- •Ауылшаруашылық дақылдарын қорғау
- •Негізгі әдебиеттер
- •9. Курстың саясаты
- •10. Білімді бағалау жөніндегі ақпарат
- •11. Бағалау саясаты
- •2. Пестицидтердің талғампаздығы.
- •Инсектицидтер мен акарицидтер
- •Родентицидтер
- •3.Энтомофагтар, акарифагтар.
- •3. Өсімдік қорғаудың биологиялық әдісіне маңызды орын алатын энтомофаг түрлері мыналар: браконид, афидиид, афелинид, трихограмматид, алтын көзділер, галлица тұқымдасы жатады.
- •Тильменбаев әт., Жармұхамедова г.Ә. Энтомология. – Алматы: Қайнар, 1994, 336 бет.
- •4.Тильменбаев әт., Жармұхамедова г.Ә. Энтомология. – Алматы: Қайнар, 1994, 336 бет.
- •Тильменбаев әт., Жармұхамедова г.Ә. Энтомология. – Алматы: Қайнар, 1994, 336 бет.
- •3. Вегетативті мүшелер мен масақтағы дән санын қалыптастыруын фитосанитарлық оңтайландыру
- •Астық дақылдарының егістігінде қос жарнақты арамшөптерді қарсы гербицидтер.
- •Сульфонилмочевина туындылары
- •Контактты әсерлі гербицидтер
- •«Пестицидтердің (улы химикаттардың) қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 мамырдағы № 515 қаулысымен бекітілген.
- •5.Тильменбаев әт., Жармұхамедова г.Ә. Энтомология. – Алматы: Қайнар, 1994, 336 бет.
- •Өсімдіктерді қорғау жөніндегі талаптар.
- •Пестицидтерді мемлекеттік тіркеу.
- •Мемлекеттік фитосанитариялық бақылаудың міндеттерi.
- •Аса жоғары қауіпті кластары пестицидтерді қолдану жөніндегі талаптар.
- •Тізімде ... Пестицидтерді қауіптілігіне байланысты қолдану регламенттер.
- •Жеке қауіпсіздіктің ережелері.
- •Тильменбаев әт., Жармұхамедова г.Ә. Энтомология. – Алматы: Қайнар, 1994, 336 бет.
- •Тильменбаев әт., Жармұхамедова г.Ә. Энтомология. – Алматы: Қайнар, 1994, 336 бет.
- •Тильменбаев әт., Жармұхамедова г.Ә. Энтомология. – Алматы: Қайнар, 1994, 336 бет.
- •Тильменбаев әт., Жармұхамедова г.Ә. Энтомология. – Алматы: Қайнар, 1994, 336 бет.
- •Тильменбаев әт., Жармұхамедова г.Ә. Энтомология. – Алматы: Қайнар, 1994, 336 бет.
3.Энтомофагтар, акарифагтар.
4.Зиянкестерге қарсы микробтық препараттар.
5.Өсімдік ауруларына қарсы биологиялық әдістің тәсілдері.
Әдебиеттер:
Матпаева Б.Б.Ауылшаруашылығы дақылдарының зиянкестерімен биологиялық күрес тәсілдері. – Алматы «Қайнар», 1983
Биологическая защита растений / Штерншис М.В., Джалилов Ф. М.; КолоСС, 2005
Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген пестицидтер (анықтамалық материалдар), Астана, 2011
1. Биологиялық өсімдік қорғау жағдайы үшін қазіргі кезде өсімдік қорғаудың биологиялық әдісін жетілдіру, оны тиімді пайдаланудың маңызы зор. Химиялық улы заттарының пайдалану көлемін азайту экологиялық таза өнім алу, қоршаған ортаны сақтау өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Осы бағытта дақылдар зиянкестерімен, ауруларымен, арамшөптермен күресуді биологиялық әдіспен дамыту, жетілдіре түсу, оның тиімді жолдарын іздестіру жұмыстары жақсы дамыған шет елдерде қарқынды жүргізіледі. 1970 жылдары ұйымдастырылған халықаралық биологиялық ұйымы коммерциялық биоагенттерге стандарттар талаптарын жұмыстарын қарастыру жұмыстарымен айналысады. Белсенді түрде халықаралық биологиялық күресудің институтының Франция мен Швейцерияда орналасқан лабораториялары зерттеулер жүргізеді. Қазіргі кезде көп биологиялық жұмыстар АҚШ-та, 23 ғылыми орталық пен 25 ірі фирма биоәдісте жұмыс жүргізеді. Біздің елімізде биологиялық әдіс жұмыстарына көп назар аударып оңтүстік аймақтарда бұрынғы биолабораториялар мен биофабрикаларды қайтадан құру және қалпына келтіру үшін қаражаттар бөлінеді. Трихограмма және габробраконды шаруашылықтарда тегін таратылды. Биопрепараттарды өндіретін орталықтар Қазақстанда Степногорск қаласында, ӨҚ ж К ГЗИ бар (Алматы).
