қорғаныш майлар жағып алған жөн. Сонымен қатар аэрозоль күйінде қолданылғанда тыныс алу мүшелеріне де әсер етеді. Араларға өте қауіпті.
Басқа химиялық топтарға жататын инсектицидтер. Бенсултап (банкол препараты) – теңізде тіршілік ететін нереидтерден бөлініп алынатын табиғи нейротоксиннің аналогы болып табылады. Насекомдарға әсер ету механизмі холинэстераза ферментіне әсер етуімен анықталады. Бұл препарат басқа химиялық топтарға жататын препараттарға төзімді насекомдарға қарсы тиімді. Жылу қанды жануарларға қауіпті емес, кумулятивтік қасиеті төмен.
Фипронил инсектицидтік уыттылығы жоғары фенилпиразолдар тобына жатады. Бұл әсер етуші зат негізінде регент, адонис препараттары дайындалады. Фипронил жұғысу және асқазан әсерлі. Оны шөл шегірткесіне қарсы қолдану жақсы нәтиже берді. Сондықтан ФАО бұл препаратты шегірткелерге қарсы қолданылатын негізгі препарат ретінде тізімге енгізді. Бұл препараттардың қорғаныш әсерінің ұзақтығы 14 күн. Олар адамдарға өте қауіпті пестицидтер тобына жатады. Топырақта микроорганизмдер көмегімен тез ыдырайды.
2.. Зиянды насекомдар мен кенелерге қарсы қолданылатын биологиялық белсенді заттардың ішінде өсіп жетілуді реттеуші (хитин синтезін тежеуші заттар және ювеноидтар), аттрактантар (қоректік аттрактанттар мен жыныс феромондары), антифиданттар, репеленттер және хемостерилянттар.
Буынаяқтылардың өсіп-жетілуін реттеуші заттар. Бұл топқа жататын заттар шартты түрде екі топқа бөлінеді: хитин синтезінің ингибиторлары – насекомдардың түлеу үдерісінің қалыпты өтуін бұзатын заттар, және ювеноидтар – насекомдардың метаморфозына, мысалы личинкалардың терең өзгерістерден өтіп ересек кезеңге өтуіне кедергі келтіретін ювениль гормондарының аналогтары. Хитин синтезінің ингибиторларының өкілдерінен бензоилмочевина туындылары дифлубензурон, новалурон, тефлубензурон және люфенурон өндірісте қолданылады.
Ювеноидтардан феноксикарб алма және өрік жеміс жебіріне қарсы қолдануға ұсынылады.
3. Кеміргіштер жоюға бағытталған кешенді шаралар дератизация деп аталады. Олармен күресте қолданылатын химиялық заттардың жалпы атауы роденцидтер. Олардың көбінің антикоагулянттық– қанның ұюына тосқауыл болатын заттар – қасиеттері болады. Сонымен қатар роденцидтер қатарына асқорыту жүйесі арқылы әсер ететін мырыш фосфиді негізінде жасалған препараттар да жатады.
Қан антикоагулянттарының қатарына жататын препараттар химиялық құрамы бойынша кумарин (бродифакум, бромадиолон, флокумафен) және индандиондар (дифенацин, этилфенацин) туындыларына жатады.
Роденцидтермен жұмыс істегенде өте қауіпті улармен жұмыс істеудің бүкіл шараларын сақтау қажет.
Роденцидтерден басқа кеміргіштерге қарсы бос және толтырылған астық қоймаларын бромды метилмен фумигациялауға да болады.
4. Нематицидтер – нематодтарды жоятын улы заттар. Қазіргі кезде нематодаларға қарсы органикалық нематицидтер (дезомет және тиабендазол), микробтық синтез туындылары (аверсектин С, авертин N) негізінде дайындалған препараттар қолданылады.
Дазомет себер немесе көшеттерді отырғызар алдында 30 күн топыраққа тереңдікке енгізіледі. Аталған мерзімнен кеш енгізілсе дақыл тұқымына әсер ету қаупі бар. Препаратты сонымен қатар аталған дақылдарда ақ шірік, фузариоз, ризоктинониоз, аскохитоз тағы бірқатар ауруларға қарсы фунгицид ретінде қолдануға болады.
Дазометтің адамдар мен жануарларға уыттылығы орташа, кумулятивтік қасиеті де орташа деңгейде.
Тиабендазол бензимидазолдар класына жатады. Бұл заттардың ерекшеліктері – нематицидтік қасиетімен қатар фунгицидтік қасиетінің де болуы. Адамдарға онша қауіпті емес, жабайы аңдарға уыттылығы жоқ.
5. Фумиганттар – зиянды организмдерге газ күйінде әсер етуші пестицидтер. Оларды аса қауіпті (карантин) және жұғысып қорекпен улайтын пестицидтер алмайтын зиянкестерге қарсы қолданады. Фумигант ретінде бромды метил және фосфин мен күкірт негізіндегі препараттар пайдаланылады.
Бромды метил (метилбромид). Бромды метил CH3Br – ауадан гөрі салмақты газ, сондықтан астық үймелеріне және сіңіргіш материалдарға жақсы енеді. Бромды метил өсімдік тектес белокты заттармен химиялық әрекеттесуі мүмкін, ұсынылған мөлшерде тұқымдық материалдардың тұқымның және жемістердің сапасына айтарлықтай кері әсер етпейді. Бөлмелерді желдеткенде оның қалдықтары өңделген өнімдерден тез ұшып, тек олардың бетінде байланысқан анорганикалық бромидтер күйінде қалады.
Бромды метил уыттылығы өте жоғары болғандықтан онымен жұмыс істеуге тек арнайы дайындықтан өткен жұмысшылар ғана жеке қорғаныш бұйымдарын қолдана отырып жіберіледі.
Өңделген ғимараттарға адамдарға метабром концентрациясы шекті концентрациядан төмен болса ғана рұқсат етіледі (1 мг/м3). Ал дәріленген өнімді тек толық дегезациядан кейін ғана сатуға болады.
Жалпы практика жүзінде өте күшті улы зат болғандықтан метабромды фосфин препараттарымен ауыстыруға тырысады.
Фосфиндер. Фосфиндер қатарына алюминий фосфиді AlP және магний фосфиді Mg3P2 жатады. Олардың уытты әрекеті ылғалдың немесе қышқылдың әсерінен бөлініп шығатын фосфорлы сутегінің нәтижесінде пайда болады. Иіссіз металбромидтен өзгешілігі фосфиндердің сарымсақ иісі болады.
Метилбромидтерден өзгешілігі фосфиндер өңделген өнім бетінде химияляқ байланысқан қалдық қалмайды. Алайда олардың молекулалары түгел жойылуы үшін белгілі бір уақыт қажет. Сондықтан өңделген ғимараттарға көрсетілген уақыт өткенше кіруге болмайды.
6. Аттрактанттар мынадай топтарға бөлінеді: қоректік, жұмыртқа салатын жерге еліктіргіш, ұяға еліктіргіш, жыныстық еліктіргіштер немесе жыныстық феромондар.
