- •«Банк ісі» пәні бойынша студенттерге арналған
- •2. Пәннің мазмұны
- •3. Сөж тапсырмалары және оны орындау кестесі сөж (Студенттің өзіндік жұмысы)
- •Дәрістер жинағы
- •Банктің мәні және оның қызмет ету аясы
- •Қазақстан Республикасының банк жүйесі
- •Коммерциялық банктің ұйымдастырылу және басқару құрылымы
- •Банктерді құру, тіркеу және қызметін тоқтату шаралары
- •Коммерциялық банктердің қызметтері мен операциялары
- •Банк ресурстарының ұғымы және құрылымы
- •Банктің меншікті капиталы: көздері мен қызметтері
- •Банктің тартылған қаражаттары
- •Несиелік саясат түсінігі
- •Несиелік саясатты іске асыру формалары
- •Несиелеу шарты
- •Несиелік механизм мазмұны
- •Несиелік механизмнің құрылымдық элементтері
- •Іv. Қайтарылу дәрежесіне қарай:
- •V. Валютамен берілуіне қарай:
- •Vі. Берілу шартына қарай:
- •Коммерциялық банктердің лизингтік операциясы
- •Коммерциялық банктің факторингтік операциясы
- •Коммерциялық банктің трасталық операциялары
- •Қарыз алушының несиелік қабілеті түсінігі, оны бағалау жағдайлары
- •Қарыз алушы кәсіпорынның несиелік қабілетін бағалау көрсеткіштері
- •Жеке тұлғаның несиелік қабілетін бағалау
- •Қарыз алушы жеке тұлғаның несиелік қабілетін бағалау көрсеткіштері
- •Валюталық операциялар ұғымы
- •Валюталық операциялардың жіктелуі
- •Клиенттердің шоттарын ашу және жүргізу.
- •Шетел банктерімен корреспонденттік қатынас орнату
- •Конверсиондық операциялар
- •Валюталық қаражаттарды тарту және орналастыру операциялары
- •Банк өтімділігі және оған ықпал етуші факторлар
- •Банк өтімділігін басқару әдістері
- •1. Банктік тәуекел туралы жалпы түсінік
- •2. Банктік тәуекел түрлері
- •Қарыз пайызына жалпы сипаттама
- •Қарыз пайызы несисінің мәні
- •Банктік менеджмент
- •Банктік маркетинг
- •5. Бағдарламаны оқу-әдістемелік қамтамасыз ету
Клиенттердің шоттарын ашу және жүргізу.
Бұл операция келесі түрлерден тұрады: - заңды және жеке тұлғаларға валюталық шот ашу;
шоттардығы қалдық бойынша пайыз төлеу;
операция жасалуына қарай шоттың көшірмелерін беру;
клиенттердің тапсырмалары бойынша операцияларды орындау (клиенттер есебінен шетел валютасын сатып алу және сату).
Шетел банктерімен корреспонденттік қатынас орнату
Халықаралық есеп айырысуларды жүзеге асыру үшін банктер шетел банктерінде өздерінің корреспонденттік шоттарын ашады. Ондай шоттар екі түрлі болып келеді:
НОСТРО шоты (біздің шотымыз сізде) – банк-корреспондентте коммерциялық банктің атына ашылған ағымдық шот;
ЛОРО шоты (сіздің шотыңыз бізде) – коммерциялық банкте банк-корреспонденттің атына ашылған ағымдық шот.
Конверсиондық операциялар
Конверсиондық операциялар - сол елдің қолма-қол және қолма-қолсыз ұлттық валюталарына қарсы қолма-қол және қолма-қолсыз шетел валюталарын сатып алу және сату мәмілелерін білдіреді. Конверсиондық операцияларға келесі валюталық мәмілелер жатады:
СПОТ мәмілісі – бір валютаға қарсы екінші валютаны сатып алу және сатуға байланысты мәміле жасалған күннен кейін кейінгі екінші банктік жұмыс күніндегі валюталау күні жүргізілген операциялар. Келісілген күнгі бағам бойынша мәміле жасаған күнді санамағанда ертеңіне толық есеп айырысуда бір валюта екінші валютаны сатып алу үшін пайдаланылатын операцияны сипаттайды.
ФОРВАРД мәмілесі – бір валютаға қарсы екінші валютаны сатып алу және сатуға байланысты мәміле жасалған күннен кейінгі 2 банктік жұмыс күніндегі валюталау күні жүргізілген операциялар, яғни келісілген бағам бойынша белгіленген күні бір валютаны сатып алуға байланысты басқа валютаға айырбастау үшін жасалған контракт;
СВОП мәмілесі – бір валютаға қарсы екінші бір валютаны сатып алуға және сатуға байланысты осы валютаны болашақта қайта сатып алу және сатуға сәйкес, яғни екі қарама-қарсы операциядан тұратын банктік мәміле.
Валюталық қаражаттарды тарту және орналастыру операциялары
Бұл операцияға келесілер жатады:
Депозиттерді тарту:
жеке тұлғалардан;
заңды тұлғалардан, соның ішінде банкаралық депозиттер.
несиелер беру:
жеке тұлғаларға;
заңды тұлғаларға.
банкаралық нарықтарда несиелерді орналастыру.
11-Дәріс. БАНК ӨТІМДІЛІГІН БАСҚАРУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ
Банк өтімділігі және оған ықпал етуші факторлар
Банк өтімділігін басқару әдістері
1-Сұрақ. Банк өтімділігі – бұл салымшылар мен қарыз берушілер алдында банктің өз міндеттемелерін уақытында және шығынсыз орындау қабілеті. Егер коммерциялық банктің борыштық және қаржылық міндеттемелерді уақытында орындау үшін қолма-қол ақшалай қаражаттар мен басқа да өтімді активтері болып, сонымен қатар басқа көздерден қаражаттарды тез арада жұмылдыру мүмкіндігі жеткілікті болса, онда бұл өтімді банк болып табылады. Банк өтімділігі аталған барлық міндеттемелерді (талап ету депозиттері, мерзімді депозиттер, тартылған банк аралық ресурстар, несие берушілердің қаражаттары), сонымен бірге болашақта пайда болуы мүмкін міндеттемелерді уақытында орындауын сипаттайды. Міндеттемелерді орындау үшін кассадағы және корреспонденттік шоттардағы банктік қаражаттардың барлығы, банкаралық несиелер сияқты қаражат көздері пайдаланылады.
Банк өтімділігі келесі қызметтерді атқарады:
1. депозиттерді қабылдау мен несиелерге байланысты сұранысты қанағаттандыру;
2. банктің сенімділігін қамтамасыз ету;
тартылған қаражаттары бойынша төлей алмау тәуекелі үшін сыйақы мөлшерін шектеу.
Банк өтімділігінің екі формасы, яғни міндеттемелерді өз уақытында және шығынсыз орындауы көптеген ішкі және сыртқы факторлардың ықпалымен анықталады.
Ішкі факторларға келесілер жатады:
банк капиталының базасы;
депозиттердің сапасы;
сыртқы қаражат көздеріне орташа тәуелділігі;
мерзімі бойынша активтер мен пассивтердің өзара сәйкестігі;
сауатты менеджмент;
банктің жоғары дәрежелі беделі.
Банк капиталының базасы – бұл салымшылар қаражаттары мен депозиттеріне кепіл беретін және олардың мүдделерін қорғайтын меншікті капиталдың жеткілікті мөлшерін сипаттайды. Банк өтімділігін анықтайтын фактор – банктің депозиттік базасының сапалылығы. Депозиттік базаны мерзімді депозиттік және жинақ салымдары, есеп айырысу және ағымдағы шоттардағы қаражаттары ретінде банкте жинақталған заңды және жеке тұлғалардың қаражаттары құрайды. Банк өтімділігі оның сыртқы қаражат көздеріне, яғни банкаралық несиелерге деген тәуелділігімен де сипатталады. Банкаралық несие өтімді қаражаттарға деген қысқа мерзімді жетіспеушілікті жояды, бірақ осы несиенің жалпы тартылған ресурстардың құрамындағы үлесі жоғары болса, онда банк банкротқа ұшырауы мүмкін. Егер банктің сыртқы көздерге тәуелділігі жоғары болса, онда оның бизнес үшін өз базасының даму келешегінің жоқтығын көрсетеді. Банк активтері мен пассивтері арасында мерзім мен сома бойынша сәйкестілігі де банк өтімділігін анықтайды. Банктің клиенттер алдында міндеттемелерді орындауы инвестицияланатын ақша қаражаттары мерзімдері мен салымшылары берген ақша қаражаттарының мерзімдері сәйкес болуын білдіреді. Менеджмент, яғни жалпы банктің қызметін және өтімділігін басқару жүйесі де банк өтімділігін анықтайтын ішкі факторлардың біріне жатады. Банкті басқару сапасы келесілермен анықталады: - банк саясатының болуы және оның мазмұны;
стратегиялық және ағымдағы міндеттерді жоғары деңгейде шешуге мүмкіндік беретін банктің ұйымдастыру құрылымы;
банк активтерін және пассивтерін басқару механизмі;
білікті мамандардың болуы;
қажетті ақпарат базасының болуы.
Банктің беделі де банк өтімділігін анықтайды. Жақсы беделі бар банк депозиттік базасының тұрақтылығын оңай қамтамасыз ете алады.
Банк өтімділігінің жағдайы сыртқы факторларға, яғни банк қызметінен тыс факторларға байланысты. Оларға келесілер жатады:
елдегі жалпы саяси және экономикалық жағдай;
банкаралық несие нарығының дамуы;
Орталық банктің қадағалау қызметінің тиімділігі.
Елдегі жалпы саяси және экономикалық жағдай банк операцияларының дамуының және банк жүйесінің сәтті жұмыс істеуінің алғышарттарын қалыптастырады, банктер қызметінің экономикалық негізінің тұрақтылығын қамтамасыз етеді, банктерге деген отындық және шетелдік инвесторлардың сенімділігін арттырады. Осы аталған жағдайларсыз банктердің тұрақты депозиттік базаны құруы, операциялардың тиімділігіне қол жеткізуі және басқару жүйесін жетілдіруі мүмкін емес. Банкаралық нарықтың дамуы уақытша бос ақшалай ресурстарды банктер арасында жылдам қайта бөлуге көмектеседі. Банк өз өтімділігін ұстап тұру үшін банкаралық нарықтан әртүрлі мерзімге қаражаттарды тарта алады. Банкаралық нарықтан қаражаттарды тарту жылдамдығы банкаралық нарықтың ұйымдастырылуына және банктің беделіне байланысты. Орталық банкінің қадағалау қызметінің тиімділігі өтімділікті басқарудағы коммерциялық банктер мен мемлекеттік қадағалау органы арасындағы қарым-қатынастың дәрежесін көрсетеді.
Банк өтімділігі тұрақты өзгерісте болатын көптеген факторлармен анықталынатын банк қызметінің сапасын сипаттайды. Сондықтан банктің өтімділігі бірте-бірте қалыптасатын және әртүрлі факторлармен сипатталатын динамикалық жағдайды білдіреді.
2-Cұрақ.
Әлемдік банктік тәжірибеде өтімділікті басқару бірқатар әдістер арқылы жүзеге асырылады:
«Қаражаттардың ортақ қоры» әдісі. Осы әдіс негізінде банк ресурстарының жалпы сомасы ресурстардың құралу көздері арқылы қалыптасып, қаражаттардың әртүрлі түрлеріне бөлінеді. Ресурстардың немесе қаражаттардың құралу көдеріне талап ету депозиттері, мерзімді депозиттер, басқа банктерден алынған несиелер жатады. Жұмсалатын қаражаттардың әртүрлі түрлеріне заңды және жеке тұлғаларға берілетін несиелер, ғимараттар мен жабдықтарды ұстау, еңбек ақы шығындары жатады.
өтімділікті басқарудың келесі әдісіне «банктердегі банктер» әдісі жатады. Бұл әдіс қаражаттардың қалыптасуы жалпы сомаға және тартылған ресурстардың құрамына байланысты болатынын сипаттайды. Осы әдіске сәйкес әртүрлі көздерден тартылған қаражаттарды орналастыру үшін пайдаланылатын «табыстылық-өтімділік» орталары анықталады. Бұл әдіс бойынша талап ету депозиттері қысқа мерзімді несиелерге, мерзімді депозиттер ұзақ және орта мерзімді несиелерге, банктің негізгі капиталы банктің шығындарына жұмсалады.
қаражаттарды басқарудың «ғылыми басқару» әдісі. Ол ғылыми әдістермен операцияларды зерттеу көмегімен банк балансындағы және әртүрлі баптар арасында күрделі байланысты талдау шін қазіргі математикалық ақпаратпен өте күрделі модельдерді пайдаланады. Ғылыми әдістердің негізгі кемшілігі – олар ұсақ банктерде қолданылмайды, себебі оған сәйкес дайындығы бар кеңесшілер немесе қызметкерлер және ірі модельдерді есептеуге қуаттылығы жететін есептеуіш жабдықтар болуы керек, ал мұның бәрі үлкен шығындармен байланысты.
12-Дәріс. Банктік тәуекел мәні және түрлері
