- •1. Қазақ тілі – мемлекеттік тіл.
- •Іс қағаздарының түрлері
- •2. Іс қағаздарының қазақ тілінде жүргізілуінің қысқаша тарихы
- •1920 Жылы және одан кейінгі кезеңде қазақ тіліне деген көзқарасты төмендегі қабылданған құжаттардан байқауға болады:
- •3. Ресми іс қағаздар стилі
- •1. Өмірбаян
- •Өмірбаян
- •3. Жеке іс парағы
- •Кадрлар жөніндегі жеке іс парағы
- •3.Визит карточкалары
- •5. Арыз (шағым)
- •6. Мінездеме, оның түрлері
- •Мінездеме
- •Мінездеме
- •7. Азаматтық қарым-қатынастарды реттейтін құжаттар
- •Расписка
- •Сенімхат
- •Кепілхат
- •25 Қараша 2003 жыл, Алматы қаласы
- •9. Келісімшарт, шарт
- •Автомашинаны сату-сатып алу туралы келісімшарт
- •(Еңбек шарты. Контракт)
- •7. Келісім мерзімі
- •8. Сынақ мерзімі
- •9. Жұмысшының міндеттері
- •10. Жұмыс берушінің міндеттері
- •11.Жұмысшының еңбек құқын қорғауға қосымша кепілдік беретін мағлұмат
- •12. Еңбек пен демалыс тәртібі
- •13. Ақшалай сыйлық көлемі және оның төлену тәртібі
- •14. Демалыс алу тәртібі
- •15. Келісім бойынша жасалатын басқа да жағдайлар мен шарттар
- •16. Келісімдегі ерекше жағдайлар
- •17. Келісімнің тоқтатылуы
- •18. Екі жақтың мекен-жайы мен реквизиттері
- •Хаттама
- •11. Ресми хаттар
- •Жолдама хат
- •Қызметтік хат
- •Қызметтік хаттар
- •12. Жеделхат
- •13. Хабарландыру, жарнама.
- •15. Анықтама
- •16. Өкілеттік құжаттар
- •1) Констатациялык; 2) өкімдік.
- •Мекеменің атауы, реквизиттері
- •Мекеменің атауы, реквизиттері
- •Мекеменің атауы, реквизиттері
- •Мекеменің атауы, реквизиттері
- •Мекеменің атауы, реквизиттері
- •Мекеменің атауы, реквизиттері
- •Мекеменің атауы, реквизиттері
- •Мекеменің атауы, реквизиттері
- •Мекеменің атауы, реквизиттері
- •Мекеменің атауы, реквизиттері
- •Мекеменің атауы, реквизиттері
- •Мекеменің атауы, реквизиттері
- •2. Қазақстан Республикасы Кеден мағлұмдамасы
3. Ресми іс қағаздар стилі
Стиль – латын сөзі, қазақ тіліне аударғанда «жазу мәнері» дегенді білдіреді.
Стилистика – тілдің қолданылу заңдылықтарын зерттейтін ғылым, ол тілдік белгілердің дұрыс қолданылу нормасын көздейді.
Қазақ әдеби тіл стильдері:
ауызекі сөйлеу стилі
көркем-әдебиет стилі
публицистикалық стиль
ресми іс қағаздар стилі
ғылыми стиль
Ресми немесе іс қағаздар стилінің ерекшелігі, онда факт дәл көрсетіліп, бір ізбен жүйелі жазуға айрықша мән беріледі.
Қазақ тілінде қолданылып жүрген қалыптасқан сөз орамдарының көпшілігі орыс тілінің ықпалымен жасалған: қызу мақұлдау, қызу қарқын, тұрмыстық қызмет, қызмет көрсету, жүзеге асыру, қамтамасыз ету, өз күшінде қалдыру, қол жеткен табыс, кең жол ашу, іске қосу, мәселе көтеру, алғыс жариялау, сөгіс жариялау.