Табиғи қоректік аттрактанттар қатарына қант шырыны, ашытқы, балық ұны, әр түрлі гидролизат ферменттері жатады. Синтетикалық қоректік аттрактанттар қатарына медлур және тримедлур, фенетилпропинат пен эугенол қоспасы, индол, меркаптан, аммиак және басқалары жатады. Қоректік аттрактанттар бір жағынан зиянды насекомдарды ұстағыш ретінде қолданылса, екінші жағынан пайдалы насекомдар мен жыртқыш насекомдарды белгілі бір жерде шоғырландыру үшін де қолданылады.
Бүгінгі күні көптеген насекомдардың феромондарының химиялық құрылымы анықталды. Феромондардың қолдану бағыттары: тіршілік циклін зерттеу үшін насекомдарды ұстау, популяция тығыздығын анықтау үшін насекомдарды ұстау, зиянкестердің карантин түрлерін табу мақсатында насекомдарды ұстау, биоиндикация – қоршаған ортаның радионуклеидтермен ластанғанын анықтау үшін биоиндикатор насекомдарды ұстау, аталықтарды кеңістікте бағытталуын бұзу – бағытынан айрылған аталық насекомдар аналықтарын ұрықтандыра алмайды, «аталық вакуумын» құру – аталықтарды түгелге дерлік ұстау, зиянды насекомдар тараған аймаққа паразит насекомдарды шоғырландыру.
Репелленттер - қансорғыш маса, бүрге және кенелерге қарсы жиі қолданылады. Сол сияқты олар күйелерді кіимдерден алшақтату үшін де (нафталин) қолданылады. Оларға қойылатын басты талап – адамдар мен жануарларға уытты қасиетінің болмауы.
Антифиданттардың репелленттерден өзгешілігі жегізбейді. Хемосерилянттар. Стерилденген аталықтарды табиғи жағдайға шығару арқылы популяция санын айтарлықтай кемітуге болады. Стерилденген аталықпен шағылысқан аналық жұмыртқалары тіршілікке қабілетсіз болады. Хемостерилянттар қатарына фолий қышқылының антиметаболиттері, глутамин, пиримидин және пурин, сол сияқты этиленамин туындылары (тэф, метэф, тиотэф, третамин, афолат және т.б.). хемостерилянттар адамдарға қауіпті болғандықтан өте сирек қолданылады.
Бақылау сұрақтары:
Зиянкестерге қарсы пестицидтердің топтары.
Инсектицидтердің топтары және әсер етуші заттары.
Хитин синтезін тежеуші заттар және ювеноидтар,
Аттрактантар, антифиданттар, репеленттер және хемостерилянттар.
Дератизацияда пайдаланылатын заттар.
Фумиганнтар және оларды қолданудың ерекшіліктері.
6-тақырып. Фунгицидтерды қолданудың биологиялық негіздері.
1. Фунгицидтердің классификациясы.
2. Контактты әсерлі фунгицидтер
3. Жүйелік әсерлі фунгицидтер
Әдебиеттер:
Химическая защита растений/ под ред.Г.С. Груздева.–М.: Агропромиздат, 1987.
Попов С.Я., Дорожкина Л.А., Калинин В.А. Основы химической защиты растений. М., 2003.
Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген пестицидтер (анықтамалық материалдар), Астана, 2011
1. Ауруларға қарсы фунгицидтерді қолданудың мыңдаған жылдық тарихы бар. ХХ ғасырдың 30-шы жылдарына дейін контактты әсер ететін анорганикалық заттар көп мөлшерде және көп қайталана қолданылды. Өндіріске сынапорганикалық қосылыстардың және динитрофенол туындыларының енуі фунгицидтердің тиімділігін арттыруға және қолдануға аумағын кеңейтуге мүмкіндік берді. Алайда ХХ ғасырдың 60-шы жылдары фунгицидтердің контакты әсерлі болды. Сондықтан оларды үлкен мөлшерді қолдану қажет болды. Ал олардың арасында адамдарға қауіпті және өсімдіктерге де уыттылығы жоғары заттар болды.
Жүйелі әсер ететін фунгицидтердің ашылуы және өндіріске енгізілуі ауыл шаруашылық дақылдарын аурулардан қорғау бағытында жаңа пәрмен берді. Бүгінде өсімдіктерді қорғауда химиялық заттарды қолдану жанжақты әсерлі контакты фунгицидтерді жүйелі, ауру қоздырғыштарды өсімдік бойынан жою мүмкіндік беретін фунгицидтермен қатар пайдалануды талап етеді.
Контактты фунгицидтер - өсімдіктердің бойына енбей, патогендердің өсімдіктерге енуіне тосқауыл жасатын заттар. Фунгицидтің тиімділігі жоғары деңгейде болуын қамтамасыз ету үшін өңдеуді қайталап, кейде маусым бойына 10 қайтара өңдеуге тура келеді. Бұл препараттардың артықшылығы – патоген бойына енгеннен соң тіршілік маңызы зор бірнеше жүйелерге бір мезгілде әсер етіп, фунгицидке төзімді нәсілдердің пайда болуына кедергі жасау қабілеттілігінде.
Жүйелі фунгицидтер – бұл өсімдік жапырақтары мен сабақтарының кутикуласы арқылы оңай еніп ксилеме және/немесе флоэма бойымен қозғалуға қабілетті заттар.
Фунгицидтер қорғаныш, емдік және түпкілікті жоюға қабілетті әсерлі болып бөлінеді.
2. Жүйелі фунгицидтердің көп шығарылуына қарамастан контакты әсерлі фунгицидтерің әлі күнге дейін аурулардан қорғауда алатын үлесі зор. Оның бірнеше себептері бар. Контактты анорганикалық фунгицидтер - мыс қосылыстары, күкірт. Контактты органикалық фунгицидтердің әсер етуші заттары: тирам, манкоцеб, метирам, фталимидтер, флудиоксонил, толилфлуанид, хлороталонил, ипродион, азокситробин, дитианон, цимоксанил.
Тирам, манкоцеб, метирам - дитиокарбамин қышқылының туындылары. Органикалық еріткіштерде және суда еру дәрежесі төмен болғандықтан су дитиокарбаматтардың фунгицидтік әсер ету мөлшерінде өсімдікке еніп, оның бойымен қозғалуға мүмкіндік бермейді. Барлық дитиокарбаматтар талғампаз емес фунгицидтер қатарына жатады. Дитиокарбоматтар едәуір мөлшерде өсімдік клеткаларына енсе өсімдіктерді зақымдауы мүмкін. Олар қоршаған ортада орташа есеппен 1,5-2 айға дейін сақталады. Дитиокарбоматтар қауіптілігі бойынша 3 немесе 4 класқа жатады. Дитиокарбоматтар тобына жататын фунгицидтердің кең таралуын олардың организмдер бойында сақталу қасиеті шектейді.
Тирам (ТМТД). Толық атауы – тетраметилтиурам дисульфид. Тирам – қорғаныш әсерлі контактты фунгицид. Өсімдікке немесе тұқымдарға енбестен, бетіндегі патоген спораларын немесе мицелийлерінің өсуін тежейді. Бұл препарат өсімдіктердің топырақ бетіндегі мүшелерін және тұқымдарын залалдайтын оомицеттер және бірқатар базидиомицеттер класына жататын патогендердің жетілуін жақсы тежейді. Сонымен қатар құстар мен кеміргіштерге репелленттік қасиеті бар. Уыттылық қасиеттеріне және суда ұзақ мерзім сақталуына байланысты тирам негізінде дайындалатын препараттар тұқым мен тұқымдық материалды зең және тамыр шірігі ауруларының қоздырғыштарынан арылту мақсатында қолданады.
