- •«Банк ісі» пәні бойынша студенттерге арналған
- •2. Пәннің мазмұны
- •3. Сөж тапсырмалары және оны орындау кестесі сөж (Студенттің өзіндік жұмысы)
- •Дәрістер жинағы
- •Банктің мәні және оның қызмет ету аясы
- •Қазақстан Республикасының банк жүйесі
- •Коммерциялық банктің ұйымдастырылу және басқару құрылымы
- •Банктерді құру, тіркеу және қызметін тоқтату шаралары
- •Коммерциялық банктердің қызметтері мен операциялары
- •Банк ресурстарының ұғымы және құрылымы
- •Банктің меншікті капиталы: көздері мен қызметтері
- •Банктің тартылған қаражаттары
- •Несиелік саясат түсінігі
- •Несиелік саясатты іске асыру формалары
- •Несиелеу шарты
- •Несиелік механизм мазмұны
- •Несиелік механизмнің құрылымдық элементтері
- •Іv. Қайтарылу дәрежесіне қарай:
- •V. Валютамен берілуіне қарай:
- •Vі. Берілу шартына қарай:
- •Коммерциялық банктердің лизингтік операциясы
- •Коммерциялық банктің факторингтік операциясы
- •Коммерциялық банктің трасталық операциялары
- •Қарыз алушының несиелік қабілеті түсінігі, оны бағалау жағдайлары
- •Қарыз алушы кәсіпорынның несиелік қабілетін бағалау көрсеткіштері
- •Жеке тұлғаның несиелік қабілетін бағалау
- •Қарыз алушы жеке тұлғаның несиелік қабілетін бағалау көрсеткіштері
- •Валюталық операциялар ұғымы
- •Валюталық операциялардың жіктелуі
- •Клиенттердің шоттарын ашу және жүргізу.
- •Шетел банктерімен корреспонденттік қатынас орнату
- •Конверсиондық операциялар
- •Валюталық қаражаттарды тарту және орналастыру операциялары
- •Банк өтімділігі және оған ықпал етуші факторлар
- •Банк өтімділігін басқару әдістері
- •1. Банктік тәуекел туралы жалпы түсінік
- •2. Банктік тәуекел түрлері
- •Қарыз пайызына жалпы сипаттама
- •Қарыз пайызы несисінің мәні
- •Банктік менеджмент
- •Банктік маркетинг
- •5. Бағдарламаны оқу-әдістемелік қамтамасыз ету
Несиелік механизм мазмұны
Несиелік механизмнің құрылымдық элементтері
1-Сұрақ. Экономикалық түсініктегі “механизм” белшілі бір қызметті жандандыруға және бір нәрсені іске қосуға болатын құралды білдіреді. Несиелік механизм – экономиканың тиімді дамуын қамтамасыз ететін несие түрлерінен, несиелеу принциптерінен, несиелеу әдістері мен тәсілдерінен және несиелік тәуекелді басқарудан тұратын экономикалық механизмнің құрамдас бөлігі. Қазіргі несиелік механизм экономикалық механизмнің бір бөлігі ретінде бола отырып, іс жүзінде несие қызметінің жүйесін нақты және кешенді түрде бейнелейді. Несиелік механизм өзара байланысқан келесі құрылымдық элементтерден тұрады:
Несиенің түрлері;
Несиелеу обьектілері;
Несиелеу субьектілері;
Несиелеу әдістері;
Несиелеу процесі (несиелеу механизмі);
Несиелеу принциптері;
Несиелік тәуекелді басқару.
2-Сұрақ. Коммерциялық банктер өздерінің клиенттеріне әртүрлі несиелер береді. Олар келесі белгілеріне байланысты жіктеледі.
І. Мерзіміне қарай:
Қысқа мерзімді (1 жылға дейін);
Орта мерзімді (1 жылдан 3-5 жылға дейін);
Ұзақ мерзімді (5 жылдан жоғары).
ІІ. Тағайындалуы мен пайдалану сипатына қарай:
Негізгі қорларға жұмсалатын;
Айналым қаражатына жұмсалатын.
ІІІ. Қамтамасыз ету дәрежесіне қарай:
Қамтамасыз етілген (кепілхатпен, кепілдемемен, кепілдікпен);
Сақтандырылған;
Қамтамасыз етілмеген (сенім несиесі).