Көптеген сөздер белгілі стильге телулі болады, қолданылу жағынан шектеліп отырады. Мысалы: тағайындалсын, міндеттелсін, осы анықтама берілді, қаулы етеді, жарлық етеді т.б.
Ресми іс қағаздарында кейде бір заттың я ұғымның атауы қолданылу орнына қарай әр түрлі аталады. Мысалы, адам деген сөз ресми құжаттарда – азамат, жолдас, телефон станциясында – абонент, ательеде – заказ беруші, шаштаразда – клиент, ауруханада – науқас, санаторииде – демалушы, тынығушы, транспортта – жолаушы т.б. болып табылады.
Іс қағаздары стиліне әр түрлі мекемелерде жүргізілетін жазу үлгілері болады. Іс қағаздарының әрқайсысының бұрыннан белгілі бірыңғай сөздері мен сөз тіркестері, сөйлем үлгілері болады. Іс қағаздары көбінесе сол үлгі бойынша жазылады.
Ресми құжаттарда саяи-публицистикалық лексиканың, әкімшілік терминдердің қолданылуы басым келеді.
Ресми стильге жататын мемлекеттік құжаттар жанр және мазмұн жағынан әртүрлі болып келгенімен, олардың барлығына ортақ жалпы сипаты болады:
1. Белгілі бір қалыптасқан үлгіде, баяндау тәсілімен жазылады.
2. Лексика- фразеологиялық құрамы (саяси-публицистикалық сипатта, әкімшілік терминдер мен күрделі терминдер, қысқарған сөздер) өзгеше болып келеді.
3. Ойдың логикалық жүйелілігін сақтау мақсатымен сөйлем күрделі құрылады.
Кейбір текстерде экспрессивті, эмоциональды бояуы бар тілдік құралдар да қолданылады. Мысалы, халықаралық ұйымдар мен жеке мекемелердің, белгілі қоғам қайраткерлерінің мүшел тойына арналған құттықтаулар болады. Құттықтау текстерінің қайсысы болса да жігер, қуатқа толы жақсы тілектер айтылы, жылы сезіммен жазылады. Сондықтан эмоциональды бояулы сөздердің қолданылуы заңды құбылыс.
Ресми құжат стильдеріне тән белгілер:
мазмұнының қысқа әрі тұжырымды баяндалуы;
тұжырымдардың дәл, нақты болуы;
сөздер мен терминдердің нақты, тура мағынасында пайдаланылуы;
терминдер мен тұрақты орамдардың бірегейлігі;
терминнің ең қолданылу жиілігі жоғары, Мемлекеттік терминология комиссиясы бекіткен нұсқасының пайдаланылуы;
қалыптасқан мазмұндық-құрылымдық нормалардың қатаң сақталуы.
ІІ. Жеке адам өміріне қатысты құжаттар.
1. Өмірбаян
Өмірбаян – жеке адамның өмір жолы хронологиялық тәртіпте қысқаша жасалған ресми құжат. Әдетте оқуға түсу, жаңа қызметке орналасу кезінде жазылады. Онда азаматтың аты-жөні, туған жылы, күні, айы және туған жері, ұлты, отбасы жағдайы, білімі, бітірген оқу орындары, қызметі мен жұмыс тәжірибесі туралы және т.б. қосымша мәліметтер көрсетіледі.
Тәжірибеде өмірбаян үш түрлі болып жазылады. Бірі - адамның өз өмірі мен қызметі туралы баяндауы. Бұл көбінесе қызметке орналасу кезіндегі жеке іс қағазына қоса тігілу үшін жазылады. Онда адам өзінің аты-жөнін, туған күнін, толық көрсетеді. Одан кейін жаңа жолдан нақты деректермен санамалап жазады. Өмірбаянның бұл түрі көбінесе ресми түрде жазылады да, көлемі жағынан шағын болады.