Манкоцеб, метирам. Бұл препараттардың адамдарға асқазан және тері арқылы әсер ету қаупі төмен, тыныс алу жолдары – орташа. Алайда биологиялық ортада жинақталу қасиеті бар.
Манкоцеб – ауыл шаруашылық дақылдарының жалған ақ ұнтақ кеселінің алдын алатын фунгицидтердің әсер етуші заты.
Метирам. Биологиялық және уыттылық қасиеттері бойынша манкоцебке ұқсас, дегенмен де қорғаныш әсері ұзағырақ – 14 күнге дейін.
Мыстың бейорганикалық қосылыстары.
Мыс тұздарының негізінде жасалған барлық препараттар саңырауқұлақ споралары мен конидийлерін су тамшысында көктей бастаған кезде басып тастайды. Сонымен қатар олардың бактерицидтік те қасиеті бар. Қорғаныш әсерінің ұзақтығы әдетте 10 күннен аспайды. Адамдар мен жылу қанды жануарларға уыттылығы орташа немесе аз қауіпті (3-ші және 4-ші класс қауіптілігі). Мыс препараттарының кумулятивтік қасиеті байқалмады.
Мыс сульфаты. Бұл препарат өсімдіктерге өте жоғары уыттылығымен ерекшеленеді. Ұсынылған концентрациясынан азғана асуының өзі де жапырақтар мен жемістерін күйдіреді. Сондықтан мыс сульфаты бордос қоспасын әзірлеуге пайдаланылатын негізгі компонент болып табылады.
Бордос қоспасы – бұл мыстың негізгі күкірт қышқылды тұзы. Оны мыс сульфатының ерітіндісін сөндірілмеген ізбес суспензиясымен араластыру арқылы алады.
Флудиоксонил – салыстырмалы түрде тұрақты препарат, алайда фотолиз үрдісінің нәтижесінде тез ыдырауы мүмкін. Қорғаныш мерзімінің ұзақтығы 30 күнге дейін. Флудиоксонил қорғайтын өсімдікке және пайдалы организмдерге уытты әсер етпейді, топырақта сақталу тұрақтылығы орташа. Флудиоксонил негізінде дайындалады максим және максим голд.
Хлороталонил – қорғаныш әсерлі контактты фунгицид. Фунгицид өсімдік ауруларына, әсіресе жалған ақ ұнтақ ауруына қарсы тиімді. Оның әсер ету механизмінің ерекшелігіне байланысты резистенттіліктің алдын-алу мақсатында фунгицидтерді қолдану жүйесіне қосады. Қорғаныш әсерінің ұзақтығы негізінен өсімдіктің жас мүшелерінің өсу қарқындылығына байланысты 14 күнге дейін жетеді. Хлороталонил асқазан және тері арқылы уыттылығы төмен, алайда тыныс алу жүйесі арқылы аса қауіпті у қатарына жатады.
Қарапайым күкірт. Күкірт негізінде жасалған фунгицидтер мен акарицидтердің қолданғанына мың жылдай болса да оның патогендерге әсер ету механизмі әлі күнге белгісіз. Күкірттің негізгі әсер ету объектісі – нағыз ақ ұнтақ ауруының қоздырғыштары. Сондай ақ ол кенелердің тіршілігіне кедергі келтіреді.басқа да көпшілік контактты фунгицидтер сияқты күкірттің әсер ету ұзақтығы 14 күн.
Ипродион дикарбоксимидтер тобына жатады. Жарықта және химиялық белсенділігі төмен ортада тұрақты. Сілтілі ортада олар, әсіресе ипридион, тез гидролизденеді. Қорғаныш әсерінің ұзақтығы – 7-17 күн. Бұл топқа жататын заттар асқазан және тері арқылы әсері аса қауіпті емес, ал ингаляциялық уыттылығы орташа. Организмдер бойында сақталмайды. Ипродион негізінде дайындалады ровраль және ровраль фло.
Стробилуриндер ішінде көп қолданылатындары метоксиакрилат (азоксистробин) және метоксииминоацетаттар (крезоксиметил және трифлоксистробин) топтарына жатады. Бұл топқа жататын барлық заттар суда берік, ал рН деңгейі көтерілгенде гидролизденеді. Фотолиздің оларға көп әсері жоқ суда ерігіштігі төмен, осыған байланысты жүйелік пәрменділігі шектеулі болады. Стробилуриндер негізінен контактты әсерлі емдік қасиеті бар заттар.. Қорғаныш мерзімі айтарлықтай ұзақ – 6 аптаға дейін. Бұл топ заттары асқазан және тері арқылы уыттылығы төмен, ал ингаляциялық уыттылығы орташа. Организм бойында сақталу қабілеті жоқ.
Дитианон. Хинон тобына жататын бұл зат тұрақтылығы орташа, сілтілі ортада ыдырайтын, қосылыстар қатарына жатады. Асқазан және тері арқылы қауіптілігі төмен, ингаляциялық қауіптілігі орташа. Пайдалы организмдерге қауіпсіз және топырақ пен су қоймаларын айтарлықтай ластамайды.
Цимоксанил – суда ерійтін, тұрақсыз зат. Бұл емдік қасиеті бар контактты фунгицид, алайда қорғаныш мерзімі қысқалау (бар болғаны 7 күнге дейін). Жалған ақ ұнтақ ауруының қоздырғыштарының спора түзуіне ерекше әсер етеді. Бұл фунгицид қоспа препараттар дайындауға қолданылады.
3. Фениламидтер. Бұл топқа құрылысы әр түрлі қосылыстар жатады. Олардың ішінде тек екі ғана заттың практикада маңызы бар: ацилаланиндер тобынан металаксил және оксазолидинондар тобынан оксадиксил. Гидролиздік және фотохимиялық жоғары тұрақтылығының арқасында қорғаныш әсері де айтарлықтай ұзақ мерзімге созылады.
Фениламидтер оомицеттерге (пероноспороз, фитофтороз, тамыр шіріктері) айрықша әсер ететін қорғаныш, жойқын және емдік әсерлі жүйелі фунгицид. Өсімдіктер бойында ұзақ мерзім сақталатын болғандықтан фениламидті фунгицидтерді ауру жұқпай тұрып немесе алғашқы белгілері пайда бола бастаған кезде-ақ пайдалануға болады. Өсімдіктер тамыры арқылы еніп бойымен жақсы қозғалу қабілеті оларды тұқымдарды дәрілеуде де қолдануға мүмкіндік береді.
Фениламидтердің кемшілігі – патогендердің оларға тез бейімделгіштігі. Сондықтан қазіргі кезде бұл препараттар тек контактты фунгицидтермен (мыс қосылыстары, дитиокарбаматтар) қоспа күйінде қолданылады.
Фениламидтер тері-оралды уыттылығы бойынша орташа немесе төмен уытты заттар қатарына, ал ингаляциялық уыттылығы бойынша – орташа қауіпті заттар қатарына жатады.
