- •«Банк ісі» пәні бойынша студенттерге арналған
- •2. Пәннің мазмұны
- •3. Сөж тапсырмалары және оны орындау кестесі сөж (Студенттің өзіндік жұмысы)
- •Дәрістер жинағы
- •Банктің мәні және оның қызмет ету аясы
- •Қазақстан Республикасының банк жүйесі
- •Коммерциялық банктің ұйымдастырылу және басқару құрылымы
- •Банктерді құру, тіркеу және қызметін тоқтату шаралары
- •Коммерциялық банктердің қызметтері мен операциялары
- •Банк ресурстарының ұғымы және құрылымы
- •Банктің меншікті капиталы: көздері мен қызметтері
- •Банктің тартылған қаражаттары
- •Несиелік саясат түсінігі
- •Несиелік саясатты іске асыру формалары
- •Несиелеу шарты
- •Несиелік механизм мазмұны
- •Несиелік механизмнің құрылымдық элементтері
- •Іv. Қайтарылу дәрежесіне қарай:
- •V. Валютамен берілуіне қарай:
- •Vі. Берілу шартына қарай:
- •Коммерциялық банктердің лизингтік операциясы
- •Коммерциялық банктің факторингтік операциясы
- •Коммерциялық банктің трасталық операциялары
- •Қарыз алушының несиелік қабілеті түсінігі, оны бағалау жағдайлары
- •Қарыз алушы кәсіпорынның несиелік қабілетін бағалау көрсеткіштері
- •Жеке тұлғаның несиелік қабілетін бағалау
- •Қарыз алушы жеке тұлғаның несиелік қабілетін бағалау көрсеткіштері
- •Валюталық операциялар ұғымы
- •Валюталық операциялардың жіктелуі
- •Клиенттердің шоттарын ашу және жүргізу.
- •Шетел банктерімен корреспонденттік қатынас орнату
- •Конверсиондық операциялар
- •Валюталық қаражаттарды тарту және орналастыру операциялары
- •Банк өтімділігі және оған ықпал етуші факторлар
- •Банк өтімділігін басқару әдістері
- •1. Банктік тәуекел туралы жалпы түсінік
- •2. Банктік тәуекел түрлері
- •Қарыз пайызына жалпы сипаттама
- •Қарыз пайызы несисінің мәні
- •Банктік менеджмент
- •Банктік маркетинг
- •5. Бағдарламаны оқу-әдістемелік қамтамасыз ету
Несиелік саясат түсінігі
Несиелік саясатты іске асыру формалары
Несиелеу шарты
1-Сұрақ. Несиелік саясат банктің несиелік қызметінің міндеттерін, оларды іске асыру құралдары мен әдістерін, сондай-ақ несиелік процесті ұйымдастыру принциптерімен тәртібін белгілейді. Несиелік саясат бұл банктің несиелік жұмысын ұйымдастыру негізін және несиелеу процесіне қажетті құжаттар жүйесін жасау шарттарын білдіреді. Барлық банктер үшін бірдей несиелік саясат болмайды. Әрбір банк елдегі экономикалық, саяси, әлеуметтік жағдайды ескере отырып, өзінің меншікті несиелік саясатын анықтайды. Несиелік саясатты жасау барысында банктер қызметтеріне тікелей әсер ететін факторларды талдайды. Олардың ішінде макроэкономикалық – барлық банктерге әсер ететін және микроэкономикалық – нақты бір банктің жұмысына ықпал ететін факторлар болады. Несиелік саясатты іске асырудың белгілі бір тәртібі болмайынша несиелеудің біртұтас ережелерін тәжірибеге енгізу мүмкін емес. Несиелік саясат банк қызметкерлерінің несиелеуге болатын экономика секторын дұрыс таңдай білуіне, сондай-ақ несие беру мүмкіндігі туралы сұрақты шешуде банк үшін бірінші реттік маңызы бар факторлар мен қарыз алушының несиелік қабілетіне қарап “өз клиентін” таңдаудағы біліктілігіне негізделеді.
Банк қызметкерлерімен қажетті несиелік операцияларды атқаруларына мүмкіндік беретін банктің несиелік саясаты және оған қоса несиелеу стандарты мен несиелік нұсқаулықтары жасалады. Несиелік саясат несиелеу шектеулерін, тәртібін, кейде несиелеу бойынша жекелеген ережелерді де қамтиды. Мысалы несиелік саясатта бір қарыз алушыға келетін тәуекел шектеуі анықталып, барлық несиелердің несиелік құжаттарда көзделген мақсаттарға сай берілуі қарастырылады. Несиелік саясатта қарыз алушылардың негізгі қызметіне байланысты тәуекелдігі жоғары операцияларды немесе жобаларды қаржыландыру үшін тағайындалатын несиелер туралы да айтылуы тиіс. Несиелік саясатта төмендегідей элементтер көрсетілуі тиіс:
несиелік қызметті ұйымдастыру;
несиелеуге бақылау жасау;
несиелеудің жекелеген баптары бойынша шектеулерді анықтау;
несиелер бойынша зиян шегу жағдайларына қор жинау.
2-Сұрақ. Іс жүзінде несиелік саясатты іске асыру тәсілдері мен әдістерін белгілі бір формада, яғни соған сай келетін төмендегідей үш құжат түрінде көрсетуге болады:
несиелік саясат;
несиелеу стандарты;
несиелеу нұсқаулықтары.
Аталған үш құжатты “Несиелік саясат бойынша жетекшілік ету” деп аталатын бір құжатта біріктіруге болады. Онда несиелік саясат, несиелеуді жүзеге асыратын бөлімшелер қызметкерлерінің қызметтерін нақтылайтын несиелік нұсқаулықтар мен несиелеу стндарты, несиелеудің жалпы бағыттары анықталады. Несиелеу стандарты – бұл банкте несиелік қызметті жүзеге асыратын барлық қызметкерлердің жетекшілікке алатын құжаты. Несиелеу стандартында келесі сұрақтар қарастырылады:
қарыз алушының қаржылық ақпараттарын жинау және несиелік қабілетін талдау тәртібі;
несиенің кепілдермен қамтамасыз етілуіне қойылатын талаптар;
несиелік процесті ұйымдастыру ережелері;
құжаттардың толтырылуына қойылатын талаптар;
несиелеудің айрықша түрлері бойынша ережелер (мысалы, ипотекалық және тұтыну несиелері бойынша).
Несиелеу стандартында әртүрлі құжат үлгілері қарастырылады. Ондай құжаттарға: несиелік келісім-шарт, кепіл және кепілдеме туралы шарттар жатады. Несиелік нұсқаулық – несиелеу процестерін іске асырудың жалпы жағдайларын бекітуді білдіреді. Жалпы, “Несиелік саясат бойынша жетекшілік ету” құжатында қарыз алушы туралы қажетті ақпараттар жинау және несиелік қабілетіне талдаудан бастап, қарыздар бойынша мүмкін болатын зиян процесін қамтитын несиелік процестің барлық кезеңдері көрсетіледі.
3-Сұрақ. Несиелеу шарты несиелеудің басты элементтеріне, яғни несиелеу субьектілері мен обьектілеріне және несиенің қамтамасыз етілуіне қойылатын талаптарды білдіреді. Несиелеу шарты:
Несиелік мәміле жасайтын екі жақтың мүдделерін ескереді. Банктер клиенттің қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталады, сондай-ақ несие беруші-банктердің де мүдделерінің қорғалуын көздейді;
банктің коммерциялық мүддесі сақталатын негізде жүзеге асырылады, несиелеу ақылы түрде жүргізіледі. Оның ақысы несиелік тәуекелге, несиеге деген сұраныс пен ұсыныстың жалпы жағдайына байланысты анықталады;
банк пен қарыз алушы арасындағы жасалатын несиелік келісімді қамтиды. Несиелеу несиелік мәмілеге қатынасатын тараптардың міндеттері мен құқықтарын, сондай-ақ экономикалық жауапкершілігін көздейтін келісім негізінде іске асады;
екі жақтың өзара қарым-қатынастарының жоспарлануын қамтиды. Банктегі жоспарлау обьектісіне берілетін несиенің сомасы, оның қайтарылатын мөлшері, несиелік операцияларға байланысты табыстар мен шығыстар жатады. Несиелік процес қарыз алушының алынған несиемен қарыздық пайызды уақытында және толық қайтаруын міндеттейді;
несие үшін қойылған кепілдің іске асырылу мүмкіндігі мен кепілдеменің болуын қарастырады.
7-Дәріс. НЕСИЕЛІК МЕХАНИЗМ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЭЛЕМЕНТТЕРІ
