- •5В030100 – «Құқықтану» мамандығы үшін «Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы» бойынша
- •1.3.Пәннің пререквизиттері.
- •1.4 Пәннің постреквизиттері.
- •1.5 Пәннің қысқаша сипаттамасы.
- •1.6. Оқыту нәтижелері (пәндік және пәннен тыс құзыреттілік)
- •1.7 Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі
- •Әдебиеттер тізімі. Нормативтік актілер.
- •Негізгі және қосымша әдебиеттер
- •Электрондық қорлар:
- •Баға туралы ақпарат
- •Ағылшын тіліндегі қосымша әдебиеттер:
- •Бағалау критерийлері
- •Саясат және процедуралар ( пәнді оқу барысында студенттерге қойылатын талаптар )
- •2. Пән бойынша оқу - әдістемелік материалдар
- •Пәннің тақырыптық жоспары
- •2.2 Дәріс сабақтарының тезистері
- •1 Тақырып. Әлеуметтік қамсыздандырудың түсінігі. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының пәні, әдісі және жүйесі.
- •2 Тақырып. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының қайнар көздері және қағидалары
- •3 Тақырып. Әлеуметтік қамсыздандыру ауқымындығы құқықтық қатынастар.
- •4 Тақырып. Зейнетақылық қамсыздандырудың негіздері.
- •5 Тақырып. Орталықтан зейнетақылық қамсыздандыру.
- •6 Тақырып. Жинактаушы зейнетақы қорларынан зейнетақылық қамсыздандыру.
- •7 Тақырып. Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар.
- •8 Тақырып. Әлеуметтік қызмет көрсету.
- •2.3. Семинар сабақтарының жоспарлары.
- •1 Тақырып. Әлеуметтік қамсыздандырудың түсінігі. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының пәні, әдісі және жүйесі.
- •Әдістемелік нұсқаулықтар:
- •2 Тақырып. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының қайнар көздері мен қағидалары.
- •Әдістемелік нұсқаулар:
- •3 Тақырып. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы құқықтық қатынастар. Семинар сабағының сұрақтары:
- •Семинар сабақтарының сұрақтары
- •Әдістемелік нұсқамалар:
- •2.4 Лабораториялық сабақ тар жоспары
- •2.5. Студенттердің Оқытушы Басшылығымен Орындайтын Өзіндік Жұмыс Сабақтарының Жоспары
- •2.6. Студенттердің өзіндік жұмыс сабақтарының жоспары
- •1.Тапсырма
- •1. Тапсырма:
- •2.6.2 Курстық жұмыстар тақырыптары
- •Курстық жұмысты орындау үшін қойылатын талаптар
- •2.7 Оқу сабақтарын бағдарламалық және мультимедиялық жетелеу
- •2.8. Өзін-өзі тексеруге арналған тестілік сұрақтар
- •2.9 Курс бойынша емтихан сұрақтары
- •1.2.Пән туралы мәліметтер: «Әлеуметтік қамсыздандыру» оқу пәні, кредиттер – 2 және 3 3
- •22.04.2012Ж № 14 хаттама.
- •08.06.12Ж № 6 хаттамамен мақұлданған
- •5В030100 – «Құқықтану» мамандығы үшін әлеуметтік қамсыздандыру құқығы пәні бойынша
- •100012, Қарағанды қ.:Гоголь к-сі, 38
6 Тақырып. Жинактаушы зейнетақы қорларынан зейнетақылық қамсыздандыру.
Жинактаушы зейнетақы қорларын ұымдастыру тәртібі мен қызметі, зейнетақылық шартқа отыру тәртібі. Зейнетақы шотты алу. Жүргізу процедурасы және оларда сақталатын құралдар туралы мәліметтер тізімі. Жинактаушы зейнетақы қордың зейнетақылық активтерін басқару. Зейнетақылық аннуитет шарты.
Жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы төлемдері жеке есеп шаттарында жинақталған зейнетақы қаражаты бар азаматтарға жеке басын куәләндыратын құжаты болған жағдайда және жас шамасы «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заңның талаптарында көзделген жағдайлар туындаған кезде жүзеге асырылады.
Әскери қызметте ішкі істер, мемлекеттік тергеу, ұлттық қауіпсіздік комитеттеріндегі қызметте 25 жыл еңбек сіңірген жылы бар, осы қызметтерде тұрудың шекті жасына жеткен немесе 25 жыл еңбек стажы бар азаматтар – штаттық қысқартылуы немесе денсаулығына байланысты босатылған жағдайда төленеді.
Жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы төлеуді жүзеге асыру тәртібін Қазақстан Республикасының үкіметі белгілейді және оны халыққа жариялайды.
Жинақтаушы зейнетақы қорларына түскен қаржы салымшылардың жеке есеп шотында сақталынады. Жеке зейнетақы шоттарының және азаматтарды бірдейлендіру, әлеуметтік рәсімдерді жүргізу және бақылау мүмкіншілігін қамтамасыз ету үшін әрбір азаматқа жеке әлеуметтік код беріледі.
Жинақтаушы зейнетақы қорлары әрбір азамат бойынша жеке шоттарда жинақталған қаражатпен оның санына есеп жүргізу, төлемшілерден міндетті зейнетақы жарналарының түсуін есепке алу, алушыларға есеп жүргізу, ақпараттық база құру үшін пайдаланылады. Әлеуметтік жеке код беруді жүзеге асыратын орган жергілікті жердегі аймақтық бөлімшелермен бірге зейнетақы орталығы болып табылады.
Ұсынылатын әдебиеттер
Нормативті –құқықтық актілер: 1, 2, 4, 9, 13
Негізгі және қосымша әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 6
Электрондық ресурстар: 1, 2, 7
7 Тақырып. Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар.
Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау негіздері. Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының өлшемін анықтау тәртібі. Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау тәртібі. Мүгедек бойынша жәрдемақы. Асыраушыдан айырылу жағдайы және жасы бойынша жәрдемақылар. Арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар. Атаулы әлеуметтік көмек. Бірреттік жәрдемақылар.
Азаматтардың әлеуметтік жағдайларына байланысты материалдық қолдауды қажет ететін топтарын ұйымдастырудың бір саласы – жәрдемақылар тағайындау, төлеу болып табылады.Жәрдемақы – материалдық көмектің ауқымды салаларының бірі, ол әлеуметтік құқылық мәртебесіне, қолдау мақсатына қарай төмендегідей бөлінеді:
жер асты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды, ауыр жұмыстарда істеген адамдарға жәрдемақы.
еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша әлеуметтік жәрдемақылар жалпы ауруларға байланысты жарақат алуға, жүктілік жасанды жолымен бұзуға, карантинге байланысты, туберкулез немесе кәсіптік ауыру себебінен уақытша басқа жұмысқа ауыстырылған кездерде еңбекке уақытша жарамсыздық жағдайларында және заңдарда белгіленген басқа да жағдайларда тағайындалады.
арнаулы жәрдемақылар. Олар Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, «Алтын алқамен», «Күміс алқамен» марапатталған немесе бұрын «Ардақты ана» Атағын алған көпбалалы аналарға беріледі.
азамат немесе заңды тұлға, егер заң актілерінде, өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасы аумағының қай жерінде тұратынына қарамастан заңды түрде тұрғын үй сатып ала алмады. Бір азаматтық немесе заңды тұлғаның меншігіндегі тұрғын үйдің саны мен көлеміне шек қойылмайды.
Ұсынылатын әдебиеттер
Нормативті –құқықтық актілер: 2, 4, 8, 17
Негізгі және қосымша әдебиеттер: 1, 2, 3, 6, 9
Электрондық ресурстар: 1, 2, 5