Бензимидазолдар. Бұл топқа жататын фунгицидтер – бензимидазолдың туындылары: карбендазим, тиабендазол, фуберидазол, беномил.
Бензимидазолдардың талғампаздық қабілеті жоғары, оомицеттер класына жатаын саңырауқұлақтарға және жоғары сатыдағы өсімдіктерге әсер етпейді. Бұл топқа жататын заттар тері-оралды және ингаляциялық уыттылығы бойынша орташа және қауіптілігі төмен заттар қатарына жатады. Ара және басқа да пайдалы жануарларға уытты емес және биокумуляциялық қабілеті төмен. Беномил негізінде ылғалды ұнтақ күйінде дайындалған бірқатар препараттар дайындалады: фундазол, альтеррнатива, беназол, беномил. Тиофанат-метил негізінде топсин-М қолданылады.
Карбендазим. Бұл да әсері бойынша беномил тәрізді препарат. Алайда өсімдіктерге енуі және оның бойымен қозғалу қабілеті 20 еседей төмен. Ауыл шаруашылығында колфуго супер және дерозал деген атаулармен белгілі.
Тиабендазол. Бұл препарат сақтау және тасымалдау кезінде жемістер мен көкөністердің ауруларына ерекше әсер етеді және химиялық беріктілігімен сипатталады. Ол жемістер мен көкөністерді олардың бетіне ұзақ сақталатын қорғаныш өңезін түзіп саңырауқұлақтардан қорғайды.
Фуберидазол. Тек фузариоз ауруына айрықша әсер ететін болғандықтан қолданылуы шектеулі.
Стериндер синтезінің ингибиторлары. Бұл класқа жататын фунгицидтер әсер ету механизмі клетка ішіндегі мембраналардың негізін құрайтын эргостерин және басқа да стериндер биосинтез үдерісін тежеуге негізделген әр түрлі химиялық заттарды біріктіреді. Бұл класс фунгицидтері өсімдіктердің аскомицеттер (ақ ұнтақ, септориоз, қастауыш, парша), базидимицеттер (қара күйе және тат) және кейбір дейтеромицеттер ауру қоздырғыштарын басады, алайда оомицеттерге (питиелі және переноспоралы саңырауқұлақтарға) әсер етпейді.
Азолдар. Ішінде имидазолды әсер етуші заты бар препараттар – имизалил мен прохлораз, ал триазолдар – бромуконазол, диниконазол, дифеноконазол, пенконазол, пропиконазол, тебуконазол, тетраконазол, триадеминол, триадимефон, тритиконазол, флутриафол, ципроконазол, эпиксиконазол. Барлық азолдар жылуға және гидролизге тұрақты. Олар суда нашар ериді, ал органикалық еріткіштерде жақсырақ ериді. Қорғалатын өсімдіктер бойына айтарлықтай мөлшерде еніп, бұл фунгицидтер өсімдіктер бойындағы гибереллиндер синтезы өсуді реттеуші заттар сияқты әсер етуі мүмкін. Ең жиі кездесетін ретарданттық әсер. Бұл заттардың көпшілігі, жеке кейбіреулерінен басқалары, оралды, терілік қауіпсіздігі төмен, ал ингаляциялық уыттылығы орташа заттардың қатарына жатады. Олар теріге әсер етпейді. Азолдар сол сияқты араларға және басқа да пайдалы жануарларға уыттылығы төмен. Биокумулятивтік қабілеті төмен. Суға түссе айтарлықтай ұзақ сақталып, ауыз суын ластайды. Ауыл шаруашылығында қолданылатын препараттардың көбі триазолдар туындылары, имидазолдар туындыларының ішінде тек екеуі ғана – имазалил және прохлораз – кең қолданыс тапты.
Имидазолдар. Имизалил астық дақылдарының фузариозды және гельминтоспориозды шіріктеріне және бензимидазолдарға төзімді патогендерге қарсы әсерімен ерекшеленеді. Алайда су биоценозына жоғары қауіптілігіне, сүт қоректілерге оралды және ингаляциялық қауіптілігінің жоғары болуына байланысты қолданылуы шектеледі, қоспаларға араластырылады. Мысалы имазалил килограмына 2 г мөлшерде байтан-универсал құрамына кіреді.
Триазолдар. Триазолдар стериндер синтезінің ингибиторларының арасындағы жүйелі фунгицидтердің ішіндегі ең ірі тобы.
Морфолиндер. Морфолиндер стериндер синтезі ингибиторларының алғашқы топтарының бірі. Басқа ингибиторлардың оларға қарағанда экономикалық көрсеткіштері жақсырақ болғанмен де бұл заттар патогендердің резистенттілігіне байланысты маңызы зор. Азолдармен салыстырғанда морфолиндер, стериндер биосинтезі үдерісінде изомеризация және тотықсыздану реакцияларын тежейді, сондықтан оларға төзімді популяцияның қалыптасу өте баяу жүреді. Ә.е.з – фенпропиморф, cпироксамин. Қорғаныш әсерінің ұзақтығы 3-5 апта. Экожүйе мен адамға фенпропиморфтың қауіптілігі орташа. Спироксамин – жаңа жүйелі фунгицидтердің бірі. Адамдарға ингаляциялық уыттылығына байланысты қауіптіліктің 2-класына жатады.
Бақылау сұрақтары:
1. Қорғаныш, емдік және түпкілікті жоюға қабілетті әсерлі фунгицидтерге анықтама.
2. Контактты анорганикалық фунгицидтер.
3. Дитиокарбамин қышқылының туындылары.
4. Мыстың бейорганикалық қосылыстары.
5. Күкірттің әсер ету объектілері.
6. Оомицеттер класының қоздырғыштарына қарсы қолданатын фунгицидтер.
7. Жүйелік әсерлі фениламидтерге сипаттама.
8. Бензимидазол топқа жататын фунгицидтер.
9. Стериндер синтезінің ингибиторлары.
7-тақырып. Гербицидтер
1. Гербицидтердің классификациясы.
2. Жүйелі әсерлі гербицидтер
3 Контактты әсерлі гербицидтер
4. Жаппай жойқын әсерлі гербицидтер
Әдебиеттер:
Химическая защита растений/ под ред.Г.С. Груздева.–М.: Агропромиздат, 1987.
Попов С.Я., Дорожкина Л.А., Калинин В.А. Основы химической защиты растений. М., 2003.
Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген пестицидтер (анықтамалық материалдар), Астана, 2011
1. Гербицидтерді жіктеудің бірнеше типтері бар, алайда олардың барлығы да гербицидтерді шартты түрде бөледі. Гербицидтер қасиеттеріне байланысты екі топқа бөлінеді:
Жалпы әсерлі гербицидтер – кез келген шөптесін өсімдіктерді жоюға қолданылады. Талғампаз әсерлі гербицидтер ауыл шаруашылық дақылдар егістігінде қолданылады. Өсімдіктерге әсер ету сипатына қарай гербицидтер контактты және жүйелі әсерлі болып екіге бөлінеді.
