Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
умк банк ісі.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
124 Кб
Скачать
☆

Қарыз алушы жеке тұлғаның несиелік қабілетін бағалау көрсеткіштері

Көрсеткіштер атаулары

Есептеу алгортимі

1. негізгі қарыз төлемінің айлық мөлшері (НҚАТ)

Несиенің мөлшері/ несиенің мерзімі

2. сыйақы мөлшерлемесі бойынша төлемнің айлық мөлшері (СМАТ)

Несиенің мөлшері*сыйақы мөлшерлемесі/12 ай

3. негізгі қарыз және сыйақы мөлшерлемесі бойынша төлемнің айлық мөлшері (НҚСАТ)

НҚАТ+СМАТ

4. Таза табыс (ТТ)

Жалпы табыс-салықтық және басқа да төлемдер

5. нақты несиелік қабілеті (ННҚ)

НҚСАТ/ ТТ (мәні жобамен 35-40%-дан төмен болмауы тиіс)

Мысалы: М.Е.Естаев 360000 теңге сомасында тұтыну несиесін 36 айға, 18% жылдық сыйақы мөлшерлемесінде сұрады. Ол кісінің таза табысы – 18000 теңге және кепілге жылжымайтын мүлік қояды. Жоғарыда кестеде көрсетілген көрсеткіштер көмегімен қарыз алушы М.Е.Естаевтың төлем қабілеті келесідей:

НҚАТ=360000/ 36=10000 теңге

СМАТ=360000*0.18/ 12=5400 теңге

НҚСАТ=10000+5400=15400 теңге

ННҚ=15400/ 18000=0.85 (не 85%)

Қарыз алушы төлем қабілетті, оған несие беруге болады.

10-Дәріс. Коммерциялық банктің валюталық операциялары

    1. Валюталық операциялар ұғымы

    2. Валюталық операциялардың жіктелуі

1-Сұрақ. Валюталық операциялардың анықтамасын беруден бұрын “валюта” терминінің мәніне тоқталу қажет. Қазақстан Республикасының “Валюталық реттеу туралы” заңына сәйкес, “валюта – мемлекеттердің заңды төлем құралы ретінде қабылданған ақша бірліктері немесе банкноттар, қазыналық билеттер мен тиындар, соның ішінде қымбат металдардан жасалған тиындар түріндегі қолма-қол және аударым нысандарындағы құнның ресми стандарттары, сондай-ақ шоттардағы, соның ішінде халықаралық ақша немесе есеп айырысу бірліктеріндегі қаражаттарды білдіреді”.

Осы заңда “валюталық операцияларға” төмендегідей түсінік берілген:

  1. меншік құқығының немесе өзге де құқықтардың валюталық құндылықтарға ауысуына байланысты операциялар, соның ішінде төлем құралы ретінде шетел валютасын және шетел валютасындағы өзге де төлем құралдарын пайдаланумен байланысты мәмілелер;

  2. валюталық құндылықтарды кез-келген тәсілмен Қазақстан Республикасына әкелу және жөнелту, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан әкету және жөнелту.

Мұндағы валюталық құндылықтарға келесілер жатады:

  1. шетел валютасы;

  2. номиналы шетел валютасында көрсетілген бағалы қағаздар және төлем құралдары;

  3. тазартылған құйма алтын;

  4. ұлттық валюта, резиденттер мен бейрезиденттер арасында олармен операциялар жасалған жағдайда құны ұлттық валютамен көрсетілген бағалы қағаздар және төлем құжаттары.

Резиденттер болып табылады:

  • ҚР-ның тұрақты тұрғыны, соның ішінде уақытша шетелде немесе республикадан тысқары жерлерде мемлекеттік қызметте жүрген жеке тұлға;

  • ҚР-ның заңдылықтарына сәйкес құрылған барлық заңды тұлғалар, олардың республика ішінде немесе одан тысқары жерлерде орналасқан филиалдары мен өкілеттігі;

Ал бейрезиденттерге резидент құрылымында көрсетілмеген ҚР-ның барлық заңды және жеке тұлғалары немесе одан тысқары жерлердегі олардың филиалдары мен өкілеттіктері жатады. Валюталық операцияларды біздің елімізде шетел валютасымен банктік операциялар жүргізуге ҚР Ұлттық банкінен алған лицензиясы бар коммерциялық банктер ғана орындай алады. Сонымен қатар ҚР Ұлттық банк валюталық реттеуді және валюталық бақылауды жүргізеді. Валюталық реттеу – нормативтік құқықтық актілерді жасау және бекіту, ақпараттар жинау, валюталық заңдылықтардың орындалуына бақылау жасау, заңмен көзделген ережелерді қолдану шараларын білдіреді.

2-Сұрақ. Экономикалық әдебиеттерде банктер жүргізетін валюталық операциялардың өзіндік белгілеріне байланысты жіктелуі төмендегідей: