Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
337 Кб
Скачать
☆

2.6.2 Курстық жұмыстар тақырыптары

  1. Мекен – жайлық әлеуметтік көмекті тағайындау.

  2. Бір реттік жәрдемақылар.

  3. Әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінде үй – интернаттар.

  4. Протезді – ортопедикалық көмек.

  5. Әлеуметтік қамсыздандырудың дифференциацияның түсінігі мен мәні.

  6. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының материалдық құқықтық қатынастар.

  7. Әлеуметтік қамсыздандырудағы жалпы еңбек стажы.

  8. Жеңілдетілген еңбек стажын есептеудің түсінігі және тәртібі.

  9. Жинақтаушы зейнетақы қорына салымшылардың құқықтары мен міндеттері.

  10. Өзін бақылау үшін тесттік тапсырмалар.

  11. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының пәні мен әдістері.

  12. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының қайнар көздері.

  13. Әлеуметтік қамсыздандырудың адекваттылығы әлеуметтік қамсыздандыру құқығының салалық қағидасы ретінде.

  14. Әлеуметтік қамсыздандырудың жалпылылығы

  15. Әлеуметтік қамсыздандырудың жиынтықтылығы

  16. Зейнетақы шарты.

  17. Жинақтаушы зейнетақы қорының құқықтық мәртебесі.

  18. Зейнетақы активтерін басқару компаниясының құқықтық мәртебесі.

  19. Мүгедектілік бойынша әлеуметтік жәрдемақы.

  20. Асыраушыдан айырылу бойынша әлеуметтік жәрдемақы.

  21. Тұрғын үйлік жәрдемақы.

Рефератты орындау үшін қойылатын талаптар

Рефератты орындау және рәсімдеу үшін қажетті әдістемелік нұсқау: Рефераттың көлемі 15 беттен кем болмауы керек. Ол титулдық беттен, жоспары мен негізгі бөлімнен және әдебиеттер тізімінен тұрады. Мәтін алынған әдебиеттерге сілтемелер сілтеме жасалған беттің төменгі жағында 10 кегл көлеміндегі шрифте жазылады. Беттің параметрлері: жоғары және төменгі – 2 см; сол жақ- 3 см; оң жақ – 1,5 см; қызыл жол 0,8 см. Колонтитул жоғарғы және төменгі – 1,25 см. Жол арасындағы интервал – 1,5. Студент реферат тақырыбының біреуін таңдап алуға тиіс. Рефератты жазу үшін ең алдымен деректер мен оқулықтарды мұқият оқып шығу қажет. Рефератты теориялық ойлармен және тақырыпқа байланысты дәуір мен мемлекет және құқық туралы жалпы мәліметтерден таныстырудан бастаған жөн. Содан кейін тақырыпты ғылыми тұрғыда негіздеп жазу үшін құқықтық деректерге талдау жасап, қалыптасқан механизмді сұрыптап, мәселеге байланысты өзіндік анализ, тұжырым жасау керек.

Қолдануға ұсынылатын әдебиеттер: Курс бойынша жазбаша жұмыстарды орындау барысында тањдап алынған тақырыптыњ сипатына байланысты 4, 5, 7, 8-нысандарда берілген єдебиеттер тізімін қолдану ұсынылады. Қағаз үнемдеу мақсатында олардыњ жалпы тізімін қайтадан беру қажетсіз деп саналады.

Ескерту: Сыртқы бөлім студенттері курс бойынша жазба жұмыстарын «Факел» автоматтандырылған алыстан оқыту ілеспе бағдарламасы бойынша жіберу қажет.

Курстық жұмысты орындау үшін қойылатын талаптар

Сыртқы бөлім студентері үшін азаматтық құқық Жалпы бойынша курстық жұмыс жазу ескерілді. Курстық жұмысты орындау мақсаты болып, студенттердің курс тарапуларымен толық танысу табылады, сонымен қатар, студенттердің сессия кезеңдері аралықтарында өздік өздік жұмыстарын тексеру.

Курстық жұмыс белгіленген бір вариантқа сәйкес орындалып, оқу жоспарында белгіленген уақытта тексеріледі және қорғалады.

Курстық жұмыс өздік жұмыс болып табылады. Дегенмен, бұл жұмысты орындау барысында оқу және қосымша әдебиеттерді пайдалануға рұқсат беріледі. Егер де студент курстық жұмысында цитата қолданса, онда оны тырнақшаға алып, міндетті түрде сілтеме жасауы керек (автор фамилиясы, жұмыс атауы, шығарылымның жері және жылы, беті жазылады). Сонымен қоса, қолданған қайнар көздерді механикалық көшіріп алуға жол берілмейді.

Оқулық деңгейде жазылған жұмыс тек қана қанағат деген бағаға ие.

Жұмыс уқыпты, анық әрі нақты жазумен жазылған немесе А4 форматымен 20-25 беттік дұрыс рәсімделген және басылған болуы керек. Орындалған жұмыстың басында тақырыбы, аяғында библиографиясы міндетті берілуі қажет.