Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
умк банк ісі.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
124 Кб
Скачать
☆

1. Банктік тәуекел туралы жалпы түсінік

2. Банктік тәуекел түрлері

1- сұрақ. Қазіргі кезде банктік нарық тәуекелсіз мүмкін емес. Ол кез-келген банктік операцияда болады, тек тәуекел әртүрлі көлемде болуы мүмкін. Сондықтан банктік қызмет үшін тәуекелді мүлдем жою мүмкін емес, оны алдын-ала болжап, ең төменгі деңгейге дейін жеткізу маңызды болып табылады.

Тәуекел негізінен ықтималдықты, ал нақтырақ айтсақ, банктің қаржылық операцияларды жүргізу кезінде өз ресурстарының табыстырының бір бөлігін жоғалту немесе қосымша шығын шығару қаупін түсіндіреді. Банктік қызмет зиянсыз болуы үшін келесі категорияларды ескеру керек: жоғалтулар, шығындар, залалдар.

Банктік қызметке тән тәуекелді сипаттайтын жалпылама көрсеткіш ретінде жоғалтуларды банктік табыстың төмендеуі ретінде түсінуге болады. Осы көрсеткіш өзіне шығын мен залалды үйлестіреді. Тәуекел мен жоғалту түсініктері өзара тығыз байланысты. Сол себепті тәуекелді жоғалту категориясын қолдану арқылы сан жағынан бейнелеуге болады.

Банктер өз қызметі барысында белгілі бір шығындар шығарады. Бұл салымшыларға төлейтін пайыздар, басқа қаржылық институттардан қарызға алынатын несиелік ресурстар үшін төлем, есеп айырысу операцияларымен, бағалы қағаздармен байланысты шығындар, жұмысшылар мен қызметкерлерге төлейтін еңбекақы, негізгі құралдарды ұстауға кететін шығындар. Шығындар категриясына байланысты тәуекел көзге көрінбейтін жағдайларға байланысты белгіленген мөлшерден көбірек шығын шегу нәтижесінде пайда болады.

Табысты толық ала-алмай немесе көзделген мөлшерден артық шығынның жұмсалу формасында көрініс табатын залалдар алдағы операцияларды, есептеулерге жасалатын талдаудың жеткіліксіздігінен немесе жағдайдың болжана алмауына байланысты болады. Сол секілді залалдар тәуекелдігі нашар несиелік портфельмен (ресурстарды нашар орналастыру) байланысты болғанда банктің қолайсыз жағдайларға ұшырауына қауіп төндіреді.

Жалпы кез-келген қызмет түрі міндетті түрде белгілі бір тәуекелмен байланысты. Нарық жағдайында жұмыс істейтін кез-келген кәсіпорын сияқты банк те жоғалтулар мен банк тәуекелдігіне ұшырауы мүмкін. Бірақ банк жетекшілері пайданы жоғарылата отырып, шығын мен зиянды барынша азайтуға ұмтылыс жасайды. Мұның барлығы белгілі бір шамада бір-біріне қарама-қайшылық тудырады, оған банк иелері мен салымшыларының мүдделерінің қарсы келуі негіз болады. Біріншілер, қосымша пайда табу үшін тәуекелдікке баруға дайын болса, екіншілері үшін банкке сеніп тапсырылған қаражаттардың сақталуы ең маңызды. Табыстылық пен тәуекел арасындағы ықшамды қатынасты ұстап отыру, банкті басқарудың біршама күрделі мәселелерініңі бірі.

2-Сұрақ. Банк үшін негізгі тәуекел түрлері оның қаражатымен байланысты болып келеді. Тәжірибеде тәуекелдердің келесі түрлері белгілі:

- несиелік тәуекел;

- өтімділік тәуекелі;

- пайыз мөлшерлемесінің өзгеру тәуекелі;

- валюталық тәуекел.

Несиелік тәуекел қарыз алушының өз қарыздық міндеттемелерін орындамауымен байланысты банктік қарыз бойынша төлем төлемеу тәуекелі.

Несиелік тәуекелді төмендетудің бірнеше тәсілдері бар:

1. бір қарыз алушыға берілетін несиенің мөлшерін несиелеу шегін белгілеу арқылы азайту. Бұл тәсіл банк клиентінің несиелік қабілетіне сенімсіз болған кезде қолданылады. Қысқартылған несие мөлшері оын қайтармаған жағдайда зиян шегу шамасының қысқаруына мүмкіндік жасайды.

2. несиелік қабілетін талдау, яғни қарыз алушының несиені өтеу мүмкіндігін талдау.

3. несиелерді сақтандыру, несиенің қайтарылмай қалу тәуекелі оны сақтандырумен айналысатын ұйымдардың толық өтеуін сипаттайды. Несиелерді сақтандырудың бірнеше жолдары бар, бірақ оларды іске асырумен байланысты шығындардың барлығы қарыз алушыға тиісті болып келеді.

Өтімділік тәуекелі – ол қаржылық активтерді тез арада шығынсыз төлем қаражаттарына айналдыру мүмкінсіздігімен байланысты. Өтімділік деңгейін қамтамасыз ету тәсіліне келесілер жатады:

  • пайыз мөлшерлемесін өзгерту жолымен жаңа депозиттер тарту;

  • несиелерді қайтарып алу;

  • қажетті өтімділік деңгейін ұстап отыру үшін несиеге деген сұраныстың ұлғаю мүмкіндігін болжау.

Пайыз мөлшерлемесінің өзгеру тәуекелі – бұл пайыз мөлшерлемесінің ауытқуы салдарынан мүмкін болатын зияндар. Пайыздық тәуекел қарыздар мен тартылған қаражаттардың қайтарылу мерзімдері сәйкес келмесе немесе активтік және пассивтік операциялар бойынша мөлшерлемелер әртүрлі тәсілдермен белгіленген жағдайда пайда болады.

Пайыз мөлшерлемесінің өзгеру тәуекелін келесідей тәсілдер көмегімен төмендетуге болады:

  • пайыз тәуекелдігін сақтандыру – несиелік тәуекелден сақтану сияқты тәуекелді толығымен сақтандыру ұйымына беруді білдіреді;

  • өзгермелі пайыз мөлшерлемесімен несие беру – банкке шарт өзгерген жағдайда, соған сәйкес пайыз мөлшерлемесін өзгертуге мүмкіндік береді.

Валюталық тәуекел – ұлттық валютаға қарсы шетел валюталары бағамдарының өзгерісімен байланысты валюталық зиян шегу қаупі. Валюталық тәуекел бір валюта бағамдарының әртүрлі валюта нарықтарында сәйкес келмеуінен немесе әртүрлі уақыт кезеңінде валюта бағамдарының айырмашылығынан түзелетін алып-сатарлық табыс алуға тырысатын банктерде өте жоғары кездеседі. Банктік тәжірибеде валталық тәуекелді төмендету үшін шетел валюталары бағамдарының ауытқуын үнемі бағалау қажет.

13-Дәріс. Қарыз пайызының экономикалық мәні