Өмірбаянның екінші түрі — мемуарлар, яғни акын, жазушылардың, өнер, қоғам қайраткерлерінің өз өмірін қоғам өмірімен байланыстыра баяндауы. Мұндай өмірбаяндар көркем шығармаға жақын, әдеби тілмен, шебер жазылғандығымен оқырманды тартады және ол оқырманды жеке адам өмірімен ғана емес, қоғам дамуымен таныстырады. Мұндай шығармалар кай тілде болмасын өте көп және қара сөзбен де, өлең сөзбен де жазылған түрі кездеседі. Мысалы, Д.А.Қонаевтың «Өтті дәурен осылай», Қ.Байсейітовтың "Құштар көңіл"(1977) Ш. Жиенқұлованың «Өмірім менің - өнерім» (1983) кітаптары өмірбаянның осы түріне жатады.
Өмірбаянның үшінші түрінде қоғамға белгілі қайраткерлердің өмірі мен шығармашылық, саяси қызметтері өз тарапынан емес, басқа біреулер тарапынан баяндалады. Мысалы, ұлы ойшыл, ақын - А.Құнанбаев өмірі туралы жазылған М.Әуезовтың «Абай жолы» шығармасы, С.Мұқановтың Ш.Уәлихановтың өмір жолы туралы - «Аққан жұлдыз» шығармасы осындай өмірбаян түріне жатады.
Өмірбаянның мұндай түрі көркем шығарманың әр түрлі жанрлары ыңғайында очерктен бастап роман-эпопеяға дейін жазыла береді.
Күнделікті өмірде ең жиі қолданылатын құжаттың біріншісі - өмірбаян. Өмірбаян әркімнің өз қолымен, таза, жүйелі түрде, бірінші жақта жазылады. Арнайы қағазға жазылуы да мүмкін.
Өмірбаянның мазмұндық-құрылымдық жүйесі:
1. Құжаттың атауы (өмірбаян)
2. Автордың аты-жөні (толық жазылады), туған жылы, айы, күні, туған жері
3. Ұлты, азаматтығы
4. Білімі, оқыған оқу орындары
5. Қоғамдық-саяси қызметі
6. Ата-анасы, жұбайы, балалары туралы мәлімет
7. Қазіргі жұмысы, мекен-жайы
Өмірбаянның мазмұны автордың өмір жолын, іскерлік қасиеттерін жан-жақты баяндап беруге тиіс.
Грамматикалық минимум
Жіктеу есімдігі мен
Жалқы есімдер Жер-су атаулары оқу орындарының, құрметті атақтар мен наградалардың, ұйымдар мен мекемелердің атаулары
Сан есімдер (реттік сан есім) Етістіктің өткен шағы -ды, -ді
- ты, -ті
- қан, -кен
- ған, -ген
Үстеу (қазір)
Модуль сөздер (бар, жоқ)
Негізгі сөздік
өмірбаян - автобиография
дүниеге келу, туу - родиться
ұлт - национальность
білім - образование •' .
жоғары білім - высшее образование
орта білім - среднее образование
оқу - учиться
түсу - поступать
бітіру - закончить
бару - лосещать, пойти, ходить
үйлену - жениться
тұрмысқа шығу - выходить замуж
жұмыс істеу - работать
ауысу - перейти
міндетті - обязан
ата-ана - родители
мұғалім - учитель
үйленгенмін - женат
отбасы - семья
жұбай -супруг (супруга)
үйленбегенмін - не женат
ажырасқанмын - разведен
әскери қызметке міндеттімін - обязан к воинской службе
әскери қызмет - воинская служба
қызмет - должностъ
қызметкер - служащий
маман - специалист
мамандық - специальность
бөлім - отдел
бірлестік - объединение
әкімшілік - администрация
тіркелім - прописка
тұрғылықты жер - место жительства
оқу орны - учебное заведение
арнайы орта - средне-специальный
акционерлік - акционерный
коммерциялық - коммерческий
қосымша мәліметтер - дополнительные сведения
мекен-жай - адрес
Өмірбаян үлгілері
ӨМІРБАЯН
Мен, Нүсіпбеков Мақсат Ахметұлы 1983 жылы 14 қаңтарда Алматы обылысы, Панфилов ауданы, Үшарал ауылында тудым. Ұлтым - қазақ. Қазақстан Республикасының азаматымын.
1989 жылы Алматы қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы № 159 орта мектебіне оқуға қабылдандым. 2000 жылы Алматы қаласы Бостандық ауданындағы № 81 орта мектебін «Алтын белгімен» бітірдім. 2002 жылы Қазақстан-Британ техникалық университетінің Қаржы-экономика факультетіне «Қаржы» мамандығына оқуға түстім.
Мектеп қабырғасында география пәні бойынша қалалық, облыстық, республикалық олимпиадаларға қатысып, 1,2 орындарға ие болдым. Спорттың волейбол, жүзу сияқты түрлерімен шұғылдандым.
Ата-анам бар. Әкем - Нүсіпбеков Ахмет Абимолдаұлы, 1955 жылы туылған, «Сенім» ЖШС- те экономист болып жұмыс істейді. Анам - Алпысбекова Салтанат Әріпжанқызы, 1958 жылы туылған, Алматы қаласындағы №12 ауруханада терапевт жұмыс істейді. Інім- Нүсіпбеков Ержан Ахметұлы, 1988 жылы туылған, «Мирас» мектебінде оқиды.
Қазір осы жоғары оқу орнының 2-курсында оқып жүрмін. Мақсатым - жоғары білім алып, жақсы маман болып шығу.
Мекен - жайым: Алматы қаласы, "Орбита-3" ықшамауданы, 26-үй, 48-пәтер, тел. 29-48-56.
15.09.2003 жыл
ӨМІРБАЯН
Мен, Қалымбетов Серік Жүмаділұлы 1984 жылы Оңтүстік Қазақстан обылысы, Бәйдібек би ауданы, Боралдай ауылында қызметкерлер отбасында тудым. Ұлтым – қазақ. Қазақстан Республикасының азаматымын.
1990-2001 жылдар аралығында Шымкент қаласындағы 3. Шүкіров атындағы №20 орта мектепте оқыдым. Мектепте оқып жүргенде үздік окушы екенімді көрсете білдім. Әр түрлі қоғамдық жүмыстарды атқардым, спортпен шұғылдандым.
2001 жылы аталған мектепті үздік бітірген соң, Қазақстан-Британ техникалық университетіне Энергетика және мұнайгаз индустриясы факультетіне мұнайшы-инженер мамандығын алу үшін оқуға түстім.
Университет қабырғасында 1-курста студенттердің ғылыми-практикалық конференциясына қатыстым, «Қазақстанда мұнайгаз саласының дамуы» тақырыбындағы ғылыми баяндамам 2-орынға ие болды. «НҰР» студенттердің қоғамдық-саяси ұйымының мүшесімін. Жетім балаларға арналған қайырымдылық акциялары ұйымдастыруға белсене атсалысамын.
Ата-анам бар. Әкем - Қалымбетов Жеңіс, 1963 жылғы, Шымкент қаласында жекеменшік кәсіпорнында жұмыс істейді. Шешем – Қалымбетова Зина, 1960 жылы туылған, Шымкент қаласындағы №20 орта мектепте орыс тілінен сабақ береді.
Бүгінгі таңда осы оқу орнының 2-курс студентімін, үйленбегенмін. Ағылшын тілімен шүғылданамын, компьютерлік курсқа барып жүрмін. Алдыма қойған мақсатым: білімді маман болып шығу.
Алматы қаласы, Тастақ-1 ықшамауданы, 9-үй, 53-пәтерде тұрамын. тел.40-02-05.
28. 10. 2005 жыл
