Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
337 Кб
Скачать
☆

2. Пән бойынша оқу - әдістемелік материалдар

    1. Пәннің тақырыптық жоспары

Күндізгі бөлім

Пәннің тематикалық жоспары

Дәріс

Семинар

СОӨЖ

СӨЖ

1.Әлеуметтік қамсыздандырудың түсінігі.Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының пәні,әдісі және жүйесі

3

2

5

5

2.Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының қайнар көздері және қағидалары

4

2

6

6

3.Әлеуметтік қамсыздандыру ауқымындағы құқықтық қатынастар

4

1

6

6

4.Зейнетақылық қамсыздандырудың негіздері

3

2

6

6

5.Орталықтан зейнетақылық қамсыздандыру

4

2

6

6

6.Жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақылық қамсыздандыру

4

2

6

6

7.Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар

4

2

5

5

8.Әлеуметтік қызмет көрсету

4

2

5

5

Барлығы

30

15

45

45

Сырттай бөлім

Пәннің тематикалық жоспары

Дәріс

СОӨЖ

СӨЖ

1.Әлеуметтік қамсыздандырудың түсінігі.Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының пәні,әдісі және жүйесі

3

3

3

2.Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының қайнар көздері және қағидалары

4

4

4

3.Әлеуметтік қамсыздандыру ауқымындағы құқықтық қатынастар

4

4

4

4.Зейнетақылық қамсыздандырудың негіздері

3

3

3

5.Орталықтан зейнетақылық қамсыздандыру

4

4

4

6.Жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақылық қамсыздандыру

4

4

4

7.Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар

4

4

4

8.Әлеуметтік қызмет көрсету

4

4

4

Барлығы

30

30

30

2.2 Дәріс сабақтарының тезистері

1 Тақырып. Әлеуметтік қамсыздандырудың түсінігі. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының пәні, әдісі және жүйесі.

Әлеуметтік қамсыздандырудың түсінігі, әлеуметтік қамсыздандыру бойынша қоғамдық қатынастардың жүйесі. Әлеуметтік қорғауға құқықты жүзеге асырудың нысандары, әлеуметтік қамсыздандырудың ұйымдық-құқықтық нысандарының негізгі белгілері. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығын басқа салалардан шектеу, ең алдымен еңбек, әкімшілік және қаржы құқығынан.

Әлеуметтік қорғау дегеніміз, күн –көріс деңгейі төмен азаматтардың материалдық қамсыздандыру құқығын иелену болып табылады.

Әлеуметтік қорғалу құқығы 1948 жылғы «Адамдардың жалпы құқығы» декларациясында бекітілгеніне қарамастан, 1960 жылға дейін еңбек, әлеуметтік құқықтары нормаларымен реттеліп келді. Алғашқы рет әлеуметтік қамсыздандырылу құқығы - құқық саласының, дара саласы жөніндегі пікірді академик В.С.Андреев 1966 жылы Прагадағы әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі симпозиумде айтты және әлеуметтік қорғау құқығының негізгі міндеттерін айқындады. Елдегі қоғамдағы мақсаты әлеуметтік қорғау құқығының экономикалық, саяси, демографиялық оңалту міндеттерімен айқындалады.

Әлеуметтік қамсыздандыру – белгілі жасқа келген, науқастанған жағдайларда және өзге де заңды негіздерді азаматтарға материалдық қолдау көрсету. Материалдық қолдау: зейнетақы, жәрдемақы, төлемақы (азаматтарды әлеуметтік қамсыздандырудың ақшалай түрі) түрінде ұсынылады.

Әлеуметтік көмек – көп балалы отбасыларына, жұмыссыздарға, кездейсоқ тұрмыс ауыртпашылығына ұшыраған қашқындарға және жаңадан қоныстанушыларға, экологиялық апаттардан зардап шеккендерге, Ұлы Отан соғысына қатысушыларға ұсынылатын атаулы көмек.

Пән үш бөлімнен тұрады: жалпы, ерекше және арнайы.

Жалпы бөлім – ол әлеуметтік қорғау түсінігі, пәні, әлеуметтік қорғау құқығы, құрлымы, құқықтық қатынастардың реттеу әдісін, қағидаларын, қайнар көздерді, заңдардың даму тарихын зерттейді.

Ерекше бөлім – азаматтардың заңмен бекітілген әлеуметтік қорғау құқығын анықтайды, зейнетақымен, жәрдемақы, төлемақымен қамсыздандыру, әлеуметтік қызмет, жеңілдіктер мен көмек ұсыну. Әлеуметтік қорғау құқығына ие болуға құқық беретін заңды деректер, қаржыландыру көздері және оны жүзеге асыратын мемлекеттік құрылымдар мәселелерін қарастырады.

Арнайы бөлім – халықаралық әлеуметтік қорғау құқығын реттейтін заң, нормативтік актілерге арналған. Әрбір бөлім азаматтардың нақты қорғалу құқықтарын белгілейді.

Ұсынылатын әдебиеттер

Нормативті –құқықтық актілер: 1, 2, 4, 9, 10

Негізгі және қосымша әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 11

Электрондық ресурстар: 1, 2, 7