Гербицидтердің арасында контакттылардың үлесі көп емес. Контактты гербицидтер тек тиген жерлеріне әсер ететіндіктен және осыған байланысты оның тиімділігі анықталатын болғандықтан бұндай препараттарды қолданғанда ерітінді тамшыларын өсімдік жапырақтарына тегіс тию қол жеткізу қажет. Жүйелі гербицидтер қолданылатын препараттардың негізі бөлігі. Оларды топыраққа да енгізуге, сонымен қатар өсіп тұрған өсімдіктерді де өңдеуге болады.
Контактты және жүйелі гербицидтер кезегінде кең және тар ауқымды гербицидтер болып бөлінеді. Гербицидтер химиялық құрамы мен әсер ету механизміне байланысты да бөлінеді.
Топырақ гербицидтері. Олар топыраққа дақылды себер алдында, себу кезінде және сепкеннен соң арам шөптер көктегенге дейін енгізіледі. Гербицид шашқан кезде топырақ құрғақ болса оны топыраққа бетіне шашпай бойына енгізу қажет. Топырақ препараттарын қолданғанда жұмыс ерітіндісінің мөлшері 200-300 л/га.
Екпе дақылдар мен арамшөптердің гербицидке төзімділігі негізінен олардың даму кезеңіне байланысты болады. Препаратты өте ерте немесе кеш қолдану ойламаған жерде шығынға батыруы мүмкін.
2. Хлорфеноксисірке қышқылының туындылары. Бұл химиялық заттар класына астық дақылдарының егістігінде, сол сияқты шалғында және шабындықта қос жарнақты арамшөптерді жою үшін кең қолданылатын 2,4-Д тұздары мен эфирлері, МЦПА (2М-4Х) жатады. Гербицидтің әсері 2-7 күннен кейін жапырақ беті мен сағағының өсуінен, түсінің өзгеруінен, сабақтардың қисаюынан, түсінің өзгеруінен байқауға болады. Шабындықтар мен жайылымдарда өңдегеннен соң шөп шабу 20 күннен, мал жаю 45 күннен кейін жүргізуге болады. Адам мен жылу қанды жануарлар организміне тыныс алу мүшелері, тері және асқазан арқылы жеңіл енеді. Негізінен олар қауіптілігі орташа пестицидтер қатарына жатады.
Феноксипропион қышқылының туындылары.Феноксипропион қышқылының тұзының туындаларына мекопроп-П (диметиламин тұзы) және дихлорпроп-П (диметиламин тұзы) жатады. Олар астық дақылдарының егістігінде 2,4-Д препараттарына төзімді қос жарнақты бір жылдық және кейбір көп жылдық арам шөптерді жоюға қолданылады. Гербицидтің жылу қанды жануарларға уыттылығы орташа.
Арилоксифеноксипропион қышқылының туындылары. Бұл топқа жататын гербицидтер негізінен қос жарнақты өсімдіктер егістігіндегі бір және көп жылдық өсімдіктерге қарсы қолданылады. Ал пума-супер сияқты препарат бидай және арпа егістігінде бір жылдық арамшөптерге қарсы (қара сұлы, итқонақ, тауық тарысы) қолдануға болады.
Жылу қанды жануарларға олардың қауіптілігі төмен және орташа. Бұл топ препараттары ұшқыш емес.
Феноксапроп-П-этил+антидот. Бұл өсіп тұрған өсімдіктерді өңдеуге арналған жүйелі гербицид. Бір жылдық астық тұқымдас арам шөптерге қарсы қолданылады. Өңдегеннен соң гербицид арамшөптердің жапырағына тез еніп, бір тәулік ішінде оны едәуір әлсіретеді. Арам шөптердің толық өлуін 10-14 күн ішінде байқауға болады. Вегетация кезінде ұсынылған мөлшерде бидай гербицидке едәуір төзімділік байқатады, сондықтан өңдеу мерзімі негізінен арам шөптің өсу кезеңіне байланысты белгіленеді.
Гербицидтің қауіптілік дәрежесі төмен, жылу қанды жануарларға, балықтарға, пайдалы насекомдарға кері әсері жоқ. Топырақта тез ыдырайды: Суда да салыстырмалы түрде тез ыдырайды.
Феноксапроп-П-этил. Бұл әсер етуші зат негізінде фуроре-супер 7.5, ЭМВ препараты қолданылады. Фуроре супер құрамында антидот жоқ, сондықтан оны тек қос жарнақты дақылдар егістігінде ғана қолдануға болады.
Гербицидтің қауіптілік дәрежесі төмен, жылу қанды жануарлар мен пайдалы насекомдарға зиянсыз. Топырақта тез ыдырайды. Ыза суына өтпейді.
Хизалофон-П-этил. Бұл өсіп тұрған өсімдіктерге қарсы қолданылатын жүйелі гербицид. Астық тұқымдас бір және көпжылдық арам шөптерге қарсы тиімділігі жоғары. Препараттар қызылша, қырыққабат, пияз, қытайбұршақ егістігінде, қызанақ картоп мөлшерінде қолданылады. Көп жылдық арам шөптерге қарсы көбірек, бір жылдықтарға қарсы төмендеу дозасы қолданылады. Көп жылдық арам шөптерге гербицидпен өңдеуді қарсы топырақ беті мүшелері жақсы жетілген кезде (өсімдік биіктігі 10-15 см) жүргізу қажет. Бұндай жағдай гербицидтің арам шөптің тамыр жүйесіне қарқынды енуіне ықпал етеді. Гербицид қауіптілігі төмен заттар тобына жатады. Сол сияқты жылу қанды жануарлар мен жаңбыр құрттарына қауіптілігі төмен.
Флуазифоп-П-бутил. Өсіп тұрған астық тұқымдас арам шөптерге қарсы қолданылатын жүйелі препарат. Ол тауық тарысы, итқонақ, түлкіқұйрық, құмтары, қоңырбас, сіпсебас, бидайық, қарашайыр, құмай сияқты бір және көпжылдық арам шөптерді жақсы жояды. Арам шөптерді өңдеу бір жылдық өсімдіктерге қарсы көктеу кезеңінде, көп жылдықтар үшін - өсімдіктер биіктігі 10-15 см болғанда жүргізіледі.
Препараттың қауіптілігі төмен, теріге әсері орташа. Жылу қандыларға, араларға және басқа да пайдалы насекомдарға қауіптілігі төмен. Топырақ профилімен қозғалуы өте баяу жүреді.
Квизалофоп-П-тефурил. Астық тұқымдас арам шөптерге қарсы қолданылатын жүйелі препараттар.
Гербицидтері қара сұлы, далалық құмай, түлкіқұйрық, итқонақ, тауық тарысы, сыпсебас, бидайық сияқты бір және көп жылдық арам шөптерге қарсы қолданылады. Гербицидтің қауіптілігі төмен. Топырақта тез ыдырайды.
Пиколин қышқылының туындылары
Клопиралид. Бұл препараттар негізінен қос жарнақты бір және көп жылдық, оның ішінде 2,4-Д гербицидіне төзімді арам шөптерге қарсы қолданылады. Гербицид өсімдік жапырақтарымен және тамырларымен жақсы сіңіріледі. Гербицидтің ең жоғары тиімділігі жас және қарқынды өсіп тұрған өсімдіктерде байқалады.
Препараттардың қауіптілігі төмен, теріні шамалы қышытады. Жылу қанды жануарлар организмінде жинақталмайды, өзгермеген қалпында несебімен сыртқа шығарылады. Өсімдіктердің бойында нашар ыдырайды.
