Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
A_sh_d__1179_or_1171_au_umk.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

4.Тильменбаев әт., Жармұхамедова г.Ә. Энтомология. – Алматы: Қайнар, 1994, 336 бет.

5. Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген пестицидтер (анықтамалық материалдар), Астана, 2011

1.Ауылшаруашылық дақылдарды зиянды ағзалардан қорғау шараларын жоспарлау және ұтымды мерзімде жүргізу үшін аурулардың, зиянкестердің таралуы мен даму ерекшеліктерін тұрақты бақылап отыру қажет. Бұл жұмысты атқарғанда алға қойылатын басты мақсат – аурулардан, зиянкестерден келетін шығын мөлшерін алдын-ала болжап, арнайы химиялық шаралар қолдану қажеттілігін және мерзімін анықтау. Зиянды нысандардың популяциялары әр түрлі жылдардағы және маусым ішіндегі сан мөлшері тұрақты болмайды, өзгеріп тұрады. Сондықтан зиянды организмдердің жаппай көбейіп кету мүмкіншілігі алдын ала болжау үшін популяциялардың сан мөлшерінің өзгеру заңдылықтарын зерттеп білудің практикалық маңызы өте зор.

Химиялық өсімдіктер қорғау құралдарын қолдануды жоспарлағанда ауа райы жағдайымен қатар егілетін сорттардың ауруларға, зиянкестерге беріктігі немесе бейімділігі, агротехникалық шаралардың тиімділігі еске алынуы қажет.

2. Дақылдардың фитосанитарлық жағдайына нақты сипаттама беру үшін, аурудың, зиянкестердің таралуы немесе кездесу жиілігі және оның даму, зақымдау қарқындылығы немесе екпінділігі анықталады. Демек өсімдіктердің өсу, әсіресе ауруға, зиянкестерге бейімділігі артатын кезеңдер бақылау жүргізіліп отыруы қажет. Бұл үшін алдын-ала тұрақты танаптар немесе бақылау жүргізілетін алаңдар белгіленіп, олар бойынша төмендегі мәліметтер жиналады:

тұрақжайдың аты,танаптың нөмірі, географиялық координаттары;

топырақ түрі, оның механикалық құрамы және т.б. көрсеткіштері;

алғы дақыл, минералдық және органикалық тыңайтқыштардың қолданылуы;

қолданылған агротехникалық шаралар, себу мерзімі мен мөлшері, суғарылуы;

дақылдың сорты, көпжылдық өсімдіктердің отырғызылған мерзімі немесе жасы;

қолданылған пестицидтер, мөлшері, мерзімі және жиілігі;

дақылдың түсімділігі.

Ауылшаруашылық дақылдардың өсу фенологиясының негізгі кезеңдері бойынша таралған ауру, зиянкестер түрлері, және олардың дамуы, күтілетін шығын мөлшері анықталады. Аурудың таралуы танаптағы оған шалдыққан өсімдіктер санымен сипатталады, даму қарқынын анықтау үшін арнайы шкалалар пайдаланылады. Зиянды жәндіктердің сан мөлшерін сенімде түрде болжау үшін әр бір түрдің биологиясы мен экологиясын, оның негізгі таралу табиғи жолдарын, қоршаған ортаның басқа фаторларының сол түрдің популяциялық динамикасына тигізетін әсерін білудің маңызы өте зор.

Өсімдіктерді зиянкестерден, аурулардан және арамшөптерден қорғау шараларының жоспарын құрастыру үшін, қауіпті зиянды ағзалардың саны және популяциядағы жағдай туралы мәліметтер керек.

Қадағалау мерзімі өсімдіктің барлық вегетациялық мерзімін және ауыл шаруашылық өнімін сақтау уақытында, көктемгі және егінді жинағаннан кейінгі уақытты қамтиды.

Зиянды ағзалардың саны туралы мәліметтерді, таралуын және популяциядағы жағдайын ауыл шаруашылық дақылдарының егістігінде маршруттық тексеру жүргізгеннен кейін зерханалық анықтаудан кейін анықтайды.

Агроценоздағы зиянды және пайдалы түрлердің таралу мен даму, өсімдіктің дамуындағы фенофазалар мен егістіктің жағдайын бақылау, ауа-райының жағдайы туралы мәліметтер өсімдіктер зиянкестерін болжау үшін қолданылады, сонымен қатар өсімдік қорғау мен жою шараларын алдын алуына, олардың тиімділігінің сапалы және уақытылы болуына әсер етеді. Зиянды ағзалардың дамуын болжау өсімдік қорғау жұмыстарын жоспарлау және уақытылы орындалу үшін негіз болады.

Мониторингті жүргізу уақытында зиянкестер түрлерінің құрамын, аурудың анықтап көріне бастау белгілерін, зиянкестердің даму фазаларын, есепке алудың әдістерін және мақсаттарын, зияндылығын және көріну дәрежесін өзгертетін факторларды білу өте қажет. Ауруларды тауып, тексеру жүргізген кезде зиянды ағзалардың мөлшерін, аурудың таралуын пайызбен және аурудың қарқынды дамуын балмен немесе пайызбен есептейді. Фитофагтарды есептегенде, алқап өлшеміндегі орташа санын, зақымдалған өсімдіктер санын пайызбен, өсімдік ағзаларының орташа зақымдалуын балмен немесе пайызбен анықтайды.

3. Болжамдарды жасау – мемлекеттік маңызы бар іс. Болжамадарды жасау жұмыстарын арнайы мекеме ( Республикалық әдістемелік анықтау және болжамдар орталығы) жүргізеді.

Болжамдарды жасау үшін гидрометео ақпараттар, зиянды және пайдалы жәндіктердің саны, күй жағдайы, аурулардың дамуы мен таралуы т.б. түралы мәліметтерді жинап оларды талдайды.

Болжамдардың 3 түрі бар:

1- көп жылдық екі жылдан кем артық болжам жасалады. Оларды жасайтын ғылыми зерттеу институттар. Болжамның көп жылдық түрі мелиорация, егістіктердің көлемінің өзгеруі, жаңа технологияларды, дақылдарды енгізілуіне байланысты күрделі анализдердің нәтижелеріне сүйеніп 5 жылға дейін жасалады.

Ұзақ мерзімдік болжам – негізгі мақсаты ағымдағы жоспармен дер кезінде қорғау шараларын ұйымдастыру. 1- 2 жылға жасалады.

Қысқа мерзімдік болжау – негізгі мақсаты агроценозда мауысым ішінде дақылдардың нақты фитосанитарлық жағдайын анықтап қорғау шараларды жүргізуге шешім қабылдау үшін. Қысқа мерзімді болжамның соңғы бөлімі мекемелерге, шаруашылықтарға т.б. хабар беру.

Осы болжамға байланысты химиялық препараттардың шығыны, техника қажеттілігі т.б. жоспарланады.

Бақылау сұрақтары:

1.Өсімдіктерді қорғаудағы болжамдардың ролі.

2.Болжамдарды жасау үшін керекті ақпараттар.

3. Көрсеткіштерді жинау технологиясы.

4. Көпжылдық, ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді болжамдар қандай мерзімдерге құрастырылады және олардың шарттары қандай?

12-13 тақырып. Қорғау шаралардың жүйесін жоспарлау және ұйымдастыру

1. Пестицидтерді таңдау.

2. Шаруашылықтарда өсімдік қорғау жұмыстарын ұйымдастыру

Әдебиеттер:

1.Химическая защита растений/ под ред.Г.С. Груздева.–М.: Агропромиздат, 1987.

2. Попов С.Я., Дорожкина Л.А., Калинин В.А. Основы химической защиты растений. М., 2003.

3.Справочник агронома по защите растений / под. ред Сагитова А.О., Исмухамбетова Ж.Д. – Алматы: РОНД, 2004-320С.

1. Бүгінгі нарықтағы пестицид түрлерінің көп болуы ауылшаруашылығы өнімдерін өндірушілерге қиындықтар тудырады: оңтайлы қасиеттері және бағасы да оңтайлы пестицидтерді қалайша талғап алуға болады, дұрыс нақты ақпаратты жарнама құйтырқыларынан қалайша ажыратуға болады? Бұл жерде зиянды организмдердің биологиясы, дақылды аймақта қалыптасқан ерекшеліктерге байланысты өсіру технологиясы және пестицидтердің қасиеттері туралы терең білу қажет.

Алғашқы сатыда зиянды организмдердің биологиялық ерекшеліктерінің негізінде пестицидтің әсер етуші заты таңдап алынады. Себебі бір әсер етуші заттың негізінде дайындалған бірнеше препараттар шығарылуы мүмкін (кейде 10-ға дейін кездеседі).

Инсектицид таңдау. Инсектицидтерді таңдауды негіздегенде зиянкестердің мынадай ерекшеліктері ескеріледі: насекомның түрі; оның зақымдаушы кезеңі; имаго немесе личинкалардың ауыз аппараттарының ерекшеліктері; сезімтал кезеңі, әсіресе егер насекомдар өсімдік бойында тіршілік ететін болса (миналаушы, сабақ ішіндегі, жеміс зақымдаушы зиянкестердің личинкалары); насекомның қыстақ кезеңі және қыстау орны; қыстақтан шығу кезеңінің ұзақтығы; жұмыртқа салу кезіндегі ұшу ұзақтығы; маусым ішіндегі ұрпақ саны.

Егер зақымдау кезеңі мен сезімтал кезеңі сәйкес келсе ауыз аппаратының құрылысына көңіл аударады. Ауыз аппараттары кеміргіш болып келетін зиянкестерге қарсы асқазаны және асқазан-контактты әсерлі инсектицидтер, ал шаншып сорғыш зиянкестерге қарсы жүйелі-контактты әсерлі инсектицидтерді қолдану қажет. Мысалы, синтетикалық пиретроидтар мен неоникотиноидтар тобына жататын препаратттар болса, бітелерге қарсы неоникотинооид, ал көбелек жұлдызқұрттарына қарсы – пиретроид таңдалуы тиіс.

Миналайтын зиянкестерге қарсы тереңге енетін контактты-асқазан немесе жүйелі-контактты әсерлі инсектицидтерді қолдану тиімді. Сонымен қатар жасырын тіршілік ететін зиянкестерді қазіргі кездегі улармен жою мүмкін емес, сондықтан инсектицидтермен өңдеу ересек особьтердің жұмыртқа салу кезеңіне немесе жұмыртқадан шығар кезде личинкаларға қарсы қолданылуы тиіс. Бұндай жағдайда қорғаныш мерзімі ұзақ контактты инсектицидтерге назар аударған жөн. Көктемгі кездегі төменгі температурада ұшуға қабілеті төмен, сондықтан танаптардың жиегіне тарайтын егістікті қыстап шыққан бізтұмсықтар мен бүргелерге қарсы топыраққа сіңірілмей бетінде ұзақ сақталуға қабілетті күшті контактты немесе контактты-асқазан әсерлі инсектицидтер қолданылуы тиіс. Топырақта тіршілік етуге бейімделген зиянкестерге қарсы қолданылатын инсектицидтерге ерекше талап қойылады. Сымқұрттар мен жалған сымқұрттарға қарсы ең тиімдісі – тұқым немесе өркеннің айналасына зиянкестерді өлтіретін концентрациялы фумагациялық қасиеті бар қосылыстар. Сонымен қатар олар күшті және тұрақты инсектицидтер де болуы қажет. Бұндай инсектицидтердің қатарында карбосульфон, карбофуран және фуратиокарбты атауға болады.

Таңдаудың екінші сатысында қажетті қорғаныш эффектісі бар инсектицид таңдап алынады. Бұл жерде зиянкестердің қыстақтан шығу немесе аналықтарының жұмыртқа салу үшін ұшу ұзақтығы ескерілуі тиіс, химикаттың қорғаныш мерзімінің ұзақтығы зиянкес биологиясына жақын болуы тиіс. Олай болмаған жағдайда бір маусым ішінде әр ұрпаққа қарсы екі тіпті кейде одан да көп қайтара өңдеу қажет болады. Бір маусым ішіндегі инсектицидпен өңдеу саны зиянкестің генерация санымен анықталады. Алайда тез пісетін дақылдарды қорғау үшін немесе жемістің пісу кезінде тұрақтылығы төмен препараттар қажет.