Халықаралық биологиялық күрестің ұставы бойынша зиянды ағзалардың зақымдалуынан болатын шығынды азайту үшін тірі ағзаларды немесе олардың тіршілік әрекеттерінің өнімдерін пайдалануды – биологиялық күресу тәсілі деп атайды.
Ауыл шаруашылығында қолданылып отырған пестицидтердің көпшілігі адам мен жан-жануарларға зәрлі екенін ескерсек, биологиялық әдістің пайдаланудың болашағы бар екеніне күмәнданбауға болады. Бірақ, биологиялық әдістің жалпы жойқын шаралар ішінде үлесі көп емес (2%).
2. Зиянкестерге қарсы биологиялық әдіс фитофагтармен күресуде олардың тәбиғи жаулары (жыртқыштар мен паразиттер), ауру тудыратын микроағзалар қолданады ББЗ, аттрактанттар, репеленттер.
Жыртқыштар мен паразиттердің тиімділігін, өсіп-өніп кең таралуын табиғатта белгілі бір факторлар тежеп отырады. Бұл ретте энтомофагтардың әр түрлі биологиялық топтарына жататын өкілдерінің (монофагтар, полифагтар,олигофагтар) белсенділігін олардың барлығына бірдей ортақ факторлар шешеді.
Сондықтан ауыл шаруашылығы дақылдарының зиянкестермен күресуде әрбір биологиялық топқа тән шараларды қолдана отырып, энтомофагтарды қолданудың тиімділігін күрт арттыруға болады.
Паразиттер мен жыртқыштардың иелері немесе құрбандарының белгілі бір түрін залалдауға ғана икемделгендеріне, сондай-ақ бір қоректілеріне ортақ тән қасиеттер мыналар: 1. даму циклдері иелерінің даму циклына үйлесімді болуы; 2. энтомофагтардың тіршілік ететін орталықтарына қоятын талап-тілектері иелерінің талап-тілектеріне сай келуі; 3. Энтомофагтардың іздеп табу қабілетінің жақсы жетілуі, яғни өздерінің иелері – зиянкестердің сан мөлшерін табиғатта өте аз болған кезде де іздеп тауып, оларды залалдай алуы; 4. белгілі бір түрлерге ғана икемделген энтомофагтардың физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты олар басқа жәндіктерді залалдаса, өмір сүре алмай өліп қалуы.
Энтомофагтарды пайдаланудың келесі жолдары бар: жерсіндіру, көндіктіру(акклиматизация); ареал ішінде тарату (внутриареальное расселение); маусымды колонизациялау.
Жерсіндіру әдісі ерте кезде басқа бір континенттерден “ауысып” келген зиянкестерге қарсы олардың “отанынан” әкелінген табиғи жауларын пайдалануға негізделген. Интродукцияда тиімділігі жоғары энтомофагтар мен акарифагтарды өздерінің байырғы ареалынан жаңа олар кездеспейтін ареалға әкеліп жіберу. Мысалы 1880 жылы Калифорнияда цитрус ағаштары ицерия деген сорғыш насекомның зақымдауынан құрып бітуге айналды. Ицерияға тіпті улы препараттар да әсер етпеді. Кейбір фермерлер бұл зиянкестерден құтылу үшін өздерінің цитрус бақтарын қырқып тастады. Ицерия бұл әрекетке де құрымады. Осы ел ғалымдарының зерттеуі нәтижесінде зиянкестің Австралиядан әкелінген апельсин, мандарин ағаштарының көшеттерімен бірге келгені анықталды. Ал ицерия өзінің отаны Австралияда айтарлықтай қауіпті зиянкес емес, ол тек қана акация ағашында аздап кездеседі екен. Мұның себебін тексеру үшін Австралияға Кебеле деген ғалымның басшылығымен арнаулы экспедиция жіберілді. Оның нәтижесінде Австралияда ицерияның сан мөлшерін оларға икемделген жауы – жыртқыш қоңыз родолия тежеп отыратындығы анықталды. 1888 жылы родолияны Калифорнияға алып келіп, цитрус бақтарына жіберді. Родолия қоңызы кокцинеллидтер туысына жатады. Қоңыздың ересектері де личинкалары да инерцияның жұмыртқаларын сүйсініп жейді екен. Жаздың басында жіберілген қоңыздар бір маусым ішінде цитрус бақтарын инерциядан түгелдей тазалап шықты.
