- •1. Қазақ тілі – мемлекеттік тіл.
- •Іс қағаздарының түрлері
- •2. Іс қағаздарының қазақ тілінде жүргізілуінің қысқаша тарихы
- •1920 Жылы және одан кейінгі кезеңде қазақ тіліне деген көзқарасты төмендегі қабылданған құжаттардан байқауға болады:
- •3. Ресми іс қағаздар стилі
- •1. Өмірбаян
- •Өмірбаян
- •3. Жеке іс парағы
- •Кадрлар жөніндегі жеке іс парағы
- •3.Визит карточкалары
- •5. Арыз (шағым)
- •6. Мінездеме, оның түрлері
- •Мінездеме
- •Мінездеме
- •7. Азаматтық қарым-қатынастарды реттейтін құжаттар
- •Расписка
- •Сенімхат
- •Кепілхат
- •25 Қараша 2003 жыл, Алматы қаласы
- •9. Келісімшарт, шарт
- •Автомашинаны сату-сатып алу туралы келісімшарт
- •(Еңбек шарты. Контракт)
- •7. Келісім мерзімі
- •8. Сынақ мерзімі
- •9. Жұмысшының міндеттері
- •10. Жұмыс берушінің міндеттері
- •11.Жұмысшының еңбек құқын қорғауға қосымша кепілдік беретін мағлұмат
- •12. Еңбек пен демалыс тәртібі
- •13. Ақшалай сыйлық көлемі және оның төлену тәртібі
- •14. Демалыс алу тәртібі
- •15. Келісім бойынша жасалатын басқа да жағдайлар мен шарттар
- •16. Келісімдегі ерекше жағдайлар
- •17. Келісімнің тоқтатылуы
- •18. Екі жақтың мекен-жайы мен реквизиттері
- •Хаттама
- •11. Ресми хаттар
- •Жолдама хат
- •Қызметтік хат
- •Қызметтік хаттар
- •12. Жеделхат
- •13. Хабарландыру, жарнама.
- •15. Анықтама
- •16. Өкілеттік құжаттар
- •1) Констатациялык; 2) өкімдік.
- •Мекеменің атауы, реквизиттері
- •Мекеменің атауы, реквизиттері
- •Мекеменің атауы, реквизиттері
- •Мекеменің атауы, реквизиттері
- •Мекеменің атауы, реквизиттері
- •Мекеменің атауы, реквизиттері
- •Мекеменің атауы, реквизиттері
- •Мекеменің атауы, реквизиттері
- •Мекеменің атауы, реквизиттері
- •Мекеменің атауы, реквизиттері
- •Мекеменің атауы, реквизиттері
- •Мекеменің атауы, реквизиттері
- •2. Қазақстан Республикасы Кеден мағлұмдамасы
2. Іс қағаздарының қазақ тілінде жүргізілуінің қысқаша тарихы
ХІХ ғасырдың ІІ жартысында қазақ даласында болған елеулі оқиғалардың бірі – алғашқы қазақ газеттерінің шығуы болды. Бұл кезеңде патша өкіметі өзінің отаршылдық саясатын жүргізуде қазақтың өз ұлттық тілін пайдаланудың тиімді екеніне көз жеткізді. Патша әкімшілігінің бұйрық – жарлықтарын жергілікті әкімдерге өз тілінде жеткізу, өкілеттік құжаттарды жергілікті халықтардың ана тілінде жариялап, сөзсіз орындаттыру, патша өкіметінің ресми көзқарастарын халық арасында кең тарату үшін қазақ тілінде газеттер шығару қажет болды. Сөйтіп ел басқару ісін жеңілдету ниетімен алғашқы қазақ газеттері шығарылды. Атап айтқанда, Ташкентте 1870 жылдан бастап «Түркістан уәләятының газеті», Омбыда 1882 жылдан бастап «Дала уәләятінің газеті» шыға бастады. Бұл газеттер қазақ әдеби тілін дамытуға, оның бір тармағы – ресми іс қағаздар тілін дамытуға үлкен үлес қосты. Сондай-ақ ХХ ғасырдың басында жарық көрген «Айқап» журналының қазақ әдеби тілін дамытудағы рөлі ерекше болды. Ондағы жарияланған материалдардың ішінде тақырып ерекшелігіне, көтерілген проблемалардың түрлеріне, мазмұнына байланысты көптеген тілдік жаңа құбылыстар көрінді. Неше алуан мақалалардың, көркем шығармалардың, жарияланған әртүрлі ресми хабарлардың , кеңсе іс қағаздарының мазмұны мен жазылу формасы жағынан қазіргі әдеби тіліміздің дамуына едәуір әсерін тигізді.
Қазан төңкерісінің нәтижесінде Кеңес үкіметінің орнағаннан кейін, 1920 жылы Қазақ АССР-і құрылды. Осы кезеңнен бастап, мәдени революция жасау ісі, қазақ даласындағы жалпы сауатсыздықты жою, оқу-ағарту жұмысын барынша кең көлемде жүргізу қолға алынды. 1919 жылдың 26-желтоқсанында Халық комиссралар Советі еңбекші бұқараның сауатсыздығын жою туралы шараларды белгіледі. Осы қаулының негізінде бұрынғы патша өкіметіне бұратана болған езілген ұлттар үшін олардың ана тілінде мектептер ашу, кеңсе жұмыстарын өз ана тілінде жүргізу, газет, журнал, кітаптарды өз ана тілінде шығару шараларына ерекше көңіл бөлінді.
Осы шараларды іске асыру нәтижесінде аз жылдың ішінде мекемелерді қазақ кадрлермен қамтамасыз етуге, іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізуге байланысты тиісті жағдайлар жасалды. Содан кейін ресми іс қағаздар стилі жедел түрде дами бастады: әртүрлі қатынас қағаздар, қаулы-қарарлар, нұсқаулар, указдар, актілер, мінездеме, рапорт, шарт, бұйрық, есеп, хаттама, өкім сияқтылардың әрқайсысының өзіне тән құрылысы, терминологиясы т.б, стильдік ерекшеліктері жасалды. Солардың ішінде партия-совет органдарының қаулы-қарарлары, нұсқаулары, бұйрықтары, указдарының стильдері мен заңға қатысты құжаттардың стилі жүйеге түсіп әбден қалыптасқан осы күнгі ресми іс қағаздар стилінің басым жақтары деуге болады.
Бірақ 1920 жылдардан кейін қазақ тіліне деген көзқарас әр кезеңде әр түрлі болды. Қазақ тіліне мемлекеттік дәреже беру туралы мәселес кеңес өкіметі жылдарында бірнеше рет көтерілді. 1920 жылы Қазақ АССР-і кеңестерінің бірінші құрылтай съезінде республикадағы әр ұлт барлық мекемелер мен мектептерде ана тілін қолдануда тең құқылы деген шешім қабылданды. 1924 жылы қабылданған Қазақстанның бірінші Конституциясы бойынша қазақ және орыс тілдері республикада мемлекеттік тіл болып танылған. 1938 және 1978 жылдары қабылданған Қазақстан Конституцияларында мемлекеттік тіл жайында еш нәрсе айтылмаған. 1989 жылы қабылданған Қазақ ССР-нің Тіл туралы заңында, одан кейін Қазақстан Республикасының 1993 және 1995 жылдары қабылданған жаңа Конституциясында қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып бекітілді.