Сульфонилмочевина туындылары
Жоғары биологиялық белсенділікпен сипатталатын бұл препараттар бір жылдық қос жарнақты және кейбір дара жарнақты арам шөптерге қарсы тиімділігі жоғары. Сақтау кезінде орамы бұзылмаса ұзақ мерзім бойына сақталуға қабілетті. Бұл топ гербицидтер негізінен өсіп тұрған өсімдіктерді өңдеуге қолданылады Гербицидтер топырақта баяу қозғалады. Сульфонилмочевина туындылары болып табылатын гербицидтердің қауіптілігі төмен, теріге әсер етпейді. Жануарлар бойында сақталуы байқалмаған. Құстарға, балықтарға және басқа жануарларға қауіптілігі төмен. Ең көп хлорсульфурон, метсульфурон-метил, иодосульфурон қолданылады. Алайда олардың қалдықтары сезімтал дақылдарды зақымдауы мүмкін. Трибенурон-метил негізінде гранстар гербициді дайындалып, қолданылады. Топырақта препарат тез арада ыдырайды және кейінгі әсері жоқ. Осыған байланысты оны ауыспалы егістіктің кез келген танабында қолдануға болады. Гербицидтің қауіптілігі төмен, теріге әсер етпейді.
Сульфонилмочевина туындыларына - тифенсульфурон-метил, римсульфурон, трифлусульфурон-метил жатады.
Триазиндер.Триазиндер құрамына кіретін симметриялы триазиндерге және симметриялы емес триазиндарға бөлінеді. Бұл препараттар негізінен жыртылу қабатына шоғырланатын (1-10 см тереңдікте) топырақта әсер ететін гербицидтер. Триазиндер топырақта қолданылатын жүйелі гербицидтер, бір жылдық қос және дара жарнақты арам шөптердің жетілуін басады. Топырақта препараттар 2-12 айға дейін сақталады. Кейінгі әсер тек құрамында хлор бар атразинге ғана тән, басқалары бір вегетация кезінде ыдырайды, ұшқыштығы – нашар. Теріге әсері бар. Кумулятивтік қасиеті онша байқалмайды. Олардың барлығының да жылу қанды жануарларға қауіптілігі төмен. Балықтар уытты әсері едәуір. Ә.е.з. - прометрин, метамитрон, метрибузин.
Хлорацетомидтер. Хлорацетомидтер – топырақ арқылы әсер ететін, дақылдарды сепкенге дейін немесе көктеп шыққаннан соң қолданылатын гербицид. Олар көктеп келе жатқан арам шөп тұқымын зақымдайды, дақылдарға әсері нашар. Препараттарды бір жылдық қос және дара жарнақты арам шөптерді жоюға қолданылады. Гербицид толық әсер ету үшін топырақ беті жетерлік дәрежеде ылғалды болуы қажет. Құрғақшылық болса гербицидті топырақтың беткі қабатына енгізу ұсынылады. Әсер етуші заттар - ацетохлор, С-метахлор, метазахлор.
Бұл топ гербицидтердің қалыпты жағдайда ұшқыштығы орташа, температура көтерілгенде (25оС астам) олардың ұшқыштығы артады, сондықтан олардың шығыны да артады. Олардың жылу қанды жануарларға қауіптілігі төмен, теріге әсер етпейді, ал ингаляциялық әсері бойынша препараттардың арасында үлкен айырмашылықтар бар – ацетохлордың (трофи 90, харнес) қауіптілігі орташа, метазахлор (бутизан 400) мен С-метохлордың (дуал голд) қауіптілігі төмен.
Хош иісті аминдер туындылары. Динитроанилиндер химия класына жататын гербицидтер бір жылдық дара және қос жарнақты арам шөптерді жою мақсатында әр түрлі ауылшаруашылық дақылдардың егістігінде көптен бері қолданылады. Бұл топ заттарынан көп қолданатындары пендиметалин және трифлуралин. Пендиметалиннің қауіптілігі төмен препарат. Тері-резорбтивті әсері бар. Трифлуралин топырақ арқылы әсер ететін жүйелі гербицид, оның ұшқыштық қасиеті жоғары, сондықтан оны топыраққа енгізу қажет.
Кейбір метаболиттері топырақта үш жылға дейін сақталуы мүмкін., сондықтан оны ауыспалы егістікте ескеру қажет. Гербицидтің қауіптілігі төмен, кумулятивтік және тері-резорбтивтік қасиеттері төмен.
Карбин және тиокарбин қышқылдарының туындылары. Бұл топқа жататын көпшілік гербицидтер – топырақ арқылы әсер ететін гербицидтер, алайда кейбіреулері (бетанал) жапырақ арқылы да жақсы сіңіріледі, сондықтан вегетация кезінде де қолданылады. Гербицидтердің ұшқыштығы жоғары болғандықтан оларды тез арада топыраққа тереңірек ендіру қажет. Бұл топ гербицидтері жылу қанды жануарларға онша қауіпті емес. Ұшқыштығы жоғары болғандықтан жұмыс істегенде тыныс алу мүшелерін қорғау қажет. Триаллат әсер етуші зат негізінде талғампаздығы жоғары жүйелі топырақ арқылы әсер ететін гербицидтер дайындалады. Топырақта препараттар 3-4 апта сақталады. ЭПТЦ бір жылдық астық тұқымдас және қос жарнақты арам шөптерге қарсы қолданылады.
Фенилкарбамин қышқылының туындылары.Фенилкарбамин қышқылының туындыларының қатарына десмедифам және фенмедифам жатады. Бұлардың барлығы да қызылшаны қорғауға арналған.
3. Бентазон негізінде базагран және корсар препараттары қолданылады. Олар көктеп шыққаннан соң әсер ететін контактты гербицидтер. Препараттар бір жылдық қос жарнақты, олардың ішінде 2,4-Д төзімді, арам шөптерге қарсы қолданылады.
Бромоксинил негізінде біршама жүйелі әсері бар контактты гербицид – бромотрил қолданылады.
4. Фосфорорганикалық қосылыстар – фосфон қышқылының туындылары
Глифосат - өсіп тұрған өсімдіктерді өңдеуге арналған тұтас әсерлі жүйелі гербицид. Ол ең төзімді деген, басқа препараттар алмайтын 80 астам арам шөп түрлерін жояды. Глифосат негізінде көп гербицидтер қолданылады. Көп жылдық арам шөптерді жою үшін гербицдті өісмдік биітігі 20-40 см жеткенде, топырақ бетіндегі бөлігі әбден жетіліп, ассимиляттар тамырға бағытталған кезде қолданылады. Олармен бірге гербицид тез қозғалады. Осының нәтижесінде негізгі көбею мүшесі болып табылатын тамыр жүйесінің өлуі қамтамасыз етіледі.
Бақылау сұрақтары:
1.Гербицидтердің әсер ету сипатына, қолдану ерекшеліктеріне байланысты жіктелуі.
2. Дара жарнақты арамшөптеге қарсы гербицидтер.
3. Көс жарнақты арамшөптеге қарсы гербицидтер.
4.Топырақтық гербицидтер.