Сөйтіп, родолия өзінің жаңа еліне тез көндігіп, ицерияның сан мөлшерін тежеп тұратын негізгі факторға айналады.
Ареал ішінде тарату жергілікті энтомофагтарды бір жерден екінші жерге жіберу арқылы негізделген. Бұл әдіс Ленинград қаласындағы Бүкілодақтық өсімдік қорғау институтында зерттеліп, шай өсімдіктерінің зиянкестеріне қарсы хипераспис деген жыртқыш қоңызды пайдалану барысында іске асырылды.
Краснодар өлкесінде шай өсімдігіне пульвинария деген насеком қатты зиян келтіреді. Ол шайдың өнімділігін 40%-ға дейін төмендетеді. Зиянкес таудың қия беткейінде өсетін ағаштарда өсіп-өнеді. Бұл жерлерде зиянкестің сан-мөлшерін оларға икемділігін хипераспис жыртқыш қоңызы тежеп тұрады.
Кейінгі кездері тау бөктерлерін кеңінен игеруге байланысты, пульвинария шай өсімдігінде жаппай көбейіп, шаруашылыққа қатты зиян тигізді. Сондықтан хиперасписті таулардан жинап, мәдени шай плантацияларындағы зиянкеске қарсы жіберу өте жақсы нәтиже берді. Қоныстандырылғаннан кейін бір-екі жыл өткен соң жыртқыш қоңыз, пульвинарияның 80 – 90 пайызын жеп тауысты. Қазіргі кезде ол шай плантацияларының барлығына дерлік таралады. Жыртқышты жіберу нормасы бір гектарға 1000 қоңыздан.
Маусымды колонизациялау энтомофагтарды табиғатқа зиянкестердің өсіп-өнуінің бас кезінде, алдын-ала жіберуге негізделген. Ол үшін пайдалы жәндіктерді арнаулы биологиялық зертханаларда қолдан өсіреді де, одан соң оларды жыл сайын зиянкестер шыққан кезде егістік жерлерде, жеміс бақтарына, көкөніс плантацияларына, теплицаларға таратыпжібереді. Бұл әдіс әсіресе көпқоректі энтомофагтарды пайдаланғанда жиі қолданылады. Энтомофагтарды маусымды колонизациялау әдісі іс жүзінде айтарлықтай табыстарға жеткізді. Бұған дәлел ретінде Совет Одағында трихограмманың бірнеше түрлерін және зиянды бақашық қандалаларының жұмыртқа жегілері – теленоминдерді пайдалануды айтуға болады.
Энтомофагтардың белсенділігін арттыруда шаруашылық әдістерінің де алатын орны зор. Мысалы, егістіктерде энтомофагтар үшін қолайлы, ал зиянкестер үшін қолайсыз жағдайлар жасау керек. Ол үшін агротехникалық және мәдени-шараларды іске асыру, сонымен қатар химиялық күресті энтомофагтардың сан мөлшеріне және олардың пайдалы әрекеттеріне айтарлықтай зиян келтірмейтіндей дәрежеде үйлестіре жүргізу қажет.
Сонымен, өсімдік қорғаудың биологиялық тәсілін дамытудың сара жолы жергілікті энтомофагтарды аялап сақтай отырып, олардың биоценоздағы сан мөлшерін көбейту болып табылады. Ол үшін негізгі мынандай шараларды жүзеге асыру қажет: шырыны мен нектары мол гүлді өсімдіктерді арнаулы егістіктерде егіп оларға паразиттер мен жыртқыш насекомдарды шоғырландыру, пайдалы жәндіктердің белсенділігін арттырып, зиянкестердің сан мөлшерін кілт төмендететін агротехникалық әдістерді қолдану, белгілі бір зиянкестерге қарсы энтомофагтар жоқ немесе аз жерлерге оларды таратып жіберу және химиялық әдісті дұрыс пайдалану.