Іv. Қайтарылу дәрежесіне қарай:
Стандартты несие – қайтарылу уақыты жетпеген, бірақ қайтуында еш күмән жоқ несиелер;
Күмәнді несиелер – қайтарылу уақыты кешіктірілген, мерзімі ұзартылған және банк үшін тәуекел туғызатын несиелер;
Үмітсіз несиелер – қайтару уақыты кешіктірілген, мерзімі өткен несиелер шотына жазылған несиелер.
V. Валютамен берілуіне қарай:
Ұлттық валютамен;
Шетел валютасымен.
Vі. Берілу шартына қарай:
Тұтыну несиесі – бұл жеке тұлғаларға тұтыну тауарларын сатып алу үшін және тұрмыстық қызметтерді өтеуге берілетін несие:
Ипотекалық несие – бұл қозғалмайтын мүліктерді (тұрғын йді, өндіріс ғимараттарын, жерді және т.б.) кепілге ала отырып, ұзақ мерзімге берілетін несиені білдіреді;
Банкаралық несие – банктердің бір-біріне беретін несиесі;
Лизингтік несие- құрал-жабдықтарды жалға алумен байланысты берілетін несие;
Сенім несиесі- банктің сеніміне кірген, төлем қабілеті жоғары клиенттерге берілетін несие;
Маусымдық несие – жабдықтаушының қаржыландыру уақыты мен түсімді алу мерзімі арасындағы уақыт бойынша алшақтықты жабуға арналған несие;
Консорциалдық несие- ірі жобаларды несиелеу мақсатында банктердің өзара қосылып беретін несиелері.
Несие құрылымы несие беруші мен қарыз алушыдан, сондай-ақ қарыз капиталынан тұрады. Несие беруші мен қарыз алушыларды несиелік мәмілеге қатысушы тараптар немесе оларды несиелік қатынас субьектілері деп атайды. Несие берушілерге мемлекет, банктер (орталық және коммерциялық), банк типтес мекемелер мен қаржы ұйымдары, сондай-ақ халықаралық қаржы ұйымдары да жатады. Ал қарыз алушыларға қаражатқа деген уақытша қажеттілігі бар кез-келген заңды немесе жеке тұлғалар жатады. Несиелеу обьектісі – бұл несиенің іске асырылу аясы. Несиелеу обьектісі материалды құндылықтар, өндіріс және айналыс шығындары түрінде, егер несие материалдық жағынан қамтамасыз етілмеген жағдайда, банк алдындағы шаруашылық ұйымның міндеттемесі ретінде болады.
Ұзақ мерзімді несиелеу обьектілеріне келесілер жатады:
өндіріс обьектілерінің құрылысы;
өндіріс обьектілерін қайта құру, техникалық жағынан қайта қаруландыру, кеңейту;
техникалар, құрал-жабдықтар және көлік құралдарын сатып алу;
жаңа өнім шығаруды ұйымдастыру.
Несиелеу принциптері негізінде банктік несиелердің берілуі, пайдалануы және қайтарылуы жүзеге асырылады. Қазіргі несиелік қатынастарды ұйымдастыру принциптері келесідей:
несиенің мерзімділігі – несие берушінің қарыз алушыға берілген қаражаты белгілі бір уақыт ішінде келісілген тәртіпке сай қайтарылуы;
несиенің қайтарымдылығы – қайтарылмайтын несие болмайды, несиелеудің бұл принципі несиелік ресурстардың қайтарымсыз жұмсалымдарға салынуына жол бермейді;
несиенің төлемділігі – бұл несие берушінің қарыз алушыға беретін қаражаты қайтарылу барысында бастапқы сомадан өсіп қайтарылатындығын білдіреді. Несиені пайдаланғаны үшін төленетін сыйақы пайыз түрінде белгіленген;
несиенің қамтамасыз етілуі – берілетін несиелердің материалдық жағынан қамтамасыз етілуі. Несиенің қамтамасыз етілу тәсілдері келесілер:
кепіл, кепіл несиені қамтамасыз етудің ең тұрақты формасы, ол келесідей сипатта болуы шарт: 1. кепілге алынатын мүліктің жағдайын, құндылығын үнемі бақылау қажет; 2. кепілдің өтімділік дәрежесін есепке алу маңызды, кепілге алынатын зат көп уақыт өтпей-ақ нақты ақшаға айналуға тиісті.
Кепілхат – қарыз алушы төлеуден бас тартқан жағдайда, үщінші бір жақтың қарызды өтеймін деген жазбаша міндеттемесі.
Несиелеу әдістері – несиенің берілу және қайтарылу ерекшеліктерімен байланысты болатын, банктік несиенің кәсіпорындардың қаражат айналымының шеңберіне қатынасу тәсілдері. Қазіргі банктік тәжірибеде несиелеу әдісінің үш түрі қарастырыылады:
Айналым бойынша несиелеу әдістері – бұл әдіс негізінен несиенің қозғалысымен қажеттілікті төмендету немесе ұлғайту шараларына байланысты;
Қалдық бойынша несиелеу әдістері – несиеге деген қажеттілік тауарлы-материалдық құндылықтар және шығындар қалдықтарымен өзара байланысты. Мысалы кәсіпорын өзіне қажетті құндылықтарды өзінің қаржы көздері есебінен сатыл алуы мүмкін, ал шығындарын өтеу үшін банктен несие алуға өтініш жасайды;
Айналым-қалдықтық. – мұндағы бірінші кезеңде несиеге деген қажеттіліктің туындауына байланысты несие берілсе, ал екінші кезеңде берілген несие қатаң түрде өтеледі.
Несиелеу механизмі – несиенің берілу және қайтарылу әдіс-тәсілдерін және несиелеу процесін, сондай-ақ несиенің қозғалысыфна бақылауды қамтитын несиелік механизмнің құрамдас бөлігі. Несиелеу механизмі өзінің мәні жағынан несиелік процесті бейнелейді.
Несиелеу процесі келесі кезеңдерді қамтиды:
Несиеге деген өтінішті қарау - ;
Несиелік қабілетті талдау – қарыз алушының несиелік қабілеті қарыз алушының алған несиесі бойынша қарызды уақтылы және толық көлемде қайтару қабілетін бағалаумен сипатталады;
Несиелік келісім шарт жасасу;
Несие беру;
Несиелік мәміленің орындалуына бақылау жасау.
Кез-келген банк қызметінің табыстылығы банктің берген несиелерінің сапасына, яғни оның қайтарымдылық дәрежесіне байланысты. Несиенің уақытында қайтарылмауы банктің зиян шегуіне итермелейді. Сондықтанда банктер несиелік тәуекелді басқару шараларымен уақтылы айналысып отыруға тиіс. Несиелік тәуекел – қарыз алушының банктен алған несиесі бойынша қарызын немесе оған есептелген сыйақысын өз уақытында қайтара алмауына байланысты банктің зиян шенгуін сипаттайды.
Несиелік тәуекелді басқару жүйесінің негізгі элементтері:
Несиелік қызметті ұйымдастыру;
Мөлшерлер белгілеу – кез-келген банктік несие белгіленген мөлшер шегінде беріледі. Қарыз алушыға берілетін несиенің мөлшері несиені қайтарудағы нақты мүмкіндіктерімен, банкте бар ресурс көлеміне, несиелік тәуекел дәрежесіне және банктің клиентке деген сенім дәрежесіне байланысты анықталады.
Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалау;
Несиелер бойынша мүмкін болар зияндарды есепке ала отырып, сыйақы мөлшерлемесін анықтау;
Несиелерді авторизациялау – несиелік тәуекелді төмендету мақсатында жүргізілетін анықтамалар және тексерулер процесін білдіреді;
Несиелік мониторинг – несие бойынша мәселе туындай қалған жағдайда, қарыз алушының несиелік қабілетінің өзгерісін қадағалап отыруға байланысты шаралар жүйесі;
Проблемалық несиелерді қалпына келтіру. Проблемалық несилерге несиелік келісім шартта көрсетілген уақытта қайтарылмаған, уақыты кешіктірілген және қосымша келісім берілген несиелер, несиелерге есептелетін пайыздың несиелік келісім шартта көрсетілген күннен 30 күн өткенге дейін қайтарылмаған несиелер жатады. Проблемалық несиелерге қарсы шараларға келесілер жатады:
қарыз алушының қызметін қайта құру;
несиені қайтару кестесін өзгерту;
пайыз төлеу тәртібін өзгерту.
8-Дәріс. Коммерциялық банктің қаржылық операциялары
