Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
337 Кб
Скачать
☆

4 Тақырып. Зейнетақылық қамсыздандырудың негіздері.

Зейнетақылық заңнаманың даму тарихы. Зейнетақыны алуға құқығы бар азаматтар. Зейнетақыны алуға құқық беретін еңбңктік стаж. ҚР заңнамасы бойынша зейнетақылық қамсыздандырудың жүйелері. Құқықтық қатынастардағы мемлекттің рөлі, зейнетақылық салымдар сақталуының мемлекеттік кепілдер.

Заң талаптарына сай еңбек пенсиясы жасына байланысты, мүгедектігіне байланысты, асыраушысынан айрылуына байланысты, еңбек сіңірген жылдар үшін әлеуметтік пенсия тағайындалады, қаржыландыру пенсия қорымен республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

Жеңілдік шартпен толық жұмыс күні бойынша зиянды және еңбек жағдайлары ауыр жұмыстарды істейтін жұмыскер, қызметкерлерге, экологиялық апат аймақтарда жұмыс істеген адамдарға, балалары бар әйелдерге, соғыс мүгедектеріне, соқыр азаматтарға, ерекше еңбек сіңіргені үшін авиация, халыққа білім беру, денсаулық сақтау, театр ойын-сауық ұжым қызметкерлеріне зейнетақы тағайындалды. Зейнетақы тағайындау кезінде жеңілдіктер санының көптігі көптеген адамдарға зейнеткерлікке ерте шығуға кейбір жағдайда әлдеқайда жоғарғы жеңілдікті зейнетақы алуға құқық береді. Зейнетақы жеңілдіктерін беру саясаты қазіргі кезде қайта құрылуда, мұндай жеңілдіктер еңбек жағдайы ерекше азаматтарға ішінара сақтауды ұсынылды.

Мемлекеттік жинақтау зейнетақы қоры мен мемлекеттік емес зейнетақы қорлары қызметінің негізгі салалары- ресурстары қызметкерлердің еңбек табыстарының жарна есептеу үшін белгіленген он пайыз көлемінде есептелетінміндетті сақтандыру жарналарының есебінен құрылатын зейнетақылар. Мұндай жарналар азаматтың өз қалауынша мемлекеттік жинақтаушы немесе кез келген мемлекеттік емес зейнетақы қорына аударылады.

Ұсынылатын әдебиеттер

Нормативті –құқықтық актілер: 1, 3, 4, 10, 15

Негізгі және қосымша әдебиеттер: 1, 2, 4, 5, 9

Электрондық ресурстар: 1, 3, 6

5 Тақырып. Орталықтан зейнетақылық қамсыздандыру.

Орталықтан зейнетақылық төлем алуға құқықтары бар азаматтар шеңбері. Еңбек стажының ұзақтығын анықтау кезінде есепке жататын кезеңдер. Бір-жарым, екі және үш өлшемінде стажды анықтау ережелері, Еңбек стажын растайтын құжаттар тізімі, Зейнетақыны аудару. Зейнетақылық төлемдерді тағайындау. Жасына байланысты зейнетақы.

Жинақталған зейнетақы қаражатының сақталуын қамтамасыз ету шаралары ол мемлекеттік жинақтау қорындағы зейнетақы жарналарының сақталуына мемлекет кепілдік береді. Қазіргі кезде азаматтардың қаражатын сақтайтын мекемелер жұмыс атқаруда.

Орталықтан зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін қажетті шарттар болып жас мөлшері, еңбек стажы танылады. Жас мөлшері еркектер үшін 63 жас, әйелдер үшін 58 жас белгіленген.

Орталықтан зейнетақы төлемдерін алу құқығын иеленудің келесі шарты еңбек стажы, еркектерге 25 жыл, әйелдерге 20 жыл көлемінде белгіленген.

Орталықтан зейнетақы төлемдері өмірбойына тағайындалып ай сайын үкімет белгілеген тәртіппен төленіп отырады.

Егер де еңбек стажы туралы құжаттар болмаған жағдайда жұмыс істеген кезеңі куәләрдың көрсетуі бойынша зейнетақы тағайындау жөніндегі комисиялар тағайындайды. Жеке еңбек қызметімен айналысатын, соның ішінде жеке аренда, кәсіпкерлік жағдайында келісім-шарт бойынша жұмыс істейтіндерге шын мәніндегі табысы, яғни зейнетақы қорына төлейтін жарнаны белгілеуге арналған сомалар алынады.

Орталықтан зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш зейнетақы төлемдерін есептей үшін тұрғылықты жері бойынша орталық филиалдарына беріледі. Өтінішке қажетті жас шамасын стажы мен табысын растайтын құжаттар қоса тапсырылады. Олар: жеке бас куәлігі, еңбек кітапшасы, табысы туралы анықтама, әлеуметтік жеке код және салық органдарының тіркеу номері, мекен-жай туралы анықтама.

Ұсынылатын әдебиеттер

Нормативті –құқықтық актілер: 1, 2, 4, 7, 14

Негізгі және қосымша әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 10

Электрондық ресурстар: 1, 4, 7