Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
337 Кб
Скачать
☆

8 Тақырып. Әлеуметтік қызмет көрсету.

Әлеуметтік қызмет көрсетудің түсінігі, қағидалары және мағынасы. Әлеуметтік қорғау шегінде әлеуметтік қорғалмаған халық топтарына қызмет көрсетудің тізімі. Стационарлық әлеуметтік қызмет көрсету. Мүгедектерді орын ауыстыру (қозғалу) құралдарымен қамтамасыз ету. Протездікөортопедиялық көмек. Әлеуметтік қызмет көрсетудің өзге түрлері.

Азаматтарды әлеуметтік қорғауда материалдық қамсыздандыру құқығымен қатар әлеуметтік қызмет көрсету ұсынылады. Қазақстан Республикасы мүгедектерінің әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ете отырып, мүгедектердің денсаулығын сақтау, еңбек ету, білім алу, кәсіптік даярлықты таныту және өзге де әлеуметтік-экономикалық құқықтарыніске асыруындағы кедергілерді болдырмау мақсатында оналту бағдарламасын белгілейді. Оналту шараларының түрі мен ауқымы, жеке мүгедекке арналған бағдарламада, медициналық әлеуметтік сараптау комиссиялары ресми түрде белгілейді.

Мүгедектерге протездік-ортопедиялық бұйымдармен жүріп түру құралдарын, техникасын ұсыну әлеуметтік оңалтудың да, медициналық оналтудың шараларының тараптарына енгізіледі.

Халықты әлеуметтік қорғау органдары протез жасатушылардың есебін жүргізіп кезекке қояды және тәжірибелі – эксперимент кісіпорындармен протез жасау, жөндеу шеберханалармен аймақтағы протез – ортопедиялық көмекті үнемі қажет ететіндер үшін келісім жүргізір берудң тәртібін реттейді. Осы мақсаттаға бюджет қаражатының мақсатты жұмсалуын бақылайды. Көлікпен жүруге жарамайтын мүгедектерден тапсырыстарды, протез жааушы кәсіпорынның үйіне барып қабылдауын ұйымдастырады.

Ұсынылатын әдебиеттер

Нормативті –құқықтық актілер: 1, 2, 4, 9, 10

Негізгі және қосымша әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 5

Электрондық ресурстар: 1, 2, 5, 7

2.3. Семинар сабақтарының жоспарлары.

1 Тақырып. Әлеуметтік қамсыздандырудың түсінігі. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының пәні, әдісі және жүйесі.

Семинар сабағының сұрақтары:

  1. Әлеуметтік қамсыздандырудың түсінігі.

  2. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының пәні.

  3. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының әдісінің ерекшеліктері.

  4. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының жүйесі.

  5. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы ғылым ретінде.

Тапсырма: көрсетілген семинар сабағының сұрақтарына ауызша жауап дайындау.

№ 1 дәріс сабағында көрсетілген негізгі және қосымша әдебиеттер тізімін қараңыз.

Әдістемелік нұсқаулықтар:

Студенттерге әлеуметтік қамсыздандыру құқығы пәнінің өзге пәндерден ерекшелігін ажырату, әлеуметтік қамсыздандырумен, әлеуметтік қамсыздандыру бойынша қоғамдық қатынастар жүйесімен таныстыру. Студенттер әлеуметтік қорғауға құқықты жүзеге асыру нысандарын білу, әлеуметтік қамсыздандырудың ұйымдық-құқықтық нысандардың негізгі белгілерін нақты меңгеруі керек. Студенттер әлеуметтік қамсыздандыру құқығын басқа құқық салаларынан ажырата

білуі керек.

2 Тақырып. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының қайнар көздері мен қағидалары.

  1. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының қайнар көздерінің түсінігі және түрлері.

  2. Халықаралық құқықтық актілер.

  3. Заңдар және заңға бағынышты нормативтік актілер.

  4. Әлеуметтік қамсыздандыру бойынша нормативтік актілердің әрекет етуі.

  5. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының салалық қағидалары.

Тапсырма: көрсетілген семинар сабағының сұрақтарына ауызша жауап дайындау.

№ 2 дәріс сабағында көрсетілген негізгі және қосымша әдебиеттер тізімін қараңыз.