Осылайша бірнеше инсектицидтерді іріктеп алғаннан соң олардың ішінен пайдалы жануарларға, адамға және тұтас экожүйеге қауіптілігі жөніндегі мәліметтерге сүйене отырып ең оңтайлы инсектицид таңдап алынады. Олардың ішінде адамға қауіптілігі төмен, аудан бірлігіне шаққанда әсер етуші заты бойынша ең аз мөлшерде қолданылатыны және су мен топырақта тұрақтылығы төмен қосылыстарға көңіл аударылуы тиіс. Сонымен қатар әсер ету аумағы кең, яғни бір дақылды зақымдайтын басқа зиянкестерді құртатын немсе олардың жетілуін тежейтін қосылыстарға назар аударылады.

Инсектицидтерді таңдаудың соңғы сатысында экономикалық фактор ескеріледі. Бұл жерде препараттың бір килограмының бағасы емес бір гектарға қолданылатын препарат құны бойынша инсектицидтерді қолданудың экономикалық тиімділгі есептеледі. Ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер көбіне технологиялық ерекшеліктерін ескерместен ең арзан препаратты сатып алады. Мысалы гранулометрикалық сипаты нашар ылғалды ұнтақ күйіндегі арзан препаратты сатып алып, оны өлшеп, езуге көп уақыт пен шығын жасалуы мүмкін. Ал эмульсия концентраты күйіндегі препараттарды қолданғанда олар өсімдіктерді тегіс өңдеуге, уақыт пен қаражатты ұтымды пайдалануға мүмкіндік береді. Алайда органикалық еріткіш эмульсия концентраттарының фитотоксикалық қасиетін, жұмысшылардың терісіне әсер ету қаупін және өрт қаупін арттырады. Бұндай кемшіліктер су-дисперсиялы гранулалар мен суспензия концентраттарында болмайды, алайда олар қымбатырақ келеді. Аталғанның бәрі препараттарды таңдағанда ескерілуі қажет. Бұл бір препарат әр түрлі формада шығарылатын болғанда ғана мүмкін.

Фунгицид таңдау. Фунгицидті таңдау кезінде де инсектицидтерді таңдау қағидаларына сүйенеді. Алайда фунгицидті таңдау негіздемесінде алғашқы және екінші кезектегі инфекция көздеріне, сонымен қатар зақымдау уақыты мен инфекцияның таралу жылдамдығы ескеріледі.

Егер алғашқы инфекция көзі тұқымдық материалда немесе топырақта болса ең тиімді тәсіл тұқымды (тұқымдық материалды) өңдеу болып табылады. Тұқым бетінде немесе топырақта болатын ауру қоздырғыштарына қарсы (бидайдың тозаңды қара күйесі, тамыр шіріктері, тұқымның зеңденуі) топырақта едәуір тұрақты қорғаныш әсерлі контактты фунгицидті қолдануға болады. Егер инфекция тұқымның ішінде болса өсімдік бойымен жоғары қарай қозғалуға қабілетті жүйелі фунгицид қажет. Бұл жерде әсер ету аумағы кең, биологиялық белсенділігі жоғары және бірнеше әсер етуші заты бар препараттарға көңіл аудару қажет. Себебі бұл патогендер популяциясының резистентті формаларының алдын алуға мүмкіндік береді. Алайда жүйелі фунгицидтерді алғанда, әсіресе стериндер синтезінің ингибиторлары тобынан болғанда олардың фитотоксикалық және өсімдіктердің өсуін реттеуі туралы мәліметтерді білу қажет. Сонымен қатар дәрілеу сапасының жоғары болуын қамтамасыз ететін препараттар құрамында жабысқыш немесе өңез түзгіш заттардың бары-жоғын білу қажет.

Фунгицид таңдау үшін алдын ала ауру қозырғыштарының түрлерін мұқият талдау қажет. Солан соң ең көп зиян келтіретін ауруға қарсы күрес шарасы ұйымдастырылады. Қорғаныш және емдік әсерлі, ауқымы кең және әсер ету мерзімі ұзақ фунгицид алғашқы өңдеуге тиімдірек болады. Себебі бұндай фунгицид алғашқы өңдеу мерзімінің қате болмауын қамтамасыз етеді және де фитосанитарлық жағдайды талдауға мүмкіндік береді. Кейінгі өңдеу жиілігі және қайта өңдеу мерзімі фунгицидтің өсімдік бойында сақталу мерзіміне байланысты болады, сондықтан жүелі әсерлі фунгицидтерге ден қою қажет. Сонымен қатар патогендердің фунгицидтерге төзімділігі проблемасын да естен шығармау қажет.