5. Жалпы жойқын әсерлі гербицидтер
8-тақырып. Дефолианттар, десиканттар және өсімдіктің өсіп, жетілуін реттейтін заттар
1. Дефолианттар, десиканттарды қолдану аумағы
2.Өсімдіктердің өсіп-жетілуін реттейтін заттардың маңызы, түрлері
Әдебиеттер:
Химическая защита растений/ под ред.Г.С. Груздева.–М.: Агропромиздат, 1987.
Попов С.Я., Дорожкина Л.А., Калинин В.А. Основы химической защиты растений. М., 2003.
Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген пестицидтер (анықтамалық материалдар), Астана, 2011
1. Дефолианттар – өсімдік жапырақтарын түсіретін, ал десиканттар – өсімдікті өсіп тұрған кезде құрғататын, вегетация соңында, пісуін жетелдету, тұқым мен жемістерінің ылғалдығын төмендету және өнім сапасын арттыру үшін қолданылатын заттар. Бұл кезде, өсімдік жемістері түзілуі тоқтап, өсуі баяулап, құрғақ заттардың жинақталуы тоқтайды.дефолианттар мен десиканттарды қолдану ассимилянттардың жапырақтан генеративтік мүшелеріне жеткізілуін жеделдетіп, өнімнің бір мезгілде пісуіне ықпал етеді. Сонымен қатар дефолияция мен десикация көптеген дақыл өнімдерін (мақта, күріш, дәнді дақылдар, картоп, майкене, қытай бұршақ және басқаларын) жинауды механикаландыруға мүмкіндік береді.
Дефолианттар жапырақ сағағының бөліну қабатының түзілуін тездетіп, жапырақтардың қарқынды түсуіне ықпал етеді. Десиканттар тұқымның пісуін және қауызының ашылуын тездетеді. Бұл үдеріс тек химиялық заттардың әсерінен ғана емес, сонымен қатар микроклиматтың өзгеруінің нәтижесінде де (топырақ және ауа ылғалдығының төмендеуі, топырақ бетіне жақын қабаттағы ауа температурасының артуы, егістіктің сиреуі) жүреді.
Қазақстан аймағында қолданылуға рұқсат етілген дефолианттар мен десиканттардың ішінде глифосат, аммоний глюфосинаты, диметипин және дикватты атауға болады. Алғшқы үшеуі фосфордың органикалық қосылыстарына жатса, дикват – пиридин туындысы.
N-фосфонметилглицин туындылары болып табылатын глифосат пен аммоний глюфосинаты хош иісті амин қышқылдарының синтезделуін тоқтатады. Олар үш амин қышқылы – триптофан, фенилаланин және тирозин – түзілетін қышқылының синтезін тежейді.
Глифосат (N-фосфонметилглицин) жапырағы арқылы еніп, баяу қозғалып өсімдіктің тамыр жүйесіне тарайды. Оның әсерінен өсімдіктің өсуі баяулап, сабақтары мен жапырақтары сарғаяды.
Аммоний глюфосинаты негізінде баста препараты шығарылады. Оның өсімдіктерге уыттылығы глифосатқа қарағанда төмен.
Фосфон қышқылының туындылары жаңа өркендердің өсуін тежеп, хлорофиллдердің түзілуін тоқтатып, сахарозаның қызылшаның тамыржемісіне ағысын арттырып, инвертазаның белсенділігін төмендетіп, қант қызылшасының құрамындағы қант мөлшерін арттырады.
Глифосат. Глифосат негізінде десиканттар ретінде (СЕ, 360 г/л) раундап, торнадо, глисол, зеро, глифосат, глифос, свип, гифоган, глипер, глиф препараттары қолданылады. Оларды оруға 2 апта қалғанда дән ылғалдығы жоғары болған жағдайда асбұршақ егістігінде гектарына 3-4 л, астық тұқымдастарында – 3 л мөлшерінде қолданылады.
Препаратты қолдану мөлшері егістіктің арам шөптермен ластану дәрежесіне байланысты өзгеруі мүмкін. Ластану дәрежесі жоғары болса, әсіресе көп жылдық арам шөптермен, препарат дозасы арттырылады.
Аммоний глюфосинаты. Бұл әсер етуші зат негізінде баста, СЕ (150 г/л) препараты қолданылады. Ол күнбағыс, қытай бұршағы, майкене, рапс егістіктерінде қолданылады. Күнбағыс егістігіндегі күту мерзімі 5-6 күн, қытай бұршағы, рапс, майкене егістіктерінде – 10 күн. Препараттың уыттылығы төмен.
Дикват. Реглон супер, СЕ (150 г/л) препараты ретінде шығарылады. Ол дипиридилий туындысы болып табылады.
Препарат күнбағыс егістігінде десикация жүргізуге пайдаланылады (себеттері қоңырқай түске ене бастаған кезде), қолдану мөлшері 2 л/га, картопта – 2 л/га.
Күту мерзімі күнбағыста – 4-6, картопта – 8-10 күн.
Дикват кауіпті қосылыстар қатарына жатады. Тері-резорбтивті және ингаляциялық уыттылығы жоғары.
2. Ауыл шаруашылығында өсімдіктердің өсіп-жетілуін реттейтін химиялық заттар 50 жылдан астам уақыт қолданып келеді. Олар жеміс ағаштарының жеміс беруінің мерзімділігін болдырмауға, гүлдеу мен пісуді тездету немесе баяулату, ұзақ мерзім сақтаған кезде түйнектер мен тамыржемістердің көктеуін болдыртпау, ортаның қолайсыз жағдайларына (аязға және қуаңшылыққа) төзімділігін арттыру, өнім мөлшері мен сапасын артыру мақсатында қолданылады.
Өсіп-жетілуді реттеуші заттарды екіге бөліп қарастыруға болады: эндогенді (ауксиндер, гиббереллиндер, кининдер, этилен, эпин және т.б.) және органикалық синтез нәтижесінде алынатын экзогенді заттар.
Табиғи реттеуші заттар бірігіп,, бір-бірімен қисынды әрекеттеседі. Олар өсімдіктің бүкіл дамып-жетілу кезеңдеріндегі зат алмасу үдерісін қатысып, өсу және жаңа мүшелерді түзу, гүлдеу, жеміс беру, қартаю, тыныштық күйге ену және одан шығу үдерістеріне әсер етеді.
Өсімдік тіршілігінде фитогормондар ерекше роль атқарады және оларды басқа химиялық қосылыстармен алмастыруға болмайды. Синтетикалық өсіп-жетілуді реттеуші заттар эндогенді фитогормодардың физиологиялық аналогтары немесе өсімдіктің жалпы гормоналдық статусына әсер ететін олардың антогонистері болып табылады.
Синтетикалық өсімдіктердің өсіп-жетілуді реттеуші заттарды шартты түрде бірнеше топқа бөлуге болады:
ауксиндер аналогтары, антиауксиндер, олардың тасымалдануын тежеушілер; гиббереллиндердің аналогтары, олардың синтезін және тасымалдануын тежеушілер; этиленнің синтезімен және алмасуымен байланысты қосылыстар; өсімдіктердің өсіп-жетілуін реттеуші цитокинин тәрізді заттар; метаболизмнің фотосинтез, тыныс алу және басқа үдеріістерін тездеткіш және тежегіш заттар (стиляторлар мен ингибиторлар); стреске қарсы қолданылатын препараттар.