Гербицид таңдау. Гербицид таңдағанда дақылдың арам шөптермен бәсекелесуінің қиын кезеңдеріне, өсіру технологиясының ерекшеліктеріне, сонымен қатар арам шөптердің биологиялық ерекшеліктеріне көңіл аударылу қажет. Тегіс және ерте себілетін дақылдар (астық дақылдары, бұршақ дәнді дақылдар) түптену кезеңіне дейін арам шөптерге төзімді келеді. Сондықтан олардың егістігінде бір жылдық қос жарнақты арам шөптерге қарсы талғампаз жүйелі немесе контактты гербицидтер көктегеннен соң қолданылады. Олар екпе дақылдарды зақымдамастан егістікті арам шөптерден арылтуға мүмкіндік береді. Нақты әсер етуші затты таңдау арам шөп түріне және әсер ету ауқымына байланысты.

Егістіктегі дара жарнақты арам шөптерді жою проблемасы күрделірек келеді. Оларға қарсы гербицидтерді дақыл көктегенге дейін немесе гербицидтің дақылға кері әсерін болдырмайтын антидот қолдану қажет.

Отамалы дақылдар (жүгері, картоп, қант қызылшасы, күнбағыс) вегетацияның бастапқы кезеңінде баяу өседі және арам шөптерге сезімтал келеді. Сонымен қатар олардың вегетациялық кезеңі де ұзағырақ болады, сондықтан олардың егістігінде арам шөптердің бірнеше толқыны болады. Осыған байланысты бұл дақылдардың егістігінде гербицид қолдану жүйесі төмендегідей болуы мүмкін: сепкенге (көктегенге) дейін ұзақ мерзімді топырақ гербицидтерін қолдану – арам шөптердің өсуіне бір айға дейін тосқауыл жасайды; көктегеннен кейін арам шөптердің екінші толқынына қарсы.

Әсер етуші затты арамшөптердің құрамына және гербицидтің әсер ету аумағына байланысты таңдалады.

Бұл технологияның кемшілігі топырақта тұрақты заттардың пайдалануына байланысты кейінгі дақылдарға әсер ету және ыза суларының ластану қаупін жатқызуға болады.

Атпа тамырлы және кіндік тамырлы көп жылдық арам шөптерге қарсы өсімдік бойында қозғалуға және сақталуға қабілетті гербицид таңдалып алынады. Ол арам шөптің тамыр жүйесін де зақымдауға мүмкіндік береді. Ең тиімдісі жапыраққа әсер ететін көктегеннен кейін әсер ететін гербицид болып табылады, алайда оларды пайдаланғанда қолдану мерзіміні дұрыс таңдау өте зор маңыз атқарады. Арам шөптер әбден өсіп, қор заттарының тамыр жүйесіне қарқынды ағысы басталуы қажет. Бұл қос жарнақты көп жылдық арам шөптердің бүрлену кезеңіне, ұзындығы 18-20 см жеткен кезде өңдеу тиімді. Көп жылдық арам шөптерге қарсы тұтас әсерлі гербицидтерді қажет.

2. Ауыл шаруашылық мекемесінде өсімдік қорғау жұмыстарын ұйымдастыру – зиянды организмдердің әрекеттерінен ауыл шаруашылық дақылдарының өнімінің төмендеуін болдырмауға бағытталған шаралар жүйесі. Бұл шаралар жүйесінің әдістемелік негізі - өсімдіктерді жан-жақты (интегралды) қорғау. Оның негізгі қағидасы – зиянды организмдер популяцияларын олардың зияндылығын бүгінгі күн қоғамда қалыптасқан экологиялық, гигиеналық және экономикалық нормативтерді қанағаттандыратын, экономикалық тиімсіз деңгейге жеткізбейтін шаралармен басқару.

Нақты шаруашылық жағдайында өсімдік қорғау жұмыстары рационалды құрылады және ауыл шаруашылық өндірісі тиімді жүргізіліп, жоспарланады. Сонымен қатар шаруашылықтың басқа салаларымен салыстырғанда (тұқым шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы, агрохимия және т.б.) өсімдік қорғау саласы қалыптасқан жағдаймен тығыз байланыста болады, сондықтан түзету енгізілуі тиіс.

Өсімдік қорғау жұмыстары негізінен екі басты бағытта жүргізіледі:

  1. Зиянды организмдер әсерінің алдын-алу жұмыстары. Бұл жұмыстар ұйымдастыру-шаруашылық және агротехникалық шаралар арқылы жүзеге асады: фитосанитарлық алдын алу шарасы ретінде – ауыспалы егістік жүйесін қалыптастыру, бір типті дақылдарды кеңістікте тиімді орналастыру, төзімді сорттарды таңдау, тұқымдық материалдарды дәрілеу, себу (отырғызу) және жинау мерзімі, агроценоздағы өсімдіктерді орналастыру тығыздығы, топырақ өңдеу, т.б.

  2. Зиянды организмдердің таралуына мүмкіндік бермеу. Ол өсімдік қорғау жұмыстарының техникалық базасын қалыптастыру (пестицид қоймалары, арнайы техникалық құралдар) және өсімдік қорғау жұмыстарын қысқа мерзім ішінде (1-5 күн) жүзеге асыруға қабілетті өсімдік қорғау звенолардың және химиялық отрядтардың болуы.

Алдын алу шаралары ұзақ мерзімді болжауға (бір жылдық) негізделсе, тікелей қорғау шаралары ағымдағы фитосанитарлық мониторинг негізінде жүргізіледі.

Өсімдік қорғау саласының ерекшелігіне және ғылыми арнайы дайындықты қажет ететіндіктен шаруашылық өсімдік қорғау жұмыстарын сапалы және уақытымен өткізіп тұру үшін арнайы дайындығы бар өсімдік қорғау бойынша агроном штатын ұстағаны жөн. Егер шаруашылықта өсімдік қорғау жұмыстары басқа егістік жұмыстарымен бірге бір агрономға жүктелсе интегривті өсімдік қорғау кешенді өсімдік қорғау жұмыстарымен алмастырылып кетуі мүмкін.

Өсімдік қорғау жұмыстарын ұтымды ұйымдастыру үшін шаруашылықтың перспективалық және ағымдық (жылдық) жоспарлары болуы қажет. Біріншісі зиянкестер мен аурулардың көп жылдық және ұзақ мерзімді болжамының және зиянды организмдердің (арам шөптерді қоса) көп жылдық түр құрамын байқаулары негізінде жасалады. Ауыспалы егістіктің құрылымын ескере отырып қажетті техникалар, адамдар және пестицидтердің бір қатары анықталады. Жылдық жоспарда өсімдік қорғау жұмыстары нақты сипат алады. Онда нақты дақыл егістік танабының фитосанитарлық тарихы ескеріле отырып, зиянды организмдердің таралуының жылдық болжамына сүйене отырып жасалады.

Өсімдік қорғаудың жылдық жоспарында жұмыстар жеке дақылдардың даму кезеңдеріне және зиянды организмдер фенологиясына байланысты әртүрлі болады. Онда өсімдік қорғау шаралары, зиянды организмдер түрлері мен олардың даму кезеңдері, жоспарланған шараларды өткізу онкүндік және фенологиялық кезеңдері, шамамаен жұмыс көлемі, пестицид мөлшері, ауыл шаруашылық техникасы және жұмысқа қажетті жұмыс қолы көрсетіледі (1-кесте). Белгілі бір даму кезеңінде дақылды химиялық өңдеу ұзақтығы 3 күнге дейін мөлшерлейді, ал егер одан әрі ұзарту дақылдардың сорт ерекшеліктеріне байланысты болуы мүмкін. 1-кестеде өсімдік қорғаудың жылдық жоспарының мысалы келтірілген.

Өсімдік қорғау шараларын жоспарлағанда типтік технологиялық карталар қолданылады.

Өсімдік қорғау жұмыстарына қажетті машиналарды, аппаратураларды есептеу төмендегі формула бойынша жүргізіледі:

мұндағы N – қажетті машиналар саны;

S - өңделетін аудан немесе тұқым салмағы, га (т);

n – жұмыстардың орындалуының оңтайлы мерзімі, тәулік;

W – машиналардың 1 сағат ішіндегі өнімділігі;

T – жұмыс ауысымының ұзақтығы ( күн), сағат.

Бүрку әдісін қолдану кезінде бүріккіш машиналарды толтыру және жұмыс құрамын дайындау немесе оны жеткізу уақытын есепке алу қажет.

Жұмыс қарымдылығын арттыру және тәуліктің ыссы кезінде пестицид әсерінен өсімдіктердің күймеуі үшін өңдеуді ертеңгі және кешкі мезгілде жүргізген дұрыс. Жылдық жоспарға маусымның нақты фитосанитарлық жағдайына байланысты өзгерістер енгізілуі қажет. Бұл әсіресе әр танапта тығыздығы анықталып, зияндылық шегімен салыстырылуы тиіс зиянкестерге қатысты. Бұл жерде әсіресе әр танаптың немесе бір топ танаптардың фитосанитарлық тарихына ерекше көңіл бөлініп, мұқият жазылуы тиіс.

Шаруашылықтар өз жағдайларына қарай өсімдік қорғау жұмыстарының моделін таңдап алады: егістік бригаданың құрамындағы арнайы звено күшімен, шаруашылықтың арнайы өсімдік қорғау отрядының күшімен, өсімдік қорғау жұмыстарын жүргізу үшін арнайы құрылған шаруашылықаралық механикаландырылған отряд және т.б.

Өсімдік қорғау шараларын өткізгенде пестицидтерді қолданудың тиімділігі есептелуі тиіс. Оның бірнеше түрлері ажыратылады:

биологиялық тиімділік – зиянды организмдердің өлу дәрежесі, өсімдіктердің зақымдануының немесе ауруға шалдығуның төмендеуі (%). Пестицидтердің биологиялық тиімділігін анықтау үшін танаптың бір бөлігінен бақылау қалдырады (пестицидпен өңделмеген учаске).

шаруашылық тиімділік – пестицидтерді қолдану нәтижесінде алынатын қосымша өнім (ц/га);

экономикалық тиімділік - өсімдік қорғау шараларын өткізу үшін кеткен шығынды өндірілген өнімге шағып есептейді (тенге/га).

Экономикалық тиімділік зиянды ағзалардан өсімдіктерді қорғау шараларына шығындалуынан оларды өткізгеннен алынған қосымша өнімнің құнын салыстыру бойынша және экономикалық көрсеткіштердің жүйесі арқылы көрсетіледі.

Өсімдік қорғау бойынша шараларды жүргізу шығын жиынтығына пестицидтерді қолдану бойынша, пайдалану шығындары, пестицидтердің бағасы, егінді жинау бағасы, тасымалдау және қосымша өнімін жетілдіру кіреді. Қорғау шараларының аркасында оның сапасын жоғарылату арқылы сақталған өнім құны есептелінеді, рентабельділік және таза табыс орнатылады.

Бақылау сұрақтары:

1. Фитофагтарға қарсы препараттарды таңдау принциптері.

2. Өсімдік ауруларына қарсы препараттарды таңдау принциптері.

3. Арамшөптерге қарсы препараттарды таңдау принциптері.

4. Ауыл шаруашылық мекемесінде өсімдік қорғау жұмыстарын ұйымдастырудың негізгі қағидасы.

5. Өсімдік қорғау жұмыстарын шаруашылықта жоспарлау.

6. Пестицидтерді қолданудың тиімділігін есептеу әдістері.

14-тақырып. Жаздық бидай өсіру технологияларының фитосанитарлық жағдайын оңтайландыру

1. Өнімділік құрылым элементтері мен олардың қалыптасуына кері әсер ететін зиянды ағзалар.

2. Оңтайлы тығыздықтағы сау егін көгін алу технологиялары.

3. Вегетативті мүшелер мен масақтағы дән санын қалыптастыруын фитосанитарлық оңтайландыру.

4. Дәннің толысуы және пісуі кезеңіндегі жүргізілетін шаралар.

Әдебиеттер:

Справочник агронома по защите растений / под. ред Сагитова А.О., Исмухамбетова Ж.Д. – Алматы: РОНД, 2004-320С.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]