(Индолил-3) сірке қышқылы. Бұл топқа жататын қосылыстардың әсер ету механизмі табиғи ауксиндерге жақын. Олар нуклеин қышқылдарының алмасуына, белоктар мен әртүрлі ферменттердің синтезделуіне қатысады. Аталған зат негізінде гетероауксин, СЕҰ, ТАБC (920 г/л) препараты қолданылады.
Гетероауксин тамыр түзілуін тездету, жеміс-жидек дақылдарының шыбығының тамырлануын жақсарту мақсатында қолданылады. Ол үшін 0,002 % (10 л суға 0,2 г препараты) ерітіндіге ағаш шыбықтарды 16-20 сағат, жасыл шыбықтарды – 10-16 сағат бойына салып қояды. Тамыр жүйесінің өсуіне ықпал ету мақсатында көктемде ағаштар бүршік жарғанда және күзде ағаштар жапырағын тастағаннан соң әр бұта немесе ағаш 5 л есебінен 0,002 %-дық ерітіндімен суарылады. Көкөніс дақылдарының және гүл көшеттерінің тамырларын топыраққа отырғызар алдында 18-22оС температура жағдайында 0,005 %-дық ерітіндіге малып алады. Сол сияқты пиязшықтарды да отырғызар алдында 16-24 сағат бойына 0,001 %-дық ерітіндіге салады.
Су ерітіндісінде препарат жарық көзінде тез арада ыдырайды, осының нәтижесінде жұмыс ерітіндісінің концентрациясы төмендейді. Сондықтан жұмыс ерітіндісін тек қолданар алдында ғана дайындаған жөн. Препараттың уыттылығы орташа.
4-(индол-3-ил) май қышқылы. Бұл әсер етуші зат негізінде корневин, ЫҰ (5 г/кг) препараты дайындалады. Ол жеміс ағаштарының көшеттерінің тамыр түзуінің жақсаруы және тамырлануы мақсатында кесінді жеріне ұнтақ шашып немесе 6 сағат бойына 0,1 %-дық ерітіндіге салып қою жолымен қолданылады.
ИМҚ әсері гетероауксинге ұқсас, алайда оның ерітіндісі жарық көзіне төзімдірек келеді.
Натрий тұздарының гиббериллин қышқылдары. Гиббериллин қышқылдарының негізінде гибберсиб, гибберросс препараттары қолданылады.
Препараттар түйіннің түзілуін, түсуін болдырмау, пісуін тездету және өнімді артыру мақсатында қолданылады. Қызанақты гүлдеуінің бастапқы кезінде 50 %-дық препаратпен гектарына 30-40 г мөлшерінде (0,01-0,013 %-дық ерітінді), қиярға гүлдеу кезінде – 21-30 г/га (0,0035-0,005 %-дық ерітінді), баклажанға гүлдеу кезінде – 30 г/га (0,0075 %-дық ерітінді) қолданылады. Препараттың уыттығы төмен.
Арахидон қышқылы иммуноцитофит препаратының және оның аналогтарының құрамына кіреді. Бұл препарат өсімдік өсуін реттеуші, ортаның қолайсыз жағдайларына төзімділігін арттырушы және ауруға қарсы төзімділігі арттырушы ретінде қолданылады. Ортаның қолайсыз жағдайларына төзімділігінің артуы өсімдіктің ферментативтік аппаратының белсенділігінің артуына негізділеді. Өсімдіктердің ауруларға табиғи иммунитетінің артуы өсімдіктің препарат әсерінен биохимиялық статусы өзгеруіне байланысты ауру қоздырғыш пен өсімдіктің арасындағы байланыстың үзілуіне негізделеді. Препарат тұқымдық материалды себер алдында өңдеуге пайдаланылады: картопқа 0,075-0,11 г/т мөлшерінде, дәнді дақылдарға, күнбағысқа, асбұршаққа, күрішке – 0,3-0,45 г/т, қызанаққа, қиярға, сәбізге – 0,3-0,45 г/кг. Сонымен қатар аталған өсімдіктер өсіп тұрған кезінде гектарына 0,3-0,45 г мөлшерінде қолданылады. Препараттың уыттылығы төмен. Эль-1 - арахидон қышқылынан алынған, бидайдың өсуін жақсартып, түсімділігін көтереді. Өсімдіктердің түптеніп-түтіктене бастаған кезінде арамшөптерге қарсы химиялық отау кезінде 1 гектар егіс 10 мл препараттың судағы суспензиясымен бүркіледі.
Эпибрассинолил. Бұл препараттың негізінде эпин-экстра шығарылады. Бұл әсер етуші зат алғаш рапс тозаңынан бөлініп алынды. Оған жоғары дәрежедегі биологиялық белсенділік тән, өсімдіктің ортаның қолайсыз жағдайлардың әсеріне қарсы тұру қабілеттілігін арттырады. Сонымен қатар өсімдіктің өсу үдерісін реттеп, өнімін және оның сапасын артырады.
Бірқатар дақылдарды эпинмен өңдегенде олардың саңырауқұлақ қоздыратын ауруларға төзімділігінің артатына байқалған (мысалы картоптың фитофтороз ауруына төзімділігі). Препараттың қауіптілігі төмен.
Биосил немесе новосил. Негізгі әсерлі заты - терпен қышқылы. Астық дақылдарының тұқымын дәрілеуге ұсынылған. Сонымен қатар, өсу кезеңінде өсімдіктердің биотикалық және абиотикалық қолайсыздықтарға беріктігін арттырады. 1 тонна тұқымды баптауға 30 мл, ал 1 гектар егісті бүркуге 50 мл препараттың су қосылған суспензиясы ұсынылады.
Агростимулин. Диметилпиридин және өсімдіктердің өсуін жақсартатын бірнеше қоспалардан тұрады. Қазақстанда астық дақылдарының түсімділігін көтеру үшін 1 тонна тұқымды дәрілеуге 10-15 мл және өсу кезеңінде 1 гектар егіске 10 мл препараттың судағы суспензиясын пайдалану ұсынылған. Арамшөптерге қарсы астық дақылдарының егісін гербицидпен отағанда бірге қолданылады, олардың беріктігін нығайтады. Бұл препараттың қызылшада ветастимулин, ал жүгеріде – зеастимулин деген түрлері тіркелген.
Эмистим. Құмырысқа қышқылы және өсімдіктердің өсуін реттейтін бірнеше қоспалардан тұрады. 1 тонна бидай тұқымын себер алдында баптауға 10 мл, өсімдіктердің түптену кезінде гербицидпен қоса 1 гектарға 10 мл препараттың судағы суспензиясын қолдану ұсынылған.
Бақылау сұрақтары:
Дефолиация, десикация дегеніміз не?
Дефолиант ретінде қолданылатын заттар.
Десикант ретінде қолданылатын заттар.
Өсіп-жетілуді реттеуші заттардың маңызы.
9-тақырып. Өсімдік қорғаудағы биологиялық әдіс
1.Биологиялық өсімдік қорғаудың жағдайы
2.Пайдалы жәндіктерді қолдану принциптері.
